-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сертификаттау негіздері, мақсаты мен принциптері

Сертификаттау негіздері, мақсаты мен принциптері  

  Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау. 

Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық – түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.

Өндірілетін тауарды және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.

Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын Сертификаттау  үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестацияланған сынақ зертханалары қажетті жабдықтар мен нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.

" Сертификаттау туралы" Заң (Қосымша Б) ҚР-дағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан ары процестерді), сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау  саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды.

Заң негізінде сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады: адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау, өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау  жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;

- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;

- сынақтың кәсіби түрде өтуі;

- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

Өтініш берушінің сертификаттау  органын, сынақ зертханасын тандап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;

- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды  сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;

- сертификаттау  жұмысында ИСО/МЭК аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;

- ҚР қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын,  аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын  және сәйкестік белгісін ҚР-да тану;

- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;

- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.

ҚР-ның мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70 %-ы сертификатталады. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті  деп есептелетін өнімнің үлесі 85 %-дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.

 

 Терминдер мен анықтамалар

 

 Осы Техникалық регламентте тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамада белгіленген ұғымдар, сондай-ақ мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

нан-тоқаш өнімдері - нан пісіруге арналған негізгі шикізаттан немесе нан пісіруге арналған негізгі және қосымша шикізаттан жасалатын тамақ өнімдері. Бұл өнімдер нанды, тоқашты, тоқаш өнімдерін, ылғалдылығы төмен нан-тоқаш өнімдерін қамтиды.

нан - қалыптағы бидай наны үшін кемінде екі жүз грамм, бидай наны үшін үш жүз грамм және қара бидай наны үшін үш жүз грамм салмағы бар нан-тоқаш өнімдері;

нан-тоқаш өнімдері - нан-тоқаш қалыптарында пісірілетін нан-тоқаш өнімдері;

жалпақ нан-тоқаш өнімдері - нан пісіретін қалыптарда, пісіру камерасының жалпақ табасында немесе аспа табада пісірілетін нан-тоқаш өнімдері.

майға иленген нан-тоқаш өнімдері - рецептура бойынша құрамына он төрт пайыз немесе одан астам қант және (немесе) май қосып пісірілетін нан-тоқаш өнімдері;

ылғалдығы төмен нан-тоқаш өнімдері - ылғалдығы кемінде он тоғыз пайыз нан-тоқаш өнімдері: дөңгелек тоқаш өнімдері, кептірілген нандар, кесіліп қуырылған нандар, қытырлақ нан, таяқша тәрізді тоқаштар және т.б.;

ұлттық нан-тоқаш өнімдері - әдеттегі нан-тоқаш өнімдерден рецептурасы жекелеген ұлттық дәстүрлерге тән шикізат түрлерін пайдаланумен және (немесе) өзіне тән пішіні және (немесе) пісіру тәсілімен ерекшеленетін нан-тоқаш өнімдері (лаваш, тандыр шелпегі және басқалар);

жартылай дайын нан-тоқаш өнімдері - нан пісіруге арналған негізгі шикізаттан немесе дайын бұйымдарды өткізуге және өңдеуге арналған қосымша нан пісіруге арналған шикізаттан дайындалған, оның ішінде мұздатылған жартылай фабрикаттар;

кондитерлік өнім - тәтті дәмі басым, нысаны, құрамы, консистенциясы, құрылымы мен хош иісі бойынша әртүрлі тамақ өнімі;

ұннан жасалған кондитерлік өнім - рецептуралық компоненті ұн болып табылатын кондитерлік өнім (печенье, прәніктер, кекстер, бисквитті рулеттер, галеттер, крекерлер, вафли және басқалары);

ұннан жасалған аспаздық өнім - көптеген жағдайда қоспасымен берілген қалыпта қамырдан жасалатын аспаздық өнім, оның ішінде пирожкилер, бауырсақтар, кулебяктар, беляштар, пончик, пицца және басқа да осыған ұқсас өнімдер;

қоспа - өндіруге дайындықтан өткен шикізаттың бір түрінен немесе бірнеше қоспасынан дайындалған және қамырдың ішіне немесе үстіне бөлгенде не болмаса піскеннен кейін жағылатын нан-тоқаш өнімдерінің құрамдас бөлігі;

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мониторинг - заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін, халықтың денсаулығы мен тіршілік ету жағдайын қадағалаудың, оларды талдаудың, бағалау мен болжаудың, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі мен тағамдық құндылығының арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды айқындаудың мемлекеттік жүйесі;

нан-тоқаш, ұннан жасалатын аспаздық және кондитерлік өнімдерді өндіру (дайындау) процесі - шикізатты өндіруге дайындау, жартылай фабрикаттарды дайындау, ашытқы өнімдері үшін бөлшектеу, ашытып қою, өнімнің түріне байланысты пісіру, салқындату, әрлеу, орау, өлшеп орау және (немесе) таңбалау;

тез бұзылатын тамақ өнімдері - қатаң реттелетін мерзімде арнайы тасымалдау, сақтау және өткізу жағдайларын қажет ететін тамақ өнімдері;

сақтау шарттары - алдын ала белгіленген арнайы сақтау тәртібі (қоршаған орта ауасының ылғалдылығы, белгілі бір жарық түсіру режимі, қоршаған орта ауасының температурасы);

бураттар - ұнды елеуге және металл магнитті қоспаларды тұтуға арналған технологиялық жабдық;

қуаттылығы шамалы ұйым (наубайханалар мен цехтар) - өнімділігі тәулігіне үш тоннаға дейін нан және нан-тоқаш өнімдерін; тәулігіне бес жүз килограмға дейін - кремсіз кондитерлік өнімдерді, тәулігіне үш жүз килограмға дейін - кремді кондитерлік өнімдерді өндіретін объектілер;

санитарлық жарамсыздық - технологиялық операциялардың, тасымалдау мен оны тікелей мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмайтын жағдайға әкелетін жинақтау барысындағы бұзылыстардың салдарынан пайда болған өнімнің органолептикалық және тұтыну қасиеттерінің өзгеруі;

жұмыртқаның жарылуы (соғылуы) - ішіндегісінің ағып, қабығы және қабық қауызы тұтастығының бұзылуы;

нан-тоқаш өнімдеріне арналған негізгі шикізат - нан-тоқаш өнімдерінің қажетті құрамдас бөлігі болып табылатын шикізат: ұн, астық өнімдері, нан пісіруге арналған ашытқы немесе химиялық қопсытқыштар, тұз және су;

астық өнімдері - бидай кебектерін қоса алғанда, нан-тоқаш өнімдеріне арналған негізгі өнімдер, бидайдың ұсақталған жармасы, бидай (азық-түліктік астық) және т.б.

нан-тоқаш өнімдеріне арналған қосымша шикізат - тағамдық құндылықты арттыру, нан-тоқаш өнімдерінің ерекше органолептикалық және физикалық-химиялық қасиеттерін қамтамасыз ету үшін рецептура бойынша қолданылатын шикізат;

сату мерзімі - нақты атауы бар өнімдер үшін нормативтік немесе техникалық құжаттармен (технологиялық нұсқаулықтармен) белгіленген нан-тоқаш өнімдерін пештен алған сәттен бастап оны сатуға дейінгі уақыт аралығы;

барынша ұстау мерзімі - нан-тоқаш өнімдерін пештен алған сәттен бастап сатуға беруге дейін оны ұстау уақытының аралығы.

 

 

Нанның және нан-тоқаштың, кондитерлік өнімдердің

сәйкестікті растау

 

1. ҚР-ның аумағында нанның, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің сәйкестігін растау ерікті немесе міндетті сипатта болуы мүмкін. Сәйкестікті ерікті растау Қазақстан Республикасында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесіне енбейтін өнімдер үшін өтініш берушінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.

Сәйкестікті міндетті растау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

1) міндетті сертификаттауды жүргізу;

2) өнімді жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) (бұдан әрі - өтініш иесі) сәйкестік туралы декларацияны қабылдауы.

2. Сәйкестікті міндетті растау кезінде өнімнің техникалық регламенттердің, нақты стандарттар мен оның адамдар өмірі мен денсаулығы, олардың мүліктерін қорғау мен қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттардың міндетті талаптарына сәйкестігі расталады.

3. Ерікті сертификаттау кезінде стандарттың немесе өтініш иесінің таңдауы бойынша өзге де нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтініш иесінің арнайы талаптарына өнімнің сәйкестігі расталады.

4. Экспортталатын өнімнің сәйкестігін растау келісім-шартта айтылған өнім беруші (өтініш иесі) мен тапсырыс беруші арасындағы келісілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне жүргізіледі.

5. Импортталатын өнімді сертификаттау өнімді сертификаттық сынау жолымен немесе сәйкестік туралы өтінімді қарау жолымен немесе сәйкестік туралы декларация негізінде жүргізіледі.

6. Өнімді сертификаттау жұмыстарын жүргізудің дәйектілігі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

1) өтінімді (сәйкестік туралы өтінім) сертификаттау жөніндегі органға беру және оны қарау;

2) өтінімді (сәйкестік туралы өтінім) қарау нәтижелері туралы шешім қабылдау, оның ішінде сертификаттау схемасын таңдау;

3) өтініш иесі мен сертификаттау бойынша орган арасындағы өнімді сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған шартты ресімдеу;

4) өтінім берілген өнімнің үлгілерін іріктеуді, сәйкестендіруді және оларды сынақ зертханасына (орталыққа) беруді жүргізу;

5) өтінім берілген өнімнің үлгілеріне сертификаттық сынақтар және таңдалған сертификаттау схемасында көзделген басқа да жұмыстарды жүргізу;

6) сынақ нәтижелерін талдау немесе сәйкестік туралы өтініммен алынған құжаттарды қарау;

7) сәйкестік сертификатын беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізілімінде сертификатты тіркеу және оны сәйкестік белгісімен өнімді таңбалау құқығымен өтініш иесіне беру (егер бұл сертификаттау схемасында көзделген болса).

7. Өтініш беруші өнімнің сәйкестігін сәйкестік туралы декларацияның белгіленген талаптарымен сәйкестігін растай алады.

Өнімнің сәйкестігін декларациямен растау Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау және тіркеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

8. Сәйкестік туралы декларация декларацияланатын өнімнің жоспарланған шығару мерзіміне, сапасы мен саны сынақ хаттамаларымен және есеп-фактуралармен расталатын қажетті шикізаттың болуына немесе өнім партиясын сату мерзіміне байланысты өтініш беруші белгілеген мерзімге, бірақ 1,5 жылдан аспайтын мерзімге қабылданады.

9. Сәйкестік туралы декларация аккредиттеу саласына декларацияланатын өнім енетін кез келген сертификаттау жөніндегі органда тіркелуге жатады. «Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың» техникалық регламентіне сәйкес жүзеге асрылады.

 

2009 жылдың 16 – 18 қыркүйек аралығында Кейптаунда ИСО – Халықаралық стандарттау ұйымының 162 елді біріктіретін 32-ші Бас Ассамблеясы өтті, бұнда Қазақстан ашық сайлау арқылы ИСО кеңесіне 2011 жылға дейін екі жылдық мерзімге сайланды. Қазақстан кандидатурасын ИСО кеңесіне әлемнің АҚШ, Жапония, Израиль, Австрия, Польша, ОАР және басқа да елдері ұсынды және олардың жоғары өлшемдер мен талаптар қойғанын айтпай кетуге болмайды. Бұл, ең алдымен, стандарттардың үйлестірілу деңгейі, ИСО техникалық комитеттеріне қатысуы, экономиканың даму деңгейі. ИСО кеңесі басқарушы орган болып табылады және берілген ұйымның саясатын анықтайды. Берілген бағытта ҚР ИСО жұмысына белсенді қатысады және халықаралық стандарттарды дайындаумен айналысатын жетпіске жуық ИСО техникалық комитеттерінің мүшесі болып табылады [41].

ИСО кеңесінің жұмысына қатысу, біздің мемлекетімізге және Орталық Азия аумағының барлық елдеріне халықаралық стандарттау саласындағы стратегияны жасау мен құрастыруға белсенді қатысуға, ғаламдық мәселелерді шешуде өз ойларын ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанда стандарттауды дамытуға қосымша серпін береді, республиканың  экономика секторының дамуына, кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға белсенді ауысуына ықпалын тигізеді.

Халықаралық стандарттар саясаткерлерге, өнеркәсіптер мен тұтынушыларға климаттың өзгеруіне бірлесіп қарсы тұруға қажетті жалпы тетіктерді ұсынады.

Киото хаттамасына сәйкес, жуырдағы жылдарда климаттың өзгеруіне қарсы тұру үшін Халықаралық стандарттау ұйымы (ИСО), Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымы (МОЗМ), Халықаралық электротехникалық комиссия (МЭК) сияқты халықаралық ұйымдар халық пен жеке сектор іс-тәжірибелік шешімдерін қабылдауға қатыса алады, қандай да болмасын  халықаралық  келісімнің бір бөлігі есебінде пайдаланыла алатын кешенді жүйені ұсынады.

Қазіргі таңда олар басқа да халықаралық ұйымдармен бірлесіп, 2009 жылдың 7-18 желтоқсан аралығында, Копенгагенде (Дания) өтетін  климаттың өзгеруі бойынша Бірлескен Ұлттар Конференциясының қатысушыларын қазірде бар және болашақта шығарылатын халықаралық стандарттар ұсынатын шешімдер туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 7430 | Теги: мақсаты мен принциптері, Сертификаттау негіздері | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: