-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Бұрыштарды , конустарды өлшеу және бақылау әдістері мен аспаптары

Бұрыштарды , конустарды өлшеу және бақылау әдістері мен аспаптары

 

Арнаулы бұрыш мөлшерлері бұрыш өлшемдерін өлшеуге қатысты аспаптарды тексеру және жұмысқа келтіру, бұрыштық өлшемдерді дәлдікті өлшеу және тексеру үшін арналады. Оларды жеке немесе жиынтыққа топтастырып ұстатқыштарға сыналар немесе бұрамалар көмегімен орнатып қолданады.

 

95-сурет. Бұрыштық өлшемдер және қосымша айлабұйымдармен жинақталуы: 1-сызғыш; 2-ұстатқыштар; 3-сыналар; 4-бұрауыш.

 

Бұрыштықтар 450, 600, 900 және 1200 бұрыш өлшемдерін тексеру және белгілеу үшін қолданады. Ең кеңінен қолданылатын 900 бұрыштық.

 

 

96-сурет. Бұрыштық

    Бұрыштар өлшемдерін өлшеуіге арналған аспаптар қатарына нониусты бұрыш өлшегіштер, оптикалық бұрыш өлшегіштер, оптикалық бөлгіш бастиектер, синустық сызғыштар және т.б. жатады. Кіші мәнді бұрыштарды өлшеу үшін деңгей өлшегіштер, автоколлиматорлар қолданылады. 

    Бұрыштық өлшемдерді өлшеу үшін проекторлар және құралдық микроскоп қолдануы мүмкін.

   Бұрыш өлшегіштердің келесі түрлері болады: сыртқы және ішкі бұрыш өлшемдерді өлшегіш -УН, сыртқы өлшемдерді өлшегіш -УМ.

  Бұрыш өлшегіш УМ.  Бұл құрал 00 тан 180дейін тек қана сыртқы бұрыш өлшемдерін өлшеуге арналған (97-сурет). Негізгі өлшеу межелігінің бөлім бағасы 10, ал нониус межелігі бойынша 2' және 5'. Аспап табаны болып жартылай диск (2) табылады. Дискінің бетінде доға бойынша 1200-тық негізгі өлшеу межелігі түсірілген. Дискіге сызғыш (1) қатан бекітілген. Қозғалатын сызғыш (7) нониус секторымен (5) бірге А осіне қатысты айналады.

97-сурет. Бұрышөлшегіш аспап УМ:

1-сызғыш; 2-диск-табан; 3-микробұраманың бекітушісі; 4-микробұрама;

5-нониустық сектор; 6-бекітуші бұрама; 7-қозғалмалы сызғыш; 8-қамыт;

 9-бұрыштама.

 

Нониустық сектор (5) микробұрамамен (4) өзара тікелей байланысты. Бұрыш өлшемін дәлдікті орнату үшін бұрама (3) бекітіп, одан кейін микробұрама (4) бұрап, нониустық өлшеу межелігінің тиісті жағдайын қамтамасыз етіп бекітуші бұраманы (6) бекіту қажет. Қозғалатын сызғыш (7) бойында қамыт (8) көмегімен бұрыштама (9) бекітуге болады. 0тан бастап 900 дейін бұрыштарды бұрыштаманы орнатып өлшейді. Осы айтылған жағдай (97- сурет) бойынша α бұрышымен көрсетілген. Ал 90астам бұрштық өлшемдер өлшенген кезде бұрыштаманы алып тастайды. Бұл кезде анықталған бұрыш өлшеміне 900-тық өлшем қосылып отырады. Осы айтылған жағдай (97-сурет) бойынша 900 + α бұрышымен көрсетілген.

    Бұрыш өлшегіш УН құрамында градус өлшем межелігі көрсетілген аспап табаны (1) және оған бекітілген сызғыш (2) бар. Аспап бойымен нониус (9) және бекітуші бұрама (3) орнатылған сектор (4) қозғалады. Секторға алмалы-салмалы ұстатқыш (8) көмегімен бұрыштық (5) бекітіледі, ал оған болса сондай ұстатқыш (7) көмегімен алмалы-салмалы болып сызғыш (6) орнатылған.

98-сурет.  Бұрыш өлшегіш аспап УН:

1-аспап табаны; 2-сызғыш; 3-бекітуші бұрама; 4-сектор; 5-бұрыштық;

6-алмалы-салмалы сызғыш; 7-ұстатқыш; 8- ұстатқыш; 9-нониус

 

Көрсетілген жағдайда (98-сурет) аспап 0бастап 50дейін бұрыштарын өлшейді. 50бастап 140дейін бұрыштарды өлшеу үшін бұрыштық (5) алынады, ал оның орнына ұстатқышқа (8) сызғыш (6) орнатылады. 140бастап 230дейін бұрыштарды өлшеу үшін ұстатқыш (7) және сызғыш алынған түрінде ұстатқышқа (8) бұрыштық (5)орнатылады. 230бастап 320дейін бұрыштық өлшемдерді өлшеу үшін ұстатқыш (8), бұрыштық (5) және сызғыш (6) алынады. Сонымен бұрышөлшегіш аспап өлшеу межелігі 0бастап 320дейін аралықта болады. Аспап нониус өлшеу межелігінің бөлім бағасы 2´.

    Бұрыштар өлшемдерін тікелей емес өлшеу әдістері қатарына, синустық сызғыш көмегімен тригонометриялық әдіс бойынша анықталатын өлшеулер жатады.

   Өлшемі анықтауға жататын сыртқы конус бұрыш 2α өлшеміне қатысты синустық сызғыш аспабын орнатады (99а-сурет). Ол үшін синустық сызғыштың (3) ролигі (4) астына биіктігі h тең жазық шетті ұзындықтар өлшемдерінің жиынтығын орнатады. Одан кейін, синустық сызғышқа өлшенетін конустық  бөлшекті (1) орнатып бекітеді. Өлшеуші бастиек (2) (микрокатор немесе индиктор) көмегімен орналастырып, өлшеу жұмыстарын бір-біріне қатысты  l  арақашықтығында орналасқан нүктелерде жүргізеді.    Егер бұрыш өлшемінің 2 ауытқуы болмаса, яғни ол горизонталды орналасқан болса, онда өлшеуші бастиек көрсеткіштері арасында айырмашылық болмайды.

Шетті ұзындықтар өлшемдерінің биіктігі:

                                                h =L∙sin2α                                                             

 

99-сурет. Сыртқы бұрышты синустық сызғыш аспабымен өлшеу сұлбалары

 

  Шетті ұзындықтар жиынтығы өлшемдерінің биіктігін hД анықтап нақты бұрыш өлшемін табамыз:

  Синустық өлшегіш көмегімен конустың ішкі бұрыш өлшемін анықтау үшін бөлшекті екі орын-жағдайға орнатады. Бірінші орын-жағдайда синустық сызғышты    бұрышымен (конус төбесі бұрышының  2 жартысы) I және II жағдайларына (99б-сурет) орнатып β бұрышының нақты мәнін анықтайды. Одан кейін, синустық сызғышты  бұрышымен  басқа жаққа көлбеулі (99в- сурет) орнатып,  конустың жоғарғы құраушы сызығының нақты бұрышын   анықтайды.

   Конустың  нақты бұрышының  2α мәні β және α бұрыштар қосындысына тең.

   Синустық  сызғышты  конустар мөлшерлерін және өте дәлдік  бөлшектерді өлшеу үшін қолданады, ол үшін аттестациядан өткен сақиналар (1) және шариктер (2) қолданылады  (100а,б-сурет).

 

                                      а                                           б

100-сурет.  Аттестацияланған сақиналар және шариктер қолдану сұлбалары

 

Өлшенетін бұрыштар нақты мәндері:

сыртқы конустарға (100,а сурет)                             

ішкі конустарға (100,б сурет)             

 

Конустарды мөлшерлермен бақылау

    Мөлшерлермен  бақылау кезінде, мөлшер өстік ығысуы арқасында тексерілетін бөлшекке қатысты базалық арақашықтық ауытқуын тексеруі жүргізіледі.

 Сыртқы және ішкі өлшемді  конустарды  бақылауға арналған мөлшерлер /калибрлер/ конустық тығын және төлке тәрізді болып келеді (101-сурет).

 

101-сурет. Сыртқы және ішкі өлшемді  конустарды  бақылау мөлшерлері:

                          1- мөлшер-тығын; 2-мөлшер-төлке

     Олардың беттерінде шекті базалық арақашықтыққа ∆С тең арақашықтығында орналасқан сызықшалар немесе бүйірлер болады.

  Бақылау барысында тексерілетін бөлшек бүйірі, сызықшалар немесе мөлшер бүйірлері арасында орналасу тиісті, яғни ∆С арақашықтығы көлемінде. Егер бұл шарт орындалса, онда тексерілген конус бұрышы орнатылған шекті өлшемдерінен аспайды, яғни дұрыс.

 

102 сурет.  Конустарды  тексеру көрінісі

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 2257 | Теги: Бұрыштарды, конустарды өлшеу және бақылау әдіст | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: