-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Нан тоқаш, кондитер және макарон өнімдерін сертификаттаудың жүргізу тәртібі

ан тоқаш, кондитер және макарон өнімдерін сертификаттаудың жүргізу тәртібі

 

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісінің негізгі даму бағыттары

Сапалы тамақ өнімдерін өндіру – нарықтық шаруашылықтың кезек күттірмейтін элементі болып табылады. Ол шаруашылық салалары мен халықтың қажеттілігін қанағаттандырудағы экономикалық қатынастардың негізін құрайды. Сондықтан тамақ өнімдері мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін, тамақ өнімдерін тұтыну сұранысын қамтамасыз етеді.

Сапалы өнімдерді өндіру ҚР-ның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру мүмкіндіктерін айқындайтын және әлемдік нарықтағы бәсекелік қабілетін арттыратын маңызды факторлардың бірі. Қазіргі кезде елімізде Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде, бұл орайда отандық өнімдердің сапасын арттыру алдыңғы кезектегі мәселеге айналды.

ҚР-ның 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасында жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану арқылы – өмір сүру сапасының деңгейін арттыруға ерекше мән берілген. Атап айтқанда, ел экономикасына жоғары технологияларды белсенді енгізу нәтижесінде экономикалық жетістіктерге, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалануға, сондай-ақ ұлтты сауықтыру үшін тамақ өнімдерін қатаң бақылауға, халықтың жан басына шаққандағы табиғи шырындар мен сүт өнімдерін ұлғайтуға, ішкі нарықтағы тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды күшейтуге ерекше көңіл бөлу қажеттілігі айтылған.

Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілеттілігін арттыратын экологиялық таза технологияны қолдану нәтижесінде алынатын экологиялық таза өнімдер арқылы халықтың орташа өмір сүру деңгейінің өсуіне, генетикалық ауытқулардың азаюына, иммунитеттің нығаюына, кәсіпорындардың қосымша пайда табуына, денсаулықты қалпына келтіру шығындарын азайтуға, соның нәтижесінде еңбекке қабілеттілікті арттыруға қол жеткізе аламыз.

Соңғы он жылдықта шет мемлекеттерде қазіргі жаңа технология бойынша минералды тыңайтқыштар қолданылмаған қоспасыз, табиғи шикізаттан алынатын, экологиялық таза аймақтарда өсірілетін экологиялық таза тамақ өнімдерді өндіретін саланы дамытуға баса назар аударуда.

Еуропада 2005 жылы экологиялық таза өнімдердің нарықтағы үлесі бұрынғы 5-тен – 10 пайызға дейін артты. Еуропа елдерінде жыл сайынғы сауда көлемінің өсуі келесідей: Германияда – 5–15%, Данияда, Швеция және Швецарияда – 30–40%. Келтірілген мәліметтерден көрінгендей, Батыс Еуропада экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру алдыңғы орында тұр. Мұнда экологиялық таза тамақ өнімін өндіретін кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау жүйесі жүзеге асырылады, сертификатталған экологиялық таза тамақ өнімдерін өткізудің ұтымды саясаты жүргізіледі.

ТМД мемлекеттерінде, оның ішінде ҚР-да әзірге отандық кәсіпкерлік құрылым әлсіз дамыған: себебі мұнда қаражат, өндіріс қуаты жетіспейді және мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмейді. Дегенмен де елімізде шет елдердегі сияқты экологиялық таза тамақ өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлік құрылымдар бар. Бірақ мұндағы экологиялық таза тамақ өнімге қызығушылық қосымша пайда табу нысанына айналды.

Экологиялық таза өнім өндіру мен тұтыну үлкен әлеуметтік-экономикалық мағынаға ие, ол – бір жағынан өндірістік – инновациялық кәсіпкерліктің арнайы түрін дамыту; екінші жағынан ұлт денсаулығы мен өмір сапасы деңгейін сипаттайтын көрсеткіштерге қол жеткізу.

Осы орайда экологиялық таза тамақ өнімдерінің өндіру мен тұтыну бойынша сараптаулар мен талдауларды, ұтымды және маңызды факторларды, экономикалық тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен пайымдауларды ғылыми негіздеудің маңызы арта түседі. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындап, оның ғылыми – тәжірибелік құндылығын көрсетеді.

 

 

Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің

қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың техникалық регламенті

(ҚР-ы Үкіметінің 2008 жылғы 26 мамырдағы № 496 қаулысымен

Бекітілген)

 Қолданылу аясы

 

1. Осы «Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) ҚР-ның «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы, «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы және «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген.

2. Осы техникалық регламент қолданылатын барлық өнімдер және олардың ҚР-ның Сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) жіктемесі бойынша олардың коды осы Техникалық регламентке 1-қосымшада көрсетілген.

3. Осы Техникалық регламенттің талаптары:

1) арнайы сипаттамаларды қоспағанда, балалар, диеталық және емдік-алдын алу тағамы өнімдеріне, сондай-ақ құрамында генетикалық түрлендірілген көздер бар азық-түліктер мен шикізатқа;

2) үйде өндіру, үйде пайдалануға арналған өңдеу және (немесе) сақтау процесінде алынған нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге қолданылмайды.

4. Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді сәйкестендіру СЭҚ ТН кодтарын визуальді қарау, тұтыну орамында және ілеспе құжаттамада ұсынылған ақпарат негізінде жүргізіледі.

Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өткізілетін атаулар олардың түрін дәл көрсетуге және ең аз дегенде мыналарды қамтуға тиіс:

1) сыртқы түрінің сипаттамасы;

2) сәйкестендіру көрсеткіштерінің тізбесі (нақты өнім түріне берілген техникалық және (немесе) нормативтік құжаттамада көрсетіледі);

3) шығару тәсілі.

5. Өнімдерді сәйкестендіру үшін ақпараттар жеткіліксіз болған кезде органолептикалық бағалау мен өнімнің нақты түрлеріне нормативтік және (немесе) техникалық құжаттарда көзделген физикалық-химиялық көрсеткіштер бойынша сынақ жүргізеді.

6. Өндіріс процестеріне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік қызметті жүзеге асыратын объектілерге ғана қолданылады.

  

 Нанды және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерді

Қазақстан Республикасының нарығында орналастыру шарттары

  Нан және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер осы Техникалық регламенттің мынадай талаптарына сәйкес келген жағдайда олар нарыққа орналастырылуы мүмкін:

1) сәйкестігін растау нысаны мен ерекшеліктеріне қарай, сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сәйкестігі туралы декларацияның немесе санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының болуы;

2) таңбалауда және (немесе) ілеспе құжаттарда өнім туралы қажетті ақпараттың болуы.

   Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдердің

қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

  Нанның және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдері:

1) қауіпсіздігі техникалық реттеу және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамаға сәйкес расталған шикізаттан және қосалқы материалдардан жасалуға;

2) органолептикалық көрсеткіштер бойынша нанның, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдердің нақты түрлеріне арналған нормативтік-құқықтық және (немесе) техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болуға;

3) белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген нақты атауы бойынша өнімдерге арналған рецептуралардың, технологиялық нұсқаулықтардың немесе нормативтік құжаттардың негізінде қатталып немесе қатталмай жасалуға;

4) құрамында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдану үшін рұқсат еткен тағамдық қоспалар, хош иісті заттар болуға;

5) сақтау, тасымалдау және өткізу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәсілмен өлшеп салынуға және оралуға;

6) экологиялық тазалығы бойынша экологиялық таза өнімге арналған стандарттар нормаларына сәйкес келуі тиіс.

 Нанда, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерде ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттардың болуы және микробиологиялық ластану көрсеткіші халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамаға сәйкес рұқсат етілген деңгейлерден аспауға тиіс.

 Құрамы аралас өнімдерде қауіпсіздік көрсеткіштерін анықтау мен бағалау өнімнің құрамына енетін ингредиенттердің үлес салмағы ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.

Кептірілген, концентрацияланған немесе бөлінген компоненттер қауіпсіздігінің көрсеткіштерін дайындаушы шикізатта және дайын өнімде кептірілген заттардың құрамы ескеріле отырып, дайын өнімге шаққанда қайта есептеумен шығаруға тиіс.

 Нанда, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерде бөтен минералдық қоспа түйіршігінің, ауру және көгеру белгілерінің қосындысы болмауға тиіс.

 Қолданылатын шикізат, компоненттер мен тағамдық қоспалар қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша тиісті нормативтік-құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тиіс.

 Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде генетикалық түрленген шикізатты және (немесе) генетикалық түрленген көздерден тұратын шикізатты қолдануға жол берілмейді.

 Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган қолдану үшін рұқсат еткен нан пісіруде әдетте пайдаланылатын хош иісті (татымды) өсімдіктер мен өсімдіктердің кейбір түрлерін қоспағанда, дәрілік өсімдіктерді пайдалануға жол берілмейді.

 Өндіруші/дайындаушы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдері қауіпсіздігінің көрсеткішін бақылауы, оның ішінде:

1) өндіруші/дайындаушы мен тұтынушы арасындағы даулы жағдайда жарамдылық/сақтау мерзімі қырық сегіз сағаттан астам болған өнімдерде құрамында өңездің болуын;

2) жылдың жылы кезеңінде ай сайын жарамдылық/сақтау мерзімі қырық сегіз сағаттан астам болған өнімдерде Bacillus mesentericus бактерияларының болуын анықтауы тиіс.

 Сынама алу және сынау әдістері осы өнім түріне арналған қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

 ҚР-ның аумағына алғаш әкелінетін, жаңа шикізат түрлерін, тағамдық қоспаларды, өніммен жанасатын орау материалдарын пайдалана отырып жасалған нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер міндетті санитарлық-эпидемиологиялық сараптауға жатады.

 Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органы жүргізген сараптама нәтижелері бойынша берілген гигиеналық қорытындыны өнімді сертификаттау сынақтарын жүргізу кезінде сәйкестігін растау жөніндегі орган ескеруге тиіс.

 Егер нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмесе, олар сатылуға жатпайды.

  

 Байытылған нанның, нан-тоқаш және кондитерлік

өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

  Нанды, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде адамдардың денсаулығына зиянды әсер етпейтін мөлшерде амин қышқылдарымен, витаминдермен, микроэлементтермен байытылған шикізатты қолдануға жол беріледі.

 Байыту өнімдердің тұтынушылық қасиеттерін нашарлатпауға, олардың құрамында бар басқа тағамдық заттардың құрамы мен сіңімділігін азайтпауға және (немесе) олардың қауіпсіздігіне әсер етпеуге тиіс.

 Нанға, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерге қосылатын витаминдер мен минералдық заттардың мөлшері өнімнің сақталу мерзімі ішінде байытылған өнімде сақталуға тиіс.

 Қосылған витаминдер мен микроэлементтер көрсетіле отырып, байыту туралы ақпарат халықтың жекелеген топтары үшін қолдану жөніндегі ұсынымдар мен ескертпе жазулар бар өнімнің таңбасында көрсетілуге тиіс.

   Сақтау және тасымалдау кезінде нанның, нан-тоқаш және

кондитерлік өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

  Дайын өнім арнайы үй-жайлар мен вагонеткалардағы қоймаларда, контейнерлерде немесе штабельдерде олардың арасында өтетін жолды сақтай отырып сақталуға тиіс. Шикізатты, жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді сақтау тәсілдері мен шарттары оларға зиянды және ластаушы заттар мен бөтен нәрселердің еніп кетуіне жол бермеуге тиіс. Қоймаларда тағамдық емес тауарлар мен заттарды (желімді, ыдыстарды, әртүрлі химикаттарды) сақтауға тыйым салынады.

 Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді және оларды өндіруге арналған шикізатты сақтауға арналған үй-жайлар:

1) таза, құрғақ, жақсы желдетілген, зиянкестермен залалданбаған, салыстырмалы ауа ылғалдылығы жетпіс бес пайыздан аспайтын атмосфералық жауын-шашыннан қорғалған;

2) оларға кеміргіштердің, құстар мен жәндіктердің енуінен қорғалған;

3) салмағын, температурасын, ауасының салыстырмалы ылғалдылығы, уақытын өлшеуге арналған бақылау-өлшеу аспаптарымен жарақтандырылған болуға тиіс. Мониторингтің деректерін шығарылған өнімнің жарамдылық/сақтау мерзімі ішінде сақтау қажет.

Шикізат пен оралмаған дайын өнімдерді бірге сақтауға, сондай-ақ оларды су құбырлары мен кәріз құбырларына, жылу аспаптарына жақын жерлерде, қойма үй-жайларынан тыс сақтауға жол берілмейді.

 Кондитерлік өнімдер тоңазытқыштарда мынадай:

1) кремі болғанда - алты градус Цельсийдан аспайтын;

2) креммен әрленбеген, вафельді торттар мен тоңмайлы әрі пралинді жартылай фабрикаттармен әрленген бәліштерді - он сегіз градус Цельсийдан аспайтын температурада сақталуы тиіс. Сақтау ауаның салыстырмалы ылғалдылығы жетпіс-жетпіс бес пайыз, тауарлық көршілестік ережесін сақтау арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Тоңазытқыштар белгіленген тәртіппен тексерілетін термометрлермен жарақтандырылуы тиіс.

 Қоймаларда қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық және гигиеналық нормативтерге сәйкес амбарлардағы зиянкестерге қарсы газды өңдеу жүргізілуі тиіс.

 Дайын нанды және нан-тоқаш, кондитерлік өнімдерді сақтау мерзімдерін технологиялық нұсқаулықта немесе рецептурада өндіруші/дайындаушы белгілейді және осы Техникалық регламентке (2-қосымшаға) сәйкес келуі тиіс.

Тұтынушылық ыдысқа оралған бидай ұнынан жасалған қоспасыз өнімдерді сақтау мерзімін оның рецептуралық құрамына, оралған материалдың түрі мен орау тәсіліне байланысты нақты атауын өнім үшін белгіленген тәртіппен өндіруші/дайындаушы белгілейді және келіседі.

Бидай ұнынан жасалған қоспасы бар өнімдерді (тұтынушылық ыдысқа оралған және оралмаған) сақтау мерзімін оның рецептуралық құрамына, оралған материалдың түрі мен орау тәсіліне байланысты нақты атауын белгіленген тәртіппен өндіруші/дайындаушы белгілейді және келіседі.

 Нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер санитарлық паспорты бар, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін, дайын өнімнің тағамдық құндылығының, физикалық-химиялық және микробиологиялық сипаттамаларының сақталуын, сондай-ақ шаңнан, зиянкестерден және басқа да бұзылуы немесе жұқтырылуы ықтимал факторлардан қорғалуын қамтамасыз ететін көлік құралдарында ғана тасымалдануға тиіс.

 Өнімдерді табақшалар мен лоттарға салу сақтау мен тасымалдау ережелеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.

Кремі және қоспасы бар нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тасымалдау үшін арнайы көлік құралдары: салқындатылған кузовтар, рефрижераторлар пайдаланылуға тиіс.

Мыналарға:

1) кремі мен қоспасы бар кондитерлік өнімдерді ашық табақшаларда, лоттарда және тоңазытқыш жабдықтарсыз тасымалдауға;

2) оралмаған торттарды тасымалдауға жол берілмейді.

 Тез бұзылатын өнімдер жылдың жылы мезгілінде алты градус Цельсийдан аспайтын температурада алты сағаттан аспайтын уақытта салқындатылған кузовтары бар арнайы көлікте тасымалдау жүргізіледі.

 Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді тағамдық емес өнімдермен немесе ерекше иісі бар тауарлармен бірге тасымалдауға жол берілмейді.

 Нанды, нан-тоқаш, ұннан жасалған аспаздық және кондитерлік өнімдерді тиеген, тасымалдаған және түсірген уақытта атмосфералық жауын-шашыннан сақтау қажет.

 Тасымалданатын өнімдер олардың шығарылуын, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен жарамдылық/сақтау мерзімін растайтын құжаттармен ілесе жүруі тиіс.

 Тасымалдау уақытында нан, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдермен айналысатын адамдар арнайы киіммен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ олардың заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық тексерудің өткізілгенін растайтын құжаттары болуға тиіс.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 5779 | Комментарии: 1 | Теги: Нан тоқаш, кондитер және макарон өнімдерін сер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Гулсезим   (16.10.2014 22:29)
реферат жаксы


Имя *:
Email:
Код *: