-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Метрологиялық қадағалаудың формалары

Метрологиялық қадағалаудың формалары 
 

     Мемлекетте өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету үшін енгізілетін нормалар, ережелер және талаптар нормативті сипатта болады, яғни орындалуға міндетті. Бұл ережелер мен нормаларды сақтамау күрделі мемлекеттік тәртіпті бұзушылық болып табылады да жағымсыз күрделі экономикалық, экологиялық және т.б. сондай салдарға әкеледі. Сондықтан олардың орындалуына мемлекеттік қадағалау мен ведомстволық бақылау бекітілген. 

     Саудадағы мемлекеттік метрологиялық қадағалау өлшеу құралдарының, кәсіпорынның метрологиялық қызметінің, метрологиялық ережелерді енгізу мен орындаудың жағдайы мен қолданылуын, саудада қолданылатын мемлекеттік бақылау құралдарын, өлшеу құралдарын жөндеуші және тексеруші кәсіпорындардың, сауда ұйымдарының тіркелуін тексеру формасында жүзеге асырылады.

     Тексерулер  таңдамалы сипатта Мемлекеттік 

стандарттарды мемлекеттік қадағалау  органдарының жоспарларымен жүргізіледі. Олар кешендік, топтық, мақсаттық болуы  мүмкін. Тексеру құқығы мемлекеттік  бақылаушы біліктілігі бар қадағалау бойынша мемлекеттік инспекторларда ғана болады.

     Тексерістерге кәсіпорынның ведомстволық метрологиялық  қызметінің жұмысшылары тартылуы мүмкін. Тексеріс нәтижелері актпен рәсімделеді  де кепілдеме негізінде кәсіпорынның (ұйымның) басшысының қолына беріледі.

     Көтерме және бөлшек сауда кәсіпорындарын тексеру  келесілерді анықтайды: тамақ өнімдерін қабылдауға, тасымалдауға сақтау мен өткізуге байланысты санын есепке алу мен сапасын бақылауға қажетті өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуі; өлшеу құралдарының жағдайы және оларға метрологиялық қызмет көрсету (аттестация, проверка, профилактика және жөндеу); берілген дәлдікпен бақылау-өлшеулік операцияларды орындауға қажетті өлшеу құралдарын дұрыс таңдау.

     Егер  тексеру кезінде тауарларды қабылдау, сақтау және босату шарттарын бұзушылық анықталса (соның ішінде метрологиялық талаптарды сақтамаған үшін), онда мемлекеттік инспектор тәртіп бұзушылықтарды жою туралы нұсқау береді және оны орындаудың нақты мерзімдерін бекітеді.

     Тамақ өнімдерін шығаратын өнірістік, дайындаушы кәсіпорындарды, цехтарды тексеру кезінде өндірістің метрологиялық қамтамасыз етілуі тексеріледі: өнімдердің сапа көрсеткіштеріне, технологиялық процестерге, еңбек қауіпсіздігі шарттарына қойылатын талаптарды анықтаушы нормативтік құжаттардың жағдайы; өндірістік операциялардың өлеу құралдарымен және МВИ-мен қамтамасыз етілуі; кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмысы; тәртіп бұзушылықтардың шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасына әсер етуі. 

     Егер  тексеріс кезінде тексеріліп жатқан тамақ өнімдерінің партиясының  сапасы стандарттардың талаптарына  жауап бермейтіні немесе техникалық шарттарға сәйкес келмеуі анықталса, онда ақаулықтарды толығымен жою  сәтіне дейін бұл өнімді босатуға тыйым салу туралы бұйрық құрылады. Егер де тексеріс нормативтік құжаттарды жүйелі түрде сақтамауды анықтаса, онда берілген өнім түрін өндіруге және босатуға сапасыз шығарылымның себептерін анықтағанға дейін мүлдем тыйым салынады.

     Метрологиялық ережелерді бұзу жағдайларында мемлекеттік қадағалау органдары кәсіпорынға және кінәлі лауазымдық тұлғаларға қатысты заңнамада бекітілген құқықтық шараларды қолданады. Осылайша, өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру кезінде жағымсыз нәтижелердің орын алған жағдайда өлшеу құралдарын, оларға бақылау белгісін қойып, өндірістен алынып тасталуы, тексерулер туралы куәлік заңдық күшінен айырылуы, олардың техникалық паспорттарында өндірісте пайдалануға жарамсыз деген басылым қойылуы мүмкін. өлшеу құралдарын ала алмау жағдайларында әрі қарай қолдануға тыйым салынады деп басылады. Тексеріс мерзімдерін сақтамау, сапасыз ведомстволық тексеріс анықталса мемлекеттік қадағалау органдары жалпылама бір мезгілді тексерісті немесе мемлекеттік қадағалау органдарында өлшеу құралдарының жеке тексерістерін, өндірістегі  өлшеу құралдары үшін бақылау аралық интервалды қысқарту сияқты шараларға міндеттеуі мүмкін.

     Егер  метрологиялық ережелерді бұзушылық  тексеріліп жатқан кәсіпорынның лауазымды  тұлғаларының өз міндеттерін орындамау  немесе дұрыс орындамау салдарынан орын алса, онда қадағалау және бақылау органдары кәсіпорын басшылығына немесе жоғарғы лауазымды тұлғаларға бұл тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту, тіпті лауазымдық орындарын босату жөнінде ұсынымдар жасауы мүмкін.

     Ал  осы тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болатын тәртіп бұзушылықтар анықталған кезде мемлекеттік қадағалау органдары тексеріс материалдарын әкімшілік комиссияларға тапсырады. 

Өлшеу құралдары, метрологиялық сипаттамалары мен оларды қалыптандыру. Өлшеу құралдарын тексеру, калибрлеу.

Өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеудi, өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады.


Өлшем құралдарын салыстырып тексеру:


            1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары өндiрiстен немесе жөндеуден шығару, пайдалану және импорт бойынша әкелу кезiнде түрi бекiтiлгеннен кейiн немесе метрологиялық аттестаттаудан және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiнде тiркелгеннен кейiн салыстырылып тексерiледi.
        Салыстырып тексерудi мемлекеттiк метрологиялық қызмет, сондай-ақ қызметтiң осы түрiне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүзеге асырады.
         2. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудiң тiзбесi мен мерзiмдiлiгiн, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
        3. Аккредиттелген заңды тұлғалардың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
        4. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге аккредиттелген заңды тұлғалар салыстырып тексерiлетiн өлшем құралдары туралы деректердiң электрондық есебiн жүргiзудi және оларды мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталыққа уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берудi жүзеге асыруға тиiс.
        5. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудi өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдiстемесiне сәйкес мемлекеттiк метрологиялық қызметтiң немесе аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiнiң салыстырып тексерушiлерi жүзеге асырады. Салыстырып тексерушiлердi аттестаттау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
        6. Салыстырып тексерудiң оң нәтижелерi өлшем құралына және (немесе) пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының баспа-таңбасымен және (немесе) салыстырып тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.
        7. Физикалық шамалардың өзгерiсiн олардың мәндерiн нормаланған дәлдiкпен шамалар бiрлiктерiнде бағалаусыз байқау үшiн қолданылатын техникалық құралдар салыстырып тексеруге жатпайды.
Мұндай техникалық құралдардың жарамдылығын бақылауды оларды пайдаланушылар жүзеге асырады.
            

 

 

                       Өлшем құралдарын калибрлеу


          Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өндiруден немесе жөндеуден шыққанда импорт бойынша әкелiнгенде, пайдаланылу кезiнде, осы өлшем құралдарының әзiрлеушiсi, иесi немесе тұтынушысы белгiлеген тәртiппен калибрленедi.
          Өлшем құралдарын калибрлеудi шама бiрлiктерiнiң мемлекеттiк эталондарына бағындырылған эталондарды пайдалана отырып, аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi жүргізеді.
Өлшем құралдарын калибрлеу нәтижелерi өлшем құралдарына басылатын калибрлiк белгiмен, немесе метрологиялық сипаттамалардың шынайы мәндерi мiндеттi түрде көрсетiлетiн калибрлеу туралы сертификатпен, сондай-ақ пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады.
         Өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шама бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау
         Өлшем құралдарының (соның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiнiң) шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнiң қолданылуын, шамалар бiрлiктерiнiң эталондарын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын мемлекеттiк метрологиялық бақылау белгiленген метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асырылады.

 Өлшем құралдарының түрiн бекiту және оларды метрологиялық аттестаттау
          1. Көптеп өндiруге немесе ҚР-ның аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының түрi кейiннен бекiтiлуге тиiс.
             Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
          2. Бiрен-саран данада жасалынған немесе әкелiнген және мемлекеттiк метрологиялық бақылауға жататын өлшем құралдары метрологиялық аттестаттаудан өткiзiледi.
           Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы шешiм белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi.
          3. Өлшем құралдарының түрiн бекiту мақсаты үшiн және бекiтiлген түрге сәйкестiгiн сынауды, өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды мемлекеттiк метрологиялық қызмет жүргiзедi.
           Өлшем құралдарының бекiтiлген түрi және метрологиялық аттестаттаудан өткен өлшем құралдары өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмiне енгiзiледi.
          4. Бекiтiлген түрдегi өлшем құралына және (немесе) әрбiр данаға iлестiрiп жiберiлетiн пайдалану құжаттарына өлшем құралдарының уәкiлеттi орган белгiлеген түрiн бекiту белгiсi қойылады.
           5. Өлшем құралдарының түрiн бекiту туралы ақпарат және бекiтiлген түрдiң күшiн жою туралы шешiм уәкiлеттi органның ресми басылымдарында жарияланады.
         6. Түрiн бекiту мақсаты үшiн сынақтан немесе метрологиялық аттестаттаудан өтпеген өлшем құралдарын айналымға шығаруға, қолдануға, өткiзуге және жарнамалауға тыйым салынады.
         Түрiн бекiту туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн пайдалануда және сақтауда болатын өлшем құралдары толық табиғи тозғанға дейiн қолданылады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2812 | Теги: Метрологиялық қадағалаудың формалар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: