-->
Главная » Статьи » Разные

Өсімдік аралығындағы жер бетін өңдеу технологиясы
Өсімдік қатар аралығын өңдеу үшін де әртүрлі культиваторлар қолданылады. Қатар аралықты өндейтін культиваторлар шаршы ұялап және кең қатарлы етіп егілген өсімдіктерді күту үшін колданылады. Қатар аралықты өңдейтін культиваторлардың да көптеген маркасы бар. Олардың атқаратын жұмысы мен негізгі жұмысшы мүшелерінде басқа культиваторлардан айырмашылық жоқ. Айырмашылық тек жұмысшы алымында. Жұмыс кезінде культиваторларды жұмысшы алымы бойынша пайдаланады. Өсімдік тұқымын еккен сеялканың жұмысшы алымы қандай болса, культиватордың да жұмысшы алымы сондай болғаны жөн. Егер жүгері алты қатарлы сеялка СКНК-6 мен себілсе, онда қатар аралықты өңдеу үшін КРН-4,2 культиваторын қолдану керек. Картоп СН-4Б отырғызғышымен егілсе, оның қатар аралығын КОН-2,8 культиваторымен өңдейді. Культиваторды осылайша пайдаланудың негізгі себебі мынау: сеялканың бір жүріп өткендегі жұмысшы алымын культиватор бір жүріп өткенде толық өңдеу керек. Егер сеялка алты қатарлы, культиватор төрт қатарлы болса, онда қалған екі қатар культиватордың келесі жүрісінде өнделеді. Осы екі қатармен қоса жапсар аралық (бірінші жұмысшы жүріс пен екінші жұмысшы жүріс арасындағы қатар аралық) өңделеді. Жапсардағы қатар аралық пен берілген қатар аралық бірдей бола қоймайды. Екі алымды араластырып өндеген кезде тракторшы қанша мұқият қарап дәл жүргенімен культиватор пышақтары өсімдіктерді зақымдайды. Сондықтан культиватордың жұмысшы алымы сеялканың жұмысшы алымымен тең болуы шарт. Культиваторды жұмысқа қоспас бұрын, оларды берілген қатар аралыққа қояды. Ол үшін арнайы тақтайға берілген қатар аралықтарды белгілейді де сол бойынша жұмысшы пышақтарды орналастырады. Тақтайға белгі жасарда өсімдік қатары осінің екі жанынан қорғаушы аралық қалдырады. Қорғаушы аралық өсімдіктің түріне, биікгігіне қарай 7-15 см болады. Культиватордың бір секциясына бекітілетін пышақтардың шеткісі өсімдік қатарынан қорғаушы аралық мөлшеріндегі қашықтықта орналасуы керек. Ол үшін жұмысшы пышақ бекітілетін көлденең ұстағышты грядильге бекіткен орнынан тиісті жағына жылжытады. Жұмысшы пышақтарды бірінің ізін бірі жабатындай етіп бекітеді. Із жабудың шамасы 3-4 сантиметрден кем болмауы тиіс. Із жабу дегеніміз – көрші екі жұмысшы пышақтың біріншісі өңдеп кеткен жер мен екінші пышақ өңдеген жердің айқасуы. Егер пышақтар өңдеген жер өзара айқаспайтын болса, арам шөп сабақтары толық кесілмей қалады. Культиваторлардың жұмысшы алымы пайдаланылатын әртүрлі пышақтарға байланысты. Екі жақты пышақтардың жұмысшы алымы 220, 270 мм ал бір жақты пышақтардың жұмысшы алымы 165 мм болады. Сондықтан оларда культиваторға орналастырмас бұрын мына формула бойынша із жабу шамасын есептеп шығарады: мұндағы: l – із жабудың, мөлшері, мм; а – берілген қорғаушы аралық, мм; L – барлық пышақтардың жұмысшы алымы, мм; В – берілген қатар аралық, мм. Түсінікті болу үшін мынадай есеп шығарып көрейік, Жүгерінің катар араларын өңдеу кезіндегі қорғаушы аралық а = 100 мм, қатар аралық В = 700 мм. Культиватордың бір грядиліне үш пышақ бекітіледі. Оның екеуі бір жақты пышақ және олардың жұмысшы алымы 165 мм, біреуі екі жақты пышақ және оның жұмысшы алымы 270 мм. Із жабу мөлшерін табу керек. Алдымен барлық пышақтардың жұмысшы алымын табамыз, яғни l=2x165 + 270 = 600 мм. Енді формулаға берілген шамаларды қойып, із жабу шамасын шығарсақ, онда l=50 мм. Із жабу шамасы көрсетілген 3-4 см шамасынан артық. Олай болса жоғарыдағы жұмысшы пышақтарды қолдануға болады. Культиваторды берілген қатар аралыққа реттегеннен кейін енді жұмысшы пышақтармен өңдеу тереңдігін реттейді. Ол үшін алдымен оны жазық алаңға шығарады да рамасын жер бетіне параллель қойып, аспалы жүйені реттейді. Осыдан соң әрсекциядағы тірек дөңгелегінің астына қалыңдығы берілген тереңдіктен 1-1,5 см жұқа ағаш брус қояды. Осы кезде жұмысшы пышақтардың барлығы жерге тиіп тұруы керек. Егер бұл айтылғаннан артық, не кем болса жұмысшы пышақтарды бекіткен орнынан босатып, тік бағытта тиісті жағына жылжытады. Осылайша жұмысшы пышақтарды бекіткеннен кейін, олардың топыраққа кіру бұрышын тексереді. Культиватор қатар аралықгы өңдеумен қоса өсімдікті минералдық тыңайтқыштармен де қоректендіреді. Бұл үшін түйіршікті немесе ұнтақталған минералдық тыңайтқыштар қолданылады. Шамасы 7 миллиметрден ірі емес түйіршік тыңайтқыштарды електен өткізіп пайдаланады. Тыңайтқыш шашатын аппаратты тиісті нормаға қоймас бұрын оның жұмысын тексереді. Себуші тарелка мен түсіруші дискі арасындағы саңылау 2,5 мм, ал себуші тарелка мен реттеп жапқыштың (заслонка) арасындағы саңылау 5 мм шамасынан аспауы тиіс (реттеуші түгқасы ноль белгісінде тұрғанда). Тарелка тазалағыштары оның қозғалысына кедергі жасамайтындай етіп реттеледі. Оң жақ түсіргіш дискі мен тыңайтқыш бөлгіштің арасындағы саңлау 1 миллиметрден аспайтындай болуы керек. Осы көрсетілген шамаларды қалыпқа келтіргеннен кейін, себу аппараттарын берілген нормаға қояды. Тыңайтқыш шашатын аппаратты тиісті нормаға кою, мысалы, 1-кетеде берілген. Ондағы сандар шамамен алынған. Сондықтан жұмыс алдында себу аппараттарын мына төмендегідей нормаға қою керек. Тыңайтқыш өткізгіштердің төменгі ұшын қоректендіруші пышақтан шығарады да астына ыдыс қояды. Трактордың аспалы системасы арқылы культиваторды көтеріп, жүріс дөңгелегін қолдан 25 рет айналдырады. Дөңгелекті айналдыру кезінде реттегіш тұтқаны 1-кестеде көрсетілген нормаға жуық келетіндей белгіге қояды. 25 рет айналдырғаннан кейін түскен тыңайтқышты таразыға өлшеп, берілген нормамен салыстырады. Нормадан ауытқыған жағдайда реттегіш тұтқаны тиісті жағына жылжытады немесе жетекші жұлдызшаларды алмастырады. Тексеру кезінде әрбір себу аппаратынан алынған тыңайтқышты жеке-жеке өлшеп, соңынан барлығын қосады. Аппараттардың бәрі бірдей мөлшерде себуге тиіс. Жұмыс кезінде культиватордың тыңайтқыш себу нормасын тексеруге болады. Ол үшін мына формула бойынша керекті тыңайтқыш мөлшерін есептеп табады. , кг мұндағы: Q – берілген себу нормасы, кг/га; l – тексеру кезіндегі жүрген жол, м; В – өсімдік қатар аралығы, м; N – себілуге тиісті тыңайтқыш шамасы, кг. Есептеп шығарылған тыңайтқыш шамасын өлшеп алады да себу аппаратының науасына салады. Енді агрегатты жұмысқа қосып, формуладақы жолын жүріп өтеді. Осы кезде жаңағы тыңайтқыш l – жолына толық жетуге тиіс. Егер жетпей қалса немесе артылса, онда шашу нормасын қайтадан реттейді, яғни жетпесе, ептеп жапқышты жабыңқырайды, ал артылып қалса, оны ашыңқырайды.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 1163 | Теги: Өсімдік аралығындағы жер бетін өңде | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: