-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаттары, міндеттері және негізгі қағидалары

Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаттары,

міндеттері және негізгі қағидалары

 

 Мақсаттары:

- Өз біліктілігі мен функционалды міндеттері және қызметтің нақты түріне қойылған стандарттар шеңберінде мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдар, мекемелер, және басқа ұйымдар тарапынан Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі.

 - Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың мақсаты Қазақстан Республикасында тұратын және жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін корғауды қамтамасыз ететін мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы өзара қатынасты ұтымды деңгейіне жеткізу болып табылады. 

-  Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі міндеті мемлекеттік қызмет көрсету процестерін нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз ету болып табылады, атап айтқанда:

-        мемлекеттік қызметтерді жіктеу;

-        мемлекеттік қызметтерді стандарттау объектілерін және олардың құрамын анықтау;

-        стандарттау объектілеріне қойылатын негізгі талаптарды және олардың қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау;

-        мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерінің ұйымдастырылуын және технологиясын анықтайтын құжаттардың құрамы мен мазмұнын бірегейлендіру;

-        атқарушы органдардың қызметін ұйымдастыруға сапа басқару жүйесін енгізу;

-        әкімшілік кедергілерді жою.

 

 Мемлекеттік қызметтерді стандарттаудың негізгі қағидалары:

1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін тұтынушыға клиент ретінде бағдарлау қағидасы. Мемлекеттік қызмет стандарттарын әзірлеу барысында мынадай талаптардың орындалуын қажет етеді:

-        тұтынушылардың қажеттіліктерін және үміттерін зерттеу, ең  бірінші, мемлекеттік қызметтердің сапасы, олардың көрсетілу тәртібі мен мерзімі, бағасы және басқа сипаттары;

-        көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті түрде бағалауды қамтамасыз ететін тұрақты кері байланыс жүйесін орнату.

2. Мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабардар ету қағидасы.  Бұқаралық ақпарат құралдарын, компьютерлік желілерді және т.б. қоса, әр түрлі хабар көздерін пайдалана отырып, мемлекеттік қызметтердің тұтынушыларын хабармен тұрақты қамтамасыз ету жүйесін орнату және қолдану.

3. Орындаушының мүдделілігі қағидасы. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру барысында, орындаушының мемлекеттік қызметтің тиісті түрін сапалы және уақтылы көрсетуге мүдделі болуын талап етеді.

4. Стандарттардың жүйелілігі және ұтымдылығы қағидасы. Әрбір жаңадан шығарылып жатқан стандарт тұтынушы үшін қарапайым және түсінікті болуы тиіс және кызметтерді жабдықтаушылар мен тұтынушылардың қарым-қатынастарын реттейтін басқа да нормативтік құқықтық актілерге қайшылығы жоқтығы тексерілуі тиіс. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларға қойылатын талаптар мен шарттардың санын азайтуға ұмтылу қажет.

5. Ғылыми ізденістерді және инновацияларды пайдалану қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін зерттеу жұмыстарын өткізуді, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің әлемдік тәжірибесін және практикасын талқылауды және мемлекеттік қызметтерді көрсету процестеріне инновациялық шешімдер енгізуді талап етеді.

6. Жауапкершілік қағидасы. Мемлекеттік қызметтердің сапасының белгіленген деңгейін қамтамасыз ету үшін лауазымды тұлғалардың жеткілікті жауапкершілігінің болуын талап етеді.

7. Екі жақтама бақылау қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді жабдықтаушылардың жұмысына тиімді және ұтымды ішкі және сыртқы бақылау жүйесінің орнатылуын талап етеді.

8. «Бір терезе» қағидасы. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін, тұтынушының бір орындаушыға баруын талап етеді. Бұл талаптың орындалуы үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы бір бірімен байланысты органдар қызмет көрсету уақытын азайту мақсатында өздерінің әрекеттерін барынша үйлестіруі керек.

 

Стандарттау объектілері

 

1 Іс түрінен және басқа жіктеу белгілерінен тәуелсіз түрде, мемлекеттік қызметтердің стандарттау объектілері мыналар болып табылады:

-        жіктеу және терминология;

-        біркелкі қызметтердің топтарын және шағын топтарын, қызметтердің әр түрлі түрлерін, жеке қызметтерді қамтитын мемлекеттік қызметтер тізімі;

-        мемлекеттік қызметтердің әр түрінің нақты сапа және қолжетімділік көрсеткіштеріне қойылатын талаптар;

-        мемлекеттік қызметтерді тұтынушыға қойылатын талаптар;

-        қызметтерді көрсету процедурасы;

-        лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттері (орындамағаны) бойынша шағымдану тәртібі мен мерзімі;

-        қызмет тұтынушыларын хабардар ету түрлері және әдістері;

-        тұтынушылармен жұмыс істейтін лауазымды тұлғалардың біліктілігі, жауапкершілігі және бағыныштылығы;

-        қызмет көрсету орнындағы шарттар;

-        тұтынушылармен жұмыс істеудің жалпы ережелері.

2 Жіктеу және терминология, осы стандарттың ретімен 6 және 3 бөлімдеріндегі талаптарға сай болуы тиіс. 

 

 Техникалық шарттар нормативтік құжат ретінде.

Техникалық шарттар нормативтік құжаттың ең көп тараған түрі болып табылады, бұл қазіргі кезде республикамызда қолданылатын 3 мыңға жуық Техникалық шарттар санымен дәлелденеді. 

Техникалық шарттар мемлекеттік стандарттардың маңызды тобын құрудың базасы болып табылады. Шығарылатын өнім сапасы Техникалық шарттар сапасына байланысты, ол нарықтық экономикаға сәтті бағдарланған, тапсырыс берушінің қажеттілігін жедел есепке алу үшін көмектеседі, сондай-ақ техникалық құжаттың ең жедел түрі болып табылады. Бөліп айтқанда даярламалар, бекітулер, келісімдер, және өзгерістер енгізу.

Техникалық шарттарың объектілері – өнім және оның түрлері – нақты таңбалар, тауарлардың үлгілері, ұсақ сериямен шығарылатын бұйымдар (галантерея, халықтық кәсіптің бұйымдары); ауысатын ассортимент бұйымдары (белгілі оқиғаларға байланысты шығарылатын сувенирлер).

ҚР СТ 1.3-2000 «Техникалық шарттарды даярлау, келісімдеу, бекіту және мемлекеттік тіркеу тәртіптері» сәйкес Техникалық шарттар:

-берілген өнімге ҚР-ның мемлекеттік стандарттары және мемлекетаралық стандарттар жоқ болса;

-жалпы техникалық шарттар және жалпы техникалық талаптар түрлерінің стандарттарының болуы, бұл стандарттармен өнімнің өзгешелік талаптарын нақтылайтын техникалық шарттар даярлау қарастырылса;

-                    қолданыстағы стандарттар және техникалық регламенттердің нормалары мен талаптарын көтеру және толықтыру; тапсырыс берушіге (тұтынушыға) өзіндік жеткізіп беруге (сатуға) арналған өнімдерге (жинақтаушы және жартылай фабрикаттарды қоса) даярлайды.

Техникалық шарттар кәсіпорын-даярлаушымен даярланады және онда:

-кіріспе бөлім;

-шикізатқа қойылатын техникалық талаптар, өнімнің органлептикалық және физика-химиялық көрсеткіштері;

-қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар;

-қабылдау тәртіптері (сынаманы іріктеу, сынақ);

-бақылау әдістері;

-қолдану шарттары (пайдалану);

-таңбалау;

-тасымалдау және сақтау ережелері;

-жеткізіп берушінің кепілдігі;

- Техникалық шарттар қолданылатын нормативтік құжаттамалар тізімі болуы қажет.

Техникалық шарттардың талаптары және оларға енгізілетін өзгерістер осы өнімге таратылатын мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына қайшы келмеуі тиіс. Техникалық шарттар барлық жобалары бекітілуі және келісілуі тиіс. Жүргізілген сараптама нәтижесі бойынша сараптамалық қорытынды беріледі және Техникалық шарттар мемлекеттік тіркеу жүргізу немесе оны қайтарып беру туралы шешім қабылданады.

Техникалық шарттарды кәсіпорын-даярлаушы тапсырыс берушінің, денсаулық сақтау мекемелерінің және т.б. келісімі бойынша бекітеді.

 Техникалық шарттардың белгіленуі: ТШ 640 ҚР 85674315 ТОО-003-2000, мұнда

ТШ- техникалық шарттардың қысқаша аталуы;

640 –Алматының коды;

ҚРҚазақстан Республикасының қысқаша аталуы;

85674315 – ТШ түпнұсқасын ұстаушының коды ОКОПО бойынша;

ТОО – ТШ бекіткен кәсіпорынның меншік түрінің қысқаша әріптік белгіленуі;

003 – құжаттың реттік тіркеу нөмірі;

2000 – құжаттың бекітілген жылы.

Қазіргі кезде Техникалық шарттар көп мөлшердегі ескертпелермен құрастырылады, сондықтан Техникалық шарттарды тіркеу кезінде міндетті түрде стандарттау бойынша мамандардың сараптау қорытындысы болуы тиіс.

Техникалық шарттардан басқа өнім және кәсіпорын-даярлаушы туралы толық мәліметтермен бірге ҚР СТ 1.11-2004 «ГСС ҚР Өнімдерді каталогтау. Өнімнің каталогтық парақтарын толтыру, көрсету, өзгерістер енгізу, есепке алу және сақтау ережелері» бойынша каталогтық парақ даярланады. Техникалық шарттар каталогтық парақпен бірге тіркеу уәкілетті орган арқылы жүзеге асады. Техникалық шарттар есепке алуға тіркеу болмаса және оған енгізілетін өзгерістерсіз өнім шығарылуға жіберілмейді. 


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 3821 | Комментарии: 1 | Теги: міндеттері және негізгі қағидалары, Мемлекеттік қызметтерді стандарттау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: