-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Метрологиялық қамтамасыз ету міндеттері

Метрологиялық қамтамасыз ету  міндеттері

  Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің міндеттері:

1) өлшеу нәтижелерін өңдеу, өлшеуді орындау, метрологиялық жағдайдағы техникалық құралдарды қолдау, техникалық құралдарға сәйкес процесстерді қамтамасыз ету: әдістерді құрастыру, бақылау мен сынау, өлшеудің процестерін жоспарлау: жобалық конструкторлық және технологиялық құжаттармен метрологиялық сараптау, өлшеудің дәл нәтижелерінің сандық көрсеткіштері мәні мен номенклатураны таңдау.

2) жөндеу жағдайындағы өлшеу құралдарын қолдау, бақылау мен өлшеу, сынауды өткізу мен жоспарлау, метрологиялық сараптау, дәлдік нормалары, өлшеуіш параметрлердің рационалды параметрлерін таңдау.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету  - бұйымдар өндірісінде қажетті, бұйымдар, технологиялық процестер және құрал-жабдықтар сипаттамаларының берілген дәлдігін анықтауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шараларының комплексі.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің баптарын кеңінен енгізу негізінде жүргізіледі.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету төмендегідей ережелер мен баптарға сәйкес жүргізіледі:

-  өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мемлекеттік стандарттары;

-  өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындаудың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттары;

-  сала және кәсіпорындар үшін өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін белгілейтін салалық стандарттар, кәсіпорын стандарттары, ұйымдастыру-әдістемелік және өндірістік құжаттар.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша жұмыстар бұйымды құрастыруға арналған бастапқы құжаттарды алу кезеңінен бастау алады және кәсіпорынның конструкторлық, технологиялық , метрологиялық немесе басқа да қызметтері арқөылы орындалады.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті бастапқы құжаттар құрамы салалық стандарттармен анықталады.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін немесе баптарын анықтайтын, нормативтік, ұйымдастыру-әдістемелік және инструктивтік-өндірістік құжаттарға кіреді:

а) бұйымдардың кіру және қабылдау кездеріндегі бақылаулар нақтылығын қамтамасыз ететін, өлшенетін параметрлердің оптимальды номенклатурасы мен өлшеу дәлдігінің  нормаларын анықтау;

б) өлшеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін, неғұрлым қазіргі заманғы өлшеуді орындау әдістемелерімен технологиялық процестерді қамтамасыз ету;

в) жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті, өлшеуді орындау әдістемелерін құрастыру және енгізу;

г) өлшеу құралдарын және әдістерін таңдау бойынша ұсыныстар құрастыру;

д) өндірісті стандартталынған өлшеу құралдарымен, қажет жағдайларда нақты технологиялық процестер үшін арналған стандартталынбаған өлшеу құралдарымен, сонымен қатар өлшеу нәтижелерін өңдеу құралдарымен қамтамасыз ету;

е) нормаланған дәлдікпен өлшеуді орындауға өлшеу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету;

ж) бақылау-өлшеу техникалырын стандарттау, унификациялау және агрегаттау;

з) өндірісте өлшеуді орындау жағдайларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

и) бақылау-өлшеу операцияларын орындау үшін кәсіпорынның өндірістік бөлімдері мен сәйкес қызметтерінің қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге әдістемелік басшылық мемлекеттік және мекемелік метрологиялық қызмет органдары арқылы жүргізіледі.

Өндірісті дайындау процесінде  құрастырылған, өлшеу дәлдігінің нормаларын, әдістерін, құралдарын, өлшеуді дайындау және жүргізу жағдайларын, сонымен қатар өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін реттейтін, нормативтік-техникалық, конструукторлық және технологиялық құжаттар міндетті түрде метрологиялық бақылауға немесе сараптауға түсуі тиіс.

Нормативтік-техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттарға метрологиялық бақылау немесе сараптау, осы құжаттарда көрсетілген, мемлекеттік стандарттау мен басқа да нормативтік құжаттар талаптарына өлшеудің дәлдік нормаларының, әдістерінің, құралдарының, өлшеуді орындау орындау жағдайларының, өлшеу нәтижелерін өңдеудің, өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің сәйкестігін орнату мақсатында жүргізіледі.

 

Метрологияға қойылатын талаптар

 

Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің техникалық негіздері:

·        ең жоғарғы дәлдіктер бірлігін алуды қамтамысыз ететін физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесі;

·        ғылыми зерттеу және қызметтің басқа да түрлері кезінде өнімдер, техникалық процесстер және материалдық өндіріс ортасындағы басқа да обьектілерінің сипаттамасын қажетті дәлдікпен қамтамасыз ететін жұмыс өлшеу құралдарын құрастыру, өндірістен шығару және айналымға жіберу жүйесі;

·        үлгілік өлшеу құралдары жєне басқа тексеру құралдарының көмегі арқылы барлық өлшеу құралдарына эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін беру жүйесі;

·        құрастыру жєне айналымға шығару кезінде өлшеу құралдардың біркелкілігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдардың міндетті мемлекеттік сынау жүйесі;

·        дайындау, пайдалану және жөндеу кезінде өлшеу құралдардың біркелкілігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдары міндетті мемлекеттік және мемлекеттік және мекемелік тексерістер немесе метролгиялық аттестаттау жүйесі,

·        заттар мен материалдардың құрамдары мен қасиеттерін сипаттайтын шамалар бірліктерін алуды қамтамасыз ететін стандарттық үлгілер жүйесі;

·        ғылыми зерттеу, техникалық процесстер және бұйымдар конституциясын құрастыру, материалдарды алу және пайдалану прцестерін нақты, анық мәліметтермен қамтамасыз ететін заттар мен материалдырдың қасиеттері туралы стандартты анықтық жүйесі.

   Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің ұйымдастыру негізі - ҚР-ң метрологиялық қызметі. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік өлшеу жүйесі (МӨЖ) - бұл өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін, анықтамалардың стандарттарымен белгіленген өзара байланысқан ережелер, баптар, талартар және нормалар комплексі.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 4210 | Теги: Метрологиялық қамтамасыз ету міндет | Рейтинг: 3.0/3
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: