-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сапа ролі. Сапаны басқару принциптері. Сапаны қамтамасыз ету негіздері. Сапаны жүйелі тұтас басқару.Халықаралық стандарттар талаптары

 Сапа ролі. Сапаны басқару принциптері. Сапаны қамтамасыз ету негіздері. Сапаны жүйелі тұтас басқару.Халықаралық стандарттар талаптары.

 

Бүкіл әлемде ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық қызметтердегі және интелектуалды меншіктік саласындағы тауарлармен, қызметпен алмасу және қызметтестікті дамыту процесіндегі бірлестікті қамтамасыз ету мақсатында, стандарттаудын дамуын және шектес қызмет түрлерін стимулдауы,   ИСО-ның басты міндеті болып табылады.

     ИСО қызметінің тәжірибелік нәтижесі, қол жеткізілген халықаралық келісімдер негізіндеқызмет әр салаларында халықаралық стандарттардың даярлануы, қабылдануы және шығарылуы, болып табылады.Халықаралық келісімдерді даярлау кезінде ИСО өнім (қызмет) өндірушілер, тұтынушылар, үкіметтік орталар, ғылыми-техникалық және қоғамдық ұйымдар сияқты барлық мүдделі тараптардың пікірлерін ескереді.

     ИСО жұмысында стандарттау бойынша өздерінің ұлттық ұйымдарының өкілеттілігімен әлемнің 146 елі қатысады, оның ішінде 94 ел ИСО мүшелері, 37 ел корреспондент-мүше және 15 ел жазылып қойған  (2003 жылғы мәлімет бойынша) мүшелер болып табылады.

     ИСО мүшелері ИСО-ның кез-келген техникалық комитетінің жұмысына қатысуға, стандарт жобалары бойынша дауыс беруге, ИСО кеңесінің құрамына сайлануға және Бас ассамблея отырыстарына қатысуына құқылы.

   Корреспондент-мүшелер ИСО-ға белсенді жұмыс жасамайды, бірақ жасалып жатқан стандарттар туралы мәліметтерді алуға құқықтары бар.  

  Корреспондент-мүше болып көбінесе дамып келе жатқан мемлекеттер ұйымдарының өкілдері табылады.

    ИСО-ға жазылып қойған мүшелер жарна төлеп халықаралық стандарттаудың жағдайымен танысу мүмкіндігіне ие болады. «Жазылған мүшелер» дәреже дамып келе жатқан елдер үшін енгізілген.

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Комитет өкілеттілігімен Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ИСО-ның толық мүшесі болып табылады, сондықтан барлық мәселелері бойынша шешім қабылдау және оларды талқылау барысында дауыс қосады.

  ИСО-ның қаржылық қоры мүше-елдері жарналарынан, стандарттар және басқа да бұйымдарды сатып өткізу, сондай-ақ қайырымдылық қаржылардан құрылады.

ИСО-ның ұйымдық құрылымы жетекші және жұмысшы органдардан тұрады ( 148-сурет).

Жетекші органдарға Бас асамблея, ИСО кеңесі және оның комитеттері, ал жұмысшы органдарға -техникалық комитеттер (ТК), қосалқы комитеттер (ҚК)және техникалық кеңестік топтар (ТКТ) жатады.

ИСО-ның жоғарғы органы мүшелер тарапынан тағайындалған лауазымды тұлғалар мен делегаттар жиынтығы - Бас ассамблея болып табылады. Әрбірмүше үш делегаттан артық ұсынуға құқы жоқ. Корреспондент - мүшелер және жазылған мүшелер бақылаушы дәрежесінде қатысады. Бас ассамблеясессиялары арасындағы үзілістерде, ИСО жұмысына ИСО Кеңесі жетекшілік етеді, оның басында ИСО президенті тұрады. Кеңес үш жылға сайланатын ұлттық стандарттау ұйымдарының өкілдерінің 18 мүшесінен тұрады. Олар, Бас ассамблеяның басын қоспай-ақ, ИСО мүшелеріне кеңес беру немесе оның шешімін тапсыруына арналған сұрақтарды бағыттауға қүқылы. Кеңес отырысындағы шешім, отырғандардың дауыс беруі арқылы қабылданады.

Отырыстар арасындағы бос уақытта немесе   қажет   болған   жағдайда, кеңес   шешімді   хат алмасу   жолымен қабылдай алады. Кеңес жанында ИСО-ның техникалық комитеттеріне жетекшілік ететін  Атқарушы бюро  құрылды.

 

 

148-сурет.  ИСО ұйымдық кұрылымы

 

     ИСО Кеңесіне жеті комитеттер бағынады: ПЛАКО (техникалық жетекшілік ету бюросы), СТАКО (стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу жөніндегі комитет), КАСКО (сәйкестік бағалануы жөніндегі комитет), ИНФКО (информациялық жүйе және қызметтер жөніндегі комитет), ДЕВКО (дамып келе жатқан елдерге көмек көрсету жөніндегі комитет), КОПОЛКО (тұтынушы мүдделерін қорғау жөніндегі комитет), РЕМКО (стандартты үлгілер жөніндегі комитет).         

ПЛАКО ИСО жұмыстарын жоспарлау және жұмыстың техникалық тұстарын үйымдастыру мен жүйеге келтіру  бойынша ұсыныстарды дайындайды.

ПЛАКО құзыретіне техникалық комитеттердің құрылуы мен таратылуына қатысты ұсыныстардың қарастырылуы және техникалықкомитеттердің міндетіне кіретін стандарттау мәселелерін анықталуы кіреді.

СТАКО ИСО Кеңесіне халықаралық стандарттардың принциптері мен әдістері бойынша әдістемелік және ақпараттық көмекті көрсетеді. Комитет күшімен стандарттаудың негізін қалаушы принциптердің зерттелуі жүргізіліп, аталмыш саладағы оптималды нәтижелердің жетістіктеріне жету нұсқаулары дайындалады. СТАКО сауданың дамуы үшін, Халықаралық стандарттарды қолдану бойынша семинарларды ұйымдастырумен және терминологиямен, айналысады.

КАСКО стандарттар талаптарына өнім, қызмет, процесс (жұмыс) және сапа жүйелерінің сәйкес келуін растайтын мәселелермен айналысады.

Комитет өнімдерді, қызметтерді, процесстердіі (жұмыстарды), сапа жүйелерін сынау және сәйкестігін анықтау нұсқауларын дайындайды, сынақ зертханалары мен сертификаттау органдарының құзырлығын растайды, сертификаттау ұлттық және аймақтық жүйелерін өзара мойындау мен қабылдауға әрекеттеседі, сонымен қатар сертификаттау және  сынау саласында халықаралық стандарттарды пайдалануына ықпал жасайды.

ИНФКО стандарттардың қолда бар қоры мен мәліметтердің автоматтанған банктерін қолданып ғылыми - әдістемелік және тәжірибелік

басшылық негізінде стандарттауды ақпараттық қамтамасыз етеді, стандарттар және техникалық регламенттердің сатылымынұйымдастырады.

ДЕВКО дамып келе жатқан елдердің стандарттау мәселелері  бойынша сұраныстарын қарастырып оларға нұсқаулар дайындайды, дамып келе жатқан елдердегі   стандарттау мәселелерін жан-жақты талқылап дамыған елдер тарабынан оларға мамандарды, қажетті оқу құралдарын дайындауды ұйымдастырады, стандарттау саласында дамыған елдер және дамып келе жатқан елдер өзара қарым-қатынастарын жеделдетуіне ықпал жасайды.

КОПОЛКО стандарттау арқылы тұтынушылар мүдделерін қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады, тұтынушылар тәжіребесін қорытындап оқу бағдарламаларын дайындайды, халықаралық стандарттар туралы қажетті ақпараттарды таратуын ұйымдастырады, халықаралық және ұлттық стандарттар тізімдерінің периодикалық басылымдарын жарық көруін ұйымдастырады.

РЕМКО стандартты мөлшерлерге (эталондар) қатысты, оларды жасау және сынау мәселелері бойынша қажетті нұсқауларды дайындауымен айналысады.  РЕМКО стандартты мөлшерлерге қатысты жұмыстардың ИСО тарабынан басшылығын атқарады.

 Халықаралық стандартардың жасалу тәртібі. Халықаралық стандарттарды дайындау жөніндегі жұмыстарды техникалық комитеттер (ТК), олардың тарабынан құрылатын қосалқы комитеттер (ҚК) және қызметтің нақты бағыттары бойынша жұмыс атқаратын жұмыс топтары (ЖТ) жүргізеді.

Халықаралық стандарттардың жасалу процедурасы келесі рет бойынша атқарылады.

Халықаралық стандарттардың жасалуында қызығушылық танытатын ИСО мүшесі, техникалық комитет немесе ИСО Кеңесінің комитеті (немесе ИСО мүшесіне кірмейтін ұйым) ИСО Кеңесіне стандартты жасауға арналған тапсырысты бағыттайды.

   ИСО Кеңесінің бас хатшысы Атқарушы бюроға сәйкес келетін ТК құру бойынша ұсыныстарды тапсырады.

     Егер Атқарушы бюро, үсынылған стандарт халықаралық маңыздылығын айқындаса, яғни оның көптеген мүшелері «сол үшін» дауыс береді және олардың бесуі жұмысшы тобының мүшесі болуға мүдделі болады, осы жағдайда стандартты даярлау бойынша техникалық комитет құрылады.

  Жұмыс барысындағы  барлық мәселелер ТК қызметіне белсенді қатысатын мүшелердің консенсусы негізінде шешіледі.

   Консенсусқа жеткеннен соң, стандарт жобасына қатысты ТК оны барлық мүшелердің дауыс берулеріне тарату үшін, орталық секретариатқа тапсырды.

   Халықаралық стандарттың жобасы бойынша дауыс беру кезінде консенсус қағидасынан да басқа, ИСО мүдделі тараптардың барлығына түсінікті стандарт әзірлемесі ережелерінің міндетті түрде көрінуін қамтамасыз етеді. Егер жобаны дауыс беруге қатысқан мүшелердің 75% мақұлдаса, ол халықаралық стандарт ретінде көпшілікке ұсынылады.

  ИСО техникалық жұмыстарында әлемнің 35 елінен 40 мыңнан астам сарапшы қатысады.

    Жыл сайын 800-ге жуық халықаралық стандарттар қайта қаралып, жаңадан қабылданады. Қазіргі уақытта ИСО-ның 14 мыңнан астам стандарты қабылданды.

   Техника әр түрлі салаларында даярланған стандарттар, келесі бөліктерін құрады: машина жасау- 29,5%, химия- 5,4%, металдық емес бұйымдар-12,2%, қазбалар және металдар- 9,1% ақпараттық техника- 8,8%, арнайы техника- 3%, денсаулық сақтау және медицина- 3,3%, негіз салушы стандарттар- 3,3%, қоршаған орта- 3%, тауарларды буып-түю және тасымалдау- 18% және т.б.

ИСО стандарттары әлемнің барлық елдері арасында тауарлармен, қызметтермен және идеялармен алмасуды едәуір жеңілдетуге және өнімдерге орнатылған техникалық талаптарды жан-жақты қарастырған құжат болып табылады. Ол, техникалық мәселелер бойынша техникалық комитеттер жауапкершілікпен қарауы негізінде, консенсуске жетуімен түсіндіріледі. ТК төрағаларына жеке жауапкершілік міндеттелінеді.

ИСО стандарттарының мазмұны  ұлттық стандарттармен салыстырғанда, олардың ішінен 20% жуығы ғана нақты өнімге деген, талаптарың енгізілуімен ерекшеленеді. ИСО стандарттарының негізгі бөлігі қауіпсіздік, өзара ауыстырымдылық, техникалық сәйкестілік пен сиымдылық, өнімді сынау әдістері және басқа да жалпы әдістемелік мәселелерге бағытталған.

Сонымен, ИСО халықаралық стандарттарының пайдаланылуының ерекшелігі, ол саудадағы елдер өз-ара тауарға деген нақты техникалық талаптарды келісім-шарттарда белгіленуін талап етеді.

 ИСО-ның халықаралық стандарттары қатысушы елдерге міндетті түрде қажет болу дәрежеге ие емес, яғни әрбір ел оларды тұтас қолдануға, тарауларын бөліп қолдануға немесе мүлдем қолданбауына құқылы. Оларды қолдану туралы мәселенің шешімі көбінесе еңбектің халықаралық бөлінуінде қатысу деңгейімен және оның сыртқы сауда жағдайымен байланысты. Алайда, өнім дайындаушылар әлемдік ңарықтағы өткір бәсекелестік жағдайына өз бұйымдарының жоғары бәсекеге қабілеттілігін жоғалтпауға тырыса отырып, халықаралық стандарттарды пайдалануға мәжбүр болып отыр. Шетел мамандарының бағалаулары бойынша өндіріс жағынан дамыған елдер (мысалы, Нидерланды, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания) ИСО стандарттарының барлық қорының 80% қолданады. Бұл елдер халықаралық стандарттар әрекет ететін салаларда ұлттық стандарттарды құрмауға талпынады.

     ИСО мемлекет-мүшелері үшін, ұлттық стандарттың негізінде халықаралық стандарт қабылдап қолдануы, үлкен жетістік болып табылады.

    ИСО сонғы жылдары қызметті және сапаны камтамасыз ету жуйесі саласындағы халыкаралық стандарттауға көп көңіл бөліп жүр. Сапа мәселесін шешуге бірдей кұрал табу мақсатымен «Сапаны басқару және сапамен камтамасыз ету» 176 ТК кұрылды. Оның міндеті сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің негізін салушы үстанымдардың стандартталуы мен үйлесімділігін табу болып табылады. АҚШ, Франция, Ұлыбритания және т.б. елдердің ұлттық тәжірибелерінің қарастыру негізінде 1987 жылы ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар жасалып жарыққа шықты, кейін ИСО І4000 және ИСО 17025 сериялы стандарттар әзірленді.

ИСО ВТО мен стратегиялық серіктестікті белгіледі. ВТО мүшелері болып табылатын немесе мүшесі болуға мүдделі барлық елдер, халықаралық стандарттау мәселелерімен таныс болып, халықаралық саудаға өз үлестерін қосуы керек.

 

Стандарттау  жұмыстарына халықаралық ұйымдардың қатысуы

Жалпы саннан алғанда қазіргі заманда қызмет ететін төрт мыңнан астам халықаралық ұйымдардың (әлемдік және аймақтық), 400-ден артығыстандарттау мәселелерімең айналысады.

    БҰҰ-ның Европалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) механикалық тасымалдау құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар саласындағы қызметімен танымал. БҰҰ ЕЭК ережелері (олар 80-нен асады) халықаралық стандарт дәрежесіне ие және автомобильдерді міндетті түрде сертификаттаудың нормативті базасы болып табылады.

   БҰҰ ЕЭК ИСО-мен бірлесе отырып басқаруда, саудада және көлікте электронды алмасу бойынша әмбебап ережелерге арналған халықаралықстандарттарды жасады.

   Халықаралық сауда палатасы сауда құжаттарын унификациялау жөніндегі жұмыстармен және сауда терминдерін халықаралық ережелермен талқылау бойынша "ИНКОТЕРМС" жинағымен танымал.

       ФАО/ВОЗ (БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымы және Денсаулық сақтау бүкіләлемдік деңгейде  ұйымдастыру)сарапшыларының бірлескен комитеті шеңберінде «Алиментариус Кодексі» комиссиясы қызмет етеді. Оның жұмысына 130 астам ел қатысады.Оның қызметтік мақсаты:

  • тұтынушыны денсаулыққа зиян өнімдерден және алаяқтықтан қорғау;
  • азық-түлік өнімдерімен саудадағы нормаларын орындалуын қамтамасыз ету.

Қызмет бағыттары:

  • үкіметтік   және   үкіметтік   емес   ұйымдар тарабынан орындалатын стандарттау жұмыстарын  сәйкестендіру;
  • стандартарды  жасау  қызметіне жетекшілік ету;
  • үкіметтік стандарттау ұйымдары тарабынан қабылданған стандартарды «Алиментариус Кодексіне» аймақтық немесе халықаралық стандарттар ретінде  қабылдап жариялау.   

   

Қазіргі таңда комиссия тарапынан азық өнімдеріне 300-ден астам халықаралық стандарттар және тазалық ережелерінің бірнеше жинағыәзірленген. Комиссияның европалық бөлімі азық қосындыларының азық өнімдерінде пайдаланылу мүмкіндігін анықтайды (Қазақстандықтұтынушыларға қосындылар Е әрпінің "Europe" сөзінің  басты әріпі Е 03, Е 10 және т.б. белгілері бойынша танымал). Өзінің құзыреттілігі шеңберінде стандарттау жөніндегі жұмыстарға БҰҰ -ЮНЕСКО, МАТАТЭ және т.б. жанындағы басқа да халықаралық ұйымдар қатысады.

 

Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар

Әлемде стандарттау бойынша Скандинавия, Латын Америкасы, Арабия аймағы, Африка және Европалық одақ елдеріндегі жеті аймақтық ұйым бар.

   1961 жылы Стандарттау Европалық комитеті (СЕН) болып бекітілген және 1972 жылы электротехникада Стандарттау Европалық комитеті(СЕНЭЛЕК)   құрылған ұйымдар Европалық ұйымдар болып табылады.

   Австрия, Бельгия, Ұлыбритания, Греция, Дания, Ирландия, Испания, Италия, Люксембург, Норвегия, Нидерланды, Португалия, Финляндия, ГФМ, Франция, Швеция, Швецария тәрізді 18 европалық мемлекеттердің стандарттау  ұлттық ұйымдары СЕН мүшелері қатарына кіреді.

СЕН Бас ассамблеясының шешімі бойынша мүшеліктің жаңа санаты болып саналатын - ассоциациялы мүше орнатылды.

Дәрежесі ұлттық немесе европалық заң шығару орындарымен анықталатын СЕН мемлекет мүшесінің кез-келген қоғамдық, ғылыми,экономикалық ұйымы Ассоциациялық мүше бола алады.

Ассоциация мүшелері СЕН мақсаттарына қол жеткізуге және стандарттау процесіне ортақтасуға жағдай жасап, стандарт жобаларын талдауға қатысуы қажетті (шешім қабылданар бұрын), бірақ олар дауыс беруге құқығына ие емес.

СЕН басты мақсаттары:

§  ЕС мемлекеттері мен өзге халықаралық ұйымдар өз дерективтерінде жүгіне алатын европалық стандарттарды (евронормаларды,ЕN) дайындау жолымен тауарлар және    қызметтермен саудаласудың дамуындағы Европа
мемлекеттеріне жәрдемдесу;

§  ел-мүшелер арасында ИСО және ХЭК халықаралық стандарттарының біркелкі қолдануын қамтамасыз ету;

§  стадарттау саласындағы   европалық    аймақтық    мекемелермен қызметтесу;

§  европалық    стандарттарға    (евронормаларға)     сәйкескестікті қамтамасыз ету жолындағы  сертификаттау бойынша қызметтерді ұсыну.

    СЕН жоғарғы органы Бас ассамблея болып табылады. Оның құрамында

 стандарттау ұлттық ұйымдары, ЕС мемлекет-мүшелерінің үкіметтік және еркін сауда Европалық ассоциациясының (ЕСЕА) органдары, сонымен қатар ассоциацияланған ұйымдары бар.

   Бас ассамблея сайлайтын Әкімшілік кеңес келесі қызметтерді атқарады:

  • европалық стандарттарды жасау кезінде қатысушы мемлекеттерде

халықаралық және ұлттык стандарттардың қолданылу  ерекшеліктері
мен әдістерін белгілейді;

  • ұлттық   және   халықаралық   нормативті    құжаттардың    европалық
    стандарт   ретінде   тікелей   қолдану   мүмкіндігін   және   олардың
    сақталуды бақылауын анықтайды;
  • аймақ шеңберіндегі ұлттық стандарттау жүмыстарын сәйкестендіреді.

   Стандартау саласындағы саясат, Бас ассамблея шешімімен бекітілген ұлттық үйым өкілдері - директорлар Алқасымен, атқарылады.

  Стандарттау бойынша техникалық бюромен үйлестірілетін  техникалық жұмыстар техникалық комитеттер орындайды.

  Стандарттау мәселелері европалық деңгейдегі СЕН шеңберінде стандартты барлық мүдделі тараптардың консенсусы негізінде қабылдау, дайындау және жоспарлауды қарастырады.

Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау барысында стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдардан, ассоциациялық органдардан, европалық ұйымдардан және сауда ассоциацияларынан түсетін ұсыныстар енгізіледі.

СЕН жұмыстары ұстанымдарының бірі ИСО халықаралық стандарттарын евронормаларды дайындау үшін негіз ретінде міндетті түрде пайдалану немесе ИСО нәтижелерінің жетістікерін толықтыру болып табылады.

Басым бағыттың таңдалуы  болашақ стандарттың пайда алып келетін байланыстардың дамуына әсер ету деңгейіндегі экономикалық қажеттілікпен, халықаралық немесе басқа стандарттарды қолданудың мүмкіндігі жоқтығымен, СЕН қатысушы-мемлекет ұсыныстары немесе ЕС органдары кеңестерімен негізделуі тиіс.

Стандарт жобасының дайындалуы техникалық комитетке жүктеледі. Комитет алғашқы жобаны бекітіп, оны орталық секретариатта тіркейді, одан кейін бұл құжат европалық стандарттың ресми жобасы болып табылады.

Техникалық комитеттер өз жұмыстарында халықаралық стандарттарға сүйенеді, аймақтық ұйымдармен қатынастарды үзбейді, жапсарласмәселелермен айналысатын басқа техникалық комитеттердің қызмет нәтижелерін ескереді.

Комитеттің алдына қойылған міндет орындалғаннан кейін, ол техникалық бюро тарапынан таратылып кетуі мүмкін немесе стандартты қайта қаралуында  жауапкершілікті сақтайды.

Көп жағдайда стандарт жобасының дайындалуы ИСО шеңберінде жүргізіледі, жоба жетекшісі болып ЕС мемлекет-мүшенің европалықөкілдері тағайындалады.

Стандартты қабылдау процедурасында, белгіленген мерзімде дауыс беру үшін, техникалық бюро тарапынан жүмысшылар тобы қолдау тапқан жобасын стандарттау ұлттық ұйымдар түріндегі СЕН-нің барлық мемлекет-мүшелеріне таралуын қамтамасыз етіледі.

      Европалық стандартқа (евронормаға) СЕН-нің 80 % жуық мүшесі дауыс берген жағдайда ғана, ол қабылданған болып есептеледі. Қабылданған стандарт, барлық мемлекет - мүшелердің стандарттау ұлттық жүйесіне осы санмен қатар және «қарсы» дауыс бергендермен қатар, енгізіледі.

     Одан кейін, Әкімшілік кеңес бұл стандарт ЕС мемлекет-мүшелері үшін, маңыздылық деңгейін қарастырады. Оң шешім шығарылған жағдайда,оған сәйкес директивасында ЕС-тің нұсқауы жасалынып, стандарт ЕС мемлекет-мүшелері үшін, орындауға міндетті  дәрежесіне ие болады.

     Өнімге, қызметке, процеске арнап стандарт дайындаудан басқа, СЕН өнім сапасын қамтамасыз ету жүйесімен, сынақ әдістерін стандарттаумен, сондай - ақ сынақ зертханаларды аккредитациялаумен айналысады.

      Бұл бағытта қабылданған 9000 сериялы ИСО-ның халықаралық стандарттары орнына, «мұқаба әдісімен» орындалып 29000 (ЕН29000) сериялы евронорманың европалық стандарттары жасалып, бекітілген.

Евростандарттар техника мен технологияның жаңа жетістіктерін көрсетеді, ал директивалар халыққа және қоршаған ортаға  зиянды немесе қауіпті өнімдердің ЕС-ке кіруіне шектеу тиімді шараларын орнатады.

    Стандарт ЕС бюлетенінде, директива нөмірінің белгілеуімен басылып шыққаннан кейін,  үйлесімді, яғни сәйкес келетін болып саналады.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 4537 | Теги: Сапаны басқару принциптері, Сапа ролі, Халықаралық стандарттар талаптары, Сапаны қамтамасыз ету негіздері, Сапаны жүйелі тұтас басқару | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: