-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Әр түрлі категориялар және түрлер стандарттары

Әр түрлі категориялар және түрлер стандарттары

 

 Әр түрлі категориялар стандарттары.

Қолдану аясына байланысты ажыратылатын стандарттар стандарт категориясы деп аталады. Стандарттар мынадай категорияларға бөлінеді:

- мемлекеттік стандарттар – ҚР СТ;

- халықаралық стандарттар – ИСО;

- мемлекетаралық стандарттар - ГОСТ;

- ұйымдар стандарттары;

- ұлттық стандарттар;

- шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттары.

ҚР мемлекеттік стандарты (ҚР СТ) – міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және тұтынушылардың кең шеңберіне түсінікті стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті орган бекіткен стандарт.

Мемлекеттік стандарттар өнімдерге, үрдістерге (жұмыстар), көрсетілетін қызметке, ұйымдастырушылық-әдістемелік және жалпытехникалық сипаттағы нормалар және талаптарға даярланады, мысалы: стандарттау бойынша жұмысты ұйымдастыру; өндіріске өнімді даярлау және қою; техникалық, басқарушылық, ақпараттық-библиографиялық құжаттамаларды ресімдеу тәртіптері; метрологиялық жалпы ережелер және т.б.

Мемлекеттік стандарттарда дәстүрлі технологиялардың мүмкіндіктерін басып озатын, отандық өнімдер, үрдістер, көрсетілетін қызметтердің бәсекелестігінің болашағын қамтамасыз ететін алдын ала талаптар белгіленеді.  Өнімдердің, үрдістердің, қызмет көрсетудің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны, азаматтардың өмірін, денсаулығын және мүліктерін қорғауға арналған, техникалық және ақпараттық сәйкестікті, өнімдердің өзара алмастырылуын қамтамасыз етуге арналған, оларды бақылау әдістерінің бірыңғайлығы және таңбалаудың бірыңғайлығы үшін мемлекеттік стандарттармен белгіленген талаптар мемлекеттік басқару органдарымен, жекеменшіктің формасына қарамай жеке және заңды тұлғалармен сақталуы міндетті деп табылады.

Өнімдердің, үрдістердің, көрсетілетін қызметтердің мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сай болуы ҚР Заңнамасы белгілеген ережелер бойынша анықталады.

Мемлекеттік стандарттар мемлекеттік басқару органдарымен, уәкілетті тұлғалармен, стандарттау бойынша техникалық комитеттермен даярланады.

Стандарттаудың мемлекеттік жүйесінің Реестрінде тіркелмеген мемлекеттік стандарттар қолдануға жарамсыз деп саналады.

Мемлекеттік стандарттың белгіленуі индекстен (ҚР СТ), тіркеу нөмірінен және сызықшамен бөлінген қабылданған жылдың соңғы екі санынан тұрады. Тіркеу нөміріндегі алдыңғы нүктелі сандар стандарттар кешенінің (жүйесін) шифрын анықтайды.

Халықаралық және аймақтық, шетел мемлекеттерінің ұлттық стандарттарын ҚР мемлекеттік стандарттары ретінде қолданудың қажетті шарттары: ҚР стандарттау, метрология және аккредитация бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарға мүше болуы; ҚР және шетел мемлекеттері арасында стандарттау облысы бойынша әріптестік туралы екіжақты (көпжақты) келісім-шарттың болуы.

Халықаралық стандарт – стандарттау бойынша халықаралық ұйыммен қабылданған және тұтынушыларға кеңінен түсінікті стандарт.

Халықаралық стандарттарды құру бойынша тікелей жұмыстарды техникалық комитеттер жүргізеді.

Стандарттау бойынша халықаралық ұйым – оған мүшелік әрбір елдің стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша сәйкес мемлекеттік органы үшін ашық стандарттау бойынша ұйым. 

ИСО ресми тілдері – ағылшын, француз, орыс тілдері. Орыс тіліне ИСО стандарттарының 70% жуығы аударылған. ИСО әділетті және адал ұйым ретінде әлемдік беделге ие, халықаралық ең ірі ұйымдар ішінде мәртебесі жоғары.

Халықаралық стандарттау – барлық елдердің сәйкес органдарының қатысуына ашық стандарттау.

Мемлекетаралық стандарт – міндетті және (немесе) ұсынылатын талаптары бар және олармен тікелей қолданылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңеспен қабылданған немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерін құрудағы стандарттау және техникалық нормалау бойынша мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссиямен қабылданған стандарт.

Мемлекетаралық стандарттау – мемлекетаралық мүддені көрсететін объектілерді стандарттау.

Ұсынылатын талаптары бар мемлекетаралық стандарттарды қолдану, егер республикада қолданылатын талаптар, техникалық сипаттағы нормалар және ережелері бар техникалық регламенттерде оған сілтемелер бар болса,  міндетті болып табылады.

ҚР мемлекетаралық стандарттарды қолданысқа енгізу стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша уәкілетті органның қаулысымен жүзеге асады. Мемлекетаралық стандарттар ҚР мүше болып табылатын стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық Кеңес қабылдаған ережелерге сәйкес қолданылады.

Ұйым стандарты – жеке немесе заңды тұлғамен даярланған нақты бір өнімге, үрдіске (жұмыс), қызмет көрсетуге талаптар белгілейтін және сол жеке немесе заңды тұлға қолданатын стандарт.

Ұйым стандарттары өнімге, қызмет көрсетуге, үрдіске даярлануы мүмкін. Ұйым стандарттарын даярлаушылардың өздері бекітеді. Ұйым стандарттары ҚР қабылданған стандарттар және техникалық регламенттердің міндетті талаптарына қайшы келмеуі керек. Белгіленген міндетті талаптарды сақтамағаны үшін оны бекіткен жеке және заңды тұлғалар жауапқа тартылады. Ұйым стандарттарын даярлаудағы жалпы ережелер, келісімдер, бекітулер және тіркеу стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекеттік уәкілетті органмен белгіленеді.

Шетел мемлекеттері ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетілген стандарттарды қолдануға рұқсат беретін, олардың түпнұсқасын ұстайтын ұйымдармен келісім-шарт (рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 3920 | Теги: Әр түрлі категориялар және түрлер с | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: