-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Мемлекеттiк стандарттау және мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру.

       Мемлекеттiк стандарттау және мемлекеттiк қадағалау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру.     

1. Республикалық бюджет қаражаты есебiнен:
        1) стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi уәкiлеттi орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстауға және  стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарының сақталуын мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыруға арналған шығыстар;
       2) стандарттау, метрология және тiркеу саласындағы бағдарламалар;
      3) өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн сатып алу және олардың стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мiндеттi талаптарына сәйкестiгiн сынау (талдау, өлшеу);
      4) ҚР-ның стандарттау жөнiндегi халықаралық, аймақтық және мемлекетаралық ұйымдарға мүшелiк жарналар енгiзуi мен қатысуы қаржыландырылады.
      2. "Сертификаттау туралы" 1999 жылғы 16 шiлдедегi ҚР-ның Заңына.

    

Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау.

Мемлекеттік органдардың, стандарттау бойынша техникалық комитеттің, ҚР жеке және заңды тұлғаларының ұсыныстары негізінде ҚР экономика саласының басты бағыттарын есепке алумен стандарттау бойынша жұмыстың жоспарлары мен бағдарламалары өкілетті орган бекіткен тәртіпте бекітіледі. Мемлекеттік стандарттау бойынша жоспарлар мен жұмыс бағдарламаларын құрастыру негізінде ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің нормативті құқықтық акттерімен бекітілген талаптар, ҚР әлеуметтік және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары, жылдық және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар жоспарлары ескеріледі. Мемлекеттік стандарттау бойынша бекітілген жұмыс жоспарлары мен бағдарламалары ресми баспалар мен қоғамдық тұтынудың ақпараттық жүйелерінде басылып шығарылады. Мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын құрастыру тәртібі өкілетті органмен нақтыланады.

 Жылдық және болашақ жоспарлар ҚР территориясында ұлттық және мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстарды мемлекеттік реттеу, мемлекеттік өндіруші мен тұтынушы құқықтарын қорғау салаларында саясатты жүзеге асыру, жұмыс тақырыбы мен орындалу мерзімін анықтау, ҚР стандарттарының мемлекеттік қоры (ҚР СМҚ) құрамын жетілдіру мақсатымен құрастырылады.

ҚР 1.7-2003 «ҚР-дағы стандарттаудың мемлекеттік жүйесі. Стандарттау бойынша жұмысты жоспарлау тәртібі» СТ негізінде мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыс жоспарына мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарды құрастыру, қайта қарау, өзгеріс енгізу және тоқтату бойынша тапсырмалар енгізіледі. (Қосымшада жоспарлардың титулдық беті мен кестелер үлгілері берілген).

Жұмыс жоспары сводная кестеден және екі бөліктен тұрады:

-  республикадағы мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыстар;

- ҚР-да жүргізілуге жататын және мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыс бағдарламаларының бөлігі болып табылатын мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыстар.

 Стандарттау жоспарына алғашқы кезекте төмендегі мәселелерді қарастыратын тақырыптар енгізіледі:

-  стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы негізгі нормалар мен талаптар; жалпытехникалық және халық өмірі мен денсаулығы үшін, мүлік пен қоршаған орта үшін өнімдердің, процестер мен қызметтер қауіпсіздігінің нормалары, жіктемелер, терминологиялар, қабылдау ережелері, сынама алу және өнім сапасын бақылау әдістері, орамдау, таңбалау, тасымалдау және өнімді сақтау ережелері;

- халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды, шетел мемлекеттерінің нормалары мен ережелерінің ҚР-ның мемлекеттік стандарттары ретінде тікелей қолдану бойынша жұмыстар;

Осылар бойынша мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттарды құрастыру.

Стандарттау бойынша жұмыс жоспары 1жылға немесе 3-5жылдарға дейін болашаққа құрастырылады және осы кезеңде тұрақты әрекет ететін, мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау бойынша қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген жұмыстарды орындау бойынша тізімі бар құжат болып табылады.

Мемлекеттік стандарттау жоспары ТК, МТК, мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың ұсыныстары негізінде, стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша жоспарланатын кезең үшін басты бағыттар негізінде стандарттау бойынша Мемстандартпен өкілеттелген кәсіпорынмен (өкілетті орган) құрастырылады.

Жоспарланатын кезең үшін стандарттау жоспарына ұсыныстар ағымдағы жылдың 15-маусымына дейін ұсынылады.

Мемлекеттік стандарттарды құрастыру, өзгерістер енгізу, қайта қарау және тоқтату туралы ұсыныстар мүдделі жеке және заңды тұлғалармен ұсынылады.

Мемлекетаралық стандарттарды құрастыру бойынша жоспарға ұсыныстарды секретариаттары ҚР-да жүргізілетін ТМД, МТК елдерінің стандарттау бойынша мүдделі ұлттық ұйымдары немесе солардың келісімдеуімен басқа ұйымдар ұсынады.

Мемлекетаралық стандарттарды құрастыру мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыс бағдарламасының бөлігі болып табылады. Мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыс жоспарының мемлекетаралық бөлігі мемлекетаралық стандарттау бойынша жұмыс бағдарламасының құрамында қабылданады.

 Өкілетті орган келіп түскен ұсыныстарды талдайды, жоспар жобасының алғашқы редакциясын құрап, мүдделі министрліктерге, комитеттерге, басқа да жеке және заңды тұлғаларға пікір мен келісімдеуге болжанатын жылдың алдындағы жылының 1-қыркүйегіне дейін таратады.

Жоспар жобасын қарастыру және оған пікір дайындау мерзімі оны алған уақыттан бастап 1 айдан аспау керек. Стандарт жобасына пікірлер ұйым жетекшісінің атынан жазбаша қорытынды түрінде толтырылады.

 Пікірлерді алған соң өкілетті орган жоспар жобасының соңғы редакциясын жасап, Мемстандартқа оны бекіту немесе қайта өңдеуге қайтару туралы келісім қабылдау үшін болжанатын жылдың алдындағы жылының 15-қыркүйегіне дейін жібереді.

Соңғы редакциямен бірге келіп түскен тапсырыстар мен жоспарланатын жұмыстардың, нақтыланатын бағыттардың, нормативті құжаттардың категориялары мен түрлерінің, жұмыс түрлерінің, құрастырушының жұмысты орындау мерзімдерінің, қаржыландыру көздерінің талдануы бар түсіндірме жазба беріледі.

Түсіндірме жазбада құрастыруға келіп түскен тапсырыстардың жалпы мөлшері, себептері көрсетіліп қабылданбаған тапсырыстардың мөлшері беріледі.

 Жоспар жобасын қарастырған соң Мемстандарт, қажет жағдайда, жоспар жобасының соңғы редакциясын мемлекеттік басқарудың мүдделі органдарымен немесе басқа жеке және заңды тұлғалармен (егер олар жоспар жобасына ұсыныстар ұсынған болса) қосымша келісімдеу жүргізу туралы шешім қабылдайды.

Өкілетті органмен, мүдделі жақтардың ұсыныстарын есепке алумен, жасалып болған жоспар мемстандартқа қарастыру мен бекітілуге ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі мерзімде ұсынылу керек.

 Бекітілген жоспар министрліктерге, комитеттерге, мемстандарт құрастырған тізім бойынша басқа да мемлекеттік басқару органдарына, сонымен қатар жоспар тапсырмасын құрастырушы-ұйымдарға жіберіледі.

 Бекітілген жоспар шаруашылық және әскери тағайындалған өнім үшін бірыңғай талаптары бар стандарттар тізімін анықтау үшін ҚР-ның Қорғаныс Министрлігіне жіберіледі. Жоспарды Мемстандарттың бірге жіберілетін хаты бар өкілетті орган таратады.

 Мемстандартпен бекітілген соң бір ай мерзімде мемлекеттік стандарттау бойынша жұмыс жоспары толық көлемде Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының кезекті айлық ақпараттық көрсеткіштерінде басылады.

 Жоспардың орындалуын бақылауды өкілетті орган жүзеге асырады, ол маусым сайын Мемстандартқа жұмыстардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынады (жоспарлы мерзімдер мен нақты жағдайы).

 Заңды тұлғалар, өздерінің ұсыныстары бойынша жоспарға енгізілген жұмыстардың орындалуына жауап береді.

 Жоспарға енгізілген нормативті құжаттардың құрастырушылары мен жұмыс жоспарлау мен жұмыстарды тапсыру-қабылдау кезеңінде бекітілген жоспардың орындалуын бақылауды жүргізетін өкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді Мемстандарт шешеді.

Жоспарға өзгертулер мүдделі ұйымдармен негіздеу және келісімдеу болған жағдайда Мемстандарттың жазбаша рұқсатымен енгізіледі, одан кейін мүдделі жақтарға жеткізіледі. Жоспар бойынша жұмыстарды қаржыландыру көздері:

-  мүдделі жақтар енгізген қаржы бөлшегі;

- мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік және мемлекетаралық бағдарламаларды, ҒЗЖ жоспарын жүзеге асыруға бөлінген қаржы;

- басқа қаржыландыру көздері болып табылады.

Стандарттарды құрастыруға бөлінге ақшалай қаржының дұрыс қолданылуын бақылау қаржыландыруға ақша бөлген тапсырушылармен жүзеге асырылады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2178 | Теги: Мемлекеттiк стандарттау және мемлек | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: