-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сапаны бақылау бойынша Еуропалық ұйым (СБЕҰ).

Шет елде сапа жүйесін сертификаттау тәжірибесі

 

 Сапаны бақылау бойынша Еуропалық ұйым (СБЕҰ).

Өнеркәсіптік өндірісті арттыру бойынша Еуропалық агенттік (ЕРА) 1956 жылы Парижде сапаны бақылау бойынша мамандардың бірінші отырысын өткізді,онда тұрғылықты орны Роттердам қаласы (Голландия) болып, сапаны бақылау бойынша Еуропалық ұйым құруға шешім қабылданды. Бұл әртүрлі елдердің мамандары шеңберінде бұйымдардың салааралық сапасын бақылаумен байланысты ғылыми-техникалық мәселелер кешенін қарастыратын және талқылайтын халықаралық ұйым. СБЕҰ өнім сапасын бақылау құралдарын және әдістерін, сапа, сенімділік және ұзақ мерзімділік мәселелерінің ғылыми негіздерін, сонымен қатар өнім бағасын төмендету және еңбек өнімділігін арттыру бойынша кешенді іс-шараларды даярлайды. Бұл міндеттерді орындау үшін СБЕҰ жұмыстың әр түрлерін қолданады: өнім сапасының жеке мәселелері бойынша сарапшылардың конференцияларын, семинарларын, кездесулерін ұйымдастырады, арнайы комитеттер құрады, конференция еңбектерін және журналдар шығарады, сапаны бақылау бойынша нұсқаушылар курсын ұйымдастырады, сапаның Халықаралық Орталығының жұмсына жетекшілік етеді.

Әр елден өнім сенімділігін және сапаны қамтамасыз ету мәселелерін өз  қарамағына алған бір ұйым СБЕҰ-ның толық құқылы мүшесі бола алады. СБЕҰ-ның толық құқылы мүшелері: Англия, Голландия, Дания, Испания, Италия, Норвегия, Франция, Румыния, Германия, Словакия, Швеция, Швейцария. Кейбір елдер (США, Бельгия, Югославия) СБЕҰ институттық мүшелер ретінде кіргізілген, олардың құқықтары шектеулі, олар СБЕҰ-ның Басқарма мүшелігіне сайлана алмайды.  Мүшеліктің үшінші түрі сәйкес біліктілігі бар және ұйымның жұмысына белсене араласқысы келетін маманның жеке мүшелігі.

СБЕҰ-ның жоғарғы органыБасқармаұйымның толық құқылы мүше-елдері өкілдерінен сайланады. Басқарма ұйымның жұмыс бағытын анықтайды, қаржыға билік етеді және сапаның Халықаралық Орталығының жұмысына жетекшілік етеді. Оның хатшы-қазынашы басқаратын хатшылығы бар.

1965 жылы Роттердам қаласында сапаның Халықаралық Орталығы (СХО) өз жұмысын бастады, оған СБЕҰ жетекшілік етеді. СХО-ның негізгі міндеті – тұтынушылар және дайындаушылар мүддесінде сапаны және өнім сенімділігін кешенді бақылау қағидаларын насихаттау, елдердің қызығушылық танытқан ұйымдарымен идеялармен, тәжірибемен және ақпараттармен алмасу. СХО бұйым сапасын бақылау мәселесі бойынша тұрақты көрменің жұмысына жетекшілік етеді, курстар, семинарлар ұйымдастырып өткізеді, сәйкес құжаттамаларды жариялайды және басып шығарады. 

СХО Басқарма басқарады, ол әкімшілер кеңесіне бағынады. Әкімшілік Кеңесінің құрамына мемлекеттердің сапаны бақылау бойынша жетекші қызметтердің мамандары кіреді,сонымен қатар СБАҰ.

СХО-ның әрқайсысы белгілі функцияларды атқаратын бірнеше бөлімі бар.

Нұсқаулық бөлімде фотографиялар, сызбалар, сұлбалар жинақталған, олар келушілерді өнім сапасын бақылауды ұйымдастырудың әртүрлі жүйелері және әдістемелерімен және осы әдістерді қолдану тиімділігімен таныстырады.

Ақпараттық бөлім сапаны бақылау бойынша материалдар жинауды жүргізеді. Тақырыптық көрмелерді, соның ішінде жылжымалы, жасаумен шұғылданатын секция бар.

СХО-да төрт ай оқу мерзімімен өнеркәсіптік өнімдердің сапасына кешенді бақылауды өткізу мәселелері бойынша ақылы халықаралық курстар ұйымдастырылған. Олар сапаны бақылау саласында жұмыс істейтін жоғарғы білімді мамандарға арналған.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1473 | Теги: Шет елде сапа жүйесін сертификаттау, Сапаны бақылау бойынша Еуропалық ұй | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: