-->
Главная » Статьи » Разные

Себу технологиясына байланысты сеялка тетіктерін реттеу
 Сырттай қарап тексеру. Сырттай қарап тексергенде мына механизмдерге: катушкалы себу аппараты, сошниктер, тұқым түтіктері, тұқым науасы, көтергіш және беріліс механизмдерге көңіл бөлінеді. Катушкалы себу аппаратының білігі түзу болуы керек. Қисайған білік подшипниктердің үйкелісін арттырады. Катушка бетінде сынық және өткір қырлар болса, тұқымды жарып ұсақтайды. Катушка кіріп тұратын шайба өз орнында бос айналатындығы тексеріледі. Катушка білікпен бірге көлденең бағытта жеңіл қозғалуға тиіс. Себу аппараттарының қорабына кіріп тұрған катушка ұзындығы бірдей болмаса, себу аппаратының әрқайсысы тұқымды бірдей сеппейді. Осындай кемшіліктер болмас үшін, барлық катушканың қорапқа кіріп тұрған ұзындығы бірдей болатындай етіп, себу аппаратының корабын тиісті жағына жылжытады. Жылжытуға мүмкіндік болу үшін себу аппаратының тұқым ыдысына бекітілген жерінде ұзынша тесік жасалған. Себу аппаратының қорабын жылжытудан бұрын катушка мен муфтаның арасындағы саңылауды тексереді. Сөл саңылау мөлшердегіден көп болған жағдайда да катушкалардың ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін. Егер катушка мен муфтаның арасындары саңылау 0,5 миллиметрден артық болса, компенсаторды (коронды шайбаны) бұрыш, шплинтті жоғарғы тісінің тұсына келтіреді. Дискілі сошниктерді тексергенде олардын, дұрыс жиналғандығына көңіл бөлінеді. Жиналған дискілер қолдан жеңіл айналуы және ось бойымен қозғалмауы тиіс. Егер жиналған дискілер ось бойымен қозғалатын болса, онда оның конусын бұрап бекітеді. Бұдан кейін ось бойымен қозғалатындықы байқалса, конус тәрізді подшипникті айырбастайды. Ертеректе шығарылған ескі сеялкалардың сошниктерінде бұл жұмысты қосалқы шайбалар арқылы реттейді. Жиналған дискі алдыңғы жақында бір-бірімен жанасып тұруы тиіс. Екі дискінің арасына 1-1,5 миллиметрге дейін саңылау болады. Дискілі сошниктерді тіркемесіне бекіткенде, ұзын және қысқа тіркемелерді алма-кезек орын ауыстырып орналастырады. Егер екі қысқа тіркемелі немесе екі ұзын тіркемелі сошник қатар орналасса, жұмыс кезінде аралары бітеліп қалады да сеялканың жүруіне кедергі жасап, себу технологиясын бұзады. Сонымен қатар тұқым түтігі ұзын немесе қысқа болады да тұқымның дұрыс түсуіне кедергі жасайды. Дискілі сошникті бекітетін штангалардың ұзындығы бірдей болуы керек. Олардың ұзындықтары бірдей болмаған жағдайда сошниктер жерге әртүрлі тереңдікте енеді, сондықтан тұқым да әр түрлі тереңдікке себіледі. Сөйтіп, тұқым жер бетіне бір мезгілде өніп шықпайды. Сол сияқты штангаға кигізілген серіппелердің итеру күшін де реттеу қажет, яғни серіппенің төменгі жағындағы шплинттер штангада бір қатардағы тесіктерге бекітіледі. Тұқым түтіктері жұмыс кезінде көп иіліп, қисая бермеуі тиіс және резеңке тұқым түтігінің жыртығы болмауы керек. Металдан жасалған спиралды тұқым түтіктерін қабыстырып, майыстыруға болмайды. Беріліс механизмдеріндегі жұлдызшалар мен қырықаяқтардың бір жазықтықта жатқанын, тістері мен шынжырлардың тозу дәрежесін тексереді. Қырықаяқтар жалғасып тіркескен де олардың біреуінің тістері екіншілерінің тістерінің араларына еніп өзара байланысқан кезде олардың аралығындағы саңылау 1,5-2,5 мм шамасындай болуы тиіс. Егер ол саңылау көрсетілген шамадан үлкен болса, қырықаяқтар тез тозады, кіші болса, сынып кетуі мүмкін. Автоматтың екі иінді рычагы мен қосқыш тұтқаны тартып тұратын серіппесі сенімді жұмыс істеуі керек. Сеялка рамасының иілмей түзу тұруын да тексереді. Егер рама майысқан болса, раманың алдыңғы және артқы брусындағы қосымша шпренгельдерді, рама түзелгенше, керіп тартады. Ол үшін арнаулы винт қойылған. Осындай тексерулерден кейін, сеялка дөңгелегін көтеріп қойып, айналдырады да барлық механизмдердің жұмысын сырттай қарап тексереді. Онымен қоса бекітілген барлық түйіндердің беріктігін де тексеру қажет. Сошниктерді берілген қатар аралық қашықтығына қою. Бір сеялкамен бірнеше түрлі себу жұмыстарын жүргізеді, мысалы қатарлап егу, кең қатарлап және ленталап егу жұмыстарын жүргізуге болады. Егудің бір түрінен екінші түріне ауысарда сошниктерді орналастырудың ерекше маңызы бар. Сошниктерді берілген қатар аралықтай, қашықгықта орналастыру үшін арнайы тақтайға белгі салады. Ол тақтайдың ұзындығы сеялка дөңгелегінің ішкі аралығымен бірдей болуы керек. Қалыптағыдай қатарлап және кең қатарлап егу үшін сошниктер төмендегі ретпен орналастырылады. Мына формула бойынша сошник санын есептеп шығарады: п = мұндағы: п – сошник саны; В1 – сошник бекітілетін брустың ұзындығы, см; b1 – сошник тіркемесінің брусқа бекітілетін ұшының ені, см: b – берілген қатар аралық қашықтығы, см. Егер сошник саны жұп болса, онда арнайы тақтайдың тең ортасынан екі жағына, берілген қатар аралықтың жартысын өлшеп салады да әрі қарай берілген қатараралықты толық өлшеп салады. Соңынан сол өлшенген орындарды көрінетіндей етіп белгілейді. Егер сошник саны тақ болса, онда арнаулы тақтайдың тең ортасын белгілеп, екі жағына берілген қатар аралықты (в) өлшеп салады да көрінетіндей етіп белгілейді. Ол тақтайды сошник астына қойып жасалған белгі бойынша сошниктерді бекітеді. Ленталап егу кезінде сошниктерді орналастыру үшін мына формула бойынша сошник санын есептеп шығарады. , мұндағы: п – сошник саны; В1 – сошник бекітілетін брустың ұзындығы, см; b1 – сошник тіркемесінің брусқа бекітілетін ұшының ені, см; b2 – лента ішіндегі екі қатардың ара қашықтығы, см; b3 – көрші екі лентаның шеткі (ішкі) қатарларының арақашықтығы, см; с – бір лентадағы қатар саны. Жоғарыдағыдай, сошник саны тақ болса, онда арнайы алынған тақтайдың тең ортасын белгілеп, оның екі жағына лентаның ара қашықтығын өлшеп салады. Осы өлшеген белгілерді лента осі етіп алып, сошник орындарын белгілейді. Егер лентадағы қатар саны тақ болса, сол белгінің (осьтің) екі жағына қатар аралықты (в2) өлшеп белгілейді. Өлшеу саны бір лентадағы қатар санымен тең. Лентадағы қатар саны жұп болса, онда белгінің (осьтің) екі жағына қатар аралықтың жартысын (b2/2) өлшеп белгілейді де әрі қарай қатар аралықты толық өлшеп салады. Есептеп шығарған сошник саны жұп болса, арнаулы тақтайдың тең ортасындағы белгінің екі жағына лента ара қашықтығының жартысын өлшеп белгілеп, әрі қарай лента ара қашықтығын толық өлшеп салады. Сошниктері берілген тереңдікке қою. Қазіргі шығарылып жүрген сеялкаларда сошниктердің тереңдігін өзгерту үшін винтті-кулисалы механизм қойылған. Ол механизм автомат орнатылған сеялкаларда автомат тізбегіне, ал гидромеханизмді сеялкаларда гидроцилиндр тізбегіне бекітілген. Винтті бұрақан кезде, сошниктердің штангасы бекітілген төрт бұрышты вал бұрылады да, штанга серіппесін қысады немесе босатады. Соның әсерінен сошникті жерге батырушы күш ауытқып, соған байланысты тереңдік өзгереді. Сеялканы берілген тереңдікке мына ретпен қояды. Сеялка рамасын көтеріп, дөңгелек астына тіреу қояды. Тіреудің биіктігі берілген тереңдіктен 1,5-2 см кем болуға тиіс. Себебі жұмыс кезінде дөңгелек сеялканың салмақ күшінің әсерінен сол мөлшерде жерге батып жүреді. Бұдан кейін сошниктерді түсіріп, жұмысшы жағдайына келтіреді де, винтті механизмнің тұтқасын бұрап, кулисаның иінді рычагіне жеткізеді. Винтті механизм жұмыс кезінде өздігінен бұралып кетпес үшін, қосалқы гайкамен бекітіледі. Осы кезде сошниктердін. бәрі жерге тиіп тұруы керек және сошник штангасының бастары, өзі кіріп тұратын ішпектерден (вкладыштардан) жоғары шықып тұрмауы тиіс. Егер ішпектерден штанга көтеріліп тұрса, ондай штанганы басқа штангамен алмастырады. Сеялка сошниктері бірдей тереңдікте себуі үшін серіппе күштерін реттейді. Серіппенің итеру күшін арнаулы таразылармен өлшейді. Күштері теңеспеген серіппелердің қысылу шамасын, шплинтті штангадағы басқа тесікке ауыстыру арқылы өзгертеді. Жоғарыда көрсетілгендегідей ретпен сошник тереңдіктерін жұмыс кезінде өлшеп, тексеріп отыру керек. Сеялкаларды себу нормасына қою. Әр гектарға себілетін тұқым мөлшері өсімдік түріне қарай әртүрлі болады және өсімдік тұқымын да жер жағдайына қарай түрлі-түрлі нормамен себеді. Сондықтан сеялкаларда себу нормасын реттеп отыру қажет. Сеялкалардың себу нормасын реттеудің көптеген әдістері бар. Ол реттеулер тұқымның түріне, қасиетіне, шамасына, меншікті салмағына қарай пайдаланылады. Біздегі өндіріс шығаратын сеялкаларды реттеу үшін негізінен мынандай әдістер қолданады: Оның бірі -себу катушкасының айналыс жылдамдығын өзгерту, екіншісі - себу катушкасының жұмысшы ұзындығын өзгерту. Осымен қатар арнаулы сеялкаларда себу катушкасының айналыс бағытын өзгертеді және себу аппараты түбіндегі клапанның деңгейін өзгертеді. Төменде осы әдістердің әрқайсысына жеке-жеке түсінік беріледі. Себу катушкасының айналыс жылдамдығын әр гектарға себілетін тұқым мөлшеріне қарай өзгертеді. Себу катушкасының айналыс жылдамдығын өзгерту үшін, оны қозғалысқа келтіретін механизмдердегі беріліс санын өзгерту қажет, яғни тісті берілістегі қырықаяқтарды алмастырады, шынжырлы берілістегі жүлдызшаны алмастырады. Бұл тәсілді кәбіне тұқымның түріне қарай қолданады яғни астық тұқымдастардың түрі өзгергенде, себу катушкасының айналыс жылдамдығын да өзгертеді. Катушканың айналыс жылдамдығын өзгерту үшін әр сеялка үшін завод көрсеткен нұсқаудағы кесте пайдаланылады. Себілетін тұқымның түріне қарай себу катушкасының жылдамдығын ретке келтіргеннен кейін, катушканың жұмысшы ұзындығын реттейді. Барлық сеялкаларда катушканың жұмысшы ұзындығын өзгерту үшін арнаулы реттегіш механизм қойылған. Ол реттегіш механизмнің секторында шкалаға бөлінген цифрлар бар. Цифрлар катушканың жұмысшы ұзындығын шамалап көрсетеді. Сеялканы берілген нормаға қою үшін, себу катушкасының ұзындығын жуықтап алынған шамақа қояды. Ол үшін көп жылғы тәжірибеге сүйенеді. Бұдан кейін катушка ұзындығын берілген нормаға қояды. Жоғарыда көрсетілген екі әдісті қолданар кезде катушканы аз жылдамдыққа қойып, жұмысшы ұзындығын көбірек алған жөн. Катушканың жұмысшы ұзындығын азайту, әдетте себу сапасын нашарлатады. Сеялканы берілген себу нормасына қойғаннан кейін лабораториялық жолмен оның дұрыстығын тексереді. Ол үшін сеялканы тегіс жерге орналастырады да рама астына тіреу қойып, дөңгелекті көтереді. Сошниктерді жұмыс жағдайына келтіреді. Жұмыс жағдайына келтірмес бұрын сошниктердің астына брезент төсейді. Себебі себілген тұқымды сол брезентке жинап алып, өлшейді. Тұтас брезент төсемеген жағдайда тұқым түтіктерін бекітілген орнынан босатып, себу аппаратына жеке-жеке қалта кигізеді. Енді сеялканың дөңгелегі "п" айналыс жасаған кездегі себілуге тиісті тұқым мөлшерін мына формула бойынша есептейді. , мұндағы: qп – сеялка дөңгелегінің п айналыс жасағандағы себілетін тұқым мөлшері, кгк; Q – бір гектарға себілетін тұқым мөлшері, кгк/га; b – қатар аралығы, яғни екі сошниктің ара қашықтығы, м; t – сеялкадағы сошник саны; π =3,14; D – жүріс дөңгелегінің диаметрі, м; п - жүріс дөңгелегінің айналыс саны (мұны өзіміз белгілейміз). Неғұрлым айналыс санын көп етіп алсақ, солғұрлым сеялканы нормаға дәл қоямыз. Кейбір сеялкаларда есептеп шығарылған тұқым мөлшерін екіге бөлу керек. Себебі, оларда бір дөңгелектен себу катушкаларының жартысы ғана жүріс алады. Осы формула бойынша есептеп шығару үшін, сеялка науасына тұқым салып, жүріс дөңгелегін қолмен айналдырамыз. Айналыс саны формулада қолданылған айналыс санымен п бірдей болуы керек. Дөңгелекті тоқтатпай бір қалыпты айналдырады және оның жылдамдығы себу кезіндегі айналыс жылдамдығына жағын болғаны жөн. Дөңгелекке n айналыс жасалғаннан кейін тоқтатып, мешоктерге (брезентке) түскен тұқымды өлшейміз. Бұдан шыққан сан формула бойынша есептеп шығарылған шамамен тең болуы тиіс. Егер сеялкадан жинап алынған тұқым мөлшері тиісті шамадан аз болса, себу катушкасының жұмысшы ұзындығын көбейтеміз, ал көп болса, керісінше азайтамыз. Бұдан кейін жоғарыдағыдай ретпен қайтадан тексереміз. Сеялкадан түскен тұқым мөлшері есептелген тұқым мөлшерімен теңескенше, тәжірибені қайталай береді. Екі шама теңескеннен кейін, катушканың жұмысшы ұзындығын өзгертетін тұтқаны гайкасымен секторға мықтап бекітеді. Мысалы: СЗ-3,6 сеялкасын гектарына 180 кг тұқым себетіндей етіп реттеу керек дейік. Дөңгелек диаметрі 1,22 м және ол 20 айналыс жасайды. Сеялканың бір дөңгелегі 20 айналыс жасаған кезде себу аппаратының себетін тұқым шамасы 4964 грамм болуы тиіс. Мұндай шама шықпаған жағдайда себу катушкасының жұмысшы ұзындығын өзгертуге тура келеді. Сеялканы тиісті себу нормасына лабораториялық жолмен қойғаннан кейін егіс басында тағы тексеруге болады. Ол үшін егіс даласынан кез-келген ұзындығын өлшейді. Енді мына формула бойынша сол жерге керекті тұқым мөлшерін есептейді. , кг. мұндағы: ql – өлшеген жерге себілуге тиісті тұқым мөлшері, кгк; Q – берілген норма, яғни бір гектарға себілетін тұқым, кгк/га; В – сеялканың жұмысшы ені, м; l – өлшенген ұзындығы, м. Есептеп шығарылған мөлшерлі тұқымды таразыға өлшеп алып, сеялка науасына салады да жаймалап бір тегіс етіп жазады, бұдан кейін өлшеулі жерге себеді. Егер өлшеп салынған тұқым l-ұзындықты жүріп өткен кезде таусылса, онда сеялканың тиісті себу нормасына дұрыс қойылғаны. Олай болмаса, сеялканың себу нормасын өзгертеді. Маркер ұзындығын реттеу. Сеялканың әр жүріп өткендегі іздерінің аралығы дұрыс болуы үшін себу агрегатында маркер қолданылады. Маркер өз дискісімен келесі жүріске із қалдырып отырады, ал тракторист сол ізбен жүреді. Тракторды жүргізу әдісіне қарай, маркердің ұзындығы әртүрлі болады. Тракторды маркер ізімен жүргізудің мынадай әдістері бар: а) маркер ізіне трактордың дәл ортасын немесе радиатордың пробкасын келтіріп жүреді; б) маркер ізіне трактордың оң жақтағы және сол жақтағы дөңгелектерін (шынжыр табанын) кезектестіріп жүреді; в) маркер ізімен трактордың оң жақтары дөңгелегін бағыттап жүреді. Тракторды жүргізу әдісіне қарай маркер ұзындығын әртүрлі формуламен есептеп шығарады. Маркер ізіне трактордың оң жақтағы дөңгелегін келтіру үшін: Lоң = , м мұндағы: lоң, lсол – оң жақтағы және сол жақтағы маркер ұзындығы (шеткі сошник пен маркер дискісінің ара қашықтығы). Бұл жүріс бағытына көлденең өлшенеді; В – сеялканың жұмысшы алымы. Егер агрегатта бірнеше сеялка болса, жұмысшы алымына барлық агрегаттың жұмысшы алымы қосылып алынады; в – себу кезіндегі қатар аралық қашықтығы; Вт – трактор дөңгелегінің ара қашықтығы. Шынжыр табанды тракторларда шынжыр табанының ішкі немесе сыртқы ара қашықтары алынады. Маркер ізімен трактордың оң жақгақы және сол жақтағы дөңгелегін алма-кезек бағыттап жүретін болса, онда оң жақтағы және сол жақтағы маркерлердің ұзындықтары бірдей болады, яғни: lоң=lсол = , м Мұндағы шартты белгілер жоғарыдағыдай. Маркер ізіне трактордың дәл ортасы бағытталатын болса, онда екі маркердің ұзындығы бірдей болады, яғни: lоң=lсол = , м Мұндағы шартты белгілер де жоғарыдағыдай. Осы формуламен есептелген ұзындықпен маркер ұзындықтарын теңестіреді. Егілетін тұқымды егіс басына орналастыру. Тұқымды егіс басына жеткізіп, сеялкаға салып тиеуге ыңғайлы жерге орналастырудың егіс жұмысына тигізетін әсері үлкен. Сеялка науасындағы тұқым таусылған соң оны қайтадан толтыру керек. Сондықтан келесі салынатын тұқым сеялкадағы тұқым таусылатын жерде болуы қажет. Оны мына формула бойынша есептейді: L= , м Мұндағы: L – сеялкадағы тұқым таусылғанға дейінгі сеялканың жүретін жолы, яғни егілетін тұқымдардың бір-бірінен ара қашықтығы, м.; f – с ялка науасындағы тұқымның таусылу дәреже сі; Q1 – cеялка науасының сыйымдылығы, кг.; Q – бір гектарға себу нормасы, кг/га.; В – сеялканың жұмысшы алымы, м. Осы формула бойынша есептелген ұзындығы бойынша егілетін тұқымды орналастырады. Мысалы: егер бір гектарға себу нормасы 180 кг, сеялканың жұмысшы алымы 3,6 м жәшіктің сыйымдылығы 230 кг және тұқымның таусылу дәреже сі 0,9 болса, онда: L=3200 м. Сөйтіп сеялка әрбір 3200 м жол жүргеннен кейін сеялка науасын толтыратын тұқым дайын тұруы қажет. Егер загон ұзындығы 1600 м болса, онда егілетін тұқым загонның бір шетінде болады. Сеялка бір айналыс жасағаннан кейін жәшікке тұқым салады. Загон ұзындығы 1000 м болса, тұқымды загонның екі шетіне де орналастырады.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (27.10.2013)
Просмотров: 1064 | Теги: Себу технологиясына байланысты сеял | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: