-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Кешенді стандарттау

Кешенді стандарттау

 Кешенді стандарттаукешенді стандарттау объектісінің өзіне және оның негізгі элементтеріне де, мәселеге әсер ететін материалдық және материалдық емес факторларға да  өзара алмастырылатын талаптар жүйесін  мақсатты бағыттау мен жоспарлау түрінде белгілеуді және қолдануды жүзеге асыратын стандарттау түрі.

Кешенді стандарттаудың мәніталап етілген мерзімде өнім сапасының экономикалық оңтайлы деңгейін қамтамасыз ететін барлық өзара әрекет ететін факторларды жүйелендіру, оңтайландыру және байланыстыру.  Машиналар және т.б. бұйымдардың сапасын анықтайтын негізгі факторларға мыналар жатады:

-                машиналар конструкциясын және жобалау мен есептеу әдістерін (оларды құрайтын бөліктері мен бөлшектерін) беріктікке, сенімділікке  және дәлдікке жетілдіру;

-                қолданылатын шикізат, материалдар, жартылай фабрикаттардың сапасы;

-                үйлестіру, агрегаттау және стандарттаудың дәрежесі;

-                технология және өндіріс құралдары, бақылау және сынақтан өткізудің деңгейі;

-                 машиналардың өзара алмастырылу, өндірісті ұйымдастыру және пайдалану деңгейі;

-                жұмысшылардың біліктілігі және олардың жұмысының сапасы.

         Машиналардың жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін көрсетілген факторларды оңтайландыру қажет, мысалы, автомобиль өндірісінде бұйымдар мен материалдардың 4000-ға жуық атауларын, өнеркәсіптің көптеген салаларының зауыттарында шығарылатын технологиялық жабдықтар, құрал-саймандар және бақылау құралдарының мыңдаған түрлерін қолданады. Кешенді стандарттау өзара байланысқан стандарттардың және техникалық шарттардың кешенін даярлауға мүмкіндік береді, көптеген орындаушы ұйымдардың қызметтерін байланыстырады.

Кешенді стандарттаудың бағдарламаларын даярлау және орындау мәселелері болып табылады:

-қоғамдық өндіріс, техникалық деңгей және өнім сапасының барынша тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету, барлық ресурс түрлерін үнемдеу тәртібін нығайту;

-ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құрылымдық жұмыстардың нәтижелерін  және ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдану негізінде НТП жылдамдатуда стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін және олардың ұйымдастырушылық рөлін жоғарылату;

-өнімнің маңызды түрлеріне кешенді стандарттау бағдарламасын орындауға жәрдемдесу.

Кешенді стандарттау бағдарламасының тізімдемесін, министрліктер және ведомстволардың ұсыныстарын ескере отырып, уәкілетті мекеме даярлайды. Бұл ұсыныстарды саланың дамуын болжау және тұтынушылардың сұранысын зерттеу арқылы даярлайды. Шикізат, материалдар, жинақтаушы бұйымдарды стандарттаудың озыңқы дамуы қарастырылады. Соңғы бұйымдарды өндіру үшін қолданылатын салааралық қолданудағы жинақтаушы бұйымдар, материалдар және сатып алынатын бұйымдар осы бұйымның кешенді стандарттау бағдарламасына кіргізілуі қажет. Кешенді стандарттаудың осы объектілері бойынша бағдарлама даярлаушылар олардың сапасына қойылатын озыңқы талаптарды және жаңа стандарт бойынша шығарылу мерзімін анықтаулары қажет.

Кешенді стандарттау бағдарламасын келесі қағидалар негізінде даярлайды:

- жүйелілік қағидасы – техникалық прогресс және өнім сапасын жоғарылату адамдардың еңбегі, еңбек құралдары және еңбек мәні (өндірістің барлық кезеңдерінде шығарылатын өнім) кіретін өндіріс үрдісіне жүйелі келудің объективті қажеттілігін тудырды;

- кешенділік және оңтайлы шектеу қағидасы – стандарттауда өзара байланыстағы материалдық және материалдық емес элементтер кешеніне қойылатын талаптар және сипаттамалар жүйесін қарастырады;

- Стандарттардың прогрестігі және оңтайландыру. Стандарттармен белгіленетін көрсеткіштер, нормалар, сипаттамалар және талаптар ғылым мен техниканың әлемдік деңгейіне сай келуі қажет. Өнімнің жаңа сапасының тиімділігін ғана емес оны даярлауға шығатын шығын, шикізат және т.б. есепке алатын экономикалық оңтайлы сапа көрсеткішін белгілеу қажет;

- бұйымның стандарттауын және функционалдық өзара алмастырылуын қамтамасыз ету қағидасы – пайдалану көрсеткіші бойынша бұйымдардың өзара алмастырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді – басты болып саналады;

- стандарттардың өзара байланыс қағидасы– жалпытехникалық және салааралық стандарттардың, сондай-ақ терминдер мен анықтамалардың көптүрлілігінде өзара байланыста болуы қажет;

- стандарттарды даярлаудың ғылыми-зерттеу қағидасы – арнайы теориялық, эксперименттік және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізілуі қажет;

- артықшылық қағидасы– бөлшектердің типтік өлшемдері;

-динамикалық қағида– техникалық прогрестің талаптарына сәйкес келтіру мақсатында стандарттау объектілеріне қойылатын талаптарды әлсін-әлсін қарастырып тұру қажет;

- материалдарды ең аз салыстырмалы шығындау қағидасы – машина жасауда материалдар мен жартылай фабрикаттардың құны өнімнің жалпы өзіндік құнының 40-80% құрайды. Сондықтан материалдың салыстырмалы шығынын өнім бірлігіне төмендетудің маңызы өте зор.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2245 | Теги: Кешенді стандарттау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: