-->
Главная » Статьи » Разные

Шөп шабатын машиналардың жұмыс технологиясы
 Шөп шабатын машиналар табиғи шөптерді, бір жылдық және көпжылдық екпе шөптерді орып дестелеуге арналған. Олар тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы болып жасалынады. Шөп шабатын машинаның негізгі жұмысшы мүшесі - оның кескіш аппараты (3.15.-сурет). Ол саусақты брустан 5 және ілгері кейін қозғалып тұратын шалғыдан тұрады. Шыңдалғыш шойыннан жасалған саусақтар болат брусқа болт арқылы бекітіледі. Саусақтың ішкі бетіне тойтармалы шеге арқылы қарсы кескіш шастинка 7 бекітілген. Шалғы арқалықтан 8 (көлденең қимасы 20x5 мм) және оған тойтармалы шегемен бекітілген сегменттерден 2 тұрады. Сегменттердің кескіш дүзі машинаның жүру бағытына 29 градус, ал саусақтардың қарсы кескіш пластинкасының дүзі сол бағытқа 5-10 градус болады. Саусақтардың жоғарғы кесіндісі мен қарсы кесу пластинкасының арасына шалғы кіргізіледі. Шалғы ілгері-кейін жүріп қозғала алады, ондай қозғалыс арнайы қуыстары 14 бар шалғы басына 13 қасықшалар 5 арқылы жалғастырылған шатуннан беріледі. Шалғы қозғалған кезде оның арқалығы саусақ ойығының бойымен, ал арқалыққа бекітілген сегменттер бағыттаушы үйкеліс пластинкасының 12 бойымен сырғып отырады, ал шалғының үстіңгі жағында саусақты брусқа қысқыш алақан 6 бар. Үйкеліс пластинкасы жұмсақ металдан жасалған. Олар өзара 38 см қашықтыққа бекітіледі және оның тесіктерінің диаметрі сол тесіктер арқылы брусқа бекітуге арналған болттардың диаметрінен недәуір үлкен. 3.15.-сурет.Кескіш аппарат: 1-саусақ; 2-сегмент; 3-саусақ мұрты; 4-саусақ өсіндісі; 5-брус; 6-қысқыш алақан; 7-қарсы кесу пластинасы; 8-пышақ арқасы; 9-қасықшалар; 10-шатун басы; 11-сыртқы тірек төсем; 12-үйкеліс пластинасы; 13-пышақ басы; 14-қуыс шар; 15-ішкі тірек төсем. Кескіш аппараттың екі шетіне тірек төсемдер бекітілген. Ішкі тірек төсемде 75 орылатын шөпті кескіш аппаратқа қарай бұрып, бағыттап отыратын бөлгіш шыбық бар. Бөлгіш шыбықтың көмегімен шөпті шала қалдырмай, таза оруға және кескіш аппараттың алым кеңдігін едәуір көбейтуге болады. Белгіш шыбықтың тағы бір жұмысы орылған шөпті ішкі тірек төсемнің үстіне құлатпайды. Сыртқы тірек төсемде 11 орылған шөпті ішке қарай қайырып отыруға арналған өріс тақтайшасы бар және кейбір ұзын шөптер кесілгеннен кейін өріс тақтайшасынан асып, сыртқа құламау үшін оған сабақ қайырғыш орнатылған. Кескіш аппаратқа күш редуктор мен иінді білік арқылы беріледі. Тарту штангасының бір ұшы топса арқылы негізгі рамаға, ал екінші ұшы саусақты брустың ішкі топсасына жалғастырылған. Ішкі топса шпренгель арқылы раманың алдыңғы бөлігімен қосылған және оны гайка арқылы тарту штангасының бойымен жылжытуға болады. Ішкі топсаға штырлармен ішкі тірек төсем және саусақты брус жалғасқан. Кескіш аппарат қол тұтқасымен және аяқ педалімен жоғары көтеріледі. Саусақты брусты алға қарай еңкейту үшін осы мақсатқа арналған тұтқаны пайдаланады. Машинаны жұмысқа қосар алдында оны ұқыпты тексеріп, реттеу, майлау сияқты жұмыстарды жүргізу керек. Кескіш аппараттың саусақтары бір түзу сызықтың (тартылған жіптің) бойында жатуы керек. Егер біреуі төмен, біреуі жоғары жатса, түзетіп ібір деңгейге келтіреді. Шалғы саусақтар арасында жеңіл қозғалуы керек және ол өткір болса, ору сапалы болады. Шалғы ілгері кейін қозғалғанда иінді біліктегі эксцентрик саусағының оң жақтағы немесе сол жақтағы шеткі өлі нүктелерде сегменттердің осьтері саусақтардың осьтеріне дәл келуі керек. Ол жағдай орындалмаса, шөп таза орылмайды. Осьтерді бір-біріне дәл келтіру үшін эксцентрик саусағын бір өлі нүктеге келтіріп, шатунды ұзарту не қысқарту керек, немесе ішкі топсаны тарту штангасының бойымен жылжытады. Осьтердің ауытқуы 3 миллиметрден артпауы керек және бұл шама саусақ осьтерінің оң жағында болғаны жөн. Сегменттер мен қарсы кесу пластинкаларының артқы шетінің арасындағы саңылау 0,3-0,5 мм болу керек. Егер бұл саңылау тиісті шамадан үлкен болса, пышақ жөнді кеспейді, ал өте кіші болса, кесу беттері тез тозады немесе сынады. Саңылауды қалыпқа келтіріп реттеу үшін қысқыш алақанды жайлап майыстырады. Үйкелу пластинкасы мен сегменттердің артқы қыры арасындағы саңылауда 0,3-0,5 мм шамасындай болады. Бұл саңылауды үйкеліс пластинкасын алға жылжыту арқылы реттейміз. Жұмыс істеген кезде бұл саңылау болмайды, себебі ол кезде пайда болатын кесу күші пышақты кері итеріп, үйкеліс пластинкасына тірейді. Жердің ылғалдығына, жұмсақ-қаттылығына қарай тірек төсемдердің жерге қысымын, компенсациялық серпіннің керілу күшін өзгерту арқылы реттеуге болады. Әдетте, бұл қысым ішкі тірек төсем үшін 15- 20 кг болады да тірек төсемдердің жер бетінің бедеріне икемделіп жүруін қамтамасыз етеді. Жұмыс істеген кезде кескіш аппарат машинаның жүру бағытына перпендикуляр болуы керек. Ол үшін кескіш аппараттың сыртқы тірек төсемі ішкісіне қарағанда 35-55 мм шамасындай алға жылжытылады. Жұмыс кезінде кескіш аппараттың өз салмағы әсерінен және орылатын шөп кедергісінен кескіш аппараттың сырты сол шамадай артқа кетеді. Сыртқы тірек төсемді алға жылжыту үшін ішкі топсаны раманың алдыңғы бөлігімен қосып тұрған шпренгельді қысқартады немесе ішкі топсаға ішкі тірек төсемді бекітетін эксцентрі саусақты бұрады. Жер бедеріне және т.б. жағдайларға байланысты ору биіктігін өзгертіп отырады. Ол үшін тірек төсемдердің астына қойылған шаналар бекіген орынды өзгерту керек. Алайда, ору биіктігі орылатын шөптің түріне де байланысты болады. Шөп машиналарының қауіпсіз, сынбай жұмыс істеуі үшін ұзын тіркеменің тракторға жалғасатын жеріне сақтандырғыш қондырғы бар. Агрегатты сындыратындай үлкен кедергі кездесіп, тарту күші аса ұлғайып кетсе, сақтандырғыш қондырғының көмегімен агрегат трактордан ажырап кетеді.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 2000 | Теги: Шөп шабатын машиналардың жұмыс техн | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: