-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу

Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу

       Аккредиттеу.

      Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу ҚР-ның сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
          

       Аккредиттеу аттестаты .

      Жеке және заңды тұлғалардың ҚР-ның техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшiн жауаптылығы
     1. Жеке және заңды тұлғалар (дайындаушы, орындаушы, сатушы):
     1) нарықта өткiзiлетін өнiмнiң қауiпсiздiгi үшін;
     2) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарды бұзғаны үшiн;
     3) осы Заңның 40-бабында көзделген мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органның нұсқамалары мен шешiмдерiн орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
     2. Өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян ҚР-ның азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиiс.

                           Сәйкестiк туралы декларация

 

     1. Егер бұл техникалық регламенттерде көзделген жағдайда, сәйкестiк туралы декларацияны сәйкестiгі мiндеттi расталуға жататын өнiмдi дайындаушы (орындаушы) ресiмдейдi, сондай-ақ ол сәйкестiгі мiндеттi расталуға жатпайтын кез келген өнiмге қатысты ерiктi түрде ресiмделедi.
     2. алып тасталды
     3. Сәйкестiк туралы декларацияда:
     1) өтiнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi;
     2) сәйкестiктi растау объектiсiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн осы объект туралы ақпарат;
     3) оның талаптарына сәйкестiгiне өнiм расталатын техникалық регламенттiң атауы;
     4) өтiнiм берушiнiң өнiмдi нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланған кезде оның қауiпсiз екендiгi және өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдағаны туралы өтiнiшi;
     5) жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты туралы, сондай-ақ өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау үшiн негiз болған құжаттар туралы мәлiметтер;
     6) сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi;
     7) техникалық регламенттерде көзделген өзге де мәлiметтер болуға тиiс.
     Сәйкестiк туралы декларацияның нысанын, декларацияларды ресiмдеу және тiркеу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
     4. Сәйкестiк туралы декларация осы өнiмдi шығарудың жоспарланған мерзiмiне сүйене отырып өнiмдi дайындаушы (орындаушы) белгiлеген, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмге қабылданады.
     5. Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларация аккредиттеу саласына осы өнiм кiретiн сәйкестiктi растау жөнiндегi органда тiркелуге тиiс.
     6. Сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiнде белгiленген тәртiппен ресiмделген және тiркелген сәйкестiк туралы декларацияның Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында сәйкестiк сертификатына тең заңдық күшi бар.
     7. Сәйкестiктi декларациялау:
     1) өз дәлелдерi негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау;
     2) сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiк туралы декларацияны қабылдау арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн.
     Сәйкестiктi растау үшiн дәлел ретiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдардың тiзбесi техникалық регламентте айқындалады.
     Дәлел ретiнде техникалық құжаттама, өз зерттеулерi (сынақтары) мен өлшемдерiнiң нәтижелерiн және (немесе) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгін растау үшiн негiз болған басқа да құжаттар пайдаланылады.
     Өз дәлелдерi және сәйкестiктi растау жөнiндегi органның қатысуымен алынған дәлелдер негiзiнде сәйкестiктi декларациялау кезiнде өтiнiм берушi өз дәлелдерiне қосымша таңдауы бойынша зертханада жүргiзiлген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификатын ұсынуға құқылы.
     Өнiмнiң сәйкестiгi туралы декларацияны қабылдаған кезде, осындай өнiм үшiн техникалық регламенттерде сәйкестiктi растаудың өзге де нысандары көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджментi жүйесiнiң сертификаты дәлелдердiң құрамында пайдаланылуы мүмкiн.
     8. Сәйкестiк туралы декларацияның қолданылу мерзiмi аяқталған кезден бастап үш жыл бойы сәйкестiк туралы декларацияның бiрiншi данасы мен сәйкестiктi растаудың дәлелi ретiнде пайдаланылатын материалдар - өтiнiм берушiде, ал сәйкестiк туралы декларацияның екiншi данасы оны тiркеген сәйкестiктi растау жөнiндегi органда сақталады.

          Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау

  Сәйкестік туралы декларация - жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын белгіленген нысандағы құжаты.

 Органның Сәйкестік туралы декларацияны (бұдан әрі - декларация) қарау және тіркеу жөніндегі жұмыстарын шарт негізінде жеткізуші (дайындаушы, сатушы) төлейді.

 Декларацияны жеке және заңды тұлғалар қабылдауға құқылы. Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар негізінде декларацияны қабылдайды.

 Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) декларацияны қабылдауы үшін негіз болып табылатын құжаттар ретінде мыналар пайдаланылуы мүмкін:

1) жеткізуші (дайындаушы, сатушы) және (немесе) басқа да аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген қабылдау, қабылдау-тапсыру және басқа бақылау сынақтарының хаттамалары;

2) өнімге бұдан бұрын алынған қолданыстағы сертификаттар немесе шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға арналған сынақтардың хаттамалары;

3) өнімнің ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын өнімді мемлекеттік бақылау актілері;

4) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін (шикізатты жеткізу, өндірістік процесс, жинау, дайын өнім, буып-түю, таңбалау) растайтын құжаттар, сапа менеджменті жүйесінің немесе кәсіпорын өндірісінің сертификаттары.

 Декларация нақты бір өнімге немесе растауға жататын бірыңғай талаптар белгіленген біртекті өнім топтарына қатысты қабылдануы мүмкін.

 Декларация осы өнімді шығарудың жоспарланып отырған мерзімін немесе өнім партиясын өткізу мерзімін, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімді ескере отырып жеткізуші (дайындаушы, сатушы) белгілеген мерзімге қабылданады.

Декларацияның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін жеткізуші (дайындаушы, сатушы) осы Регламентте белгіленген тәртіппен жаңа декларацияны қабылдай алады.

 Декларация белгіленген нысандағы бланкілерде толтырылады және оған дайындаушы (орындаушы) ұйымның басшысы қол қояды және оның мөрімен расталады.

 Жеткізуші (дайындаушы, сатушы) қабылдаған декларация аккредиттелген Органда тіркелуге тиіс.

 Тіркеуге жіберілетін декларацияға мыналар қоса беріледі:

1) тіркеу туралы еркін нысандағы өтініш;

2) өнімнің осы Регламенттің 89-тармағында санамаланған белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың көшірмелері;

3) өнім өндірісінің тұрақтылығын растайтын құжаттардың көшірмелері (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау туралы мемлекеттік бақылау актілерінің көшірмелері, өндірістің тұрақтылығын ішкі бақылау актілерінің көшірмелері);

4) жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) сынақ зертханаларының техникалық құзыреттілігін растайтын құжаттардың көшірмелері (аккредиттеу аттестаттары немесе оларға балама өзге де құжаттар) немесе өнімді дайындаудың технологиялық процесінде немесе осы өнімге арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда көзделген сынақтарды жүргізуге аккредиттелген зертханалармен жасалған шарттардың көшірмелері.

Қажетті құжаттары бар декларацияны жеткізуші (дайындаушы, сатушы) өзі таңдап алған бір ғана Органға тіркеуге жіберуі мүмкін.

 Орган 10 күннен аспайтын мерзімде қарайды және:

1) өнімнің осы түрінің сәйкестігі декларацияда расталуы мүмкін өнім тізбесінде бар болуын;

2) жеткізушінің (дайындаушының, сатушының) осы Регламенттің 89-тармағына сәйкес декларацияны қабылдау заңдылығын;

3) осы өнімнің сәйкестігін растау үшін көзделген стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың толықтығын және дұрыс көрсетілуін;

4) осы өнім үшін ҚР-ның заңнамасында оны дайындау құқығына көзделген барлық құжаттардың болуын;

5) декларацияның дұрыс толтырылуын тексереді.

 Қарау және тексеру нәтижелері бойынша Орган декларацияны тіркелген декларациялар тізілімінің арнайы бөліміне тіркейді.

Тіркеу декларацияға Органның сәйкестендіру белгісі (коды) бар тіркеу нөмірі мен декларацияны тізілімге енгізудің реттік нөмірін беру жолымен жүзеге асырылады.

Тізілімге декларацияны қабылдаған ұйымның атауы, оның мекен-жайы, декларацияның тіркеу нөмірі мен сәйкестігі расталған өнімнің түрі, декларацияның қолданылу мерзімі жазылады.

Тіркелген декларациялардың тізілімін Орган берілген сертификаттардың тізілімінен бөлек жүргізеді.

 Декларацияда тіркеу мәліметтері (декларацияны тіркеген Органның атауы мен мекен-жайы, оның тіркелген күні, декларацияның тіркеу нөмірі) көрсетіледі және бірінші басшының немесе ол өкілеттік берген адамның қолымен және Органның мөрімен расталады.

 Тіркелген декларация жеткізушіде (дайындаушыда, сатушыда) соның негізінде ресімделген құжаттармен бірге, оның жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін кемінде үш жыл сақталады.

Осы мерзім ішінде Органда тіркелген декларацияның көшірмесі мен тіркеуге арналған ілеспе құжаттар сақталады.

 Декларацияда оның әрекеті қолданылатын өнімнің тізбесі бар көшірмелер мен қосымша болуы мүмкін.

Декларацияның көшірмелері өтінім беруші басшысының қолымен және мөрмен (заңды тұлға үшін) расталады.

 Декларацияда көрсетілген нормативтік құжаттардың талаптары өзгерген, сондай-ақ заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде жеткізуші (дайындаушы, сатушы) жаңа декларацияны ресімдейді және оны сол Органға осы Регламентте белгіленген тәртіппен тіркеуге береді.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2130 | Комментарии: 1 | Теги: Сәйкестікті растау жөніндегі органд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: