-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Бұрыштық өлшемдер дәлдік шегі. Конустық біріктірулер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

Бұрыштық өлшемдер дәлдік шегі. Конустық біріктірулер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

 

Машиналар құрылымдарында бір-біріне қатысты тік бұрыштардан өзгеше бұрыштармен орналасқан бөлшектер беттері  жиі кездеседі.

ГОСТ 8908-81 (СТ СЭВ 178-75 және СТ СЭВ 513-77) машинажасау саласында кеңінен қолдануға  арналған нормальдік бұрыштар қатарларын және өлшемдерін реттейді.

 

Жалпы қолдануға негізделген нормальдік бұрыштар

22 кесте

1-й 





















-

-

3600

50

-

-

300

-

250

-

-

850

-

-

-

 

Ескерту: Бұрыштар мәндерін тағайындау кезінде  екінші қатардағы мәндер орнына бірінші қатардағыны, үшінші қатардағы мәндер орнына екінші қатардағыны қолдану үйлесті.  

   Бұл стандарттарда көрсетілген бұрыштар мәндері есептеу барысында анықталған немесе ГОСТ 8593-81 көрсетілген конустық бұрыштарға қатысы жоқ.

Бұрыштық өлшемдер үшін 17 дәлдік дәрежесі орнатылған және дәлдік шектерінің келесі белгілеулері қабылданған:

АТα  - бұрыштың өлшем бірліктеріндегі дәлдік шегі, мысалы:

                                                         АТα 17= 4035´01´´ ;

АТ´α - бұрыштың өлшем бірліктеріндегі дөңгелетілген мәні, мысалы:

               АТα 17= 4035´01´´  болса, онда дөнгелетілген мәні  АТ´α 17= 40;

 АТ- призматикалық элементтер бұрыштарының дәлдік шегі (сурет 91);

АТ- конус бұрышының дәлдік шегі.  

    Дәлдік шегі АТh  конустық түрін тағайындайды, егер конустық мәні L1 ұзындығына қатысты C ≥ 1:3 астам болса. Егер конустық мәні C<1:3 кем болса, онда L1≈L қабылдап дәлдік шегі АТα түрін тағайындайды (92 сурет).

91-сурет. Призматикалық элементтер бұрыштарының дәлдік шегі

92-сурет. Конустардың конустығына байланысты дәлдік шегі:

                                    а - C<1:3;                б- C ≥ 1:3

    Бұрыштық өлшемдерге 17 дәлдік дәрежелері:АТ1,АТ2,АТ3....АТ17 деп белгіленетін (дәлдік төмендеуіне байланысты орналасқан) дәлдік шектері орнатылған.

    Дәлдік  дәрежелер бұрыштық өлшемдердің функционалдық негізделуіне байланысты, келесі жағдайларда қолданылады:

1,2,3,4 - бұрыштың үлгілі өлшемдеріне;

5,6 - аса дәлдікті бұрыштық өлшемдері үшін;

- жоғары дәлдікті және жақсы центрлеуін талап ететін бөлшектер үшін (құрал-сайман конустары, жоғары дәлдікті тісті берілістер донғалақтарын біліктерге орнатушы конустық біріктірулер);

8,9 - үлкен мәнді айналым моменттерін беруіне арналған жоғары дәлдікті  конустық біріктірулер (конустық үйкелісті жалғастырғыштар);

10-12- нормальді дәлдікті бөлшектер үшін (центрлер және центрлік тесіктер);

13-15- дәлдіктілігі төмендетілген бөлшектер үшін;

16-17- еркін бұрыштық өлшемдер  шекті ауытқуларын шектеу үшін.

Бұрыштық өшемдер дәлдік шегі бұрыштық өлшем бірліктермен көрсетеді, бірақ қажетті болса оны сызықтық өлшем бірліктерімен көрсетуге болады:       

мұндағы: 

АТҺ -  сызықтық өлшем бірлігіндегі дәлдік шегі,мкм

АТα -  бұрыштық өлшем бірлігіндегі дәлдік шегі, мкрад

L-   бұрыштың кіші бетінің ұзындығы, мм

                                      мкм                                                       

мұндағы:

          - конус бұрышының номиналды мәні

 

Тегіс конустық біріктірулер ауыстырымдылығы

 

    Тегіс конустық біріктірулер цилиндрі тегіс біріктірулермен салыстырғанда кеңінен тарамаған, бірақ олардың кейбір артықшылықтарына байланысты қолданылады. Олар өздігімен жақсы центрленеді, саңлаулар реттеледі, үлкен жүктемелерді (қозғалмасты біріктірулерде) қабылдайды, қымталу жағдайын жақсы атқарады (су, май, газ өткіздігішін қымтау). Одан кейін, машинажасау саласында олар әртүрлі құрал-саймандарды (бұрғылар, ұңғылағыштар, үңгілер, жонғыштар т.б.) бекітуге, тез арада ауыстырмалы айлабұймдарды орнатуға қолданады.

    Конусты біріктірулердің қозғалмайтын, қозғалатын және тығыздықты түрлері болады.

Қозғалмайтын конусты біріктірулер орнатылған тығыздықтар арқасында үлкен мәнді жүктемелерді берілуін және сенімді центрленуін қамтамасыз етеді. Олар әр қашанда жеңіл ажыратылады және  жиналады.

Қозғалатын конусты біріктірулер пайдалану барысында пайда болатын саңылауларды остік ығыстыру арқылы реттеп жұмыс атқару мерзімділігін ұзартуға және біріктірудің қажетті дәлдігін сақтап тұруға мүмкіндік береді.

Тығыздыкты конусты біріктірулер су, май, газ өткізбеушілігін камтамасыз етіп кымталған біріктірулерге кажет.

      Қымталану бөлшектерді бір-біріне қатысты ысқылау арқылы  жетіледі.

Конустық біріктірулер негізгі параметрлермен сипатталынады (93-сурет):

Dе, Di -  конустың үлкен табаның диаметрі;

De, di - конустың кіші табаның диаметрі;

Le, Li - конустың үлкен және кіші табандары арасындағы арақашықтық;

 C- конустық          ();

 - конустың бұрышы (конустың көлденең қимасындағы оны құраушы сызықтар арасындағы бұрыш);

 - көлбеулік бұрыш (конустың көлденең қимасындағы осі және құраушы сызығы арасындағы бұрыш).

Zp- конустық біріктірудің базалық арақашықтығы (бір бөлшек екінші бөлшекке қатысты орналасуын анықтайтын сыртқы және ішкі конустар базалық жазықтары арасындағы остік арақашықтық).  

93-сурет. Конустық біріктіру параметрлері

 

   Нормальдік конустық және конустар бұрыштары ГОСТ 8593-81 (СТ СЭВ 512-77) бойынша анықталады.

   ГОСТ 25307-82 (СТ СЭВ 1780-79) бойынша конустық біріктірулер дәлдік шегі және орнықтырулар жүйесі орнатылған және конустығы 1:3 бастап 1:500 дейін қарастырылған, ал диаметр өлшемдері 500мм дейін тегіс конустарға тарайды.    

Конустар үшін келесі дәлдік шегі көрсеткіштері орнатылған:

     TD  - конус диаметрінің дәлдік шегі;

АТ - конус бурышының дәлдік шегі.

Конус пішінің дәлдік шегі :

     TFR -   шеңберлік дәлдік шегі;

      TFL - түзулік дәлдік шегі.

 

94-сурет. Конустар дәлдік шектері алаңдарының орналасуы.

 

Конустың дәлдік шектерін мөлшерлеуіне екі әдіс орнатылған.

   Бірінші әдіс - әрбір қимадағы барлық дәлдік шектерді қоса, тек қана бір диаметр дәлдік шегімен TD мөлшерлеу. Бұл жағдайда нақты конус беттерінің нүктелері, екі шекті конустар аралығында орналасуы тиісті. Осының арқасында диаметр ауытқуымен қатар, конустың бұрыш және пішін ауытқуларыда шектеледі.

  Екінші әдіс - әрбір дәлдік шегі түрін жеке мөлшерлеу: TDS - берілген қимадағы диаметрдің дәлдік шегі, АТ – конус бұрышының дәлдік шегі, конусты құраушы сызығының  TFL - түзулік дәлдік шегі және  TFR -   шеңберлік дәлдік шегі.

    Қосылатын конустар базалық жазықтықтары арасындағы өстік арақашықтығы және жобалық элементтері бойынша бекітіп қондыруға арналған орнықтыруларда, бірінші әдіс қолдануы ұсынылады.

Бұл орнықтыруларда пайда болатын саңлаулар және тығыздықтар мәндері,  тек қана қосылатын конустар диаметрінің шекті ауытқуларына тәуелді. Ал конустардың бұрыш және пішін ауытқулары, тек қана саңлаулар және тығыздықтар мәндері бірқалыптылықты тарауына және түйісу ұзындығына әсер етеді.

    Қосылатын конустар бастапқы орын-жағдайынан белгіленген ығысу бойынша немесе белгіленген орнату күшіне қатысты бекітіп қондыруға арналған орнықтыруларда, екінші әдіс  қолдануы ұсынылады.

Бұл орнықтыруларда пайда болатын саңылаулар және тығыздықтар мәндері жинақтау жұмыстарын жүргізу әдістеріне байланысты болады, ал диаметрлер дәлдік шегі тек қана базалық арақашықтыққа әсер етеді.

    Қосылатын конустар өзара осьтік орын-жағдайларын бекітіп қондыру әдісіне байланысты, дәлдік шегі аудандары және орнықтырулары тағайындалады.

    Бірінші әдіс бойынша мөлшерленген дәлдік шектері үшін, келесі аудандарды қолдану тиісті:

         ішкі конустар үшін - Н4, Н5, Н6, Н7, Н8, Н9;

         сыртқы конустар үшін - d, e, f, g, h, js, k, m, n, p, r, s, t, u, x, z.

  Орнықтырулардағы  сыртқы және ішкі конустар өлшемдерінің дәлдік шегіне  бірдей квалитеттер қолдануы тиіс, тек қана қажеттілігі дәлелденген жағдайда ішкі конус өлшемдеріне бір немесе екі квалитет төмен дәлдік шегі тағайындалуы мүмкін.

    Екінші әдіс бойынша мөлшерленген дәлдік шектері үшін 8, 9, 10, 11, 12 квалитеттер аудандары қолдану тиісті:

            ішкі конустар үшін -  H, Js, N;

            сыртқы конустар үшін -  h, js, k.

Ішкі конустар өлшемдеріне дәлдік шегі ауданы Н қолдануға үйлесті.

   Бастапқы орын-жағдайынан белгіленген ығысу бойынша немесе белгіленген орнату күшіне қатысты бекітіп қондыруға арналған орнықтырулардағы осьтік ығысулар шекті мәндері келесі байланыстар бойынша анықталады:

 

 

 

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 1999 | Теги: бақылау әдістері мен аспаптары., Бұрыштық өлшемдер дәлдік шегі. Кону | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: