-->
Главная » Статьи » Стандарттау

САУДА МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

САУДА МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТОҢАЗЫТҚЫШ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ

 

Сауда тоңазытқыш қондырғысы – салқындатушы. Жабдықтар қоғамдық тамақтану және сауда мекемелерінде тез бұзылатын тағамдарды көрсетіп және сатуға, қысқа мерзімге сақтауға арналған. Сауда тоңазытқыш жабдықтарына жататындар: жинақталған тоңазытқыш камералары, тоңазытқыш шкафы, сөрелер, витриналар, сөре-витриналар, сусындарды арнайы салқындататын арнайы тоңазытқыш қондырғылары, фризерлер.

Сауда тоңазытқыш қондырғылары, оның ішінде технологиялық тоңазытқыш қондырғылары қоғамдық тамақтану мекемелерін, салат түрлерін жасайтын өндіріс цехтарын, жұмыс орындарын жарықтандыруға арналған тарату жолында жылу жабдықтарымен бірге (мармитпен) қолданылады. Тоңазытқыш қондырғысын орта температуралы және төмен температуралы етіп бөледі. Салқындататын көлемдерде орта температуралы қондырғылар температурасы 0 °С-тан +10-+12 °С-қа дейін сақталады. Бұл қондырғыны тағамдарды қысқа мерзімге сақтау үшін пайдаланады. Төмен температуралы тоңазытқыш қондырғыларында температура тоңазытылатын тағамдардың температурасына сәйкестенеді және -13...-18 °С-тан төмен болуы мүмкін.

 

1.1. Қондырғылардың әріп-санды индексациясы мен классификациясы

 

Сауда тоңазытқыш қондырғылары – бұл тез бұзылатын тағамдарды  сапасын бұзбай сақтау үшін  жасанды суықты пайдалану және өндіру жабдықтары. Жартылайфабрикат, балық, салқындатылған ет, т.с.с. сатуға тоңазытылып жетуіне арналған, функционалды белгіленіп, конструктивті ерекшеліктеріне байланыстырылған.

Сауда тоңазытқыш қондырғылары төмендегідей әріп-санды индексациямен белгіленеді:

X тоңазытқыш қондырғы;

В тоңазытқыш витринасы;

ПВ тоңазыту сөре-витринасы;

С орта температуралы тоңазытқыш қондырғысы;

Н төмен температуралы тоңазытқыш қондырғысы;

К тоңазыту камерасы;

П тоңазытқыш сөрелер;

Ш тоңазытқыш шкафы.

Сауда тоңазытқыш қондырғысын, сондай-ақ сандармен белгілейді:

1-сан (бірінші дефистен соң) – бұл тоңазу агрегатының орналасуы: 1-сауда тоңазыту қондырғысы құралымындағы құрастырылған тоңазытқыш агрегаты;

2-сан (екінші дефистен соң) пайдалы салқындаушы көлемді (м3) көрсетеді:

Егер сауда тоңазытқыш қондырғылары белгіленген саннан соң әріптер қолданылса, тауарларды шығару тәсілдері болып табылады. Мысалы:

К – контейнердегі қондырғы;

П – сауда тоңазытқыш қондырғылары сөрелерінде.

Герметикалық салқындау көлемі дәрежесін белгілейтін әріптер:

– З – жабық салқындаушы көлем;

– О – ашық салқындаушы мөлшер.

Егер әріпті индексациядан соң И әрпі дефис арқылы көрсетілсе, ол салқындатудың шапшаң жүргізілгенін білдіреді.

Егер сауда тоңазытқыш қондырғыларының шартты белгілері әріппен белгіленіп және функционалды қосымша белгімен «/В» енсе, онда ол конденсатор ауамен салқындату тәсілдерін көрсетеді.

Сауда тоңазыту қондырғыларында климаттық зонаны пайдалану белгіленеді:

Ю – оңтүстік ауданды пайдалану үшін біркелкі климат аудандары белгіленбейді.

Сауда тоңазытқыш қондырғыларының классификациясы:

1. Функционалды белгіленуі бойынша:

1.1.  Тоңазыту камералары: КХС-1-8,0; КХС-2,3,0; КХС-2,4,5 және басқа витриналар;

1.2.  Тоңазытқыш: ЖХ-0,71; ЖХ-1,40; ЖН-1,0; ЖХ-0,4М және басқа шкафтар;

1.3.  Тоңазытқыш: ВХС-1-0,25: ВХН-1-0,315 және басқа витриналар;

1.4. Тоңазытқыш сөрелері: ПХС/В-1-0,25; ПХН-1-0,28 және басқалары;

1.5.   Тоңазытқыш сөре витриналар: ПХС/В-1-0,35 және тағы басқа;

1.6.   Арнайы тоңазытқыш қондырғылары (сусындарды салқындатушы; фризерлер, мұз генераторлары, т.б.);

2. Температура режимі бойынша:

2.1.  Төмен температуралы: КХС-1-8,0; ВХС-1-0,25; ЖХ-0,71; ПХС/В-1-0,35;

2.2.  Төмен температуралы: ПШ-1,0; ВХН-1-0,315; КХН-0-8,0К және басқа;

3. Салқындаушы ауа қозғалысының сипаттамасы бойынша:

3.1.Табиғи айналумен;

3.2. Еріксіз айналумен;

4. Тоңазытқыш агрегатының орналасуы бойынша;

4.1. Қосымша құрастырылған тоңазу агрегатымен;

4.2. Шығарылған тоңазу агрегатымен;

4.3. Орталықтан суықпен қамтамасыз ету;

5. Салқындаушы көлемнің герметизациялық дәрежесі бойынша:

5.1. Жабық сөрелер, витриналар, витрина-сөрелер;

5.2. Ашық сөрелер, витриналар, витрина-сөрелер;

6. Климаттық зонасы бойынша:

6.1. Біркелкі климатты аудан үшін:

6.2.Оңтүстікте қолданылатын тоңазыту қондырғылары.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (29.10.2013)
Просмотров: 1689 | Теги: САУДА МЕКЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: