-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Көпкілтекті біріктірулер бөлшектерін бақылау аспаптары

Көпкілтекті біріктірулер бөлшектерін бақылау аспаптары

 

  Көпкілтекті біріктірулердің біліктері мен төлкелері жинақталуы үшін олардың параметрлері, пішін және орналасу ауытқулары белгіленген өлшемдер аралығында орналасуы тиісті. Тік тісті көпкілтекті біріктірулерін

(ГОСТ 1139-80, СТ СЭВ 187-75, СТ СЭВ 188-75) кешенді және дифференциялды әдістері бойынша бақылайды.

   Диференциялды әдіс бойынша центрлеуші диаметрлерді (немесе d) және шлицтің енін b бақылауы бойынша біріктірудің жинақталу мүмкіндігі туралы толық қортындауға болмайды, себебі пішін және орналасу ауытқулары толық анықталмайды.

  Сондықтан, кешенді әдіс бойынша көпкілтекті біріктірулер бөлшектерін бақылауын өтетін мөлшерлерімен (125а-сурет) бақылайды, ал жеке элементті бақылау үшін жеке элементті өтетін-өтпейтін мөлшерлер (125б-сурет) қолданылады.

125-сурет. Көпкілтекті біріктірулер бөлшектерін кешенді (а) және жеке элементті (б) бақылау мөлшерлері

 

  Кешенді мөлшермен көпкілтекіті білікті немесе төлкені бақылау кезінде тек қана бір орын-жағдайда тексеру орындалса жеткілікті, ал жеке элементті мөлшерлермен кемінде үш орын-жағдайда тексеру орындайды. Егер, жеке элементті мөлшерлермен бақылау кезінде, өтпейтін мөлшер бөлшектен өтетін болса, бөлшек жарамсыз болып табылады. 

  Тік тісті көпкілтекті біріктірулерді бақылаушы мөлшерлерінің дәлдік шектері ГОСТ 7951-80, ал эвольвентті тісті көпкілтекті біріктірулерді  бақылаушы мөлшерлерінің дәлдік шектері ГОСТ 7951-80 бойынша реттеледі.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 892 | Теги: Көпкілтекті біріктірулер бөлшектері | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: