-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сертификаттау схемаларын қолдану

Сертификаттау схемаларын қолдану

 

1. 1-6 және 10 сертификаттау схемалары сериялық шығарылатын өнімді сертификаттау кезінде, 7, 8, 9-схемалар шығарылған өнімді сертификаттау кезінде қолданылады.

2. 1-схеманы өнімнің шектеулі, өткізу көлемін алдын ала айтылған кезде қолдану ұсынылады.

3. 2-схеманы ұзақ мерзімді келісім-шарттар бойынша келіп түсетін импорттық өнімді сертификаттаған кезде немесе жекелеген келісім-шарттар бойынша сериялық өнімді тұрақты жеткізген кезде қолдануға болады.

4. 3-схеманы өндірістің тұрақтылығы күмән тудырмайтын сериялық өнімді сертификаттау үшін қолданған жөн.

5. 4-схеманы өнімнің сипаттамасының тұрақтылығына жан-жақты және қатаң бақылау қажет болған кезде қолданады.

6. 5 және 6-схемаларды:

сынақтарға арналған іріктеудің нақты көлемі шығарылатын өнімді объективті бағалау үшін жеткіліксіз;

технологиялық процестер сыртқы факторларға сезімтал;

шығарылатын өнім сипаттамаларының тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптар белгіленген;

өнімнің жарамдылық мерзімі сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті уақыттан кем;

өнімді түрлендірудің жиі ауысымына тән;

өнім тұтынушыда монтаждан өткеннен кейін ғана сыналуы мүмкін өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

6-схема түпкілікті бұйымды сертификаттауды көздемейтіндігімен ерекшеленеді және жинақтаушы бұйымдарды сертификаттау үшін ұсынылған.

6-схеманы, егер сипаттаманы сертификаттаған кезде расталатын номенклатура мен олардың мәндері Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін болса, өзінің сапа менеджменті жүйесіне сертификаты бар жеткізушінің (дайындаушының емес) импортталатын өнімін сертификаттаған кезде қолдануға да болады.

7. 7 және 8-схемаларды осы өнімді өндіру мен өткізу бір жолғы сипатқа ие болғанда (партиясы, бірлі-жарым бұйымдар) қолдану ұсынылады.

8. 9-схеманы импортталатын өнімдер үшін мынадай жағдайларда:

шағын және орта бизнес және жеке кәсіпкерлер үшін;

жеке мұқтажы және өндіріске арналған өнімдерді әкелген кезде (жинақтаушы, ілеспе өнім, өндіріске арналған шикізат және жартылай фабрикаттар, технологиялық жабдық, өндіріске арналған құралдар мен аспаптар, монтаждауға арналған жабдықтар және т.б.);

өңірде сынақ зертханалары болмаған кезде өзге кәсіпорындардың өткізуі үшін өнімдерді әкелген кезде қолдану ұсынылады.

9. 10-схеманы отандық өндірушілердің тұрақты шығарылмайтын немесе шағын көлемде шығарылатын ұзаққа созылған өндірісте өнімдерді сертификаттаған кезде қолдану ұсынылады.

Схеманы шағын кәсіпкерлік субъектілері мәлімдеген өнімдерді сертификаттаған кезде қолданған орынды.

10. 9 және 10-схемаларды мынадай біртекті өнімдер топтарын: балалар тағамы өнімдерін, ойыншықтарды, автомобиль бензиндерін, дәрілік құралдарды сертификаттаған кезде пайдалануға рұқсат етілмейді.

 

          3.5. Сапаны қамтамасыз ету жүйелерін сертификаттау

 

Сертификаттау туралы заңдар. 

1. Сертификаттау туралы заңдар осы Заңнан және Қаазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Азаматтық авиацияда сертификаттау мәселелері Қазақстан Республикасының азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы заңдарына қайшы келмейтін билігінде осы Заңмен реттеледі.

2. Егер ҚР бекіткен халықаралық шарттарда  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттардың ережелері қолданылады.

 Осы заңда мынадай ұғымдар пайдаланады.

1/ тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы /орталығы/ ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;

2/ тіркеу аттестаты – белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат;

3/ аудит /сертификаттаудағы/ – сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың /немесе/ сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

4/ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі /мемлекеттік сертификаттау жүйесі/ -- өз құзырет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және ҚР-дағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;

 

Сертификаттаудың мақсаттары. 

Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарығындағы қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

 

 Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

 

 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару. 

1. Сертификаттау  жөніндегі жұмыстарды басқаруды ҚР-ның Үкіметі белгіленген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай – ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

Өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораториялары (орталықтар) тіркеу саласында консалтингтік қызметтер көрсетуге құқылы емес.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2123 | Теги: Сертификаттау схемаларын қолдану | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: