-->
Главная » Статьи » Разные

Рульдiк басқарудың ақаулары
Рульдiк басқарудан автомобильдердiң жұмыс iстеуi ғана емес, сонымен бiрге оларды жұмысқа қосу қауiпсiздiгi де байланысты. Рульдiк басқаруда мынадай ақаулар болған жағдайда автомобильдердi пайдалануға рұқсат етiлмейдi: рульдiк басқарудың тұтылып қалуы, рульдiк доңғалақтың люфтiсiнiң шамадан тыс болуы, рульдiк басқару бөлшектерының көбiрек тозуы, бекiтулерiнiң босап және шплинттiң бұзылуы. Басқарудағы мардымсыз қиыншылықтарының өзi авария жасаудың себебшісi болуы мүмкiн. Егер рульдiк басқару тұтылып қала берсе, жүргiзушi тез шаршайды, ал жол қозғалысы зор ынтаны қажет еткен жағдайда және жоғарғы жылдамдықпен жүргенде соқтығысып немесе бiреудi мерт қылу қаупi туады. Егер червяк подшипниктерiнiң бұзылуы немесе тартқыштың майысуына байланысты, рульдiк басқару тұтылып қалса, онда бұзылған бөлшектерды ауыстыру керек. Рульдiк механизм дұрыс жөнделмеген жағдайда оны реттеу керек. Егер гидрокүшейткiштiң ақауы болса, онда оны жөндеу қажет. Рульдiк басқарудың бекiту бөлшектерының босағандарын қысып, жоғалған немесе сынған шплинттерiн, сондай-ақ рульдiк басқарудың тозған бөлшектеры жаңасымен ауыстырады. Бағыттаушы доңғалақтың ступица подшипнигі мен руль тартқышының бөлiктердегi саңылаудың үлкеюi нәтижесiнде, рульдiк механизм корпусының, сошканың және цапфаның бұрылу рычагтарының бекiтiлулерi босайды. Червяк подшипниктері мен червяк және ролик (сектор) арасында саңылау мен гидрокүшейткiшi бар рульдiк механизмде, май жетiспеушiлiк салдарынан рульдiк доңғалақтың люфтiсi ұлғайады. Рульдiк доңғалақтың люфтiсiн жоғарыда айтылған ақаулар себебiн жою арқылы реттеуге болады. Бағыттаушы дөңгелек подшипниктерін реттеу. Бағыттаушы дөңгелектың конусты подшипниктердегi осьтiң қалыпты саңылауы 0,2 мм шамасында болады. Жерден сәл көтерiлiп тұрған дөңгелекті айналдырып жiберу арқылы саңылауды тексередi. Егер саңылау 0,5 мм үлкен болса, подшипниктердi реттейдi. Реттеу алдында болтты бұрап алып, дөңгелектың күпшегi қалпағын босатады, оны алдын ала тозаң мен ластан тазартады. Дөңгелектың айналуына қарсы кедергi пайда болғанша, реттеуiш гайканы бұрай түседi, ол одан кейiн шплинт астында таяу тұрған тiлiкке дәл келгенше керi бұрайды. Подшипниктер ретке келтiрiлген жағдайда дөңгелек жеңiл айналады және ось лифтiсi онша бiлiнбейдi. Механикалық басқаруы бар рульдiк механизмдi реттеу. Егер рульдiк дөңгелектың еркiн жүрiсi, жасап шығарған завод белгiлеген нормадан артық болса, онда рульдiк басқаруды ретке келтiру қажет. Ең алдымен, рульдiк тартқыштың топсалы қосылыстары мен бағыттаушы дөңгелектің конусты подшипниктерiндегi саңылауды реттейдi. Егер рульдiк дөңгелектің еркiн жүрiсi бұдан кейiн де кеңейтiлген күйiнде қалса, рульдiк механизмнiң червягындағы конусты поджшипниктердiң осьтiк саңылауы тексерiледi (2.126-суреттi қараңыз). Ол үшiн көлденең тартқышты (15) сошкадан (16) бөлiп алып, рульдiк дөңгелекты кез келген жаққа айналдыра отырып, червяктi (8) роликпен iлiнiсумен шығарады. Одан кейiн осьтiк бағытта рульдiк дөңгелектың бiлiгiн қозғайды. Егер бiлiктiң ауысуы елеулi болса, червяктiң конусты подшипниктерiндегi саңылауды кiшiрейтедi, ол үшiн рульдiк механизмнiң төменгi қақпағының (1) астындағы реттеуiш төсемнiң бiр бөлiгiн алып тастайды. Червяк подшипниктерiн дұрыс реттеген жағдайда рульдiк дөңгелек 3-5Н (0,3-0,5 кгс) күшпен айналуы керек. Бұдан кейiн червяктiң орта тұсына қарама-қарсы роликтi орнатады, сошканы қозғай отырып, ролик пен червяк аралығындағы саңылауды тексередi. Егер саңылау үлкен болса, одан оны реттеу қажет. Червяктiң роликпен iлiнiсiн реттеу мынадай жолмен жүргiзiледi. Рульдiк механизмдi босатып, реттеуiш винтiнiң гайкасын керi бұрап бекiткiш шайбаны (11) да алады. Ролик червяктiң орта тұсына қарама-қарсы орналасқан жағдайда, олардың арасындағы сағылау ең аз болғанша реттеуiш винттi (10) бұрай бередi. Бекiткiш шайбаны орнына кигiзiп, гайкамен бекiтедi де, рульдiк механизмдi орнына қояды.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 1119 | Теги: Рульдiк басқарудың ақаулары | Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: