-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Бұрандамалар дәлдік шегі

Бұрандамалар дәлдік шегі

  Бұрандаларға ГОСТ 16093-81 (СТ СЭВ 640-77) бойынша орташа диаметр дәлдік шектерін олардың дәлдік дәрәжесіне байланысты анықтайды.

   Барлық диаметрлерге қатысты негізгі дәлдік дәрежесі болып  6 дәлдік дәрежесі орнатылған. Дәлдік шектерін келесі байланыстар бойынша анықтайды:

                   d2 үшін          ;                                               

                   d үшін           ;                                  

                  D1 үшін           , егер: Р < 1мм;                   

                                           , егер: Р > 1мм;                           

 

                 D2  үшін             .                                                     

Басқа дәлдік дәрежесі бойынша өнделінетін бұрандалар үшін дәлдік шектерін келесі коэффициентерге көбейту арқылы анықтайды:

                                                                                                                    23 кесте

Дәлдік дәрежелер

2

3

4

5

6

7

8

9

10

   Коэффициент

0,37

0,49

0,63

0,80

1,00

1,25

1,60

2,00

2,15

 

Бұрандамалы біріктірулер бұралып қосылу ұзындықтарына байланысты келесі үш топқа бөлінеді: - кіші; - нормальдік; - үлкен.

 

Метрикалық бұрандамалар орнықтырулары

    Бұрандамалы біріктірулердің пайдалану шарттарына байланысты стандарттарда келесі еркіндік дәрежелері: саңылаулы, өтпелі және тығыздықты орнықтырулар орнатылған.

 

Саңылаулы орнықтырулар 

  Әртүрлі кепілідікті саңылаулы орнықтыруларды қамтамасыз ететін сыртқы бұрандалар үшін (h, g, f, e, d), ал ішкі бұрандалар үшін (H, G, F, E) негізгі ауытқулар (106-сурет) орнатылған.

106-сурет. Бұранда саңылаулы орнықтыруларының дәлдік шегі аудандары 

                                                       орналасуы

     Диаметрлер бойынша кепілдікті саңылаулы орнықтырулар келесі жағдайларда қолданылады: біріктіру жоғарылатылған температура жағдайында жұмыс атқарса; температуралық деформацияларды қамту қажетті болса; бұранда зақымдану немесе ластану жағдайына қарамастан жеңіл бұралып ажыратылуы қажетті болса; бұрандамалы біріктірудің жоғарылатылған дәрежедегі  циклдік беріктігін қамтамасыз ету қажетті болса; бұрандалы бөлшектерге коррозияға қарсы жұмыс атқаратын қаптама орындалатын болса.

     Бұранда шартты белгілеуі екі мәннен тұрады: біріншісі - дәлдік дәреже саны, екіншісі - әріппен белгіленетін негізгі ауытқу.

    Ішкі бұрандалар дәлдігі орташа диаметр d2 және сыртқы диаметр  дәлдік шектері өзара орналасуымен анықталады. Ал сыртқы бұрандалар дәлдігі орташа диаметр D2 және  ішкі диаметр D1 дәлдік шектері өзара орналасуымен анықталады. Сондықтан олардың шартты белгілеуінің бірінші орнында орташа диаметр дәлдік шегі, ал екінші орнында сыртқы диаметр  немесе ішкі диаметр D1 белгілеулері көрсетіледі, мысалы:  7g6g, 5H6H. Егер осы параметрлердің  дәлдік шегі аудандары бірдей болса, онда олар белгілеуде қайталанып көрсетілмейді, мысалы: 6g, 7H.

   Стандарт бойынша 24 кестеде көрсетілген бұранда және бұрандама дәлдік шегі аудандарын қолдануы мүмкін.

                                                                                                                    24 кесте

Дәлдік дәреже

Бұралу ұзындығы

Бұранда дәлдік шегі

Саңылаулы орнықтырулар

сыртқы

ішкі

Диаметлері 1 бастап 600мм дейін метрикалық бұрама (ГОСТ 16093-81)

 

Дәлдікті

S

(3h4h)

4H

-

N

4g ,4h

4H5H, 5H

L

(5h4h)

6H

-

S

(5h6h), 5g6g

5H(5G)

Орташа

N

6d6e6f6g6h

6G6H

L

7e6e, 7g6g, 7h6h

(7G), 7H

Өрескел

N

8g, (8h)

7G, 7H

L

(9g8g)

(8G), 8H

-

 

Ескертулер:

1. Жақшалар ішінде көрсетілген дәлдік шегі аудандарының қолдануы шектеулі.

2. Жуандатылып көрсетілген дәлдік шегі аудандары қолдануға үйлесті.

 

   Кестеде көрсетілген бұранда дәлдік дәрежелері: дәлдікті, орташа және өрескел болып бөлінуі шартты, олар тек қана салыстырмалы түрінде қолдану аудандарын көрсетеді. Дәлдікті дәреже-жауапты бұрандаларға, орташа-жалпы қолданыста болатын бұрандаларға, ал өрескел - тұйық ұзын тереңдікте орналасқан бұрандаларға тағайындалады.

   Бұранда дәлдік шегі шартты белгілеуін номиналды өлшемнен кейін белгілеп көрсетеді, мысалы: бұрандама M12-8g, сомын M12-7H; бұрандама M12х1,5 -6g, сомын M12х1,5-6H.

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 1394 | Теги: Бұрандамалар дәлдік шегі | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: