Главная » Статьи » Стандарттау

В категории материалов: 95
Показано материалов: 1-10
Страницы: 1 2 3 ... 9 10 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Мемлекеттік және шетелдік стандарт құжаттары,

өңдеу құрамын анықтау. RUP.

 

 

Жобалау әдістер және программаның өміршендік циклын қамтамасыздандыру. Командалық және жеке жобалау және оған керекті аспаптар. Текстуальды және визуальды жобалау – технологиялары және әдістемесі, қолданатын аспаптары. Визуалды модельдеу дегеніміз не? Визуальды модельдеу (vіsual modelіng) – нақты өмірдің объектілері мен ұғымдарын көрсететін және өзі көрініс табатын абстракциялардың көмегімен проблемаларды қабылдау әдісі. Модельдеу проблемаларын талдау, барлық қызығушылығы бар жақтар арасында ақпараттардың алмасуы (қолданушылар, пәндік аумақтағы мамандар, аналитиктер, дизайнерлер және т.б.), программалық қолданбалар мен мәліметтер базасын жобалау, және документацияны дайындау үшін пайдалы құрал болып табылады. Модельдеу талаптарын жақсы қабылдауға, жүйенің дизайн сапасын жақсартуға және оны басқару деңгейін жоғарылатуға өз септігін тигізеді.


Стандарттау | Просмотров: 2888 | Добавил: admin_ | Дата: 01.12.2013 | Комментарии (0)

Пішін, орналасу және беттер бұдырлығын нормалау мен бақылау әдістері мен аспаптары.

Машиналар бөлшектерінің пішіндері мен беттер орналасуының дәлдік шектері, терминдері, анықтамалары ГОСТ 24642-81 (СТ СЭВ 301-88) бойынша стандартталған.

Пішіндер және беттер орналасу ауытқуын нормалау және есептеу жүйесін тұрғызу принципі негізіне іргелес түзулер (47-сурет), беттер және пішіндер (48а ...в-сурет) алынған.

47-сурет. Іргелес түзу және нақты пішін


Стандарттау | Просмотров: 2818 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (1)

Өлшем тізбектерін тұрғызу және есептеу. Өлшем тізбектерін реттеу және келтіру әдістерімен есептеу.

 

Өлшем тізбектерін теориялы - ықтималдық есептеулер әдісі

  

Өлшем тізбектерін максимум-минимум есептеу әдісі бойынша, өндеу немесе жинақтау кезінде, бірден ұлғайтушы буындардың ең үлкен және кішірейтуші буындардың ең кіші өлшемдерінің қатынастары немесе керісінше, болуы мүмкіндігін қарастырады. Осы болуы мүмкін екі жағдайлар, тұйықтаушы өлшемнің дәлдігіне әсері кері. Бірақ болуы мүмкіндігінің ықтималдығы аз, себебі нақты өлшемдер ауытқулары дәлдік шегінің ортасына шоғырланады. Өлшем тізбектерін теориялы - ықтималдық есептеулер әдісі, осы қағидаға байланысты негізделген.


Стандарттау | Просмотров: 1445 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

Өлшем тізбектері теориясының негіздері және оларды  есептеу. Толық ауыстырымдылықты қамтамасыз ету есептеуінің әдісі. Теоретико-ықтималдық есптеу әдісі. 

 

Негізгі анықтамалар мен түсініктер

    Механизмдерді, машиналарды, аспаптарды және басқа бұйымдарды құрылымдау, технологиялық процесстерді жобалау, өлшеу құралдарын және әдістерін тандау кезінде, өлшем талдауын жүргізу қажетті болады. Өлшемдер талдауын жүргізуі арқасында, бір-біріне қатысты орналасқан өлшемдердің дұрыс қатынаста орналасуы және мүмкіндік қателіктер (дәлдік шектері), анықталады.

    Өлшем тізбегі деп, қойылған мақсатты нақты шешуге негізделген және тұйықталған қарамды құрайтын, өлшемдер жиынтығын атайды (ГОСТ 16319-80).

                          а                                       б                                           в

142-сурет. Құрылым көрнісі


Стандарттау | Просмотров: 2799 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

Тісті және бұрамдықты берілістер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

Берілістің жүріс бірқалыптылығының параметрлері

     Тісті беріліс жүріс бірқалыптылығы тісті доңғалақ бір толық айналым көлемінде циклдіқ түрінде қайталанатын қателіктер параметрлерімен анықталады.

    Берілістің және тісті доңғалақтың циклдіқ қателіктерінің дәлдік шегі келесі байланыс бойынша анықталады:

fzko = fzk = (k-0,6 + 0,13) Fr

мұндағы:

Fr - тісті доңғалақ тәжісі радиалдық соққылауының дәлдік шегі;


Стандарттау | Просмотров: 2757 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

Тісті және бұрамдықты берілістер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

 

Тісті берілістерге қойылатын пайдалану талаптары

     Тісті доңғалақтар ілінісі арқасында қозғалыс берілуін қамтамасыз ететін механизм тісті беріліс деп аталады. Тісті берілістер әртүрлі аспаптар, машиналар құрамында қолданылады. Тісті берілістер құрамындағы тісті доңғалақтар  осьтері өзара орналасуына байланысты олар цилиндрлік  (осьтері параллельді), конустық (осьтері қиылысады), гипоидты, бұрамдықты (осьтері айқасады) болады.

   Пайдалану талаптарына байланысты тісті берілістер келесі негізгі топтарға бөлінеді: есептік, жылдамдық, күштік және жалпы жағдайларғанегізделген.


Стандарттау | Просмотров: 3650 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

Көпкілтекті біріктірулер бөлшектерін бақылау аспаптары

 

  Көпкілтекті біріктірулердің біліктері мен төлкелері жинақталуы үшін олардың параметрлері, пішін және орналасу ауытқулары белгіленген өлшемдер аралығында орналасуы тиісті. Тік тісті көпкілтекті біріктірулерін

(ГОСТ 1139-80, СТ СЭВ 187-75, СТ СЭВ 188-75) кешенді және дифференциялды әдістері бойынша бақылайды.


Стандарттау | Просмотров: 900 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

Эвольвентті көпкілтекті біріктірулер дәлдік шектері және

          орнықтырулары

 

    Эвольвентті көпкілтекті біріктірулер тік тісті көпкілтекті біріктірулер алдында келесі артықшылықтары бар: номиналды  өлшемдері бірдей болған жағдайдың өзінде, олар көп айналу моментін астам беруін қамтамасыз етеді, одан кейін қосылатын бөлшектер жақсы центрленеді және жүктеме әсер ету кезінде бөлшектер өзара өздігінен орнығу қасиеттері бар.


Стандарттау | Просмотров: 1008 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

Кілтекті біріктірулер бөлшектерін бақылау әдістері мен аспаптары

 

   Кілтекті біріктірулер  бөлшектерінің өлшемдерін дифференциялды әдіс бойынша бақылау (әрбір параметрді жеке) үшін әмбебап өлшеу жабдықтарын қолдануға болады, бірақ  ол көп уақыт жаратуын талап етеді. Сондықтан, өндіріс орындарында кілтекті біріктірулер өлшемдерін, шекті мөлшерлер көмегімен бақылайды.


Стандарттау | Просмотров: 1581 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

Кілтекті және көпкілтекті біріктірулер өзара ауыстырымдылығы, бақылау әдістері мен аспаптары.

 

Кілтекті біріктірулердің өзара ауыстрымдылығы

 

     Кілтектер біліктерде немесе осьтерде орналастырылатын айналмалы бөлшектерді (шкивтерді, тісті донғалақтарды, жұлдызшаларды және т.б.). біріктіріп қосатын бөлшектер. Кілтекті біріктірулер біліктегі айналым моментті орнатылған бөлшекке  берілуін қамтамасыз етуге негізделеді.

  Өндіріс саласында қолданылатын кілтектер арасында көбінесе тараған түрлері: призматикалық және сегменттік.


Стандарттау | Просмотров: 1314 | Добавил: admin_ | Дата: 26.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 ... 81-90 91-95