-->
Главная » Статьи » Разные

Шөп шөмелегіштің жұмыс технологиясы
Орылған шөпті жалдардан жинап шөмелелеу үшін жинағыш-шөмелелегіш машиналар қолданылады. Жинағыш-шөмелегіш машинасы барабан типтес жинағыштан, көлбеу орнатылған элеватордан, жиналған шөпті түсіріп қалдыруға арналған механизмнен және жүру дөңгелектерінен тұрады. Машинаның жұмысшы мүшелері трактордың қуат білігінен, тісті және шынжырлы берілістер арқылы іске қосылады. Серіппелі саусақтары бар жинағыш механизм екі тірек табанға сүйенген бүйірге орнатылған. Бүйірге орнатылған подшипниктерде білік айналып тұрады. Оған серіппелі саусақтары бар штангалар табақтар арқылы орналастырылған. Штангалардың бір басындағы кривошипте орналасқан өз осінде бос айналатын, роликтер арнаулы жолмен қозғалады. Осы жолдың бағытына қарай серіппелі саусақтар өз жағдайын өзгертіп отырады. Саусақтар жерден шөпті көтеріп жинағыштың үстіне жеткізгенше штанганың ролигі арнаулы жолда шеңбер бойымен жүреді де одан кейін роликтер басқаша жолға түсіп, штанганы бұрады. Бұл кезде серіппелі саусақтар, шөпті өзімен бірге алып кетпейтіндей болып, қалақтардың арасына сүңгиді. Ал шөп қалақтардан жылжып элеваторға келеді. Жинағыш механизмнің кронштейніне бекітілген тірек-табандарды жоғары немесе төмен орналастыру арқылы серіппелі саусақтардың жерден биіктігін реттеуге болады. Тірек-табандардың жерге түсіретін салмағын теңестіргіш серіппелердің тартылыс күшін азайту немесе көбейту арқылы өзгертеді. Шынжырлы-планкалы транспортері бар элеватор жер бетіне 45о бұрышпен көлбей орнатылған. Транспортермен жоғары көтеріліп келе жатқан шөп кейін қарай құламау үшін серіппелі үш бастырғыш қойылған. Соның арқасында шөп төмен сырғымайды және оны жел де ұшырып кете алмайды. Шөп жинайтын камераның теңестірілмеген аударылмалы түбі және жылжымалы артқы қабырғасы бар. Артқы қабырға мен аударылмалы түп өзара байланысты. Камераға шөп толған кезде педальды басу арқылы артқы қабырға мен аудармалы түпті байланыстырып тұрған ілгекті ағытады. Аудармалы түптің артқы жағы шөп салмағымен төмен түседі, бұдан әрі камераның артқы қабырғасы ашылады да, шөп сырғып жерге түсіп қалады. Камераның екі жағындағы алаңда тұрған жұмысшылар шөпті айырмен тығыздап және тегістеп тұрады. Камераға шөп толған кезде педальды басып, оны босатады. Аудармалы түптің алдыңғы жағы ауыр. Шөпті түсіріп тастақаннан кейін камераның түбі өз салмағынын күшімен алғашқы қалпына келеді де артқы қабырғамен ілгек арқылы қайта байланысады. Камераның сыйымдылыры 15 м3, ені 1,8 метрге дейінгі жалдарды шөмелелегішпен жинауға болады. Ондай шөптің бір метр жердегі салмағы 3-4 кг. жетеді. Бір қалыпты тығыздалған жағдайда камераға 600-700 киллограмға дейін шөп сыяды.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 1016 | Теги: Шөп шөмелегіштің жұмыс технологиясы | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: