-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Ілгерілмелі (озық) стандарттау

Ілгерілмелі (озық) стандарттау

ХХ ғ. ғылыми-техникалық революцияның қарқыны ғылыми идеяның пайда болуы және оны жүзеге асыру арасындағы уақыттың жылдам қысқаруына әкелді. Сонымен, радио үшін идеяның іс жүзіне асу кезеңі 35 жылға тең болды (1867-1902ж.ж.), теледидар үшін – 14 жыл (1922-1936ж.ж.), транзистор үшін бар болғаны 5 жыл (1948-1953ж.ж.). Бұл жылдам даму үрдісі машина және басқа бұйымдар құрылымына да, сондай-ақ өндіріс құралдары, әдістері, жаңа материалдарға да қатысты. Жабдықтардың, аспаптардың және механизмдердің моральдық ескіру мерзімі қысқарды, бұл оларды тез алмастыруға әкелді. Өндірістен бұйымды алып тастау белгісі болып сол міндетті атқаратын жаңа бұйым шығарудың экономикалық артықшылығы, оның зор техникалық мүмкіндігі, өте жақсы көрсеткіштері болып табылады. Осындай даму кезінде жүйелі түрде жаңаланбайтын стандарттар ҒТП тежегіші болуы мүмкін. Стандарттарды даярлағанда сәйкес салалардың дамуын талдау және болжау қажет, яғни стандарттар озыңқы болуы қажет.

Стандарттау ғылыми және техникалық жаңалықтарды басып оза алмайды, бірақ ол оларды өнеркәсіпке кеңінен енгізу үрдісін жылдамдатып, соларға негізделген болуы қажет. Озыңқы стандарттау идеясы 1929 жылы КСРО-да ұсынылды. Ақырғы жылдары тәжірибеде қолдану кеңінен өріс алды. Озыңқы стандарттау – келесі жоспарланған уақытта болжамға сәйкес оңтайлы болатын, стандарттау объектілерінің іс жүзінде жеткен деңгейінен артық талаптар мен нормалар қоятын стандарттау. Басып озу бұйымға толығымен, сондай-ақ оның маңызды сапа көрсеткіштері мен параметрлеріне де, өндіріс, сынау және бақылау әдістері мен құралдарына да қатысты болуы мүмкін.

Озыңқы стандарттаудың объектілері стандарттарды қолдану мерзімі кезінде оларға қалыпты қажеттілікте және олардың өзгеру мүмкіндігінде өнімдердің маңызды түрлері және процестер (нормалар, сипаттамалар, талаптар) болып табылады. Нормалар мен талаптар, қойылған мақсатқа аз шығындармен жететіндей оңтайлы болуы қажет, яғни өнімді жобалау, өндіру және пайдалануды есепке ала отырып ең жоғарғы ғылыми-экономикалық тиімділік алынады. Озыңқы стандарттар мемлекеттік, фирмалық және аймақтық болуы мүмкін.

Кешенді және озыңқы стандарттарды даярлағанда соңғы бұйымның сапа көрсеткішіне дайындама материалдың, технологиялық және басқа факторлардың сапа көрсеткіштерінің сандық байланыс және әсер ету дәрежесін белгілеу көп қиындық әкеледі. Бұл жерде функционалдық өзара алмастыру әдісі өте тиімді. Бұл мәселені екі кезеңмен шешеді: толығымен соңғы бұйымның талап етілетін сапа көрсеткішімен соңғы бұйымға кіретін тораптар және жеке агрегаттардың сапа көрсеткіштерінің байланысы мен әсер ету дәрежесі, сандық байланысты белгілеу; сол параметрлерді өндіріс және бақылау құралдарының дәлдігіне  қойылатын талаптармен байланыстыру және байланысын белгілеу. Кешенді және озыңқы стандарттау бағдарламасын даярлаушылар белгілеген сатып алынатын бұйымдар және материалдардың талап етілетін сапасына жету әдістерін оларды шығаратын зауыт белгілейді.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1505 | Теги: Ілгерілмелі (озық) стандарттау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: