-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Өлшеу құралдарын тексеру

Өлшеу құралдарын тексеру

Өлшеу құралдарын метрологиялық қадағалау және мемлекеттік сынау.     Метрологиялық қамтамасыз етуді маңызды функцияларының бірі -өлшеу құралдарын (ӨҚ) тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.

    Бұл жоспарда метрологиялық қамтамасыз ету  өнім сапасын бақылаумен тығыз байланысты, дәлірек айтқанда өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің  мемлекеттік  қызметі төмендегілерді бақылайды:

кәсіпорынның өнім сапасы параметрлерін өлшеуде қажетті дәлдігі мен дұрыстығының бірдейлігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру – техникалық  іс-шараларын әзірлеуді және орындауды;

өлшеу құралдары өндіріс-өнім параметрлерін бақылау үшін және өлшеу құралдарын пайдалануда қалыпты жағдайларды құру үшін қажетті әдістемелермен, нұсқаулармен және өлшеу картоларымен қамтамасыз ету;

өндіріс бөлімшелерінде өнімнің сапасын анықтайтын бақылау - өлшеу операцияларының орындалуын;

кәсіпорынның ӨҚ мен өлшеу әдістерін пайдалануының сәйкестігін тұрақты бақылау үшін метрологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүргізу;

тексеру және аттестация жұмыстарын дер кезінде орындау;

бар құралдармен өлшенуге мүмкіндігі жоқ  параметрлер үшін жаңа құралдардың өндірісін қамтамасыз ету;

стандартталмаған ӨҚ-на метрологиялық сараптау жүргізу;

ақаулардың болу себебін анықтау жұмыстарын жүргізу.

      Кәсіпорындағы технологиялық процестердің өлшеу және бақылау құралдарымен  жабдықталуы қанағаттандырарлықтай. Мұндай құралдар  ретінде негізінен-өлшемдер: тігістердің ұзындығы, бұрышы, қалыңдығы, дәнекерлеу, температурасы, тогы, кернеуі; дәнекерленген байланыстарды бақылау үшін эталон немесе стандартты үлгі ретінде: тест–үлгілер, координаталық сызғыштар, беттің кедір–бұдырлылығының үлгілері, хромотограф қолданылады.

Іс–тәжірибе кезінде кәсіпорыннан ӨҚ бойынша материалдар ғана жиналған және ол метрологиялық қамтамасыз ету формасы бойынша жоғарыда анықталған ережеге сәйкес ұсынылған.

      Байқалғандай, кәсіпорында өлшеу құралдарының мөлшері жеткілікті және олардың барлығы метрологиялық жұмыс күйінде қамтамасыз етіледі.

       Өлшеу құралдарының типтерін бекіту - бұл мемлекеттік метрологиялық бақылаудың бірінші құрамдас бөлігі. Өлшеу құралдарының типтерін бекіту нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес, елімізде өлшем бірлігін қамтамасыз ету, өлшеу құралдарын айналымға шығару және өндіріске енгізу мақсатында жүргізіледі.

       Е "Метрологиялық өлшеу жүйесі. Өлшеу құралдарын тексеру, тексеру жүргізуді ұйымдастыру және тәртібі” ережесі өлшеу құралдарының екі топқа бөлінуі, оларды қандай сферада пайдалану процесіне ғана байланысты болатындығын белгілейді.

       Өлшеу құралдарының типтерін бекіту және сынау жүйесіне кіреді:

·                        типтерін бекіту мақсатымен өлшеу құралдарын сынау;

·                        өлшеу құралдарының типтерін бекіту, оларды мемлекеттік тіркеу және сертификат беру туралы шешімдер қабылдау;

·                        бекітілген типке сәйкес болуына Өлшеу құралдарын сынау;

·                        шет елдердің компетенттік ұйымдары жүргізген Өлшеу құралдарын сынау нәтижелерін және типтерінің бекітілуін тану;

·                        өлшеу техникаларын пайдаланушыларға, мемлекеттік басқару органдары мен бақылау-қадағалау органдарына ақпараттық тұрғыдан қызмет көрсету.

Өлшеу құралдарының типтерін бекіту және сынау жүйесінің ұйымдастыру бөліміне кіреді:

·                        ҚР Мемстандартының метрология және өлшеу техникалары бойынша ғылыми-техникалық комиссиясы (ҒТК);

·                        жүйе жұмыстарын басқару жүктелген ҚР Мемстандарт басқармасы;

·                        ҚР-ң метрологиялық қызметінің ғылыми-зерттеу институты;

·                         Өлшеу құралдарын сынайтын мемлекеттік орталықтар;

·                        Мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары.

       Типін бекіту мақсатында өлшеу құралдарын сынау үшін, арыз беруші беруге тиіс:

·                        өлшеу құралдарының үлгілерін;

·                        өлшеу құралдарының МСО-на бекіткен типтерді сынау бағдарламасы;

·                        құрастырушы-ұйым басшысы қол қойған, техникалық шарт жобасы.

Импортталынатын (сырттан келетін) өлшеу құралдары үшін:

·                        әзірлеуші-фирма проспектісі;

·                        тексеру бойынша нормативтік құжат жобасы.

Өлшеу құралдарын сынау бағдарламасы жұмысының көлемі метрологиялық аттестацияға тең келетін, өлшеу құралдарының нақты үлгілерінің метрологиялық сипаттамаларын анықтауды және тексеру әдістемесін эксперименттік жолмен қолдануды қарастырады. Бірақ бірінші және екінші жағдайларда да ҚР-ң Мемстандарты өлшеу құралдарының типін бекітеді, оны Мемлекеттік тізімге тіркейді және және типтің тіркелгені туралы сертификат береді.

Сынақ жүргізу туралы мәлімдеме ҚР-ң Мемстандартына жіберіледі. ҚР-ң Мемстандарты мәлімдеме бойынша шешім қабылдап, типті бекіту мақсатында өлшеу құралдарына сынақ жүргізу үшін, өлшеу құралдарын сынайтын мемлекеттік орталыққа (ӨҚ МСО) тапсырыс береді. Типтерін бекіту мақсатында өлшеу құралдарын сынау кезінде техникалық тапсырма, техникалық шарт жобасы және оларға таралатын нормативтік және пайдалану құжаттарының талаптарына өлшеу құралдарының техникалық құжаттары мен техникалық сипаттамаларының сәйкестіліктері тексеріледі, сонымен қатар өлшеу құралдарының әдістемелік және тексеру құралдарымен қамтамасыздандырылуы да тексеріледі.

Сынаққа түсетін өлшеу құралдары үлгілерінің саны сынақ бағдарламасы бойынша анықталады. Сынаққа ӨҚ МСО келісімі бойынша сынаққа қажетті өлшеу құралдары мен жабдықтар берілуі тиіс. Сынаққа өлшеу құралдарын берген кәсіпорынға, сынақты жүргізгеннен кейін жабдықтары мен өлшеу құралдары қайтарылады. Өлшеу құралдарына жүргізілген сынақ нәтижесі бойынша сынақты орындаушы тексеру әдістемесін, типтің жазбаша түсініктемесін келіседі және өлшеу құралдарын сынау актісінің үш данасын құрастырады. Сынақ нәтижесі теріс болып шыққан жағдайда ӨҚ МСО тек сынақ актісін құрастырады. Өлшеу құралдарын сынау актісін бекіткеннен кейін, сынақты жүргізген ӨҚ МСО типті бекіту үшін, сынақ нәтижелері бойынша кемшіліктерді кетіру туралы есебі және қосымшаларымен бірге сынақ актісінің бірінші данасын, құжаттарымен қосса метрологиялық қызметінің ғылыми-зерттеу институтының атына жібереді.

         МҚҒЗИ келіп түскен сынақ материалдарының қажетті талаптарға сәйкестігін тексереді және өлшеу құралдарын сынау нәтижесі бойынша ҚР-ң Мемстандарты шешімінің жобасын дайындайды.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 4123 | Теги: Өлшеу құралдарын тексеру | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: