-->
Главная » Статьи » Стандарттау

Агрегаттау

Агрегаттау

 

Бұл агрегаттардың барлық пайдалану көрсеткіштері бойынша толық өзара ауыстырмалылық қасиеттері болуы қажет. Агрегаттарды бөлу машиналардың кинематикалық талдауы негізінде және олардың құрама бөліктерінің өзге де машиналарға қолданылуын есепке ала отырып орындалады. Мұнда автономиялық агрегаттардың типтік өлшемдерінің ең аз сандарынан жабдықтарды жинақтаудың ең көп санын құруға ұмтылады. Агрегаттық станоктар кеңінен таралған, өйткені өндіріс объектісін ауыстырғанда оларды бұзып алған жеңіл және осы агрегаттардан басқа бөлшектерді өңдеуге арналған жаңа станоктар қайта жинап шығаруға болады. Үйлестіру және агрегаттауды енгізу негізсіз ерекше және қымбат жабдықтар мен машиналарды құрастыру және өндіруді тоқтатып, олардың орнына тексеруден өткен оңтайландырылған үйлестірілген агрегаттар жасау және шығаруға себебін тигізеді. Жаңа техниканы жобалау және игеру мерзімдері 4-6 жылдан 1,5-2 жылға (бұрын игерілген және пайдалану кезінде тексерілген агрегаттарды қолдану себепті) дейін қысқарады. Жобалау және сериялық өндіруді игеруге шығатын шығын 1,5-2 есеге кемиді. Сол өндірістік қуатта машиналар шығару артады, ал оларды дайындаудың өзіндік құны 25-30% кемиді. Агрегаттау бұйымды пайдалануды жеңілдетеді, олардың металл қажеттілігін және жөндеу шығындарын қысқартады.

Тәжірибе көрсеткендей, даярланатын бұйымдардың жиі алмасуы немесе жетілдірілуінде, агрегаттау - құрылымдаудың техникалық прогресті жылдамдататын және үлкен экономикалық тиімділікті қамтамасыз ететін өте прогресті әдісі болып табылады. Жаңа машиналарды немесе басқа бұйымдарды принципті түрде жасағанда бұл бұйымдардың құрылымдық жаңа жинақтау бөлшектерін жобалауды айналып өтуге болмайды, бірақ оларды бұйымдарды одан ары жетілдіргенде үйлестіруге болатын агрегаттардан (жинақтау бірліктерден) жобалауға болады. Үйлестіру және агрегаттау қағидалары барлық жаңа жабдықтарға стандарттар даярлағанда міндетті болып табылады. 

Үйлестіру және агрегаттау қағидалары базалық үлгі негізінде міндеттері бірдей туынды машиналар жасауға жағдай туғызады, бірақ пайдалану көрсеткіштері (қуат, өнімділік және т.б.) әртүрлі немесе  басқа операцияларды сапалы орындайтын атқаратын міндеттері әртүрлі машиналар. Мысалы, машиналарды бірдей үйлестірілген секцияларға бөлетін секциялау әдісін қолданады, одан қарапайым жинау жолымен туынды машиналар шығарады (шөмішті элеваторлар, қырғыш және тізбектік транпортерлер және т.б.). Сондай-ақ машинаның негізгі моделіне арнайы агрегаттарды біріктіру арқылы әртүрлі міндет атқаратын туынды машиналарды жасайтын негізгі агрегат әдісін қолданады. 


Категория: Стандарттау | Добавил: admin (28.10.2013)
Просмотров: 1437 | Комментарии: 1 | Теги: Агрегаттау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Бекбаева А   (02.01.2019 14:30)
класс


Имя *:
Email:
Код *: