-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Эвольвентті көпкілтекті біріктірулер дәлдік шектері және орнықтырулары

Эвольвентті көпкілтекті біріктірулер дәлдік шектері және

          орнықтырулары

 

    Эвольвентті көпкілтекті біріктірулер тік тісті көпкілтекті біріктірулер алдында келесі артықшылықтары бар: номиналды  өлшемдері бірдей болған жағдайдың өзінде, олар көп айналу моментін астам беруін қамтамасыз етеді, одан кейін қосылатын бөлшектер жақсы центрленеді және жүктеме әсер ету кезінде бөлшектер өзара өздігінен орнығу қасиеттері бар.

    ГОСТ 6033-80 (СТ СЭВ 259-76, СТ СЭВ 269-76, СТ СЭВ 517-77) бойынша тістер бүйірлерісыртқы диаметрі бойынша центрлеу әдістері орнатылған. Осы стандарттар бойынша бастапқы контур, тістер пішіні, тістер модулі, тістер саны,  дәлдік шектері мен орнықтырулары орнатылған.

    Тістер бүйірлері бойынша центрлеу кезінде втулка ойымының ені е және білік тісінің қалыңдығы s шекті ауытқуларын, оларға ортақ  бөлуші шеңбердің номиналды өлшемі бойынша есептеп алады.

122-сурет. Эвольвентті тістер пішіні және центрлеу түрлері

               

    Тістер бүйірлері бойынша центрлеу кезінде дәлдік шегінің екі түрі орнатылған:

Ø  Тe (Т) - төлке ойымының (білік тісі қалыңдығының) ені. Бұл дәлдік шегі жеке элементті бақылауды орындау кезінде бақыланады;

Ø  Т - төлке ойымының (білік тісі қалыңдығының) ені мен беттер пішінің және орналасу ауытқуларын қамтитын қосынды дәлдік шегі. Бұл дәлдік шегі кешенді бақылауды орындау кезінде бақыланады.

 

   Негізгі және шекті ауытқулар, дәлдік шегі белгілеуі  123-суретте көрсетілген.

    Модуль мәндері 0,5мм бастап 10мм дейін аралығына сәйкес біріктірулер  элементтеріне дәлдік дәрежелері және төлке ойымдары еніне, білік  тістері қалыңдығына негізгі ауытқулар қатарлары орнатылған.

    Осы ауытқулар негізінде  тістер бүйір беттері бойынша қолдануға ұсынылатын орнықтырулар қарастырылған  (31 кесте).

  Олардың белгілеулері, тегіс цилиндрлі біріктірулерде қолданылатын белгілеуден ерекше болу үшін, көпкілтекті біріктірулерде бірінші орында дәлдік дәрежесі, ал екінші орында негізгі ауытқу көрсетіледі.

 

123-сурет. Дәлдік шегі аудандары:

1- тіс ойымы енінің (тіс қалындығының) дәлдік шегі;

2- профиль элементтері пішінің және орналасу ауытқуларының дәлдік шегі.

 

         Тістер бүйір беттері бойынша орнықтырулар (ГОСТ 6033-80)               

31 кесте 

Төлке ойымы енің

дәлдік шегі аудандары

Білік тістерінің қалыңдығы бойынша дәлдік шегі аудандары

9r

8p

7n

8k

7h

9h

9g

7f

8f

10d

 

7H

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

9H

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

11H

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

-

 

 

 

 

 

Сыртқы диаметр бойынша центрлеу кезінде центрлеуші диаметрлер Dжәне dа өлшемдеріне дәлдік шегі аудандары және оларға байланысты түрлері орнатылған (32 кесте).

Центрлеуші  диаметрлер  дәлдік шегі аудандары (ГОСТ 6033-80)              

32 кесте

Центрлеуші  диаметр

Дәлдік  шегі аудандары

1 қатар

2 қатар

Df

H7

H8

dа

n6, j6, h6, g6, f7

n6, h6, g6, f7

 

   Дәлдік  шегі аудандарын таңдап қабылдау кезінде 2 қатардағы мәндеріне қарағанда 1 қатардағы мәндер жолы үстем.

   Төлке ойымының ені  е бойынша  немесе 11Н дәлдік  шегі аудандарын,  ал білік тістері қалыңдығы s бойынша 9h, 9g9d, 11с, 11а дәлдік  шегі аудандарын орнату ұсынылады.

   Центрленбейтін диаметрлер дәлдік  шегі аудандары 33 кестеде көрсетілген.

 

Центрленбейтін диаметрлер дәлдік  шегі аудандары (ГОСТ 6033-80)              

                                                                                                           33 кесте

Центрлеу  түрі

Центрленбейтін диаметрлер

Ойым түбінің пішіні

Дәлдік  шегі аудандары

Тістер бүйір беттері бойынша

Df

жазық

H16

дөнгелетілген

Dfmin =D

Da

-

H11

Da

-

d9, h12

df

жазық

h16

дөнгелетілген

dfmax =D-2,2m

Сыртқы диаметр бойынша

Da

жазық

h16

df

дөнгелетілген

dfmax =D-2,2m

 


 

124-сурет. Эвольвентті тісті көпкілтекті біріктірулер шартты белгілеу

                                                 көрінісі

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 994 | Теги: Эвольвентті көпкілтекті біріктіруле | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: