-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық деңгейдегі стандарттау, метрология және сертификаттау жүйелері

Мемлекеттік, мемлекетаралық және халықаралық деңгейдегі стандарттау, метрология және сертификаттау жүйелері.

     Бүгінгі таңда экономиканың қарқындап дамуының басты шарты бәсекелестікті өнімдерді шығару болып табылады. Бәсекелестіктің негізі сапаға байланысты. Бәсекелестік көрсеткіштерінің (баға, жеткізу мерзімі, сервис т.б.) арасында сапа көрсеткіші 70%  тұтынушымен өнімді таңдап алу шешіміне негіз болады.

    Сондықтан да, дамып келе жатқан елдер ( Турция, Қытай, Оңтүстік Корея т.б.) өнімдері өздерінің сапасына байланысты тұтынушылар арасында әрқашанда үлкен сұраныста.

    Әлем нарығының ашықтығы бәскелестікке жол ашты, сондықтан олар арасында тұтынушыға деген күрес жоғары дәрежеде өтеді. Бүгінгі таңда әрбір тұтынушы бүкіл әлем өндірушілері тауарларын таңдап алуына мүмкіндігі бар. Өнім дайындаушылар әлемдік ңарықтағы өткір бәсекелестік жағдайына байланысты өз бұйымдарының жоғары бәсекеге қабілеттілігін жоғалтпауға тырысу қажет. Бұл жағдайда тек қана жоғары сапалы және төмен бағалы өнім шығарған өндіруші алға басады.

     ТМД елдерінде машинажасау саласындағы өнім сапасына  көніл бөліп қарастыруы 1990 жылдарының аяғында басталды. Кәсіпорындарда өнім сапасының менеджменті жүйелері еңгізілді, бірақ нәтиже айтарлықтай жақсармады. Оның себептері көп, бірақ оның ішіндегі маңыздысы, ол жан-жақты білімді мамандарды даярлау. Әрбір маман өз жұмыс орнында сапа деген ұғымға көңіл бөліп, барлық технологиялық ережелерді, талаптарды орындаған жағдайда нәтиже болады.

       Әрбір өндіріс саласының жұмыс орындарында жаңа ғылыми-техникалық және тәжіребелік жетістіктерге сүйене отырып, стандарттау жүйелерін еңгізіп дамыту негізінде, жоғары әлемдік деңгейіне сәйкес талаптар орнатып, өнімдер өнделуі қажетті.

      Өнімдерге, жұмыстарға және қызметтерге стандарттау өзара ауыстырымдылық, метрология, техникалық өлшеу және сертификаттау талаптарын орнату, орындау, сапаны қамтамасыз ету құралдары болып табылады.

1952 жылы стандарттау халықаралық ұйымы (ИСО) стандарттаудың ғылыми принциптерін зерттеу комитететін (СТАКО) ұйымдастырды. Комитет алдында стандарттауға қатысты негізгі терминдердің анықталу түсінігін беру туралы міндет қойылды.

СТАКО жұмыс атқару негізінде келесі маңызды ұғымдарға: стандарттау, стандарт, мамандану, унификация, функционалдық және өлшемдік өзара ауыстырымдылық сияқты терминдерге анықтамалар берілді.

СТАКО ұсынған осы терминдердің анықтамасы ИСО Кеңесімен қабылданып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесінің  негізіне алынды.

    «Стандарттау» термині Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында және Қазақстан Республикасының стандарттаудың Мемлекеттік жүйесінде төмендегідей анықталған: Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты әрекет ететін және потенциалдық міндеттерге қатысты жалпы және бірнеше рет пайдалануға арналған реттеудің оптималды деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

    Стандарттау жұмыстары атқарылатын деңгейіне байланысты: халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және ұлттық болады.

      Халықаралық стандарттау- бұл кез-келген елдің құзыретті органының  қатысуына жол берілетін стандарттау бойынша жұмыстар.

    Халықаралық стандарттау бойынша жұмыстардың нәтижесі қатысушы елдер  халықаралық стандарттарды тікелей немесе дайындау кезінде немесе қайта қарау кезінде қолдануы болып табылады.

     Мемлекетаралық стандарттау - бұл мемлекетаралық мүдделерді көрсететін нысандары бойынша стандарттау жұмыстары.

     Аймақтық стандарттау - бұл әлемнің  географиялық, саясаттық немесе экономикалық жеке аймағы көлеміндегі, елдерінің қатысуына мүмкіндік беретін стандарттау жұмыстары.

   Аймақтық және халықаралық стандарттау, халықаралық ұйымдар мен соған сәйкес аймақтарда ұсынылған ел мамандары өкілеттілігімен жүзеге асырылады.

Ұлттық стандарттау - нақты бір мемлекеттегі стандарттау. Ұлттық стандарттау келесі: мемлекеттік, салалық, ассоциациялық, өндірістік фирмалар және кәсіпорындар  мен  мекемелер деңгейлерінде жүзеге асырыла алады.

Стандарт. Стандарттау халықаралық ұйымы (ИСО) келесі анықтаманы қабылдады: Стандарт- бұл белгілі бір салада реттеудің оптималды деңгейіне жетуге бағытталған, сондай-ақ мойындалған орган тарапынан бекітілген, консенсус негізінде жасалған нормативті құжат (ИСО/МЭК, 1991).

Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңына сәйкес: стандарт - қызмет әрбір түріне немесе олардың нәтижелеріне байланысты,екі жақты келісім негізінде, жалпы және бірнеше рет қолдануға арналған ережелері, жалпы принциптері немесе сипаттамалары орнатылған құжат.  

  Стандарттау нормативтік құжаты - бүл стандарттау әр түрлі қызмет түрлеріне  немесе оның нәтижелеріне  қатысты мөлшерлер, ережелер, сипаттамалар, принциптер  белгілейтін құжат.

 

Стандарттаудың мақсаттары, міндеттері, принциптері және

қызметтері

      Өнім, қызмет, процесс және жұмыстар қызметтік міндеттеріне сәйкестігі дәрежесін жоғарылату, халықаралық тауар айналымындағы техникалық кедергілерді жою, ғылыми -техникалық прогресске және әрбір салалардағы қызметтестікке ықпал беру стандарттау  жұмыстарының басты нәтижесі болып табылады .

Стандарттау жалпы мақсаттары «стандарттау» түсінігінен туындайды, олар: 

Ø  өнімнің, процесстердің, (жұмыстардың), адамдарға қызмет көрсетудің өмірі мен денсаулығына, мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтау;

Ø  саудадағы техникалық кедергілерді жою, ішкі және сыртқы нарықтағы өнім және қызмет бәсекелестігін қамтамасыз ету;

Ø  өнімнің техникалық және ақпараттық сәйкестігін және өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету;

Ø  өнім, процесс, жұмыс және қызмет сапасын ғылыми - техникалық прогресс дамуының деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету;

Ø  өнім, процесс, жұмыс және қызмет сапасы және қауіпсіздігі тұрғысынан тұтынушылар мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету;

Ø  өлшем бірлігін қамтамасыз ету;

Ø  қордың барлық түрлерін тиімді пайдалану және сақтау;

Ø  табиғи және техногенді сипаттағы және басқа  түрлі төтенше
жағдайдағы апаттардың пайда болу мүмкіндігімен байланысты, шаруашылық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Ø  елдің қорғаныс қабілеттілігі мен мобильдік дайындығын қамтамасыз ету.

  Стандарттаудың негізгі міндеттері:

Ø  әзірлеуші, дайындаушы, сатушы және тұтынушы (тапсырыс беруші) арасындағы өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;

Ø   өнім номенклатурасына және сапасына, процесстерге   (жұмысқа), мемлекет   және   тұтынушы   мүдделеріне қатысты   қызметтерге, соның ішінде, адамдардың өміріне,  денсаулығына және мүлігіне   қауіпсіздікті қамтамасыз етуші, қоршаған   ортаны сақтауына оптималды талаптарды орнату; 

Ø  өнім өзара ауыстырымдылығын және сәйкестігін қамтамасыз етуші талаптарды (құрылымдық, электрлік, электромагниттік, ақпараттық,  бағдарламалық, т.б.) орнату;

Ø  материал   және   шикізат, жинақтаушы   бұйымдар, өнімдер   және олардың элементтерінің сипаттамаларын және көрсеткіштерін байланыстыру және ұйқастыру;

Ø  параметрлік және типтік қатарлар, базалық құрылымдар,
бұйымның жинақталған және унификацияланған блокты- модульдік құрама 
бұйымдарын қолдану мен орнату негізіндегі унификациялау;

Ø  метрологиялық  мөлшерлер,  ережелер,  қағидалар  және  талаптар белгілеу;

Ø  бақылауды (сынақтан өткізу, сараптау, өлшеу) және өнім, процесс (жұмыс), қызмет сапасының бағасын және сертификаттауын   нормативті-техникалық қамтамасыз ету;

Ø  материал    сыймдылығын,     қуат     сыймдылығын     және     еңбек сиымдылығын төмендетуге бағытталған, аз қалдықты технологияларды қолдануды қамтамасыз етуші  техникалық процестерге   талаптарды орнату;

Ø  техникалы-экономикалық және әлеуметтік ақпараттарды жіктеу және кодтау жүйесін орнату мен жүргізу;

Ø  мемлекетаралық және мемлекеттік әлеуметтік - экономикалық және ғылыми - техникалық бағдарламалардың (жобалардың), және инфрақұрылымдық кешендердің (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, тіршілік ету ортаны  бақылау,  халықтың қауіпсіздігі  және  т.б.)  нормативті қамтамасыз ету;

Ø  түтынушыларды өнімнің номенклатурасы және негізгі көрсеткіштері туралы мәліметпен қамтамасыз ету үшін каталогизация жүйесін орнату;

Ø  стандарттау әдістерімен және құралдарымен Қазақстан Республикасының заңламаларын орындалуын қамтамасыз ету.

Стандарттаудың негізгі принциптері:

Ø  келісім;

Ø  ашықтық;

Ø  еріктілік;

Ø  стандарттау саласындағы отандық және шетелдік өндірушілер мен жеткізушілер үшін бірдей талаптар;

Ø  экономикалық мақсатқа лайықтылық.

Тағы басқа стандарттау принциптері:

Ø  стандарттау дамуының жүйелілігі және кешенділігі;

Ø  стандарттардың динамикалығы және озық дамуы;

Ø  өнімнің (қызметтің) қауіпсіздігіне, бірлігіне және өзара ауыстырымдылығына    жағдай   жасайтын    стандарттардың   дайындалубасымдылығы;

Ø  үйлесімділік;

Ø  стандарттар ережелерінің  нақтылығы.

    Келісім принципі бойынша барлық мүдделі жақтар өнім, процесс (жұмыс), қызмет сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету келісіміне жетуге талпынуымен айқындалады.

    Халықаралық стандарттауда жалпы көптеген мүдделі жақтар басты мәселелер бойынша келіспеушіліктердің болмауын, барлық тұлғаларойларын ескеруге деген талпынысты және сәйкес келмейтін көзқарастардың жақындастырылуын сипаттайтын, келісім мағынасын беретінконсенсус термині қоданылады. Консенсус толық ынтымақ болуы талабын орнатпайды.

  Стандарттарға кез-келген субъект  қол жеткізуіне мүмкіндігі болуы тиіс, олар авторлық құжат болып саналмайды. Стандарттар саудаға техникалық тосқауыл болмауы тиіс.

  Оларды жасау кезінде халықаралық стандарттарды, ережелерді, халықаралық ұйымдардың нормалары мен басқа елдердің ұлттық стандарттарын ескеру қажет; олар халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттармен, нормалармен, талаптармен бірге үйлесуі тиіс.

      Қайта құрылған стандарттың моральдық тұрғыдан ескірмеуі үшін, стандартқа болашағы бар талаптардың  және халықаралық, аймақтықстандарттардың, өзге елдердің озық ұлттық стандарттарының енуімен қамтамасыз етілетін озық дамудың принциптері міндетті түрде сақталуы тиіс.

Стандартқа деген басты талап - оның сертификаттау мақсаттары үшін
жарамдылығы болып табылады. Мәтін бойынша нақты ажыратылған міндетті талаптар мен олардың нысанды түрде тексерілуінің әдістерінмазмұндайтын стандарттар, көрсетілген талаптарға жауап береді.

Жүйелілік принципі стандарттаудың әрбір нысанын күрделі жүйенің бөлігі, кешенділік принципі - күрделі жүйенің барлық элементтерінің сиымдылығы ретінде қарастыруын болжайды.

Динамикалық стандарттадың кезеңділікпен тексерілуін, оларға өзгеріс пен кейінге қалдырудың енгізілуін қамтамасыз етеді.

Стандарттар талаптары түсініктерінің нақтылығын қамтамасыз ету үшін олар нақты және анық болуы тиіс.

Стандарттаудың мемлекетаралық жүйесі.

     ТМД шеңберіндегі мемлекетаралық стандарттау жұмыстарын басталуы, 1992 жылдың наурызында Үкімет басшыларымен қол қойылған «Стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты өткізу туралы келісім», болып табылады.

Стандарттау, метрология және сертификаттаудың халықаралық сипатына байланысты, стандарттау арқылы шешілетін Келісімнің негізгімақсаттары:

§  өнім сапасы және қызметіне байланысты Келісімге қатысушы әрбір мемлекет пен тұтынушы мүдделерін қорғау, халықтың өмірін, денсаулығын және мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны сақтау;

§  мемлекетаралық мүдделерді көрсетін өнімдермен және басқа  талаптардың сәйкестігін және өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету;

§  әлемдік тауар нарығындағы Келісімге қатысушы мемлекеттердің өнім бәсекелестігін    күшейту   әрекетін   көтеру,    өндірістегі    және   саудадағы техникалық кедергілерді жою;

§  Келісімге қатысушы мемлекеттердегі табиғи және техногенді  апаттар және    басқа    төтенше   жағдайлар   туындаған   кездегі   шаруашылық нысандарының қауіпсіздігін күшейту.

Мемлекетаралық стандарттау жүмыстары төмендегі принциптер негізінде жүргізіледі:

§  Келісімге қатысушы барлық мүддделі мемлекеттердің, өзара алмасатын өнімнің   сапасы мен   қауіпсіздігін   қамтамасыз   ету  жағдайына, ортақ жетістікке ұмтылыс;

§  Келісімге қатысушы барлық мемлекеттерде қолдануына ғылым, техника, озық тәжіребе жетістіктеріне сәйкес және әлеуметтік, экономикалық, техникалық қажеттілікті және лайықты мемлекетаралық стандарттарды жасау үйлестігі;

§    халықаралық және аймақтық стандартпен мемлекетаралық стандарттардың өзара үйлесімділігін және оларды өнім, процесс (жұмыс),қызмет түрлерін сертификаттау үшін қажеттілік мақсатында қамтамасыз ету;

 

Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат және осы саладағы негізгі қызмет бағыттарын анықтап жүргізуі үшін Мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау Кеңесі құрылды. Оның құрамына Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД)елдерінің Ұлттық стандарттау, метрология және сертификаттау органдарының басшылары кірді.

  Кеңес негізгі қызметтері:

§  стандарттау, метрология, сертификация және аккредитация саласындағы қызметтің басымдылығын ендіру;

§  стандартау, метрология, сертификаттау және аккредитация саласындағы жұмыстың негізгі бағытын қарастыру және қабылдау;

§  мемлекетаралық стандарттарды және т.б. жобаларды бекіту;

2001 жылы қараша айында стандартизация, метрология және сертификация бойынша, халықаралық Кеңестің аббревиатурасы мен стандартизациясының келесі атаулары халықаралық, аймақтық және ұлттық ұйымдармен қайта жазуда, нормативті құжаттарды қолдану туралы    МАС шешім (№20-2001 хаттамасы) қабылдады:

орыс тілінде -  «Евразийский  совет по  стандартизации,  метрологии  и сертификации» (ЕАСС);    

ағылшын тілінде - «Euro-Asian Council for Standardizion, Metrology and Certification» (ЕАSС).

 

 

Стандарттау  халықаралық ұйымы  ISO (ИСО)

   Ұлттық стандарттар, өздері даярлаған және қолданып жүрген елдердің, ғылыми және техникалық даму деңгейін және ерекшеліктерін көрсетеді.

 Осы жағдайға байланысты, әрбір елдердегі стандарттарындағы біртектес бұйымдарына орнатылған талаптары бір - бірінен ерекшеленеді. Сондықтан, сол бұйымдарды сатып алатын ел және сатушы ел өнімнің сипаттамаларын келісімдейді, ал ол болса халықаралық сауда үшін кедергі болады.

  Адамзат әрекетінің барлық саласында халықаралық сауда мен халықаралық қызметтестіктің дамуы, халықаралық (аймақтық) стандарттардың жасалуын және кең түрдіне қолданылуын, ал ұлттық стандартар келісілу (үйлесімдік) қажеттілігін  талап етті.

 Елдердіің стандарттау саласындағы тікелей қызметтестігі басталуы 1921 жылында, стандарттау бойынша жеті ұлттық комитеттің алғашқы конференциясы өткізілген жылға сай келеді. Бұл конференция шешімі бойынша, 1926 жылы стандарттау ұлттық ассоциацияның халықаралық федерациясы (ИСА) құрылды. Оның құрамына стандарттау 20 ұлттық ұйымы болды.  ИСА стандартау бойынша 180-ге жуық халықаралық кеңес даярлады, бірақ екінші дүниежүзілік соғыс басталуымен, оның қызметі тоқтатылды.

Стандарттау саласында ұлттық органдардың бүкіләлемдік федерациясы болып табылатын Стандарттау Халықаралық Ұйымы ISO (ИСО), 1947 жылы Лондонда  БҰҰ шешімімен, стандарттау бойынша 25 ұлттық үйымдарын біріктіріп құрылды.

   Бұл үкіметтік емес ұйымның қызмет саласы стандарттаудағы барлық салаларды қамтиды, тек қана электротехника және электроника салаларын қамтымайды. Бұл сала, тек қана Халықаралық электротехникалық комиссия (ХЭК) құзыретіне қатысты. ИСО сертификаттау мәселелеріменде айналысады.

       Бүкіл әлемде ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық қызметтердегі және интелектуалды меншіктік саласындағытауарлармен, қызметпен алмасу және қызметтестікті дамыту процесіндегі бірлестікті қамтамасыз ету мақсатында, стандарттаудын дамуын және шектес қызмет түрлерін стимулдауы,   ИСО-ның басты міндеті болып табылады.

Сонымен, ИСО халықаралық стандарттарының пайдаланылуының ерекшелігі, ол саудадағы елдер өз-ара тауарға деген нақты техникалық талаптарды келісім-шарттарда белгіленуін талап етеді.

 ИСО-ның халықаралық стандарттары қатысушы елдерге міндетті түрде қажет болу дәрежеге ие емес, яғни әрбір ел оларды тұтас қолдануға, тарауларын бөліп қолдануға немесе мүлдем қолданбауына құқылы. Оларды қолдану туралы мәселенің шешімі көбінесе еңбектің халықаралық бөлінуінде қатысу деңгейімен және оның сыртқы сауда жағдайымен байланысты. Алайда, өнім дайындаушылар әлемдік ңарықтағы өткір бәсекелестік жағдайына өз бұйымдарының жоғары бәсекеге қабілеттілігін жоғалтпауға тырыса отырып, халықаралық стандарттарды пайдалануға мәжбүр болып отыр. Шетел мамандарының бағалаулары бойынша өндіріс жағынан дамыған елдер (мысалы, Нидерланды, Швеция, Бельгия, Австрия, Дания) ИСО стандарттарының барлық қорының 80% қолданады. Бұл елдер халықаралық стандарттар әрекет ететін салаларда ұлттық стандарттарды құрмауға талпынады.

     ИСО мемлекет-мүшелері үшін, ұлттық стандарттың негізінде халықаралық стандарт қабылдап қолдануы, үлкен жетістік болып табылады.

    ИСО сонғы жылдары қызметті және сапаны камтамасыз ету жуйесі саласындағы халыкаралық стандарттауға көп көңіл бөліп жүр. Сапа мәселесін шешуге бірдей кұрал табу мақсатымен «Сапаны басқару және сапамен камтамасыз ету» 176 ТК кұрылды. Оның міндеті сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің негізін салушы үстанымдардың стандартталуы мен үйлесімділігін табу болып табылады. АҚШ, Франция, Ұлыбритания және т.б. елдердің ұлттық тәжірибелерінің қарастыру негізінде 1987 жылы ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттар жасалып жарыққа шықты, кейін ИСО І4000 және ИСО 17025 сериялы стандарттар әзірленді.

ИСО ВТО мен стратегиялық серіктестікті белгіледі. ВТО мүшелері болып табылатын немесе мүшесі болуға мүдделі барлық елдер, халықаралық стандарттау мәселелерімен таныс болып, халықаралық саудаға өз үлестерін қосуы керек.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 6728 | Комментарии: 2 | Теги: Мемлекеттік, метрология және сертификаттау жүйел, мемлекетаралық және халықаралық дең | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Derna   (24.01.2014 23:35)
Action requires knwegedlo, and now I can act!


Имя *:
Email:
Код *: