-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Кілтекті біріктірулер бөлшектерін бақылау әдістері мен аспаптары

Кілтекті біріктірулер бөлшектерін бақылау әдістері мен аспаптары

 

   Кілтекті біріктірулер  бөлшектерінің өлшемдерін дифференциялды әдіс бойынша бақылау (әрбір параметрді жеке) үшін әмбебап өлшеу жабдықтарын қолдануға болады, бірақ  ол көп уақыт жаратуын талап етеді. Сондықтан, өндіріс орындарында кілтекті біріктірулер өлшемдерін, шекті мөлшерлер көмегімен бақылайды.

  Біліктегі және төлкедегі ойымдар ендерін  b өтетін және өтпейтін шеттері бар тілімшелермен тексереді (118а-сурет). Төлке ойымы тереңдігі  ( d +t), білік ойымы тереңдігі ( d- t) өлшемдерін мөлшер-тығын және мөлшер-сақина  жабдықтарымен тексереді.

Ойымдар ендерін және олардың симметриялықтан ауытқуын бақылау үшін кешенді  мөлшер-тығын (118б-сурет), және мөлшер-призма (118в-сурет) қолданылады.

 

               

                              а)                                       б)

                                      в)

118-сурет. Кілтекті біріктірулер  бөлшектерін бақылау мөлшерлері

 

Көпкілтекті  біріктірулер өзара ауыстырымдылығы

 

   Көпкілтекті біріктірулер кілтекті біріктірулермен салыстырғанда, өңдеуі күрделілігіне қарамастан, кеңінен қолданылып келе жатыр. Ол олардың келесі артықшылығына байланысты: жақсы центрленуі және білікке орнатылған бөлшектердің дұрыс бағытталуы; тістер биіктігі бойынша жүктеменің бірқалыпты таралуы; кернеулер  шоғырлануының кемуі.

   Көпкілтекті біріктірулер негізделуіне, жұмыс атқару жағдайларына, құрылымдылық ерекшеліктеріне байланысты үш түріне бөлінеді: тік тісті, эвольвентті және үш бұрышты (профиль бұрышы 300).

 

Тік тісті көпкілтекті біріктірулер орнықтырулары және дәлдік       

           шектері

 

      Тік тісті көпкілтекті біріктірулердің (119-сурет) өлшемдері ГОСТ 1139-80 (СТ СЭВ 187-75 және СТ СЭВ 188-75) бойынша  орнатылған және олар атқаратын бұраушы моменттер мәндеріне қатысты: жеңіл, орташа, ауыр сериялы болып бөлінеді.

            

119-сурет. Тік тісті көпкілтекті біріктірулер бөлшектерінің түрлері

 

       Біріктірулердің   сериялары өзара тістер биіктіктерімен және олардың санымен ажыратылады.

   Жеңіл сериялы біріктірулер қозғалмайтын немесе аз мәнді жүктелген (төлкесі білік бойынша ығысуға мүмкіндігі бар) біріктірулерде қолданылады, тістер саны  Z=6,8,10 болады.

   Орташа сериялы біріктірулер төлкесі орташа мәнді жүктелген (төлкесі білік бойынша жүктемесіз қозғалатын) біріктірулерде қолданылады, тістер саны Z=6,8,10 болады.

   Ауыр  сериялы біріктірулер  ең ауыр жүктелу жағдайында қолданылады, тістер саны  Z=10,16,20 болады.

   Көпкілтекті біріктірулерді қозғалысты (беріліс және үйлестіруші қорабтарының  тісті доңғалақтары, қосушы және ажыратушы жалғастырғыштар), одан кейін  қозғалыссыз деп бөледі.

  Техникалық және пайдалану талаптарына байланысты білік пен төлке центрленуі келесі әдістердің біреуі бойынша орындалады:  сыртқы диаметр(D), ішкі диаметр (d) немесе тістер ені b) бойынша.

                            а                                  б                                    в

120-сурет. Көпкілтекті біріктірулер центрлеу әдістері

 

  Сыртқы диаметр бойынша центрлеу әдісін, егер төлке бөлшегінің материалы термиялық өңделмеген болса, яғни оны тартажону өңдеуі арқылы өлшемдерінің дәлдіктілігін қамтамасыз ету   мүмкіндігі болған кезде, қолданады. Бұл кезде, көпкілтекті білікті сыртқы диаметрі бойынша ажарлап өңдейді. Центрлеу әдістерінің арасында, бұл ең қарапайым және тиімді әдіс болып табылады.

   Ішкі диаметр бойынша центрлеу әдісін, төлке бөлшегінің материалы термиялық өңделген, беттері өте қаттылықты, оларды тек қана ішкі беттерін ажарлау арқылы өңдеуге болатын жағдайда қолданады. Бұл кезде, біліктің ішкі диаметрін дәлдікті өңдеу үшін, көпкілтектерді іштей ажарлаушы білдегін қолданады. Бұл әдіспен өндеу кезінде, өте жоғары дәлдікті центрленуі жетіледі, бірақ өнім бағасы қүрт өседі.

  Тістер ені бойынша центрлеу әдісін, төлке және білік бөлшектерінің  дәлдікті центрленуі орындалмайды,  бірақ тістер арасындағы  әсер етуші күштерді бірқалыпты тарату мүмкіндігі пайда болады. Сондықтан бұл әдісті өте үлкен мәнді айналым моменттерімен жүктелген, таңбалары өзгермелі жүктеме берілген кезде, тістер ені бойынша саңлау мәндері минималды болуы қажет болған жағдайында қолданады.

   Қажетті жағдайларда тістер ені бойынша және қосымша бір диаметр бойынша центрлеуге болады. Бірақ өнім бағасы өсу әсеріне байланысты, ол техникалық және экономикалық жағынан дәлелденуі тиісті.

Тік тісті көпкілтекті біріктірулердің дәлдік шектері және оларға ұсынылатын орнықтырулар (30 кесте) көрсетілген.

 

Тік тісті көпкілтекті біріктірулер шартты белгіленуі

 

Сыртқы диаметр D бойынша центрленген тік тісті көпкілтекті біріктірулер шартты белгілеуінің мысалы 121-сурет көрсетілген.

 

121-сурет. Тік тісті көпкілтекті біріктірулер шартты белгілеу көрінісі

Сыртқы диаметр бойынша центрлеу шартты белгілеуінің мысалы:

Ø  біріктіру     D - 8 x 36 x 40 x 7

Ø  тесік            D - 8 x 36 x 40H7 x 7F8

Ø  білік            D - 8 x 36 x 40f7 x 7f7

 Ішкі диаметр  бойынша центрлеу шартты белгілеуінің мысалы:

Ø  біріктіру   d - 8 x 36 x 40 x 7

Ø  тесік            d - 8 x 36 H7  x 40H12 x 7D9

Ø  білік            d - 8 x 36 f7 x 40a11 x 7h9

Тістер ені b бойынша центрлеу шартты белгілеуінің мысалы:

Ø  біріктіру   b - 8 x 36 x 40 x 7

Ø  тесік            b - 8 x 36 x 40H12 x 7D9

Ø  білік            b - 8 x 36 x 40a11 x 7 f8

 

         Тік тісті көпкілтекті біріктірулердің дәлдік шектері және қолдануға

                                     ұсынылатын орнықтырулар                                                                                                    

30 кесте

 

Көрініс

 

Центрлеуші

элемент

Сыртқы диаметр бойынша центрлеу  D

Ішкі диаметр бойынша центрлеу  d

Тістер ені бойынша центрлеу  b

Орнықтырулар

d

D

b

d

D

b

d

D

b

 

Қозғалмалы

біріктірулер

 

 

 

-

 

 

 

 

 

 

-

 

 

 

Қозғалмасты

біріктірулер

 

 

-

 

 

 

 

 

 

 

-

 

 

 

Ескертулер:

1. ГОСТ 1139-80 бойынша  көрсетілгеннен басқа орнықтырулар қолдануы мүмкін

2. Жақтамаларға алынған орнықтырулар қолдануға үйлесті

 

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 1550 | Теги: Кілтекті біріктірулер бөлшектерін б | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: