-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Кілтекті және көпкілтекті біріктірулер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

Кілтекті және көпкілтекті біріктірулер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

 

Кілтекті біріктірулердің өзара ауыстрымдылығы

 

     Кілтектер біліктерде немесе осьтерде орналастырылатын айналмалы бөлшектерді (шкивтерді, тісті донғалақтарды, жұлдызшаларды және т.б.). біріктіріп қосатын бөлшектер. Кілтекті біріктірулер біліктегі айналым моментті орнатылған бөлшекке  берілуін қамтамасыз етуге негізделеді.

  Өндіріс саласында қолданылатын кілтектер арасында көбінесе тараған түрлері: призматикалық және сегменттік.

Призматикалық кілтектер біріктірулерінің өлшемдері ГОСТ 23360-78 (СТ СЭВ 189-75, СТ СЭВ 189-79) бойынша анықталады. 

 

    Орындалу түрі I         Орындалу түрі II     Орындалу түрі III

114-сурет. Призматикалық кілтектер

 

    Кілтектер денесінің жұмыс атқарушы беттері болып енінің бүйіржақ беттері табылады, сондықтан орнықтырулар олардың ені  b бойынша білік жүйесінде атқарылады.

 

115-сурет. Призматикалық кілтектер біріктіруі

 

   Біріктіру сипаттамасына және жұмыс атқару жағдайларына байланысты «білік-төлке» біріктіруінің номиналды диаметрі dбойынша келесі дәлдік шегі аудандары (27 кесте) қолдануға ұсынылады.

                                                                                                                  

 27 кесте

Жұмыс атқару жағдайы

Қолдануға ұйлесті дәлдік шегі аудандары

Орнықтырулар

тесікке

білікке

Дәлдікті центрлеуге

H6

j6 k6 m6 n6

өтпелі

Үлкен динамикалық жүктемелерде

H7

H8

s7

x8 u8 s8

тығыздықты

Төлке білік бойымен ығысу жағдайында

H6

H7

h6

h7

саңлаулы

 

 Біріктіру сипаттамасына байланысты «кілтек-білік ойымы» және «кілтек-төлке ойымы» біріктірулерінде, стандарт бойынша еркін, нормальді, тығыздықты орнықтырулары орнатылған (116-сурет).

 

116-сурет. Призматикалық кілтектер орнықтырулары

 

Қолдануға келесі дәлдік шегі аудандары (28 кесте) орнатылған.

                                                                                                                    28 кесте

Біріктіру түрі және өндіріс сипаттамасы

Ұсынылған дәлдік шегінің аудандары

Кілтек ені

Біліктегі ойым ені

Төлкедегі ойым ені

Еркін біріктірулер (бағыттаушы кілтектер)

 

h9

 

H9N9

 

D10

Нормальдік біріктірулер (сериялы және жаппай өндірісте)

 

h9

 

N9

 

D10, J9

Тығыздықты біріктірулер (жеке өндірісте)

 

h9

 

P9

 

J9

 

    Еркін біріктірулер бағыттаушы кілтектер үшін және кепілдікті саңылаулы орнықтыруларды қамтамасыз ету үшін, одан кейін термиялық өңделген бөлшектерді  жинақтауы жеңіл болу  үшін қолданылады.  

   Нормальдік біріктірулер  ірі-сериялы және  жаппай өндіріс ұйымдастыру жағдайында біріктірулерді қамтамасыз ету жағдайында қолданылады.  

  Тығыздықты орнықтырулар  жеке және сериялы  өндіріс ұйымдастыру жағдайында қозғалмасты біріктірулерді қамтамасыз ету жағдайында, ауыр және соққылы, екі бағытта жұмыс атқаратын біріктірулер  үшін қолданылады.  

   Кілтектер денесінің қима өлшемдері  (b х h), ойымдар тереңдіктері  t1 және t2 және т.б. өлшемдері орнатылатын орнына, яғни білік диаметріне қатысты, стандарттар кестелері бойынша анықтайды.

   Кілтектер денесінің ұзындығы өлшемдерің Ra20 қатарлары (ГОСТ 6636-69) бойынша: 10; 12; 14; 16; 18; 20; 22; 25; 28; ; 32; 36; 40; 45; 50; 56; 63; 70; 80; 90; 100; 110; 125; 140; 160; 180; 200; 220; 250; 280; 320; 360; 400; 450; 500мм  қабылдайды.

   Кілтекті біріктірулердің басқа өлшемдері қосылмайтын өлшемдер қатарына, яғни орнықтыруға тікелей қатысты емес болып табылады, сондықтан оларға жеке келесі дәлдік шегі аудандары  орнатылған:

Ø   кілтек биіктігі                                                h    - h11

Ø   кілтек ұзындығы                                           ℓ     - h14

Ø   білік бойындағы ойым ұзындығы               ℓB     H15

Ø   төлке бойындағы ойым ұзындығы              ℓBT   H15

Ø  білік ойымын жонғыштау тереңдігі              t1      H12

Ø  втулка ойымын жонғыштау тереңдігі           t2       -H12

 

            ( d- t) және ( d +t) өлшемдерінің шекті ауытқулары

                                                                                                                     29 кесте

Шпонка    биіктігі,h

 

 d- t1

d +t2

Шпонка  биіктігі,h

 

d- t1

d +t2

2 астан 6 дейін

  0

-0,1

+0,1

  0

18 астам 50 дейін

 0

-0,3

+0,3

  0

6 астан 18 дейін

 0

-0,2

+0,2

  0

50 астам 95 дейін

 0

-0,4

+0,4

  0

 

      Сегменттік кілтекті біріктірулердін өлшемдері ГОСТ 240071-80 (СТ СЭВ 671-77) бойынша анықталады және олардын өлшемдері халықаралық стандарт ISO 3912-77 толық сәйкес (117-сурет).

     Біріктіру сипаттамасына байланысты «кілтек-білік ойымы» және «кілтек-төлке ойымы» біріктірулерінде, сегменттік кілтектер үшін стандарт бойынша, тек қана нормальді және тығыздықты орнықтырулары орнатылған. Нормальді біріктіруде: біліктегі кілтек ойымына - N9, төлкедегі  кілтек ойымына - J9; тығыздықты біріктіруде: біліктегі кілтек ойымына - P9, төлкедегі  кілтек ойымына - P 9.

Сегменттік кілтектер өлшемдеріне келесі шекті ауытқулар орнатылған:

Ø  кілтек ені                       bh9

Ø  кілтек биіктігі               һ - h11

Ø  кілтек диаметрі             d - h12

 

Орындалу түрі I                   Орындалу түрі II  

 

117-сурет.Сегменттік кілтектер

 

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 1300 | Теги: Кілтекті және көпкілтекті біріктіру, бақылау әдістері мен аспаптары. | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: