-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Қазіргі заманға метрологияға қойылатын талаптар

Қазіргі заманға метрологияға қойылатын  талаптар

 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету

Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың жалпы ережелері.  

Мемлекеттік метрологиялық қадағалау – өлшеу құралдарын шығару, жағдайы және қолданылуын қадағалау үшін стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша, өлшеулерді орындау әдістерін қолдану, сату кезіндегі тауарлардың санын, нормаларын және метрологиялық ережелерін сақтау бойынша, сонымен қатар түрлі орамадағы тауарлардың орау, сату және импортқа шығару кезіндегі санын сақтау бойынша өкілетті мемлекеттік органның қызметі.

     Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды өкілетті мемлекеттік орган заңды және жеке тұлғалардың ҚР-ның «Өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңын, ҚР-ның басқа да нормативтік-құқықтық актілерін, халықаралық келісімшарттар мен құжаттар бойынша өлшемдердің бірлігінің қамтамасыз етілуін тексеру мақсатында жүргізеді.

     Мемлекеттік метрологиялық қадағалау жоспарлы (периодты), жоспардан тыс және қайталанатын тексерістер түрінде жүзеге асырылады.

     Жоспарлы  тексерістер үш жылда бір реттен сирек емес, тексеріс кестесіне сәйкес жүргізіледі. Кесте мемлекетті қадағалау бойынша өкілетті мемлекеттік органның бөлімдерімен, қажет болған жағдайларда тексеріс бірігіп жүргізілетін басқа да бақылау-қадағалау органдарымен кеңесілген түрде жасалады.

     Жоспардан тыс тексерістер метрологиялық ережелер мен нормаларды сақтамау туралы мемлекеттік басқару органдарының, заңды және жеке тұлғалардың арыздары бойынша жүргізіледі.

     Қайталанатын  тексерістер алдында жүргізілген  тексеріс нәтижесінде бекітілген нұсқауларды  заңда және жеке тұлғалардың орындауын тексеру мақсатында жүргізіледі.

     Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде  тексерісті өлшеу құралдары және стандарттау үшін нормативтік құжаттардың  міндетті талаптарын орындауға қадағалау  жасау бойынша мемлекетті инспеторлар – лауазымды тұлғалар жүзеге асырады. Мемлекеттік инспекторлардың мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары бекітілген.

 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау объектілері: 

·  өлшем бірліктерінің эталондары;

·  өлшеу құралдары;

·  өлшеулерді жүргізу әдістемесі;

·  өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі.

     Мемлекеттік метрологиялық қадағалау көрсетілген  объектілерден салыстырмалы түрде жоғары, нәтижелері келесі жағдайларда пайдаланылатын өлшемдерге қатысты болады:

  • азаматтардың өмірі мен денсаулықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарда;
  • өнімдер мен қызметтер сапасының нормативті құжаттардың міндетті талаптарына сәйкес келуін сынау мен бақылауда;
  • қоршаған ортаның жағдайын бақылауда;
  • еңбек шарттарының қауіпсіздігін бақылауда;

·  сатып алушы (тұтынушы) мен сатушы (жабдықтаушы, өндіруші, орындаушы) арасындағы сауда-коммерциялық операциялар мен есеп айырысуларда, соның ішінде тұрмыстық, коммуналдық және байланыс қызметтері аясында;

·  мемлекеттік есепке алу операцияларында;

·  бұйымдар, құймалар, жартылай шикізаттар, қалдықтар мен балқымалар түріндегі асыл металдардардың мазмұнын анықтауға байланысты операцияларда;

·  қарулық жабдықтау, әскери, арнайы техника және басқа да арнайы өнімдер өндірісінде;

·  геодезикалық және гидрометеорологиялық жұмыстарда;

·  салықтық, банктік, кедендік және пошталық операцияларда;

·  барлық түрдегі материалдық ресурстарды өндіруде, сұрыптауда, тасымалдауда, сақтауда және тұтынуда;

·  құрылыста;

·  мемлекеттік басқару органдары, сот және құқық қорғау органдарының тапсырысы бойынша орындалатын жұмыстарда;

·  ұлттық және халықаралық спорт рекордтарын тіркеуде;

·  өзгеру құралдарын тексеруде.

     Мемлекеттік метрологиялық қадағалау түрлері:

·     өлшеу құралдарының шығарылуы, жағдайы және қолданылуына, өлшеулерді орындау әдістерін, өлшем бірліктерінің эталондарының қолданылуына, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуына қадағалау жүргізу;

·    тауарлардың салмағын, көлемін, шығындалуын және басқа да  сипаттаушы өлшемдерді анықтаудың дұрыстығын тексеру мақсатында жүзеге асырылатын сауда операцияларын жүргізу кезінде шеттетілетін тауарлар санын қадағалау.

     Заңды және жеке тұлғаларды тексеріс жүргізу  кестесін құру кезінде мемлекеттік  метрологиялық қадағалау түрлерін біріктіру ұсынылады.

     Мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың әрбір түрлерін жүргізу тәртібі өкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі. 


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1395 | Теги: Қазіргі заманға метрологияға қойыла, Өлшем бірлігін қамтамасыз ету | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: