-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Салқындаушы үстелдер (прилавкалар)

Салқындаушы үстелдер (прилавкалар)

Салқындаушы қорапшалар дайындалған және салынған салқындаған немесе тоңазытылған немесе тоңазытылған тағамдарды сақтау үшін қолданылады.

 ПХС/В-1,025 тоңазытқыш қорапшасы

 ПХС/В-1,025 қорабы салқындаушы және машиналы екі бөлімнен тұрады. Қорап 10 тікбұрышты корпус   булағышпен   екі   бөлімге   бөлінген.   Салқындаушы көлемінің жылуоқшаулағышты корпусы бар. Қабырғааралық кеңістік ішкі және сыртқы қаптаулардан құралып, пеноэпексидте болады.

Машиналы бөлімі салқындаушы бөлімнен оңға қарай орналасқан, онда тоңазытқыш агрегаты монтаждалған, конденсаторға ауа түсу үшін тесігі бар қоршаумен жабылған (1.21-сурет). Машиналы бөлімнің қызмет көрсететін жағында тумблермен басқару қалқаны орналасқан, сигнал шамымен және манометрлік салқындаушы прилавка температурасын көзбен бақылау үшін термометр орналастырылған.

Прилавканың салқындаушы жоғарғысы мен машиналы бөлімі үстелдің үстіңгі тақтайымен жабылған. Салқындаушы прилавкаға екі жармалы есік қақпағы құлпымен қамтамасыз етіліп монтаждалған. Қарлы «жамылғыны» табиғи жолмен, тоңазытқышты өшіріп және есігін ашып ерітіп алады. Жұмсалған су поддонға ағып кетеді, ол салқындаушы прилавканың астына орналасқан.

ПСХ/В-1-0,25 сөресі үстелі реттеуші тірек биіктігі бойынша орнатылған. Тағамдарды үстелге кассета немесе кәрзеңкелерде орналастырады.

ПХС/В-1,028Е тоңазытқыш үстелі құралымы бойынша ПСХ/В-1-0,25 үстеліне ұқсас. Айырмашылығы ПСХ/В-1-0,28Е тек қана үстел үсті ыдысын салқындату қарастырылады. Ол үш қораптан тұрады. Олар бірінің үстіне бірі қойылған. Бірінші және екінші (орта) қорапша аралығы кеңістің жылуоқшаулағышына толтырылған, ал қабырғааралық кеңістік орта және ішкі қорапша аралығына жылантүтік булағыш монтаждалған. Салқындаушы ыдыстың қолдағы барлығына сәйкес, ПХС/В-1,028Е үстелінде үлкен суықөндіргіштігімен тоңазытқыш агрегаты қолданылған.

ПХН-1-0,28; ПХН-10,28П; ПХН-1-0,28ГП төмен температуралы үстелдер. Барлық үстел сөрелі принципті біркелкі құрылыс: жабық жылуоқшаулағыштық үстел мен құрастырған тоңазытқыш агрегат. Үстелдердың айырмасы мынада: ПХН-1-0,28 – стационарлық, ПХН-1-0,28П – жылжымалы үстел; ПХН-1-0.28П – жылжымалы типті үстел.

Тоңазытқыш төмен температуралы үстел қысқа мерзімге сақтауға және балмұздақ сатуға, басқа да тоңазытылған тағамдарға арналған. Үстелдің корпусы жылуоқшаулағышты (1.22-сурет). Қабырғааралық кеңістігі пенополиуретанымен толтырылған. Сыртқы қаптауы жұқа табақты болаттан жасалған және түсті полистролдан, ал ішкісі – алюминийден.

Оқшаулағыш жағынан ішкі қаптауында 3 жұмсақ құбырлы булағыш келістірілген.

Төмен температуралы үстелдер:а – ПХН-1-0,28; б – ПХН-1-028П; в – ПХН-1-0,28ПТ

ПХН-1-0,28 (кескін);1 –  электр қондырғысы қалқаны; 2 өндірілген суды ағызатын шланг; 3 – булағыш; 4 – салқындаушы көлем;5 – жармалар; 6 – панель; 7 сыртқы қаптауы;8 – жылуоқшаулағышы; 9 – ішкі қаптауы;10 – тоңазытқыш агрегаты; 11 – тіректер

Корпустың түбінде жұмсалған суды құятын саңылау бар. Салқындаушы көлемге жету үшін үстелдердің жармалары болады. Бүйірдегі үстелдің үстіндегі ішкі салқындаушы үстелдің температурасын бақылау үшін термометр орналасқан. Машиналы бөліміндегі ішкі қабырғасында 1 электр қондырғысының қалқаны (қорғаны) автоматты қосқышымен, магнитті босатқыш басқа құралдармен бекітілген.

Қарлы «жамылғыны» еріту табиғи нәрсе, яғни тоңазытқыш агрегатты сөндіреді, салқындаушы үстелді босатуы және жармаларын ашады. Жұмсалған су 2 шланг буымен қойылған кез келген ыдысқа ағады.

ПХН-1-0,28П үстелі станционарлық құрылысы бойынша ұқсас. ПХН-1-0,28П корпусы үстеліне төрт аяқты арба-рама орнатылған. Арба-рамада тоңазытқыш агрегаты қоршаумен жабылып монтаждалған. Оның корпусына үстелді орналастыру ыңғайлы болу үшін поручень қарастырылған. ПХН-1-0,28П электр кабелімен жинақталған, ол негізгі нүктесінен 20 м дейін қашықтықта үстелді жылжыту мүмкіндігін береді. ПХН-1-0,28П үстелі тентпен қамтамасыз етілген, оны кронштейн ұясына бекітеді, ол жылжымалы үстелдің қабырға кесіктеріне орналастырады.

ПВХС/В-1-0,315 витрина үстелі үш бөлімнен тұрады: салқындатушы үстел, салқындатушы витрина мен машина бөлімі.

Салқындатушы үстел (1.24-сурет) оң жақ биіктігінде және екі ашылатын есігі бар тұйық көлем болып келеді. Есік арасындағы кеңістік пен салқындаушы үстел құйылатын (пенополиуретан) жылуоқшаулағышымен толтырылған.

Қабырғалы-құбырлы булағыш алынбалы-салынбалы тормен қоршалған, салқындатушы үстелді тағамдарды ыдысына орналастыру үшін екі бөлікке (бөлім) бөлу қажет. Үстелдің ішкі көлемі шаммен жарықтанады, ол есік ашылғанда қосылады. Салқындаушы витрина машиналы бөлімнің үстінде орналасқан, витрина түбі оқшауланған. Оның пайдалы көлемі шынымен қоршалған. Сатушы жағынан витрина жылжымалы жармамен жабылып,үстіне тотықпайтын болат сөре орнатылған. Сөренің төменінде шам бекітілген.

ПВХС/В-1-0,315 витрина үстелі

Ашық үстелдер мен витриналар өзіне-өзі қызмет ететін дүкендер үшін қабырға сөрелері ПХС-2-1,6; ПХН-2-1,6 мен арал типті ПХС-2-2,5; ПХН-2-2-5; олар секциядан жиналады және орталық жүйеден суықпен қамтамасыз етіледі. Тоңазытқыш агрегаты мен электрқондырғысын машиналы бөлімде орналастырылады. Орталық салқын қаптамасыздандырылады, бір тоңазытқыш агрегаты алты бірлікке дейін қондырғыларға қызмет ете алады.

Ол оның секциясы мелшері мен агрегаттың суықөндіргіштігіне байланысты, бұл тоңазытқыш машинасы жұмыс істеген кездегі шудың межелі деңгейін төмендетуге жағдай туғызады, электр қондырғысы жұмысындағы жылу бөлінуді, салқын көлемін нәтижелі қолдануға және басқа жетістіктерге жеткізеді. 9.25-суреттегі принципті орталық салқынмен қамтамасыз ету сұлбасы тоңазытқыш агрегат пен тоңазытқыш қондырғысының үш секциясын қосады. Бұл жүйеде тоңазыту АК тығыздамасыз 1 компрессормен және 2 сумен салқындаушы конденсатормен жұмыс жасайды. Тоңазытқыш агрегаты құрамына сол сияқты кептіруші-сүзгі автомат құралдарымен кіреді.

Орталық жцйеден салқынмен қамтамасыз ететін тоңазытқыш машинасының сұлбасы:1 – компрессор; 2 – конденсатор; 3 – айдамалы құбыр;4 – кептіргіш-сүзгі; 5 – жұмсалған суды ағызатын құбыр; 6 – тоңазытқыш қондырғысы корпусы;7 – булағыш

ПХС-2-2,5 пен ПХН-2-2,5 типті тоңазытқыш үстелдері (9.26-сурет) арал типті үш салқындаушы секциядан тұрады, ол арнайы тартылып біріктірілген. Үстелдің сыртқы қабырға қаптауы мен түбі болат табақшадан дайындалып, ақ түске боялған, ішкі қаптауы алюминий табақшадан жасалған. Үстел биіктігі тірекпен қамтамасыз етілген. Тұтынушылар үстел секциялары үстіндегі ашық ойықтан тауарды өз бетінше таңдап алады. 2 сөренің астында әрбір секцияның түбінде булағыш пен электр желдеткіш (ауасалқындатқыш) монтаждалып, жылуоқшаулағышы үстінен жабылған.

 

 

 

 

ПХН-2-2,5 тоңазытқыш үстелі:а – жалпы түрі; ә сұлбасы;1 – жылуоқшаулағышы; 2 және 4 – тауар салуға арналған сөре; 3 – ауа айдаушы канал торсы; 5 – ауаның сорғыш каналы; 6 – электрқондырғылар қалқаны; 7 – жұмсалушы су патрубогы; 8 электржелдеткіш; 9 – булағыш; 10 – жекелеген панель; 11 – реттеуші тірек

Көлденең панель 10. Ауаның айдамалы каналы 3 тормен бітеді, ол салқындатылған ауаны барлық секцияларға бөледі. Сорғыш канал да сол сияқты оның тауарға түспеу мүмкіндігін туғызуға тормен қоршалған.

Тауарды алмалы 4 тор-сөреге қойғанда өз деңгей сызығына дейін ішкі қаптаудың бүйіріндегі панельге жетеді.

Жұмыс принципі. Ауа желдеткіш арқылы булағыш ауасалқындатқышына айдалады жөне айдамалы каналы бойынша салқындатылған ауа ашық көлемге түседі, суық шымылдық жасап, тауарға сыртқы ауаның өтуіне кедергі жасайды. Үстелдің ауасалқындатқыштары құбырмен тоңазытқыш агрегатымен біріктірілген, машина бөлімінде бөлек бөлмеге орналастырылып монтаждалған. Машиналы бөлімнің қабырғасында электр қондырғылар қалқаны бекітілген, онда автомат өшіргіш, магнитті босатқыш, УЭ-2 құрылысы, сигнал шамы мен басқа жабдықтар монтаждалған. УЭ-көмегімен үстелде автомат еру жүйесі бар. Келте құбырға қарай еңкейтілген үстел түбінен жұмсалатын су ағатын коллекторға қосылған жерден ағады. Орта секцияда үстел секциясының температурасын бақылау үшін манометрлік термометр құрылған. ПХН-2-2,5 үстелінің техникалық сипаттамасы 9.6-кестеде көрсетілген.

ПХС-2-1,6 қабырғалы типті үстелі (9.27-сурет) үш секциядан арнайы бірыңғай құралымға тартып біріккен. Үстел құрылысы, оның жұмыс принципі ПХН-2-2,5 үстеліне ұқсас, бірақ кейбір конструктивті ерекшеліктері бар.

1. ПХС-2-1,6 үстелі орта температуралы; қысқа мерзімді сақтауға және тоңазытылған тағамдарды сату үшін қызмет етеді.

2. ПХС-2-1,6 үстелі ашық сөрелері жоқ, себебі ол тағамдарды салқындатуға пайдаланылады.

3. Үстел кішкене номинальды салқындатушы және пайдалы көлемі болады.

4. Ақ типті тоңазытқыш агрегатымен салқындайды, ол R12 хладонымен жұмыс істейді, сол себепті салқындаушы көлеміндегі температура ПХН-2-2,5 үстелі температурасынан жоғары болады.

ПХС-2-2,5 тоңазытқыш үстелі құралымы бойынша ПХН-2-2,5 үстеліне ұқсас, бірақ кейбір ерекшеліктері бар, атап айтқанда:

1. Салқындаушы секциялар үстінде үстелде сөрелер жоқ, себебі ол қысқа мерзімді сақтап, салқындатылған салынған азық-түліктерді сатуға арналған.

2. Салқындаушы секциялар 0-ден +8 °С-қа дейін температураны сақтап тұрады.

ПХС-2-1,6 тоңазытқыш үстелі:а жалпы түрі; б сұлбасы;1 азықүлікті таңдауга істелген ашық ойық; 2  торлы сөре; 3 сыртқы қаптау; 4 ауаның сорғыш каналы;5 ішкі қаптау; 6 жылуоқшаулағышы; 7 желдеткіш;8 электр қондырғысы қалқаны; 9 жұмсаған суды ағызатын келте құбыр; 10 тірек биіктігі бойынша реттеушісі; 11 булағыш; 12 ауаның айдамалы каналы

3. Тоңазытқыш агрегаты орталықтанған. Салқынмен қамтамасыз етілу жүйесі, R12 хладонымен жұмыс істейді.

Техникалық сипаттамасы 9.6-кестеде көрсетілген.

ПХН-2-1,6 тоңазытқыш үстелі қысқа мерзімді сақтауға және тоңазытқыш салынған тағамды сатуға арналған қабырға типті үстел-сөрелер. Бұл сөренің тоңазытқыш агрегаты К-22 хладонмен жұмыс істейді. 18 °С температурасы жоғары емес температураны салқындаушы секцияда сақталады.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (29.10.2013)
Просмотров: 1020 | Теги: Салқындаушы үстелдер (прилавкалар) | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: