-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Биоинженериядағы биотехнология.

Биоинженериядағы биотехнология.

Генетикалық инженерия негiзiнде биотехнология мынадай бағыттарға ие болады:
      - белоктық және клеткалық инженерия;
      - инженерлiк энзимология;
      - биосенсорика;
      - моно- және поликлондық антиденелер негiзiндегi иммунодиагностика.
      Биоинженерия негiзiндегi биотехнология мынадай салаларда қолданылады:
      - денсаулық сақтау және фармацевтика (диагностикумдардың жаңа ұрпағын, рекомбинанттық белоктар, ферменттер, гормондар негiзiнде дәрi-дәрмек препараттарды жасау);
      - өнеркәсiптiң әр түрлi салалары (өнеркәсiптiк процестердi интенсификациялау үшiн биокатализаторларды, рекомбинанттық ферменттердi, модифицикацияланған микроорганизмдердi жасау);
      - ауыл шаруашылығы (жетiлген қасиеттермен және жоғары өнiмдiлiгiмен трансгендiк өсiмдiктер мен жануарларды жасау, гендiк-инженерлiк өсiм реттеуiштерiн, био тыңайтқыштарды пайдалану);
      - қоршаған ортаны қорғау (қалдықтарды пайдаға асыру, ксенобиотиктердiң биодеградациясы, суды тазалау).
      Генетикалық өзгерiлген не генетикалық модификацияланған өнiмдер - бұл ДНК-на ерекше табиғаттан берiлмеген ген енгiзiлген өсiмдiктерден алынған өнiмдер, оның арқасында олардың бойында әртүрлi жаңа қасиеттер пайда болады.
      Өсiмдiктердiң жаңа түрлерiн жасауда үш кезеңдi бөледi.
          Бiрiншi - вирустарға, паразиттерге немесе гербицидтерге қандай да бiр жаңа тұрақтылық қасиетi бар өсiмдiктердi жасау. Бiрiншi кезеңде өсiмдiктiң түрлерiн жасауда салыстырмалы шапшаң жетiстiк енгiзiлген тұрақтылық қасиетi бiр генмен айқындалатынымен түсiндiрiлдi, ал гендер көзi өсiмдiктердiң вирустары немесе топырақ бактериялары (жәндiктерге, гербицидтерге тұрақтылық гендерi) болды, яғни ген доноры ретiнде жақсы зерделеген табиғатта бар қарапайым биологиялық объектiлер пайдаланылды.
        Қазiргi уақытта мүмкiн бiзге екiншi кезеңнiң шыңына шығуға екi-үш жыл қалған шығар - жаңа агрономдық функциялық қасиеттерi бар өсiмдiктердi жасау. Бiрiншi кезекте - бұл майлы дақылдарында өзгертiлген май құрамы, сондай-ақ құрамында витаминдерi көп жемiс пен көкөнiс, құнарлығы жоғарылатылған бидай дақылдары және т.б.
       Бүгiнде әлемнiң жетекшi зертханаларында үшiншi кезеңнiң өсiмдiктерi жасалуда және таяудағы он жылда олардың рынокқа шығуын күтуге болады. Кейбiр қағидаттық бағыттар туралы сөз қозғасақ: өсiмдiктер - вакциналар, пластиктiң әр түрлi түрлерi, бояуыштар (мысалы, индиго), техникалық майлар және қозғауыштарға арналған қондырғылар секiлдi индустриялы өнiмдердi өндiру жөнiндегi өсiмдiктер - фабрикалар. Iс жүзiнде негiзгi технологиялық өнiмдердi өндiру жөнiндегi жаңа экологиялық таза өнеркәсiптi құру туралы айтуға болады.

Ауыл шаруашылығындағы биотехнология.

      Ауыл шаруашылығының биотехнологиялық секторын ветеринарлық биотехнологиялық өнiм, өсiмдiктер және трансгендiк өсiмдiктер мен жануарлардың биотехнологиялық өнiмiн қорғау құралдарымен ұсынылған.

      Кеңестiк заманда Қазақстан өнеркәсiптiк биотехнологияның негiзгi өндiрiстiк ролiн атқарған. Мамандандырылған мекемелер құрылды және әскери-өнеркәсiптiк кешенге кiретiн стратегиялық маңызы бар жабық қалалар тұрғызылды. Бiз 90-шы жылдардың басына жоғары бiлiктi кадрлары және осы заманғы өндiрiстiк базасы бар дамыған инфрақұрылым түрiнде келдiк. Он бес жыл iшiнде биотехнологиялық зерттеулер деңгейi төмендеп, технологиялар ескiрдi. Ғалымдар мен мамандардың көбiсi шетелге кеттi, ал бiрегей және қымбат өндiрiстер мүлдем тоқтап қалды.

Нан пісіру, макарон және кондитер өндірісінің негізгі

даму бағыттары

 

ҚР Мемлекеттік аграрлық азық-түлік бағдарламасы туралы

Жарлығы.

 Аграрлық азық-түлiк бағдарламасының мақсаты,
мiндеттерi мен өлшемдерi.

2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк бағдарламасының негiзгi мақсаты агроөнеркәсiптiк кешенiнiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру және бәсекеге қабiлеттi өнiм өндiру негiзiнде Қазақстанның азық-түлiктік қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады.
         Бағдарламаның мақсатына жету үшiн мынадай мiндеттердi шешу көзделедi:
      - елдiң азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
      - аграрлық бизнестiң тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
      ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн iшкi және сыртқы рыноктарда сату көлемiн ұлғайту;
          - ауыл шаруашылығы өндiрiсiн мемлекеттiк қолдау шараларын ұтымды ету.
      Аграрлық азық-түлiк бағдарламасының тиiмдiлiгiн бағалау үшiн агроөнеркәсiптiк кешеннiң сапалық жай-күйiн анықтауға мүмкiндiк беретiн өлшемдер жүйесi пайдаланылатын болады. Ағымдағы жай-күй мен күтiлетiн нәтижелер мынадай өлшемдер топтары бойынша бағаланатын болады:
      1) халықты азық-түлiкпен қамтамасыз етудi және қамтамасыз ету жүйесiнiң тұрақтылық деңгейiн мыналар сипаттайды:
      - азық-түлiктiң нақты және экономикалық қол жетiмдiлiк деңгейi;
      - iшкi тұтыну рыногындағы тамақ өнiмдерi импортының үлес салмағы;
      - мемлекеттiк материалдық резервтер жүйесiнде азық-түлiк запастарының болуы (құпия);
      - ел халқының тұтыну нормаларының стандарттарын қамтамасыз ету үшiн тамақ өнiмдерiн өндiрудiң қажеттi көлемiн сипаттайтын шектi мәндер;
      тамақ өнiмдерiнiң сапа және қауiпсiздiк стандарттарына сәйкестiк деңгейi;
      2) ауыл шаруашылығы өндiрiсiн және қайта өңдеудi дамытудың тиiмдiлiгiн сипаттаушылар:
      - аграрлық бизнес пен қайта өңдеу кәсiпорындары кiрiстерiнiң деңгейi;
      - ғылыми негiзделген аграрлық технологиялар мен қайта өңдеу технологияларын қолдану деңгейi;
      - iшкi азық-түлiк рыногындағы негiзгi тамақ өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгі;
      - сыртқы сауда айналымының оң сальдосы;
      - ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудiң көлемi мен өткiзу рыноктары сыйымдылығының теңдестiрiлуi;
      - халықты жұмыспен қамтудың өсуi;
      3) аграрлық азық-түлiк кешенiн мемлекеттiк реттеу деңгейiн сипаттайтындар:
      - заңнамалық базаның агроөнеркәсiптiк сектордағы нарықтық өндiрiстiң қажеттіктерiне сәйкестiк;
      - ауыл шаруашылығы мақсатындағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге кедендiк-тарифтiк және салық режимi;
     - тамақ өнiмдерiне баға белгiлеудi реттеу деңгейi;
     - ауыл шаруашылығы өнiмi мен тамақ өнiмдерiн өндiрудi мемлекеттiк бақылау және қадағалау жүйесi;
      - ауыл шаруашылығы өнiмi мен тамақ өнiмдерiн өндiрудi мемлекеттiк қолдау мөлшерлерi және тиiмдiлiгi.


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 2071 | Теги: Биоинженериядағы биотехнология. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: