-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сертификаттау туралы

Сертификаттау туралы

 Осы «Сертификаттау туралы» Заң  (2004.11.09. №603) ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан әрі – процестерді), жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.

   Жалпы ережелер

 Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар

Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады.

1/ тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы /орталығы/ ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;

2/ тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат;

3/ аудит /сертификаттаудағы/ – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың /немесе/ сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

4/ ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесі /мемлекеттік сертификаттау жүйесі/ -- өз құзырет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;

 

 Заңда пайдаланатын негізгі ұғымдар

 

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тіркеу- уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ хертханасы (орталығы) ретінде белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;

2) тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының) нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат;

3) аудит (сертификаттаудағы) - сертификаттау жөніндегі тіркелген  органдардың  (немесе) сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай – ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процесстердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

4) ҚР-ның мемлекеттік сертификаттау жүйесі (мемлекеттік сертификаттау  жүйесі) - өз құзырет  шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасындағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;

5) сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының  (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылау – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) нормативтік құжаттарды бұзу фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі;

6) сәйкестік туралы декларация  - жеткізіп берушінің, дайындаушының, сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген нысанадағы құжаты;

7) өтініш беруші - өнімді, процессті, жұмысты, қызмет көрсетуді, сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін жеке немесе заңды тұлға (дайындаушы, сатушы, атқарушы);

8) сәйкестік белгісі – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процесстің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін  көрсететін белгіленген тәріппен қорланған белгі;

9) инспекциялық бақылау – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификатталған өнімнің, процесстің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау;

10) өнімнің бірдейлігі – белгілі бір өнімді өндіру, оның айналысы, пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім;

11) сынақ зертханасы (орталығы) - өнімнің құжат талаптарына сәйкестілігін  жүргізетін орталық;

12) сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат – сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, белгілейтін стандарттау туралы құжат;

13) өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі орган – мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен, белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тіркелген заңды тұлға;

13 – 1) тіркеу саласында консалтингтік қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар – стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелген, өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) тіркеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін заңды тұлғалар;

14) мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімі – сәйкестік сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен мынақ зертханаларын (орталықтарын), сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;

15) сертификаттау – дайындаушы (сатушы, атқарушы) мен тұтынушыға, сатып алушыға тәуелсіз мекеменің, өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің  нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;

16) сәйкестік сертификаты – мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелері бойынша берілген, өнімнің, жұмыстың, техникалық регламенттердің, стандарттардың немесе өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін көрсететін құжат;

17) – 17 -1)  стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті орган - стандарттау, метрология және сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

18) сертификаттау жөніндегі сарапшы - аудитор – белгілі бір қызмет саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталған маман.

 

  Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру

 

1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:

- стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган;

- өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі  тіркелген органдар;

- тіркелген сынақ зертханалары /орталықтары/.

- тіркеу саласында консалтингтік қызмет көрсету жөніндегі тіркелген ұйымдар;

- сертификаттау жөніндегі сарапшы – аудиторлар.

2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ  зертхана  орталықтарына қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы - аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін  сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.

 

 Сертификаттауды жүргізу тәртібі

 

 Қызметтерді сертификаттау мыналарды қамтиды:

1) Органға сертификаттауға өтінім беру;

2) өтінім бойынша шешім қабылдау;

3) сертификаттау схемасын таңдау;

4) Орган мен өтінім берушінің арасындағы сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;

5) қызметтердің сынағын (тексерісін) және қызмет көрсету, орындаушының шеберлігі, кәсіпорынды аттестаттау, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау үдерісін бағалауды жүргізу;

6) алынатын нәтижелерді талдау мен Сертификат берудің мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

7) берілген сертификаттардың тізіліміне тіркеу;

8) Сертификат беру;

9) сертификаттау жөніндегі қызметке инспекциялық бақылау жүргізу.

 Өтінім беруші сертификаттауға арналған өтінімді осы Регламентке сәйкес нысан бойынша осы салада аккредиттелген Органға жібереді. Бұл процесс

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесіне сәйкес жүргізіледі. Өтініш арнайы бланкте орындалады.

Осы қызметтерді көрсететін бірнеше орган болған кезде өтінім беруші өтінімді олардың кез келгеніне жіберуге құқылы.

Орган оны алғаннан кейін бір айдан кешіктірмейтін мерзімде өтінімді қарайды, өтінім берушіге шешімді хабарлайды және олар қол қойған, екі данадағы қызметтерді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты береді. Қызметтерді сертификаттау жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім осы

Регламентке  сәйкес нысан бойынша жасалады және осы қызметті сертификаттау тәртібіне сәйкес сертификаттау схемасы көрсетілген сертификаттаудың барлық негізгі шарттарын қамтиды.

 Сертификаттау сынақтары Органмен келісілген мерзімде жүргізіледі.

 Сынақтарды (тексерістерді) жүргізген кезде мыналар жүзеге асырылады:

1) көрсетілген қызметтердің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін іріктеп тексеру;

2) сынақтардың (тексерістердің) хаттамалары бойынша қорытындыларды ресімдеу.

Қызметтердің тексерілетін нәтижелерінің саны мен оларды іріктеу тәртібін осы қызметке арналған нормативтік құжаттарға сәйкес Орган анықтайды.

 Сынақ зертханасы Органға сынақтардың хаттамасын, Орган анықтайтын даналардың санын жібереді.

 Орган сертификаттау схемасында көзделген сынақтар (тексерістер) мен берілген құжаттардың сараптамасының оң нәтижелері кезінде Сертификатты ресімдейді және оны берілген сертификаттар тізілімінде тіркейді және өтінім берушіге береді.

 Қажет болған жағдайда қызметтерді орындаушы белгіленген нысандағы бланкіде орындалған Сертификаттың көшірмесін пайдалана алады.

 Сертификаттың қолданылу мерзімін қызметтерге арналған сертификаттау схемасын, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімге менеджмент жүйесіне берілген Сертификат мерзімін ескере отырып, Орган белгілейді.

 Қызмет көрсету шарттарына және олардың нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ықпал етуі мүмкін қызметтерді орындау технологиясына өзгерістер енгізілген кезде өтінім беруші бұл туралы жаңа сынақтарды немесе тексерістерді жүргізу қажеттілігі туралы шешім қабылдайтын Сертификат берген Органға хабарлауға тиіс.

 Сертификатталған сынақтардың (тексерістердің) теріс нәтижелері, сертификатталатын қызметке қойылатын талаптарды сақтамау немесе өтінім беруші сертификаттау жөніндегі жұмыстарды төлеуден бас тартқан кезде Орган өтінім берушіге Сертификат беруден бас тарту себептерін көрсетіп қорытынды береді.

 Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылауды Сертификат берген Орган жүзеге асырады.

 Сертификатталған қызметке инспекциялық бақылау мыналарды көздейді:

1) сертификатталған қызмет туралы ақпаратты талдау;

2) инспекциялық бақылауды жүргізу үшін комиссиялар ұйымдастыру;

3) тексерістер жүргізу;

4) тексерістердің нәтижелерін ресімдеу мен шешімдер қабылдау.

 Қызметтердің сертификаттау кезінде белгіленген талаптарға сәйкестігін инспекциялық бақылаудың кезеңділігі мен көлемін сертификатталған қызметтердің жай-күйі мен тұрақтылығына қарай, бірақ кемінде жылына бір рет Орган анықтайды.

 Жоспардан тыс инспекциялық бақылау қызметтердің сапасына жеке және заңды тұлғалардан наразылықтар туралы ақпарат, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан шағымдар бірнеше рет түскен жағдайда жүргізілуі мүмкін.

 Инспекциялық бақылау нәтижелері бойынша Орган инспекциялық бақылауға қатысушылар мен Сертификатты ұстаушының өкілі қол қоятын 2 данадағы актіні жасайды.

Актінің бір данасы Сертификатты ұстаушыға, екіншісі Органға жіберіледі.

 Инспекциялық бақылаудың нәтижелері бойынша Орган көрсетілетін қызмет нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ:

1) қызмет көрсетуге арналған нормативтік құжат өзгерген;

2) қызмет көрсетудің технологиялық процесі өзгерген;

3) бақылау, сынақтар (тексеріс) әдістері, егер көрсетілген өзгерістер қызметтердің сәйкессіздігін тудыруы мүмкін болғанда, сапаны қамтамасыз ету жүйесі және сертификаттау кезінде тексерілетін талаптарға қызмет көрсету шарттары өзгерген;

4) егер кәсіпорын қызметтер көрсету бойынша өз қызметін тоқтатқан жағдайда Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұруы немесе жоюы мүмкін.

 Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім сәйкессіздіктің анықталған себептері оны берген Органмен келісілген түзеу іс-шараларының жолымен жойылған және қызметтердің нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру мақсатында қайтадан сертификаттау сынақтарын жүргізбестен растаған жағдайда қабылданады.

Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ақпаратты қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға Сертификат берген Орган хабарлайды. Сертификатты жою оны мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінен шығарған сәттен бастап күшіне енеді.

 Қызметтердің немесе қызмет көрсету талаптарының сәйкестігі белгіленген талаптардан бұзылған кезде түзеу іс-шаралары жүзеге асырылады.

 Түзеу іс-шараларын жүргізген кезде Орган:

1) Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады;

2) қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға, тұтынушыларға және басқа да мүдделі адамдарға ақпарат береді;

3) түзеу іс-шараларын орындау мерзімін белгілейді;

4) түзеу іс-шараларын орындауды тексереді;

5) тұтынушыларға, жұртшылыққа, мүдделі ұйымдарға қызметтерді пайдаланудың қауіптілігі (немесе қажет еместігі) және анықталған бұзушылықтарды жою тәртібі туралы хабарлайды.

 Түзеу іс-шаралары орындалғаннан кейін Орган қызметтерді орындаушыға, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға Сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрудан алынғандығы туралы хабарлама жібереді.

Қызметтерді орындаушы түзеу іс-шараларын орындамағанда немесе олар тиімсіз болған кезде Орган Сертификатты жояды.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2832 | Теги: Сертификаттау туралы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: