-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Физикалық шама бірліктерін ұдайы өсіру және олардың мөлшерлерін беру. Өлшеулер бірлігі туралы ұғым

Физикалық шама бірліктерін ұдайы өсіру және олардың мөлшерлерін беру. Өлшеулер бірлігі туралы ұғым

 

Өлшеулер жүргізу кезінде олардың бірлігін қамтамасыз ету қажет. Өлшеулер бірлігі - өлшеулер сапасының сипаттамасы, оның нәтижелері заңдастырылған бірліктермен өрнектеледі, олардың мөлшерлері белгіленген шекте ұдайы өсірілген шамалардың мөлшерлеріне тең, ал өлшеулер нәтижелерінің қателіктері берілген ықтималдықпен белгілі болады және белгіленген шектен шықпайды. Бірлік ғылым мен техникаға қажет, кез-келген дәлдік кезінде қамтамасыз етілу керек. Мемлекеттік деңгейде өлшеулер бірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің стандарттарымен немесе метрологиялық қызмет органдарының нормативтік құжаттарымен регламенттеледі.

Бірлікті қамтамасыз ету үшін бірліктердің тепе-теңдігі қажет, оларда өлшеу құралдары градуирленген, оған физикалық шаманың белгіленген бірліктерін дәл ұдайы өсірумен және олардың мөлшерлерін қолданылатын өлшеу құралдарына берумен қол жеткізіледі.

Физикалық шаманың бірлігін ұдайы өсіру – мемлекеттік эталон немесе өлшеудің алғашқы үлгілік құралы арқылы ең жоғары дәлдікпен физикалық шама бірлігін материалдандыру бойынша операциялар жиынтығы.

Негізгі бірлікті ұдайы өсіру – бірліктің анықталуына сәйкес өлшемі бойынша белгіленген физикалық шама бірлігін ұдайы өсіру. Мемлекеттік бірінші реттік эталондардың көмегімен жүзеге асырылады.

Туынды бірлікті ұдайы өсіру – өлшенетін шамамен функционалды байланысқан, басқа шамаларды жанама өлшеу негізінде көрсетілген бірліктер-дегі физикалық шаманың мәндерін анықтау. (Мысалы: F=m*g механика теңдеуі негізінде Ньютон күші бірлігін ұдайы өсіру).

Бірлік өлшемін беру – бұл тексерілетін өлшеу құралымен сақталатын, физикалық шаманың өлшемін, оларды тексеру және калибрлеу кезінде жүзеге асырылатын, эталонмен ұдайы өсірілетін немесе сақталатын бірлік өлшеміне келтіру. Бірлік өлшемі "жоғарыдан – төмен қарай” – аса дәл өлшеу құралдарынан кемірек дәл өлшеу құралдарына беріледі.

Бірлікті сақтау – берілген өлшеу құралына тән, бірлік өлшемі уақытындағы өзгеріссіздікті қамтамасыз ететін, операциялар жиынтығы.

Физикалық шама бірліктерінің эталондары

Эталон – тексеру сұлбасы бойынша төменде тұрған оның өлшемін беру және бірлікті ұдайы өсіру және сақтау үшін тағайындалған, өлшеулер құралы (немесе ӨЖ кешені). Эталондардың жіктелуі, тағайындалуы және оларды құруға, сақтауға және қолдануға қойылатын жалпы талаптарды МСТ 8.057-80 «МӨЖ. Физикалық шама бірліктерінің эталондары. Негізгі ережелер» анықтайды.

Эталон өзара байланысқан үш қасиетті иелену керек: тұрақтылық, ұдайы өсушілік және салыстырмалылық.

Тұрақтылық – эталонның ұзақ уақыт бойында ұдайы өсіретін бірлігінің өлшемін тұрақты етіп ұстап тұратын қасиеті, бұл кезде сыртқы шарттарға тәуелді болатын барлық өзгерістер, дәл өлшеуге қол жетерлік шамалардың функциялары болу керек.

Ұдайы өсушілік – өлшеу техникасын дамытудың қолданылып жүрген деңгейі үшін ең аз қателігі бар физикалық шаманың бірліктерін ұдайы өсіру мүмкіндігі.

Салыстырмалылық – өлшеу техникасын дамыту деңгейі үшін ең жоғары дәлдікпен тексеру сұлбасы бойынша төмен тұрған басқа өлшеу құралдарының эталонымен салыстыруды қамтамасыз ету мүмкіндігі.

Эталондардың келесі түрлерін ажыратады:

- алғашқы реттік – бірлікті ең жоғары дәлдікпен ұдайы өсіруді және сақтауды қамтамасыз етеді. Бұл теңдессіз күрделі өлшеу кешендері, олар өлшеулер бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің негізін құрайды;

- арнайы – бірлікті ерекше жағдайларда ұдайы өсіруді қамтамасыз етеді, оларда бірлік өлшемін алғашқы реттік эталоннан талап етілетін дәлдікпен тура беру жүзеге асырылмайды, және осы шарттар үшін алғашқы реттік эталон болып табылады;

- мемлекеттік – бұл ел үшін бастапқы ретінде басты метрологиялық органмен ресми бекітілген, алғашқы реттік немесе арнайы эталон. Оларды орталық ғылыми институттар құрайды, сақтайды және қолданады, оларды басқа елдердің мемлекеттік эталондарымен кезең сайын салыстырады;

- екінші реттік – сәйкес физикалық шаманың алғашқы реттік эталонымен салыстырумен алынған бірлік өлшемін сақтайды. Екінші реттік эталондар тексеру жұмыстарының қажеттілігі кезінде және мемлекеттік эталонның сақталуын және аз тозуын қамтамасыз ету үшін құрылады.

Метрологиялық тағайындалуы бойынша екінші реттік эталондар мына түрде бөлінеді:

- эталон-көшірме – бірлік өлшемін жұмыстық эталонмен беру үшін тағайындалған.

- эталон-салыстыру – қандай да бір себептер бойынша бір-бірімен тікелей салыстырыла алмайтын, эталондарды салыстыру үшін қолданылады;

- эталон-куәгер – мемлекеттік эталонның сақталғандығы мен тұрақтылы-ғын тексеру және бүлінген немесе жоғалған жағдайда оны ауыстыру үшін тағайындалған. Қазіргі уақытта тек килограмм эталонының ғана эталон-куәгері бар. Ол негізгі эталонның тұрақтылығын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

- жұмыстық эталон – бірлік өлшемін жұмыстық өлшеулер құралдарына беру үшін қолданылады. Ведомстволардың, министрліктердің зертханаларында және территориялық метрологиялық органдарда ең көп таралған.

Мемлекеттік алғашқы реттік және арнайы эталондардың қателіктері жоққа шығарылмаған жүйелі қателікпен, кездейсоқ қателікпен және тұрақсыздықпен сипатталады. Жоққа шығарылмаған жүйелі қателік оның шекараларымен сипатталады. Кездейсоқ қателік тәуелсіз өлшеулер санын көрсетіп, бірлікті ұдайы өсіру кезінде өлшеулер нәтижесінің орташа квадраттық ауытқуымен (ОКА) анықталады. Тұрақсыздық белгілі уақыт аралығында эталонмен ұдайы өсірілетін немесе сақталатын, бірлік өлшемінің өзгерісімен беріледі. Эталондар қателіктерін өрнектеу тәсілдерін МСТ 8.381-80 «МӨЖ. Эталондар. Қателіктерді өрнектеу тәсілдері» анықтайды.

Екінші реттік эталондар қателіктерін бағалау олармен сақталатын бірліктер өлшемдерінің алғашқы реттік эталонмен ұдайы өсірілетін бірлік өлшемінен ауытқуымен сипатталады. Екінші реттік эталон үшін жиынтық қателік көрсетіледі.

Өлшемдерді эталондардан жұмыстық өлшемдер мен аспаптарға беру жұмыстық эталондардың көмегімен жүзеге асырылады, оларды үлгілі өлшеу құралдары деп атайды.

Жұмыстық эталондар тексеру сұлбасына сәйкес олардың қосымша бағыну тәртібін анықтайтын, 1, 2 және т.б. разрядтарға бөлінеді. Өлшеулердің әр түрлері үшін өлшеулердің берілген түрі үшін тексеру сұлбаларына арналған стандарттармен анықталатын, жұмыстық эталондар разрядтарының әр түрлі саны анықталады.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1473 | Теги: Физикалық шама бірліктерін ұдайы өс | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: