-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Халықаралық стандарттарды даярлау ережелері.

Халықаралық стандарттарды даярлау ережелері.

Халықаралық стандарттарды даярлау ережелері, ИСО органдарының, олардың секретариаттарының функциялары ИСО Кеңесімен бекітілетін «ИСО-ның техникалық жұмыстары бойынша директивасымен» анықталған.

  1972 жылға дейін ИСО-ның техникалық комитеттері халықаралық ұсынымдарды шығаратын. Бірақ 1970 жылы ИСО-ның Бас ассамблеясында Анкарада халықаралық ұсынымдардың атауын халықаралық стандарттар деп өзгертуге шешім қабылданды. ИСО стандарттарының атауын өзгерту жеке мемлекеттермен оларды қолдану тарапынан олардың мәртебесін өзгертпеді. ИСО халықаралық стандарттарын қолдану ерікті болып табылады. ИСО халықаралық стандарттары стандарттау мәселелерін шешуде алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибелер жинақтайды және мемлекеттер арасындағы саудаға маңызды әсерін тигізетінін ескерсек, оның жаңа атауы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін бұл құжаттардың маңыздылығын дәл бейнелейді.

         Халықаралық стандарттарды даярлау бірнеше кезеңнен тұрады:

1. Халықаралық стандартты даярлауды ТК жұмыс бағдарламасына кіргізу туралы ұсынысты қарау. Бұл ұсыныс ТК немесе ШК секретариатымен бұл стандартты даярлау пайдалылығын негіздеумен бірге барлық белсенді мүшелерге жіберіледі.

2. Құжаттың даярланған жұмыс жобасына жалпы келісім алған жағдайдаТК немесе ПК отырысында немесе хат алмасу жолымен ол халықаралық стандарт бойынша ұсыныс жобасы ретінде тіркеу үшін ИСО Орталық секретариатына көрсетіледі. Оған халықаралық стандартты жариялауға дейін өзгермейтін нөмір беріледі.

3. Ұсыныс жобасы барлық белсенді мүшелерге ескертпеге жіберіледі және олардан ескертпе алғаннан кейін берілген ТК немесе ШК халықаралық отырысы шақырылады, онда көрсетілген құжаттың техникалық мазмұны талқыланады.  Әдеттегідей, бір отырыс барысында өзара келісуге боларлық шешімге келе алмайды, сондықтан әрбір отырыстан кейін жоба қайта қарастырылады, қайтадан жіберіледі және қайтадан талқыланады. Бұл жобалар бірінші жоба, екінші жоба және т.с.с. аталады. Халықаралық стандарттардың даярлау мерзімін қысқарту үшін осындай жобаны даярлау үштен артық болмауы қажет. Үшінші жоба бойынша да шешім  қабылдау мүмкін болмаған жағдайда ТК стандарт жобасымен ары қарай жұмыс істеу мақсаттылығы туралы шешім қабылдайды.

         ТК немесе ШК белсенді мүшелері жалпы келісімге келген соң ИСО талаптарына сай ресімделген ұсыныс жобасы  халықаралық стандарт жобасы ретінде тіркеу үшін және ТК немесе ШК мүшелерінің дауыс берулеріне жіберу  үшін ИСО Орталық секретариатына жіберіледі. Жобаны ТК немесе ШК белсенді мүшелері дауыс беру нәтижесінде мақұлдағаннан кейін жоба ИСО мүше-комитеттеріне дауыс беруге жіберіледі, яғни ИСО жұмысына қатысатын елдердің стандарттау бойынша ұлттық ұйымдарына жіберіледі.  Бұл ТК мемлекеттің пікірі кейде стандарттау бойынша ұлттық ұйымның пікірімен сай келмеуіне байланысты болады.

         Халықаралық стандарт жобасы, егер берілген ТК-тің  белсенді мүшелерінің көпшілігі оған дауыс берсе немесе дауыс беруге қатысқан барлық мүшелердің 75 % дауыс берсе, қабылданады. 

         Халықаралық стандарттың ИСО Орталық секретариатымен бастырып шығарылуы.

         Халықаралық стандартты даярлауға орташа есеппен 5-6 жыл, кейде одан да көп кетеді. Бұл мемлекеттердің стандартқа қандай талаптар кіргізілетініне немқұрайлы қарамайтынынан туып отыр, өйткені ұлттық стандарттан айырмашылығы бар  халықаралық стандартты қабылдау салдарынан ұлттық стандарттарды өзгерту өнеркәсіпті қайта жабдықтауды, өндірістің технологиялық үрдістерін өзгертуді талап етеді, яғни экономикалық шығындармен байланысты болмақ. Айта кетсек, ИСО даярланған стандарттарының негізгі бөлігі өнімдерді сынау әдістеріне, жіктеуге, терминологияға және т.б. таратылады. 1985ж. ИСО стандарттар каталогында келтірілген мәліметтер негізінде осы ұйымның халықаралық стандарттарының тек 20 % ғана өнімге қойылатын техникалық талаптар бар екені есептелген.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 842 | Теги: Халықаралық стандарттарды даярлау е | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: