-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Мемлекеттiк бақылау объектiлерi

Мемлекеттiк бақылау объектiлерi

 

     Техникалық регламенттiң күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар және зертханалар техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау объектiлерi болып табылады.
     

Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

     1. Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
     1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;
     2) ҚР-ның мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары;
     3) облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау жөніндегі бас мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары;
     4) облыстардың және қалалардың мемлекеттiк бақылау жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары - аумақтық органдар басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары;
     5) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар - аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары жатады.
     2. Осы баптың 1-тармағының 3) - 5) тармақшаларында санамаланған мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар өз құзыретi шегінде мемлекеттiк органдар белгiлеген тәртiппен аттестатталуға тиiс.
     3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Тексеру "Жеке кәсіпкерлік туралы" ҚР-ның Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
 

 Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары.

     1. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың төмендегідей  құқылары бар:
     1) техникалық реттеу саласындағы объектілерге техникалық реттеу саласындағы ҚР-ның заңдары және ҚР Үкіметінің қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау мақсатында бару;
     2) жеке және заңды тұлғалардан ҚР-ның заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi алу;
     3) мемлекеттiк бақылау үшiн     өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындарды бюджет қаражаты есебiне жатқыза отырып, өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгiлердiң құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргiзуге жұмсалған шығындарды тексерiлушi тұлғалардың есебiне жатқыза отырып, өнiмнiң сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алу;
     4) егер өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын сәйкестiк туралы декларацияны немесе сәйкестiк сертификатын қолдану техникалық регламенттерде көзделсе, өнiмдi өткiзу сатысында өнiмдi дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан осындай құжаттарды немесе олардың көшiрмесiн көрсетуiн талап ету;
     5) мынадай жағдайларда  -     өнiм техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сай келмейді,     сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмнiң сәйкестiк сертификаттары (сәйкестiк сертификаттарының көшiрмелерi), сәйкестiк туралы декларациялары (сәйкестiк туралы декларацияларының көшiрмелерi) жоқ.    Өнiмдi оған құқығы болмай тұрып сәйкестiк таңбасымен таңбалаған жағдайда, техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың бұзылу сипаты ескерiле отырып, белгiленген мерзiмде оның бұзылуын жою немесе өнiмдi өткiзуге тыйым салу туралы нұсқама шығару;
     6) өнiмнiң техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес еместiгі анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк туралы декларациялар мен сәйкестiк сертификаттары тiркелуiнiң күшiн тоқтата тұру және (немесе) жою;
     7) техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкес келмейтiн өнiмдi өткiзушi тұлғаларды ҚР-ның заңдарында белгiленген жауапкершілiкке тарту;
     8) өнiм өткiзуге және тұтынуға жарамсыз деп танылған жағдайда, оны жою жөнiндегi комиссияларға ҚР-ның Үкiметi  белгiлеген  тәртiппен қатысу;
     9) дайын өнiмнiң техникалық регламенттерге сәйкес келмеуi анықталған жағдайда өнiмнiң өмiрлiк циклiнiң кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерiн тексерудi ұйымдастыру;
     10) ҚР-ның заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiну.
     2. Бас мемлекеттiк инспекторлардың және олардың орынбасарларының нұсқамаға қол қою құқығы болады.
     Нұсқамалардың нысандары мен оларды беру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
     3. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары берген нұсқамаларды барлық жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi.
         

Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың мiндеттерi

     Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар мiндеттi:
         1) мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шаралар барысында ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасын қолдану жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзуге, дайындаушыларды (орындаушыларды), сатушыларды техникалық регламенттер туралы хабардар ету;
      2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
      3) ҚР-ның заңнамасында белгiленген мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн сақтау;
      4) мемлекеттiк бақылау жүргiзу нәтижелерiнiң негізiнде анықталған қиғаштықтарды жою жөнiнде шаралар қолдану.
     

 Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану.

     Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) ҚР-ның заңнамасына  сәйкес шағымдануға болады.
      Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қорғау шаралары

     Егер мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өмiрi мен денсаулығына қызметтiк мiндеттерiн атқаруға байланысты зиян келтiрiлген болса, осы лауазымды адамдардың немесе олардың жақын туыстарының ҚР-ның заңнамасына сәйкес зиянды өтеткiзуге құқығы бар.

 Мемелекеттік органдары, олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды түлғалар ҚР-ның техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауапты болады.

 Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi  мыналарға жауапты болады:

    1. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүргiзген кезде өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған жағдайда және құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған жағдайда ҚР-ның заңдарына  сәйкес жауапты болады.
        2. Мемлекеттiк органдар құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ҚР заңнамасының бұзылуына кiнәлi, мемлекеттiк бақылау жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына қатысты қабылданған шаралар туралы бiр ай iшiнде хабарлауға мiндеттi.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1276 | Теги: Мемлекеттiк бақылау объектiлерi | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: