-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу

Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды
өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу


        
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында лицензиялау және аккредиттеу.
        Өлшем құралдарын өндiрудi және жөндеудi, оның iшiнде заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерiнiң стандарттық үлгiлерiн, заттардың аттестатталған қоспаларын өндiрудi жеке және заңды тұлғалар ҚР-ның лицензиялау туралы заңдарына сәйкес ҚР-ның сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы, техникалық реттеу туралы және өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген тиiстi лицензияны алғаннан кейiн жүзеге асыра алады.
         Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету - бұл өлшем бірлігіне және қажетті дәлдігіне жету жолындағы қажетті ғылыми және ұйымдастыру негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды белгілеу және қолдану. Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің ғылыми негізі -метрология, яғни өлшеу, олардың бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар және қажетті дәлдікке жету жолындағы тәсілдер туралы ғылым

Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің мақсаты - байланыстың сенімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету, энергетикалық ресурстар мен материалды құндылықтарды пайдалану тиімділігін жоғарлату, анықталған есепті қамтамасыз ету; сынау мен эксперимент жасау; тәжірибелі-конструкторлы жұмыстар мен ғылыми-зерттеулі жұмыстарды жоғарлату, бөлшектердің өзара алмасуын қамтамасыз ету, өндірстің басқару тиімділігі мен өнімнің сапасын жоғарлату болып табылады.

Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің тағы бір  мақсаты - процестер мен бұйымдар, материалдар, шикізаттарды бақылау мен өлшеу нәтижелері бойынша қателік шешімдерді қабылдауды мүмкіндігінше рационалды минимумға дейін төмендету болып табылады.

Мемлекеттік метрологиялық қызмет (ММҚ) келесі жиындардан тұрады: мемлекеттік метрологиялық органдардан және өлшем бірлігін қамтамасыз ететін басқарулардан құрылады. Мемлекеттік метрологиялық қызметтің  негізгі функциялары:

·                     өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстарының үйлесімділігі;

·                     бірлік шамаларының эталондарын құру, бекіту, сақтау және қолдануына қарай ережелерді бекіту;

өлшеу нәтижелеріне, әдістеріне және құралдарына жалпы метрологиялық талаптарды анықтау;

·                     мемлекеттік метрологиялық бақылау мен басқару,

·                     метрологиялық жұмыстарды жоспарлау және орындалуын ұйымдастыру;

ММҚ-ң құрамына мемлекеттік ғылыми-метролоигялық орталықтар және метрологиялық қызметтің ғылыми-зерттеу институты, стандарттау және метрология орталығы кіреді.

Ғылыми орталықтар мемлекеттік эталондарды ұсынып тұрады. Өлшеу теориясы бойынша зерттеулерді жүргізеді және дәл өлшейтін әдістерді және принциптерді тұрғызады, өлшеу жүйесін кеңейту мақсатында ғылыми әдістемелік негіздер жасайды.

Мемлекеттік эталондардың әртүрлі орталықтары физикалық шамалар бірлігі арқылы мамандандырылады (ұзындық және масса, магнит шамалары, қысым және заттардың қасиетттері).

Осы қызметтердің әрекеттерін ҚР-ң МЕМСТ-і бақылайды және олардың жұмыстарын реттеп отырады.

Метрологиялық қызметінің базасы. Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді басқарудың негізгі формасының бірі, дәл өлшеуді талап ететін және қамтамасыз ететін сапалы және толық орындалуы, ережелер мен нормаларды, принциптерді, жағдайларды тәртіпке белгілеу болып табылады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1458 | Комментарии: 3 | Теги: салыстырып тексеру және калибрлеу, жөндеу, оларды өндіру, Өлшем құралдарының түрін бекіту | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Жазира   (29.11.2016 08:44)
лекция

1 Жазира   (29.11.2016 08:43)
Өлшем құралдарының түрін бекіту, оларды
өндіру, жөндеу, салыстырып тексеру және калибрлеу


Имя *:
Email:
Код *: