-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы және өндіріс цехтарындағы технологиялық тоңазытқыш қондырғылары

Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы және

өндіріс цехтарындағы технологиялық тоңазытқыш

қондырғылары

 

Технологиялық тоңазытқыш өндіріс цехтары қондырғылары:

тоңазытқыш ыдысы бар СХЕ-100 үстелі;

СОЭСМ-2 салқындаушы секция-үстелі;

салқындаушы горкасы бар СОЭСМ-3 секция-үстелі;

ПХС/В-1,025 тоңазытқыш сөре.

салқындаушы ыдысы бар ПХС/В-1,028 Е тоңазытқыш үстелі және т.б.

СОЭСМ-3 секция-үстелі салқындаушы шкафы мен горканы салқын цехтағы аспазшы орнын жарықтандыру үшін пайдаланады.

СОЭСМ-3 жартылайфабрикат дайын тағамдар, көкөніс және басқа компоненттерді безендіру қызметін атқарады (9.30-сурет).

СОЭСМ-3 жалпы түрі

СОЭСМ-3 конструктивті секция-үстелі салқындаушы 14 шкаф орналасқан және 5 машиналы бөлім үстелінен тұрады (9.31-сурет). Үстел үстінде 8 горка бекітілген, үстел үстіне жоғары және қызмет көрсетулерге қарай еңкейтілген. Горкада 6 ыдыс әрбіреуінде 1,6 л сиятын 2 қақпақты орналасқан. Ыдыстарға салаттарды дайындап, салқын тағамды безендіру үшін компоненттерді сақтайды. Үстелдің үстінде кірді қоятын жер қарастырылған. 14 салқындаушы шкаф тотықпайтын болаттан жылуоқшаулағышынан қорапша сияқты, үстіңгі жағы 9 үстелмен жабылған, тереңдетіліп 4 ыдыс орналасқан жерде, оған 10 л салат сақтауға болады.

СОЭСМ-3-секция үстелінің сұлбасы:а – алдыңғы жағы; б – бүйір түрі; 1 салқындаушы ыдыстар; 3,10,12 – тоңазытқыш агрегатының булағыштары; 4 - салат сақтауға арналған салқындаушы ыдыс; 5 – машиналы бөлім;6 – электр қондырғысы қалқаны; 7 – термореттеуші вентиль; 8 – горка; 9 тереңдетілген үстел; 11 сөре;13 – салқындаушы шкаф қорабы; 14– салқындаушы шкаф; 15 – тоңазытқыш агрегаты; 16 – поддон

Машиналы бөлімде бір мезгілде (3, 10 және 12) үш булағышқа жұмыс істейтін ВС-800 тоңазытқыш агрегаты 15 монтаждалған.

Салқындаушы көлем шкафы екі қақпағы бар және құлпымен есікпен жабылады. Периметрі бойынша есіктердің арнайы қыры резеңке төсеммен тығыздалған. Шкафтың салқындаушы көлемі дайын салқын тағамдарды сақтау үшін торлы сөрелермен жабдықталған.

Қарлы «жамылғы» еріген кезде конденсат булағыштар поддонынан шлангпен (6) поддонға ағады. СОЭСМ-3 техникалық сипаттамасы 9.8-кестеде көрсетілген.

СОЭСМ-2-секция-үстелін қоғамдың тамақтану орындарының ыстық және суық цехтарында жартылай-фабрикаттарды, гарнир, көкөністер және басқа тағам компоненттерін безендіру үшін және оларды қысқа мерзімді сақтауға қолданады.

СОЭСМ-2 жылуоқшаулағышы салқындаушы шкаф машиналы бөлім мен үстелден тұрады. Үстел тотықпайтын жұқа болаттан, машиналы бөлім мен шкафтың үстіне (9.32-сурет) орналасқан. Салқындаушы шкафтың ішкі көлемі ванна тәрізді тотықпайтын болаттан жасалған. Шкафтың үсті эмальданған шынымен қапталған. Шкаф изотермалы екі есікпен жабылады. Ішкі шкаф көлемінде булағыш пен алынбалы торлы сөрелер орналасқан. Тоңазытқыш шкафы плафонмен қоршалған қызатын шаммен жарықтанады. Олар ашылып-жабылғанда салқындаушы көлемнің жарықтануы іске асады.

Үстелдің оқшауланбаған сол жағында машиналы бөлім орнал асқан. Онда тоңазытқыш агрегат орналасқан. Қарлы «жамылғыны» еріту тоңазытқыш агрегатында табиғи жұмсалған су поддонға ағады, қабырғалы-құбырлы булағышқа сосын құбыр арқылы поддонға барады, ол машиналы бөлімнің астына орналасқан.

СОЭСМ-2 секция-үстелінің техникалық сипаттамасы 24-кестеде көрсетілген.

СОЭСМ-2 секция-үстелі. 1 – машиналы бөлімнің алынбалы торсы; 2 – тоңазытқыш агрегаты; 4 электр аппаратты қалқан; 3 – машиналы бөлім; 5 – булағыш; 6 – үстел;7 поддон; 8 жылуоқшаулағышы; 9,13 рама;10 қорап; 11 қаптау; 12 тоңазытқыш шкаф;14 тіректер; 15 – алынбалы сөре; 16 температура релесі; 17 поддон; 18 – жарық шамы плафоны

СХЕ-100 ыдысты тоңазытқыш үстелі қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында қысқа мерзімді салқын тағамдар мен бутербродтарды (9.33-сурет) сақтау үшін қолданады. Тоңазытқыш ыдысты үстелді барларда, буфеттер мен басқа типті кәсіпорындарда пайдаланады.

Ыдысты тоңазытқыш үстелінің құралымы каркассыз. Реттелуші биіктігі бойынша төрт тірекке орнатылған рама негіз болып есептеледі (9.34-сурет). Конструктивті ыдысты тоңазытқыш үстелі салқындаушы шкафы, ыдыстар мен машиналы бөлімнен тұрады. Рамаға сыртқы қаптаулары бекітілген, үстіңгі жақтауында тікбұрышты шығыңқы үстел, табақ-прокат булағышпен монтаждалып орналастырылған.

СХЕ-100 ыдысты үстелдің жалпы түрі

СХЕ-100 салқындаушы сөрелі-үстел сыртқы қаптаудан, ішкі қабырғалы қораптан, екі есіктен құралған. Ішкі қабырға қорабы аралығы мен қаптау арасына полистрольды пенопластан жылуоқшаулағышы салынған. Салқындаушы үстелде төрт қаңылтыр таба тағамды салуға орналасқан. Қорап тағанында есік ашылғанда жарық беруге арнап қондырғыш шамы монтаждалған. Үстелдің есігі құлыпталған және жылудан оқшауланған. Есіктің периметрі бойынша магнитті ендірмесімен поливинилхлоридті тығыздығы бар. Тоңазытқыш агрегаты машиналы бөлімде монтаждалған.

СХЕ-110 үстелі (кескін, бүйір жағы);1 – ТПК-СХ термометрі; 2 – РТХО-термореттеуші;3 пакетті қосқыш; 4 – тоңазытқыш агрегаты;5 – дәнекереленген рама; 6 – биіктігі бойынша реттелуші тіректер

 

Техникалық сипаттамалар

 

СХЕ-100 тоңазытқыш агрегаты және автоматты құралдары үстелі алынбалы және қапталған. Булағыш қабырғасына бекітілген термобаллон терморелесі — температура кестесін сақтап тұратын автоматты құрал.

ЛПС-2 витрина үстелі. Қысқа мерзімді сақтауға және тәтті тағам, ашытылған сүт тағамдарын келушілердің суық закусканы таңдауына, көрсетуге пайдаланады (9.35-сурет).

ЛПС-2 салқындамайтын витринасы, аккумуляциялы витрина плитасы мен салқындаушы үстелі рамада монтаждалған. Конструкциясы каркассыз. Дәнекерленген рамасы биіктігі бойынша реттелуші тірекке қондырылған. ЛПС-2 екі бөлімнен – машиналы және салқындаушы үстелден тұрады.

Салқындаушы үстел – бұл екі қабырғалы, қабырғааралық кеңістігінде жылуоқшауланған қорап. Сыртқы қабатының қаптауы жұқа болат табақшадан жасалған. Салқындаушы үстел мен машиналы бөлімінің сыртқы беті аккумуляциялы плитамен, үстел үстіндегі сөрелермен 90 мм-ге төмен орналасқан.

Аккумуляциялы плита дегеніміз – хлорлы натрий толтырылған екі қабырғалы құралым. Оның ішінде булағыш болаттан жасалған мыс жылантүтік бар. Қайнаған жылантүтікте тоңазытқыш агент 14 °С-қа дейін (натрий хлоры қышқылы) электр қышқылын салқындатады. Аккумуляциялы плита салқындаушы көлемнің бірқалыпты температурасын сақтап тұруға жәрдем етеді. Салқындаушы ауаны айналдыру үшін аккумуляциялы плита астына екі саңылаулы поддон орналастырылған.

Салқындаушы үстелдің тез қимылдаушы құлпымен екі есігі бар. Есіктері резеңке көлденеңімен герметизделген, периметрі бойынша бекітілген. Үстелде төрт сөре тор салқындауды қажет етуші тағамдарды қою үшін орналастырылған және есік ашылғанда есік қосылатын қосқыштары көмегімен қосылатын шам бар. Дайын тағамдарды аккумуляциялы плитаның салқындамаушы қондырғысына сыйдырады.

ВС-500 тоңазытқыш агрегаты электрқондырғы қалқаны, ТР-1-02Х температура релесі, аккумуляциялы плитасын термобаллонмен қосатын түйісуі машиналы бөлімде монтаждалған. Машиналы бөлімде конденсаторды салқындатушы, ауаны салқындатуға арналған алынбалы-салынбалы тесікті қоршаулары бар.

ЛПС-2 техникалық сипаттамасы:

үстелдегі температурасы 3-5 С;

сөредегі температурасы 6-8 °С;

үстелдің салқындау көлемі 0-3 м3;

үстіңгі сөредегі салқындау ауданы 0,62 м2;

габариттері 1600x1165x1420 мм;

тоңазытқыш агрегаты ВС-500.

ЛПС-2 витрина үстелі:1 аккумуляциялы плита; 2 поддон; 3 салқындаушыүстел есіктері; 4 шам; 5 дайын тағамдардысыйғызатын сөрелер; 6 жылуоқшаулағышы;7 подностарды сыйғызатын сөрелер;8 салқындамайтын қондырма

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (29.10.2013)
Просмотров: 2066 | Комментарии: 1 | Теги: Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 ошакбаева бейбитгль кабдллаевна   (30.11.2014 14:13)
Өте жаксы мәлмет, керегімді тапқаныма қуаныштымын, рахмет


Имя *:
Email:
Код *: