-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Параметрлік стандарттау

Параметрлік стандарттау

Техникалық прогресс үшін машина типтерін және жабдықтарды, олардың негізгі параметрлерін стандарттаудың маңызы өте зор. Параметрлер стандарттары  машиналарды негізгі пайдалану көрсеткіштері бойынша сипаттайтын параметрлік қатарларды белгілейлі, олардың базасында сәйкес салалар  кәсіпорындарында әзірленетін типтік машиналардың нақты қатарлары құрастырылуы қажет. Бұл стандарттар жаңа техниканы енгізуді үдетудің маңызды тетігі болып табылады және машина жасауда стандарттауды, агрегаттауды, үйлестіруді тереңірек дамытудың базасы қызметін атқарады. Машиналардың негізгі параметрлері мен типтері стандарттарының рөлінің жоғарылауы машина жасаудың жыл сайын мыңнан артық жаңа машиналар типтерін және жабдықтарды шығаруына байланысты. Параметрлік стандарттарды, машина жасаушылардың ұсыныстары мен тұтынушылардың талаптарын ескере отырып даярлағанда, бәрінен бұрын,  стандарт жобасына кіргізуді қажет ететін машина параметрлерінің номенклатурасын; әрбір стандартталатын параметр үшін параметрлік қатарлардың шеткі мүшелерінің мәндік диапазонын; басты және қатар бағынатын параметрлердің заңдылығы белгілеу қажет.

Әрбір машина бірнеше параметрлермен сипатталады. Стандартталатын параметрлердің номенклатурасы ең төмен болуы қажет, бірақ берілген машина типі және оның модификациясын пайдалану сипаттамасын бағалау үшін жеткілікті болуы қажет. Барлық параметрлерден машиналардың басты және негізгі параметрлерін бөліп айтуға болады. Басты параметр деп техникалық жетілдіру және өнім технологиясына тәуелді болмайтын машинаның маңызды пайдалану көрсеткішін анықтайтын параметрді айтамыз. Мысалы, жүк көтергіш кранның басты параметрі жүк көтеруі; шаңсорғыштікі – қуат; штангенциркульдікі - өлшеу диапазоны. Басты параметрді таңдау және осы параметрдің мәндік диапазонын анықтау техникалық және экономикалық түрде дәлелденген болуы қажет. Басты параметр негізгі параметрлердің сандық мәнін анықтаудың базасы қызметін атқарады. Негізгі параметр деп машинаның сапасын анықтайтын параметрлерді айтамыз. Мысалы, металлкескіш станок үшін өңдеудің дәлдігі, қуат, кесу жылдамдығының шектері, өнімділігі; өлшеу аспаптары үшін өлшеудің ауытқулары, шәкіл бөліктерінің бағасы, өлшеу күші.

Кейбір жағдайларда бұйымдардың, құрастырылуы және өлшемдері бойынша шамалы айырмашылығы бар және міндеттері бойынша ұқсас, керексіз үлкен  номенклатурасын шығару орын алған. Даярланатын бұйымдар номенклатурасын тиімді қысқарту үшін үйлестіру, сериялылығын арттыру және оларды өндіруді мамандандыруды жетілдіру мақсатында бұл бұйымдардың параметрлік қатарына стандарттар даярланады. Басты параметр бойынша параметрлік қатар құралады. Қатардың шеткі сандық мәндері берілген бұйымдарға ағымды және келешек қажеттілікті есепке ала отырып таңдалады. Параметрлік қатар деп кинематика немесе жұмыс үрдісі бойынша ұқсас  және функционалдық міндеті бірдей машинаның басты параметрінің (немесе басқа бұйымның) сандық мәнінің  белгілі диапазонда заңды құрылған жиынтығы. Параметрлік қатардың бір түрі типтік өлшем (немесе жай өлшем) қатары, оның басты параметрі – бұйымның өлшемі. Параметрлік (типтік өлшем) қатаралар базасында құрастырылуы бірдей және функционалды міндеті бір машиналардың нақты типтерінің (моделдерінің) құрастыру қатарларын жасайды.

Параметрлік, типтік өлшем және құрастыру қатарларын кейде айрықша сандар қатарынан олардың пайдалану көрсеткіштерінің (қуат, өнімділік, тартылыс күші және т.б.) пропорционал өзгеруіне сүйеніп жасайды. Машина жасауда айрықша сандар қатары R10 жиі қолданылады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2022 | Теги: Параметрлік стандарттау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: