-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Бұрандаларды бақылау әдістері мен аспаптары

Бұрандаларды бақылау әдістері мен аспаптары

 

   Бұрандалар парамерлерін дифференциялды және кешенді әдістерімен бақылауға болады. Дифференциялды бақылау әдісі бойынша жеке әрбір параметрді: орташа диаметрді, профиль адымын және профиль бұрышының жарты бөлігін бақылайды. Бұранда жарамдылығы туралы қорытындыны әрбір параметр бойынша жеке береді. Бұл өте күрделі әдіс, сондықтан оны аса дәлдікті бұрандалар үшін қолданады, мысалы: мөлшер-тығындар, бұрандаларды өндеуші аспаптар т.б..

  Бұрандалар  шекті мөлшерлері (110-сурет) бұрандаларды кешенді бақылау кезінде қолданады.

 

110-сурет. Бұрандалар шекті мөлшерлері: тығындар мен сақиналар

 

   Мөлшерлерді қолдану кезінде бұранданың орташа диаметр, профиль бұрышының жарты бөлігі және бұранданың ішкі, сыртқы диаметрлерінің нақты өлшемдері шекті өлшемдермен салыстырып тексеріледі. Дифференциялды әдіс күрделілігіне байланысты, бұрандаларды бақылауға арналған мөлшерлерді барлық өндіріс: кіші және жеке, ірі және жаппай түрлерінде қолданады.

   Бұрандалар үлгілері немесе бұранда өлшегіштер (111-сурет) бұрандалардың номиналды адымдарын, оларды таңдап іргелес орнату арқылы анықтайды. Олар метрикалық бұрандалардың 0,4мм бастап 6мм дейін өлшемдерін анықтауға жинақталған тілімшелер түрінде өнделеді.

111-сурет. Бұрандалар үлгілері

 

Бұрандалар микрометрлері (112-сурет) бұрандалар параметрлерін анықтауға қойлған талаптары  жоғары емес жағдайларында қолданылады, себебі олардың құрамындағы аяқтамалар өлшеу дәлдігіне үлкен қателіктер береді.

112-сурет. Бұранда өлшегіш микрометр:

а- жалпы көрініс; б- ендірмелер; в- орнатушы өлшем; г-өлшеу көрінісі.

 

   Микрометр құрылымында алмал-салмалы ендірмелер болады. Ендірмелер бұранда келесі: метрикалық, құбырлық, дюймдік және трапециялдық түрлерінің орташа диаметрлерін анықтауға лайықты болып өнделген.

Үш сымдар әдісі сыртқы бұрандалар орташа диаметрлерін дәлдікті өлшеп (113-сурет) анықтауға қолданады.

     Мөлшерленген сымдар (роликтер) диаметрлерін, олар бұранда профилінің төбелер биіктігі және ойым биіктігі шамалары тең деңгейіне түйісуін, қамтамасыз ету жағдайына байланысты таңдап алады. Одан кейін, қажетті дәлдікке байланысты өлшем М мәнін микрометр, микрокатор немесе оптиметр көмегімен өлшеп, орташа диаметрді келесі байланыс бойынша есептейді:

 

Ø  d2 = M - 3d + 0,866P               -  метрикалық бұрадалар үшін

Ø  d2 = M - 4,8637d + 1,866P      -  трапециялдық бұрадалар үшін

Ø  d2 = M - 3,16577d + 0,9605P  -   құбырлық  бұрадалар үшін

мұндағы:  d - сымдар (роликтер) диаметрі, мм;

                  Р - бақыланатын бұранда  адымы, мм.

 

113-сурет. Сыртқы бұрандалар орташа диаметр өлшемін үш сымдар әдісімен өлшеу көрінісі

Категория: Стандарттау | Добавил: admin_ (26.11.2013)
Просмотров: 1611 | Комментарии: 1 | Теги: Бұрандаларды бақылау әдістері мен а | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: