-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Бұрандалы біріктірулер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

Бұрандалы біріктірулер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

 

   Бұрандамалы біріктірулер машинажасау саласында ең көп қолданыс тапқан біріктірулер қатарына жатады.

   Бұрандамалар  пайдалану негізделуіне байланысты жалпы және арнаулы болып бөлінеді.

    Жалпы жағдайда қолданылатын бұрандамалар қатарына жатады:

Ø  бекітуші (метрикалық, дюймді) - машиналар бөлшектерін бір-бірімен бекітуге қолданылады. Оларға қойылатын басты талап біріктіру беріктігін және ұзақ пайдалану барысында біріктіру тығыздығын қамтамасыз ету;

Ø  кинематикалық (трапециялды, тік төртбұрышты)- жүріс бұрамаларына, білдектердің құралқүймешек және өлшеуші аспаптар үстел бұрамаларына қолданады. Оларға қойылатын басты талап дәлдікті қозғалысты, жүріс бірқалыптығын және жоғары жүктемелікті қамтамасыз ету;

Ø  құбырлық (цилиндрлік, конустық) және арматуралық - әр түрлі құбырларды және арматураларды біріктіріп олардың қымталығын қамтамасыз ету.

 

Метрикалық бұрандамалар негізгі параметрлері

     Сыртқы және ішкі бұрандамалар  параметрлерінің номиналды өлшемдері бір-біріне ортақ. Бұрандамалар негізгі параметрлер қатарна жатады:

Ø  бұрандама ішкі диаметрі (d1, D1) - сыртқы бұрандама ойығына немесе ішкі бұрандама төбесіне елестетіп жанамалы орналастырылған цилиндр диаметрі;

Ø  бұрандама сыртқы диаметрі (d, D) - сыртқы бұрандама төбесіне немесе ішкі бұрандама ойығына елестетіп жанамалы орналастырылған цилиндр диаметрі;

Ø  бұрандама адымы  (Р) - орташа диаметр бойынша бұрандама профилінің аттас беттері арасындағы арақашықтық;

Ø  бұрандама орташа диаметрі (d2, D2) - бұрандама осімен осьтес болып елестетіп орналастырылған және онының құраушы сызығы бұрандаманың адым жартысына (бір иірімді бұрандамалар үшін) немесе номиналды жүріс жолы жартысының алымы мен иірім саны бөлімі (көп иірімді бұрандамалар үшін) шамасына тең нүктелері арқылы өткен цилиндр диаметрі;

Ø  профиль жұмыс биіктігі 1) - бұрандама осіне перпендикулярлы бағытындағы сыртқы және ішкі бұрандамалар профильдері беттерінің түйісу биіктігі;

Ø  профиль бұрышы (- профиль бүйір беттері арасындағы бұрыш, метрикалық бұрандамалар үшін =600.

 

103-сурет. Метрикалық бұрандамалар негізгі параметрлері

 

     Бұрандамалар орнықтыруларының сипатын анықтайтын негізгі өлшем болып орташа диаметрі есептеледі, себебі бұранда бүйір беттерімен беттеседі.

     Бұл біріктіру бүйір беттерімен беттесуіне байланысты, олар өзара ажыратылып қосылуына  орташа диаметрмен қоса, бұранда адымы және профиль қөлбеулік бұрышының жартысы әсер етеді. Сондықтан бұрандамалы біріктірулер өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету үшін бұранда өлшемдерінің  d2, P және  дәлдіктілігін сақтау қажетті.

     Әрбір өлшемнің жеке дәлдік шегін тағайындап оларды бақылап туру өте күрделі. Осы параметрлер арасында орташа диаметрді өлшеу қиындық тұғызбайды.

    Адым, қима бұрышының жартысы және орташа диаметр ауытқулары арасында геометриялық байланыс болғандықтан, орташа диаметр дәлдік шегі осы қателіктерді қамтып қайыру қажетті.

     Адым қателігіне  ∆Р байланысты (104-сурет) бұрандама профилі орташа диаметр бойынша а нүктесінен б нүктесіне ығысады. Адым қателігін қайыру үшін орташа диаметрді  fp  мәніне кеміту қажет, сонда орташа диаметр бойынша бұрандама беті с нүктесіне ығысады және бұранда бұралуы қамтамасыз етіледі.

   Адым қателігін орташа диаметр бойынша қайыруы:

Ø  метрикалық бұрандама үшін

 , 600                                                           

Ø  трапециялдық бұрандама үшін

300                                                      

Ø  құбырлық бұрандама үшін

550                                                        

мұндағы:  - адым қателігінің жинақталған абсолюттық мәні

, мм;                                                                              

n- бұралу ұзындығындағы адым саны;

Р- адым номиналды мәні, мм.

 

 

      104-сурет. Адым қателіктерін орташа диаметр бойынша қайыру

 

      Профиль бұрышының  қателігіне байланысты сыртқы бұрандама профилі ішкі бұрандама профиліне бұралмайды (105-сурет). Профиль бұрышының қателігін қайыру үшін орташа диаметрдімәніне кеміту қажет, сонда орташа диаметр бойынша сыртқы бұрандама профилі е нүктесіненf нүктесіне ығысады. Ішкі және сыртқы бұрандама беттері нүктесінде түйісіп бұралуы қамтамасыз етіледі.

 

 

105-сурет. Профиль бұрышы қателіктерін орташа диаметр бойынша қайыру

 

Профиль бұрышы қателіктерін орташа диаметр бойынша қайыруы:

Ø  метрикалық бұрандама үшін

Ø  трапециялдық бұрандама үшін

Ø  құбырлық бұрандама үшін

.

Бұрандамаларды бақылау және дәлдік шегін есептеу қолайлы болуы үшін «келтірілген орташа диаметр» анықтамасы орнатылған:

Ø  сыртқы бұрандамалар үшін 

d 2пр = d2изм ( fp  + fα)

Ø  ішкі бұрандамалар үшін

D 2пр = D2изм – ( fp  + fα).

 

   Келтірілген орташа диаметр деп нақты бұрандамамен ешқандай саңлаусыз, тығыздықсыз бұралатын теориялық бұрандаманың орташа диаметрін атайды.

   Бұрандамалы бөлшектердің орташа диаметрі бойынша жарамдылығы туралы қорытындыны, өлшеу нәтижелерінің есептеулерін және өлшеп анықталған  орташа диаметрді салыстыру арқылы табады.

   Жарамды бұрандама үшін 2пр≤ d 2ном, ал жарамды сомын үшін 2пр ≥ D 2ном шарттары орындалуы тиісті.

    Адым және профиль бұрыштарының мүмкіндік ауытқуын нормаламайды. Сыртқы бұрандама  орташа диаметрінің Td2  және ішкі бұрандама орташа диаметрінің  TD2 қосынды дәлдік шектерін орнатады, олар барлық қателіктерді қамтиды. Қосынды дәлдік шегі:

Td(TD2=∆ d(∆D2) + fp  + fα


Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 2496 | Теги: Бұрандалы біріктірулер өзара ауысты, бақылау әдістері мен аспаптары. | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: