-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Нормативті құжаттарды құрастыру тәртібі.

Нормативті құжаттарды құрастыру тәртібі.

Нормативті құжаттар төмендегідей бөлінеді:

-              стандарттар;

-              ережелер;

-      ұсыныстар.

Стандарттар талаптарға сәйкес құрастырылады.

ҚР СТ 1.2 – 2008

Техникалық шарттар талаптарға сәйкес құрастырылады.

ҚР СТ 1.3 – 2000 «Техникалық шарттарды құрастыру, келісімдеу, бекіту және мемлекеттік тіркеу тәртібі»

Ережелер мен ұсыныстарды құрастыру, оларды келісімдеу, бекіту және тіркеу ҚР СТ 1.12 – 2000 ГСС ҚР «Нормативті мәтінді құжаттар» сәйкес жүзеге асырылады.

Ережелер олардың әрекетінің бекітілген сферасы, саласы мен қолдану шарттары шегінде міндетті болып келеді. Ережелер олардың әрекетінің аумағы шегінде, қолдану саласы мен шарттары шегінде міндетті болып келеді.   

Ұсыныстар ұсынымдық сипатқа ие болады.

Ережелер мазмұнына байланысты келесі түрлерге жіктеледі:

-              нұсқаулықтар;

-              әдістемелік нұсқаулар;

-              ережелер;

-              талаптар;

-              тәртіп;

-              ереже.

Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру мақсатымен ережелер мен ұсыныстарды құрастыруды министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттер жүзеге асырады. Ережелер мен ұсыныстарды құрастыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы мемлекеттік стандарттарды басшылыққа алу керек, сонымен қатар стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық және аймақтық ұйымдардың құжаттарын ескеру керек.

Ережелер мен ұсыныстарды құрастыру тапсырмалары құрастырушы-ұйымның тақырыптық жұмыс жоспарына және министрліктер мен ведомстволар құрастыратын стандарттау, метрология және сертификаттаудың жылдық жоспарына енгізіледі.

«Титулды бет», «Алғысөз», «Атауы», «Негізгі бөлім» элементтерінен басқа құрылымдық элементтер стандартталатын объектінің ерекшелігіне байланысты келтіріледі. Құжатқа қосымша құрылымдық элементтер қосылуы мүмкін.

Ережелер мен ұсыныстарды толықтыратын материалдарды қосымшаларда жазуға болады. Қосымшалар міндетті, ұсынымдық және ақпараттық түрде болуы мүмкін.

 Ережелер мен ұсыныстар жобасын құрастырумен қатар келесі мәліметтері бар түсіндірме қағаз жасалады:

-              құрастыру үшін негіз;

-              стандарттау объектісінің қысқаша сипаттамасы;

-              ережелер мен ұсыныстар жобасының стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша басқа да құжаттармен өзара байланысы туралы мәлімет;

-              пікір мен келісімдеуге тапсыру туралы мәліметтер (егер жүргізілген болса).


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1284 | Теги: Нормативті құжаттарды құрастыру тәр | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: