-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сертификаттау негіздері.Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны. Негізгі түсініктемелер және терминдер

Сертификаттау негіздері.Cертификаттаудың мағынасы және мазмұны. Негізгі түсініктемелер және терминдер

 

  Сертификаттау- өнім, процесс, жұмыс, қызмет белгіленген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін дайындаушыдан (сатушы, орындаушы) және тұтынушыдан (сатып алушыдан) тәуелсіз органмен жазбаша растау.

  Сәйкестік сертификат- Мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелері бойынша берілген өнім, процесс, жұмыс, қызмет, техникалық реттемелер, стандарттар немесе басқа нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне қажетті сенімділік қамтамасыз етілгендігін көрсететін құжат.

  Сәйкестік туралы декларация- өнім белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын жеткізушінің (өндіруші, сатушы) Мемлекеттік сертификаттау жүйесі бекіткен  құжаты.

  Сәйкестік белгісі- Мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелері бойынша осы өнім, процесс, жұмыс, қызмет нақты өнімге немесе басқа нормативтік құжатқа  сәйкестігіне қажетті сенімділікпен қамтамасыз етілгендігін көрсететін, белгіленген тәртіпте қорғалынған белгі.

 

Сертификаттаудың түрлері

   Қазақстан Республикасында өнімдерді (процесстерді, қызметтерді, жұмыстарды) сәйкестігін растау ерікті немесе міндетті түрінде атқарылуы мүмкін.

    Міндетті сертификаттау  адамдардың өмірі, денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған орта үшін олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стандарттың немесе өзге нормативтік құжаттың міндетті талаптарына сәйкестігі тұрғысында міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізбесіне еңгізілген өнімдерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау.

Міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

  Ерікті сертификаттау өтініш берушінің (дайындаушылардың, сатушылардың) басшылығы бойынша өнімнің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің өтініш беруші айқындайтын нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін растау мақсатында жүргізіледі. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды.

 

Сертификаттаудың қатысушылары

 

   Сертификаттау жүйелеріне  қатысу түрлері: стандарттау жүйесіне жіберіледі; стандарттау жүйесіне қатысу; стандарттау жүйесіне мүше болу.

     Стандарттау жүйесіне жіберіледі дегеніміз- өтініш берушілер осы жүйенің ережелеріне сәйкес өнімді сертификаттаудан өткізуі мүмкін.

   Сертификаттау жүйесінің қатысушысы- осы ережелерге сәйкес күші бар және жүйеде басқаруға қатысатын немесе басқаруға мүмкіндігі бар орган.

    Сертификаттау жүйесінің мүшесі- осы жүйе ережелеріне сәйкес күші бар және жүйе басқаруда қатысуға немесе басқаруға мүмкіндік беретін орган.

   Сонымен бірінші қатысу түрі әзірлеуші-өндірістерге, өнім жеткізушілерге  жатады, ал қалған екі түрі сертификаттау органдарының ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау жүйелерінде жұмыс атқаруына қатысты.

 

Мойындау жөніндегі келісім

 

    Мойындау жөніндегі келісім- «бір немесе бірнеше сертификаттау жүйесінің атқарымдық элементін қолданудан алынған», басқа тараптармен ұсынған нәтижелері бір тараптар қабылдауда негізделген келісім.

   Бұл келісімдер жалпы немесе жеке нәтижелерге қатысты болу мүмкін,  мысалы "сынау жөніндегі келісім”, "бақылау жөніндегі келісім” және т.б. Мойындау жөніндегі келісім ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде бекітіледі.

Бір тарапты келісім-екінші тараптың жұмыс нәтижелерін  бірінші тараппен қабылдау.

Екі тарапты келісім-бұл өзара мойындау келісім, яғни басқа тараптың жұмыс нәтижелерін әрбір тараптармен қабылдау.

Көптарапты келісім-бұл екіден астам тараптардың жұмыс нәтижелерін өзара қабылдау.

Осындай келісімдерде қатысу тараптардың құқықтары мен міндеттері бірдей болуы мүмкін. Бірақ кейбір жағдайларда тараптардың мүмкіндіктері әр түрлі болғандықтан, келісім қатынастары эквивалентті еместігін екі жақты келісімде еске алу керек.

 

Қазақстан Республикасындағы сертификаттаудың негізгі құқықтары және ұйымдастыру әдістемелік принциптері

 

    «Сертификаттау туралы» заң  Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (процестерді),  жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды peттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттеpi мен жауапкершілігін белгілейді.

 

 Сертификаттаудың мақсаттары

 

   Сертификаттаудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

  • адамдардың өмірi мен денсаулығын, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаны қорғау үшін өнімдердің, процестердің, жұмыстардың, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • өнімдер мен қызмет көрсетудің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
  • саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы рыноктардағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
  • заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар рыногындағы қызметі үшінсондай-ақ халықаралық экономикалық ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық сауда қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.

 

 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару

 

     Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттің органы жүзеге асырады.

     Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

 

12.2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі

     Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды: стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган; өнімді, процестерді, жұмыстарды, қызмет көрсетуді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар; тіркелген сынақ лабораториялары (орталықтары).

      Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ лабораторияларына (орталықтарына) қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің, рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін, сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.

 

Ұйымдық және әдістемелік принциптері

 

§  сертификаттау объектісі туралы анық ақпаратын қамтамасыз ету;

§  объективтілік және әзірлеуші мен тұтынушыдан тәуелсіз болуы;

§  профессионалдық сынау;

§   шет ел мәлімдеушілеріне дискриминация жасамау;

§  сертификаттау органы мен сынау лабораториясын таңдаудағы мәлімдеушінің құқығы;

§  сертификаттау қатысушыларының жауаптылығы;

§  сертификаттау нәтижелері немесе сәйкестік сертификаттың (белгінің) мезгіл тоқтауы (жоюға) туралы ақпарат ашықтығы;

§  стандарттау объектісінің, оның  шығару және пайдалану ерекшеліктерін есепке алатын сынау әдістерінің көптілігі;

§  ИСО/МЭК, аймақтық ұйымдардың кепілдемелерін және ережелерін, халықаралық стандарттардың және басқа халықаралық құжаттардың қағидаларын сертификаттау қызметінде қолдану;

§  Қазақстан қатысатын көптарапты және екітарапты келісімдердің негізіндегі шетелдік сертификаттау органдардың және сынау лабораториялардың аккредиттеуін, сертификаттардың және сәйкестік белгілерін ҚР-мен мойындауы;

§  сауда құпияны құратын ақпарат жасырын сақтауы;

§  Қажетті кезде сертификаттау жұмыстарға тұтынушылардың қоғамдарын тарту.

 

Сертификаттаудың негізгі ережелері

 

  • Сертификаттау органы немесе сынау лабораториялары ретінде кез-келген әр түрлі жеке меншікті мекемелер болуы мүмкін, егер олар әзірлеуші (сатушы) немесе тұтынушы (сатып алушы) болмаса және орнатылған тәртіп бойынша акредиттеуден өтіп сертификаттау жұмыстарын атқаруға рұқсаты (лицензиясы) болса.
  • Сертификаттау органдарының және сынау лабораторияларының аккредиттеу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік стандарт комитеті немесе атқарушы өкіметтің органдары өткізеді. Аккредиттеудің нәтижесі бойынша аккредиттеу аттестаты беріледі. 
  • Отандық және импорттық өнімдердің сертификаттау жұмыстары бір ережелермен жүргізіледі.
  • Егер сертификаттау жүйесінде бір өнімнің бірнеше сертификаттау органдары болса, онда мәлімдеушінің қайсыбір органды таңдауға құқығы бар.
  • Мемлекеттік Реестрде тіркеу уақыттан бастап міндетті серти-фикаттау жүйесіндегі сертификаттардың және аккредиттеу аттестаттардың әрекет күштері кіреді.
  • Барлық құжаттар (мәлімдеме, хаттамалар, актілер, аттестаттар, сертификаттар және т.б.) қазақ немесе орыс тілдерінде жазылады.
  • Келіспейтін жағдайлар туатын болса, онда сертификаттау орындарына, ҚР мемлекеттік стандарттау комитетіне және сертифи-каттау жұмыстарымен айналысатын басқа да мекемелерге апелляция беруге құқық бар.
  • Біркелкі өнімнің немесе қызмет топтарының сертификаттау жүйесімен орнатылған сұлбасы бойынша сертификаттау жұмыстары жүргізіледі.

 

 

 

 

 

Сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі

Негізгі кезеңдері:

  • сертификаттауды жүргізу үшін мәлімдеме беру;
  • мәлімдемені қарастырып шешім қабылдау;
  • үлгілерді таңдап және идентификация жасап сынауды жүргізу;
  • өндірісті тексеру (егер сұлба бойынша тексеру қажет болса);
  • сынау нәтижелерін талдау, сертификат беру туралы шешім қабылдау;
  • сертификатты және сәйкестік белгіні пайдалануға рұқсат (лицензия) беру;
  • сертификаттау сұлбасы бойынша сертификатталған өнімді инспекциялық бақылау.  

 

Сертификаттау органдары

    

  Өнім,процесс, жұмыс, қызметті сертификаттау жөніндегі орган-мемлекеттік сертификаттау жүйесімен белгіленген тәртіпте, белгілі қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға тіркелген заңды тұлға.

Аккредиттеуден өткен ұйымға (сертификаттау органға) қойылатын талаптар:

  • үшінші тарапты (әкімшілікті, экономикалық және заңгерлік тәуелсіз) болу;
  • мәлімделген сертификаттау аймағында техникалық компетентті болу;
  • құжатталған процедуралар мен қажетті жабдықтарға ие болу;
  • арнайы оқытылған маман қызметкерлерімен қамтамасыз етілген;
  • керекті стандарттардың өзекті қорымен және басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
  • сертификаттау және сынауды өткізу ғана емес, сонымен қатар сертификатталған өнімді инспекциялық түрде бақылау жүргізу.

 

Сертификаттау органының негізгі міндеттері:

  • аккредиттеу шегіндегі және ереже бойынша өнімнің сертификаттау жұмысын жүргізу;
  • сәйкестік белгіні қолдануға болатын рұқсат қағазын (лицензия) беру;
  • аккредиттеу аттестатының әрекет күші жойылған кезде қызметін тоқтату немесе уақытша тоқтату;
  • қызметтің     инспекциялық    бақылауына жағдай мүмкіндігін жасау;
  • өз қызметі және өзгерістері туралы ақпараттарды аккредиттеу органға тапсыру;
  • өтінушінің коммерциялық құпиясына қатысты деректердің жасырындығын сақтау.
Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 11632 | Теги: Негізгі түсініктемелер және терминд, Cертификаттаудың мағынасы және мазм, Сертификаттау негіздері | Рейтинг: 4.0/3
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: