-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Пішін, орналасу және беттер бұдырлығын нормалау мен бақылау әдістері мен аспаптары

Пішін, орналасу және беттер бұдырлығын нормалау мен бақылау әдістері мен аспаптары.

Машиналар бөлшектерінің пішіндері мен беттер орналасуының дәлдік шектері, терминдері, анықтамалары ГОСТ 24642-81 (СТ СЭВ 301-88) бойынша стандартталған.

Пішіндер және беттер орналасу ауытқуын нормалау және есептеу жүйесін тұрғызу принципі негізіне іргелес түзулер (47-сурет), беттер және пішіндер (48а ...в-сурет) алынған.

47-сурет. Іргелес түзу және нақты пішін

 

                          а                                       б                                  в

48-сурет. Цилиндрлік беттер көлденен қимасындағы пішіндер ауытқуы

 

  Нақты бет немесе нақты пішін деп бөлшек бетін шектеп, оны қоршаған ортадан бөліп тұрған бетті, немесе нақты бет жазықтықпен қиылысқанда пайда болған пішінді атайды. Бұл беттерде пішіндер ауытқуы, толқындық және бұдырлық болады.

  Номиналды бет – ол идеалды бет, оның пішіні сызба бойынша немесе  басқа техникалық құжаттар бойынша белгіленіп беріледі.

   Нормаланатын участік деп көрсетілген дәлдік шегіне немесе пішін ауытқуына немесе орналасу ауытқуына қатысты бет немесе түзу сызық участкісі аталады. Егер нормаланатын участік берілмеген болса, онда дәлдік шегі бүкіл бетке немесе бүкіл ұзындыққа қатысты.

  Іргелес түзу деп  нақты пішінімен түйісетін, материалдан тыс орналасқан  және нормаланатын участік шегінде, нақты беттің ең алшақ орналасқан нүктесі оған қатысты ауытқуы минималды болған түзуді (49а-сурет) атайды.

  Іргелес шеңбер деп, сыртқы нақты айналмалы бетке минималды диаметрмен жанамалы немесе ішкі нақты айналмалы бетке максималды диаметрмен жанамалы  шеңберді (49б-сурет) атайды.

   Іргелес цилиндр деп, деп сыртқы нақты айналмалы бетке минималды диаметрмен жанамалы немесе ішкі нақты айналмалы бетке максималды диаметрмен жанамалы  цилиндрді (49б-сурет) атайды.

 

  

                  а                                        б                                         в

49 сурет. Іргелес беттер және пішіндер негізгі түрлері

 

     Іргелес жазықтық деп, нақты пішінмен түйісетін, материалдан тыс орналасқан  және нормаланатын участік шегінде, нақты беттің ең алшақ орналасқан нүктесі оған қатысты ауытқуы минималды болған жазықтықты (сурет 49,в) атайды.

        Стандартты анықтамалар және шекті ауытқулар жазықтықтарға; цилиндірлердің көлденең және бойлық қималар пішіндеріне; беттер және осьтер мен беттер өзара орналасуына орнатылған.

 Пішіндер және орналасу барлық ауытқулары келесі үш топқа бөлінеді:

·         пішіндер ауытқуы және дәлдік шегі;

·         орналасу ауытқуы және дәлдік шегі;

·         пішіндер және орналасу қосынды ауытқулары мен дәлдік шегі.

 

Жазық беттер ауытқулары және пішіндердің дәлдік шегі

 

Түзуліктен ауытқу деп нормаланатын участік көлеміндегі нақты пішін (1) нүктелерінің және оған іргелес түзу (2) арасындағы ең үлкен арақашықтық ∆ аталады.

50-сурет. Түзуліктен ауытқу

 

  Түзуліктен ауытқудың жеке түрлері болып дөңестік және ойыстық табылады.

   Дөңестік дегеніміз нақты пішін іргелес түзуден (2) алшақтау шетінен ортаға қарай кеміп (51а-сурет) түзуліктен ауытқуы.

                                   а                                                         б

51-сурет. Түзуліктен ауытқу түрлері:

                  а - дөңестік; б - ойыстық.

      Ойыстық дегеніміз нақты пішін іргелес түзуден (2) алшақтау шетінен ортаға қарай ұлғайып (51б-сурет) түзуліктен ауытқуы.

Бұл жеке ауытқулар түрлерінің белгілеуі орнатылмаған, сондықтан олар сызбада сөйлеммен немесе техникалық шарттарда көрсетіледі.

Мысалы, «Дөңестік болмауы тиіс», «Ойыстықтың дәлдік шегі 0,025мм» т.б..

Жазықтықтан ауытқу дегеніміз нормаланатын участік көлеміндегі нақты пішін (2) нүктелерінің және оған іргелес жазықтық (1) арасындағы ең үлкен арақашықтық (∆). Бұл ауытқудың жеке түрлері: дөңестік (52б-сурет) және ойыстық (52в- сурет).

 

        а                                                б                                                в

52 сурет. Жазықтықтан ауытқу (а):

            б- дөңестік; в- ойыстық

     Сызбаларда бұл пішіндер ауытқу түрлері орнатылуы шектеледі немесе орнатылмайды. Бірақ кейбір жағдайларда орнатушы беттер үшін дөңестік және өлшеуші беттер ойыстық болмауы тиісті.

      Түзуліктен немесе жазықтықтан ауытқу мәндері бөлшектің белгіленген пішінін орындау және дәлдік дәрежесіне байланысты.

      ГОСТ 24643-81 (СТ СЭВ 636-77) бойынша 16  дәлдік дәрежесі  (1 ден бастап 16-ға дейін) орнатылған. Әрбір  дәлдік дәрежесі  көлемінде үш: А,В,Ссалыстырмалы дәлдік деңгейі қабылданған. Олар пішіндердің дәлдік шегі және өлшемдердің  қатынасы бойынша анықталады. Пішіндердің және өлшемдердің дәлдік шегі арасындағы қатынас  60,40,25%  орнатылған.

 

 

Цилиндрлік беттердің ауытқулары және пішіндер дәлдік шектері

    Цилиндрлік беттер үшін жалпыланған көрсеткіш есебінде цилиндрліктен ауытқу  қолданылады.

                

       а                                          б                                   в                              г

              

             д                           е                                  ж                                     з

53 сурет. Цилиндрлік беттер пішіндерінің ауытқуы:

 а - цилиндрліктен ауытқу; б - шеңберліктен ауытқу; в - сопақтық;

г - қырлылық;  д - бойлық пішін ауытқуы; е - конустәрізділік;

ж - бөшкетәрізділік; з - ершіктәрізділік.

 

Цилиндріктен ауытқу дегеніміз нормаланатын участік көлемінде нақты пішін  нүктелері және оған іргелес цилиндр  арасындағы (53а-сурет) ең үлкен арақашықтық (∆).

   Өндірістік тәжірибесі бойынша, бұл көрсеткішті анықтау кұрделі болғандықтан және жарамсыздық себептері толық қорытындалмайтығынан, ол сирек қолданылады. Сондықтан көптеген жағдайларда бойлық немесе көлденең қималардағы пішіннің дәлдік шегін нормалайды, ал кейбір кезде екі көрсеткішті де нормалайды.

Көлденең қимада шеңберліктен ауытқу, ал бойлық қимада бойлық қима  профилі пішінің ауытқуы.

Шеңберліктен ауытқу дегеніміз нақты пішін  нүктелері және оған іргелес шеңбер  арасындағы (53б-сурет) ең үлкен арақашықтық (∆). Шеңберліктен ауытқудың жеке түрлері сопақтық және қырлылық болып табылады. Бұл ауытқулар түрлері көптеген өңдеу түрлерінде кездеседі. Бұл параметрлерді өлшеп анықтау негізінде пішіндер ауытқуларын өңдеу дәлдігімен байланыстыруға болады. Бұйымды пайдаланып жұмыс атқару жағдайына байланысты бұл параметрлер маңызды болса, онда олар нормаланады. Ауытқулар жеке түрлерінің нормалары, шеңберлік нормалары болып қабылданылады.

  Сопақтық кезінде көлденен қиманың нақты пішіні овал тәрізді (53в-сурет), ал ең үлкен және ең кіші диаметрлері бір-біріне перпендикуляр болады. Сопақтық ол жонушы немесе ажарлаушы білдек шпинделінің соққылауына, дайындама көлденен қимасы пішіні дұрыс болмауына, дайындама айналу кезіндегі соққылауына т.б. себептерге байланысты пайда болады.

   Қырлылық  кезінде көлденең қима нақты пішіні көпқырлы (53г-сурет)  болады.  Қырлылық, ол өңдеу кезінде бөлшектің айналудың лездік орталығы өзгеруіне, өңдеу жүйесінің қатаңдығы жеткілікті болмауына, өндеу әдістеріне және кесу режимдеріне және т.б. себептерге байланысты болуы мүмкін.

  Бойлық қима профилі пішінің ауытқуы дегеніміз нормаланатын участік көлемінде нақты пішін  нүктелері және сол жазықтықта орналасқан, оған іргелес пішін  арасындағы (53д-сурет) ең үлкен арақашықтық (∆). Өндірістік тәжірибесі бойынша, бұл көрсеткіш анықтауы күрделі болғандықтан, оны екі көрсеткішке бөледі: жанамалар түзуліктен және параллельдіктен ауытқуы.

Бойлық қима профилі  пішінің ауытқу жеке түрлері болып конустәрізділік, бөшкетәрәзділік, ершіктәрәзділік болып табылады.

    Конустәрізділік (53е-сурет) білдектің шпиндель және артқы тұғыр осьтері сәйкес болмауына, тұғыр бағыттаушысының осьтері параллельсіздігіне, кескіш тез тозуына байланысты болады.

    Бөшкетәрізділік (53ж-сурет) біліктің жеткіліксіз қатаңдықты  болмай иілуіне байланысты.

    Ершіктәрізділік (53з-сурет) жонушы білдектің өңдеу орталықтары вертикалды жазықтықта сәйкес болмауына; жуан, қысқа біліктерді жону кезінде өңдеу орталығында қажетті қатаңдықпен орналастылмауына байланысты болуы мүмкін.

 

Орналасу ауытқуы және дәлдік шегі

 

Орналасу ауытқуы деген қарастырылып отырған элемент нақты орналасуы және оның номиналды орналасуы арасындағы ауытқу. Орналасу ауытқуын қарастыру кезінде, қарастырылып отырған және базалық элементтер пішіндерінің ауытқуы есепке алынбайды. Одан кейін нақты беттер (профильдер) орныны іргелес беттермен алмастырылады, ал нақты беттер центрлері немесе профильдер осьтері орнына іргелес элементтер осьтері, симметрия жазықтықтары және центрлері алынады.

Беттер орналасу дәлдігін бағалау үшін базалар тағайындайды. База болып бет (мысалы, жазықтық), нүкте (мысалы, конус төбесі немесе сфера орталығы), ось (мысалы, цилиндрлік немесе конустық айналу бетінің, ішкі немесе сыртқы бұрандама).

Кейбір элементтер орналасу дәлдігін қорытындау үшін бөлшек бірнеше базалар бойынша бағалануы тиімді. Бұл базалар координат жүйесін құрады және олар базалар комплекті деп аталады.

 

                    а                                        б                                                в

                    г                                    д                                       е                           ж

                з                                   и                                                к     

 

54-сурет. Беттер және осьтер орналасуы ауытқуларының  түрлері:

а,б - жазықтықтар мен осьтер параллельдіктен: 1- іргелес жазықтықтар;

2-нақты жазықтықтар-жазықтықтар мен осьтер перпендикулярлықтан; г,д-базалық бетке және жалпы оське қатысты осьтестіктен: 1- жазықтық; 2- ортақ ось;  е - осьтердің қиылысунан;  ж - симметриялықтан; з - тұрақ ауытқуы;  и,к - бүйірлік және радиалдық ауытқыма: 1- базалық ось

  

 Беттер және осьтер дұрыс орналасуы ауытқуларының ішінде стандарт бойынша келесі түрлері көрсетілген: параллельдіктен, перпендикулярлықтан, осьтестіктен және симметриялықтан.  ГОСТ 24642-81 бойынша, жоғарыда айтылған көрсеткіштерден басқа, көлбеулік бұрыш орналасу  ауытқуы және дәлдік шегі (00 және 900-тан басқа бұрыштарға), тұрақ ауытқуы орнатылған.

Беттер орналасу ауытқуы ∆ қатарына: жазықтықтар параллельдіктен ауытқуы (54а-сурет); жазықтықтағы түзулер, айналу беттерінің осьтері, айналу осьтері және жазықтық ауытқуы (54б-сурет); жазықтықтар, осьтер немесе осьтер мен жазықтықтар перпендикулярлықтан ауытқуы (54в-сурет); базалық бет осіне қатысты осьтестік ауытқуы (54г-сурет) және ортақ оське қатысты (54д-сурет); осьтер қиылысуының ауытқуы (54е-сурет); көлбеулік; симметриялықтан ауытқуы (54ж-сурет); тұрақ ауытқуы - номиналдық орналасудан (54з-сурет).

Беттер орналасуының  ауытқуының негізгі себептері: бөлшектерді өңдеу қателіктері, бөлшектерді орнатуға арналған айлабұйымдар қателіктері, «базалар бірлігі» ережелерін сақтамау болып табылады. Бөлшектердегі  беттер орналасу  ауытқулары пайдалану  кезінде бірқалыпты тозбауына, пластикалық деформациялануына және т.б. себептерге байланысты ұлғая бастайды.  Бөлшектердің   негізделуіне және олардың пішіндеріне байланысты, беттер орналасуының  тәуелді және тәуелсіз дәлдік шектерін ажыратады.

Тәуелді  дәлдік шектің мәні, тек қана  беттер орналасуына орнатылған шекті ауытқуларына байланысты болмай, қарастырылатын беттер өлшемдерінің нақты ауытқуларына байланысты болады. Сондықтан, бөлшектердің бір-бірімен жинақталуын қамтамасыз ету үшін, тәуелді дәлдік шегі орнатылады.

Тәуелсіз  дәлдік шектің мәні, тек қана  беттер орналасуына қатысты орнатылған шекті ауытқуларға байланысты және ол қарастырылатын беттер өлшемдерінің ауытқуларына байланысты емес.

 

Пішіндер мен беттер орналасу дәлдік шектері және қосынды ауытқулары

     Пішіндер мен беттер орналасу қосынды ауытқулары негізінде, белгіленген базаға қатысты қарастырылған бет немесе қарастырылған профиль қосынды ауытқуларын түсінеді.

      Стандарт бойынша олардың жеті түрі орнатылған: радиалды соққылау, толық радиалдық соққылау, бүйірлік соққылау, толық бүйірлік соққылау, белгіленген бағыттағы соққылау, белгіленген профиль пішінің ауытқуы және белгіленген бет пішінің ауытқуы.

    Беттер орналасу ауытқуларының номиналды мәнінең ауытқуы жалпы машина сенімділігіне, жұмыс атқару мерзімділігіне зиян әсер етіп оның құрамындағы бөлшектеріне қосымша статикалық және динамикалық жүктелу береді.

Пішіндер және орналасу дәлдік шектерін сызбаларда шартты белгілеулер арқылы көрсетеді. Олар ГОСТ 2.308-79 (СТ СЭВ 368-76) бойынша орнатылған (3 кесте).

    Дәлдік  шегі шартты белгілеулерін екі немесе үш бөлікке бөлінген  тіктөртбұрыш жақтама көлемінде көрсетеді. Бірінші бөлігінде дәлдік шегі шартты белгісін, екінші бөлігінде милиметр өлшемінде сан мәнін, үшінші бөлігінде база әріптік белгілеуін немесе ауытқуға қатысы бар басқа бетті.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 2780 | Комментарии: 1 | Теги: Пішін, орналасу және беттер бұдырлығын нор | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 1
1 Лиза   (15.03.2016 23:41)
Как можно скачать


Имя *:
Email:
Код *: