-->
Главная » Статьи » Разные

Рульдiк басқару жүйесіне техникалық қызмет көрсету
 Рульдiк басқару арқылы басқаруды қиындатады және қозғалу қауiпсiздiгiне қауiп төндiредi. Рульдiк басқарудың ақауының негiзгi белгiлерi рульдiк дөңгелектiң шамадан тыс бос жүрiсi, рульдiк бiлiктiң тығыз бұрылуы, рульдiк бiлiктiң өсьтiк люфтысы, рульдiк механизмнiң редукторының картерiнен май ағуы, рульдiк басқарудағы дүрсiп. Рульдiк дөңгелектiң шамадан тыс бос жүрiсi (люфт) рульдiк тартқыштың топсалы қосылысының желiнуiнен немесе бекiтудiң босағанынан болады, рульдiк механизмнiң редукторының картерiнiң бекiтуiнiң, рульдiк сошканың немесе маятниктi рычагтың кронштейнның босағанынан, рульдiк механизм редукторының шығыршығымен червягының немесе олардың втулкасiмен подшипнігiнiң желiнуiнен, редуктордың өзiнде реттеудiң бұзылуынан, резинометалды топсалардың бұзылуынан, рейке тiрегiнiң бұрандалығының босағанынан сонымен қатар иiлгiш муфтатың втулкасiнiң желiнуiнен болады. Оны тексеру үшiн алдыңғы дөңгелектi орташа жағдайға қояды, автомобиль тура қозғалысына сәйкес келетiн, рульдiк дөңгелектi сол жаққа, тiрелгенше бұрады, бiрақ, алдыңғы дөңгелектiң жағдайын бұзбайды. Аспап қалпақшасының кез келген нүктесiне рульдiк дөңгелектiң жағдайын белгiлейдi, содан кейiн рульдiк дөңгелектi оңға бұрады, тағы да алдыңғы дөңгелек жағдайын бұзбай рульдiк дөңгелек құрсауынан осы нүктелердiң қашықтығын есептейдi, осы қашықтық бос жүрiс шамасы болады. Бос жүрiстi нақты өлшеу үшiн арнайы аспап – люфтомердi қолданады. Рульдiк дөңгелек люфтысын тексергенге дейiн алдыңғы дөңгелек күпшесiнiң подшипникiндегi саңылауды бақылау керек қажет болса реттеу қажет, жинаудағы ауа қысымын нормаға келтурi керек. Рульдегi люфтының себебiн топсадан iздеген дұрыс болады. Топсалы байланыстағы люфтыны тексеру үшiн бiр адамға рульдiк дөңгелектi оңға және солға шұғыл бұру қажет, ал екiншi адам – топсаларды кезегiмен қарап шығу керек. Рульдiк жетектiң қосақталған бөлшектерi бiр уақытта қозғалу тиiс. Бұл ақауды шарлы саусақтардың бұрандалығын қатайту арқылы немесе желiнген топсамен втулканi ауыстыру арқылы жояды. Одан кейiн рульдiк механизм редукторы картерiнiң бұрандасының тартылғанын тексеру, бiлiкте рульдiк сошканың бекiтiлуiн, кузов бапкесiне маятниктi рычагтың корпусқа бекiтiлу бұрандасының тартылуын тексеру қажет. ВАЗ-2108 автомобильде сонымен қатар иiлгiш муфтатың (7) фланецiн шестерняпен (2) жалғайтын бұрандасының (8) тартылуын және рейке тiреуiнiң бұрандалығының (5) бекiтiлуiн тексеру керек. Егер рульдiк жетекте ақау табылмаса, ал рульдiк дөңгелектiң бос жүрiсi нормалдан артық болса, онда ролик пен червякның iлiнiсуiн реттеу мынадай ретпен жүруi қажет: ВАЗ-2105 автомобилiнiң редукторының (2.12 б, суреттi қара) реттеуiш бұрамасының 8 қарсы бұрандалығын бұрап шығару, реттеуiш втулканiң 15 (2.12 б, сурет) немесе реттеуiш бұрама 20 (2.12 в, сурет) және реттеуiш бұрама немесе втулканi шамалы бұрау, қарсы бұрандалықты бұрап бектiу жәе рульдiк дөңгелектiң люфтасын қайта тексеру керек. Егер люфт нормада болса рульдiк дөңгелектi бұруға қажеттi күштi тексеру керек. Егер ол 25 кгк-тен асып кетсе (алдыңғы дөңгелек жұмсақ тақтада тұрғанда), онда втулканi 15 және бұрамаларды 8 және 20 бiршама босату керек. ВАЗ-2108 автомобилiнiң шестерня – рейке iлiнiсу саңылауының реттеуiн тек техникалық қызмет көрсету станциясында жасайды. Рульдiк бiлiктiң тығыз бұрылуы червякмен ролик саңырауының дұрыс реттелмеуiнен болады, шестернятiң подшипникiн шамадан тыс тартудан және бұзылуынан, рейке тiреуiнiң бұрандалығын, ролик және червякық көп желiнуiiнен, рульдiк шар. Қыпшық майысуынан, редуктор картерiнiң майлаудың жетiспеуiнен, және де алдыңғы дөңгелектердiң бұрыштарын дұрыс қоймағандықтан болады. Редуктор картерiнiң майын тексеру және толтыру тығынмен жабылмайтын тесiк арқылы орындалады. Басқа ақаулары желiнген бөлшектердi реттеу және ауыстырумен жойылады. Рульдiк бiлiк өсiндегi люфтi негiзiнен червяк подшипникiнiң желiгуiнен болады. ВАЗ-2105 автомобильде ол реттегiш төсемдердi бiразын алып тастау арқылы жойылады (2.12 а, сурет) редуктор картерi және кақпақшасының арасындағы "Москвичң автомобильде бiлiк өсiндегi люфт редуктор картерiндегi реттегiш тығынды 12 (2.12 б суреттi қара) қарсы бұрандалықты 13 босатып тарту арқылы жояды, ал ЗАЗ автомобильде бұрандалықты 18 босатып (2.12 в, сурет) тығында 12 тартады. Редуктор картерiнен майдың ағуын сыртынан қарап анықтайды және картер қақпақшасын бекiтетiн бұранданы тарту арқылы, төсемдi немесе сальниктi ауыстыру арқылы жояды. Рульдiк басқарудағы дүрсiл маятниктi тұтқада шамадан тыс люфтi болғанда естiледi, ролик және червякның жұмыс беттерi бүлiнгенде, рульдiк тартқыштың топсасында шамадан тыс люфтi болғанда, редуктор картерiнiң бекiтiлуiнiң босағанында болады. Жою үшiн маяниктi тұтқаны рульдiк тартқыштан босатып алу керек, тексерiп және люфтiсiн жою керек. Ролик пен червяк жұмыс беттерiнiң бүлiнуi майдың жоқтығынан немесе аздығынан, редукторға құйылған май сапасының төмендегiнен болуы мүмкiн. Бұндай жағдайда дүрсiл мен қатар басқаруда қиындайды. Желiнген редуктор бөлшектерiн және шарлы топсаларды ауыстыру қажет, ал редуктор картерiнiң бекiтетiн бұрандасын тарту керек. Рульдiк басқаурға техникалық қызмет көрсету . Күнделiктi жолға шығар алдында рульдiк дөңгелектiң бос жүрiсiнiң шамасын тексеру керек. Бiрiншi 2…3 мың км, содан кейiн әр 10000 км жүргеннен кейiн (ВАЗ-2108 автомобиль әр 15000 км-ден кейiн) жалпы рульдiк басқарудың жағдайы тексерiледi. Тексеру үшiн (көмекшiмен) автомобильдi қарайтын орға немесе эстакадаға шығарады да рульдiк механизммен жетектiң бөлшектерiнiң бетiн кiрден тазалайды және алдыңғы дөңгелегiн тура жүрiске сәйкес келетiн жағдайға қояды. Рульдiк дөңгелектi екi жаққа бұрып астыңғы жағынан топсада дүрсiлдiң бар жоғын рульдiк механизмiнiң редукторындағы жалғанған қосылыстарда: рульдiк механизм редукторының картерiнiң бекiтiлуiн, рульдiк сошканың және маяниктiк тұтқаның кронштейнiнiң сенiмдi бекітілуін, тогын білігінде өстік қозғалыстың болған болмағанын: динамометрдің көмегімен рульдік дөңгелекті бұруға қажетті күш шамасын (алдыңғы дөңгелек жұмсақ тақтада тұрғанда күш 250 Н-нан аспауы керек): шеткі тартқыштың реттелетін муфтасының бекітілуін тексеру керек. Сырттай қараумен шарлы саусақтардың бұрандалығыың шплинтелгені қорғаушы қаптарлардың жағдайы, рульдік механизмнің картерінен майдың аққан ақпағанын тексереді. Резинометалдық топсалардың резиналы втулкалері дөңестенсе, жырылып немесе бос жүрсе ауыстырылады. Сонымен қатар ВАЗ-2108 автомобильдерде рейке қаптарларының рульдік механизмдерінің редукторының қорғаныс қалпағының және рульдік тартқыш ұшының қорғаныс қалпақтарының жайы тексеріледі. Ұштардың қорғаныс қалпақтары көзбен және қол саусағымен басып тексеріледі. Егер жырық табылса немесе басқан кезде май сыртқа шығатын болса, онда қалпаққа алдын ала ШРУС-4 майлауын жағып ауыстыру керек. ЗАЗ автомобильінде 20000 км жүргеннен кейін (ВАЗ-2105 және «Москвичң автомобильдерінде 60000 км-ден кейін) рульдік механихмнің редукторларының картеріндегі майдың деңгейін тексеріп қажет болса ауыстыру керек. ВАЗ-2105 автомаобильдерінің майын тексеру үшін, редуктор картерінең май құятын тесігінің тығынын бұрап алу арқылы червяк тілігінің майлануын бақылайды: егер червяк тілігінің орта бөлігі майланбаса онда май құяды. «Москвичң автомобильінде май деңгейін тексеру үшін құятын тесіктің тығынын 16 (2.12 б сурет) сошка білігінің реттелетін втулкасін 15 айландырып алмай бұрап алады, ондағы ойма солға болғандықтан сағат тілі бағытымен бұралады. Содан кейін бұл тесікке мотор картеріндегі май деңгейін бақлайтын май өлшегіш сырықты (щуп) енгізеді. Май деңгейі «міпң белгісінде болуы тиіс. Егер одан төмен болса осы белгіге дейін толтыру керек. ЗАЗ-968 М автомобильінде рульдік механизмі редукторының картеріндегі (2.12, в сурет) май деңгейін бақылайтын тесіктің бұрандасын 23 бұрап алу керек. Май деңгейі бұранда астындағы ойма шетіне дейін жеткізу керек. қосымша май құю тығынымен 19 жабылған қалпақшадағы тесік арқылы құйылады. ВАЗ-2105 автомобильінде маятникті тұтқа осінің тораптарын жөндейтін немесе бұзатын болса жоғарғы және төменгі втулкалерге «Литол-24» майлауы енгізіледі. ВАЗ-2105 және ЗАЗ 968 автомобильдерінің рульдік жетектерінің топсаларында ШРБ-4 майлауы қолданылады, жәнеде тек жөндеу кезінде немесе оның қаптармасының жыртылған кезінде ғана ауыстырылады. Рульдік басқарудың шарты 1-ші таблицада келтірілген. 2.14-сурет. Люфт өлшегіш - динамометр. 2.15-сурет. Гидравликалық күшейткіші бар рульдік жүйені тексеретін құрал. 1-қорап; 2-насос; 3-ыдыс; 4-манометр; 5-ашып-жапқыш кран; 6-шланг. Рульдік басқару пайдалануға жарамды деп есептеледі, егер рульдік дөңгелектің люфтісі шеткі жағдайда (рульдік дөңгелектің максимальды бұрылу кезінде) дөңгелектің түзу сызықты қозғалысқа сәйкес келген жағдайында жеңіл автомобиль үшін10-120 және жүк автомобиль үшін 10-15 0–тан аспаса Дөңгелектің түзу қозғалысқа сәйкес келетін жағдайында көлденең рульдік тартқшты алып қойған жағдайда рульдік дөңгелек червякына түсетін күш, әртүрлі жүк машиналарында 13-15 Н. аралығында және жеңіл автомобильдерге 7-17 Н. (ЗИЛ-130 автомобильіне -23 Н.). Рульдік басқарудың техникалық күйін бақылау рульдік дөңгелектің люфтісін және рульдік басқару механизмдеріндегі үйкелістің жоғалуын рульдік дөңгелек червяка түскен күшпен анықтау болып табылады. Рульдік дөңгелек люфтісін динамометр люфтомердің көмегімен анықтайды. Аспаптың көрсеткіш стрелкасын 1 рульдік бағанға, ал динометрлік тұтқамен -4 бірге жасалған шкаланы 2, қысқыштың көмегімен рульдік дөңгелектің червякына бекітеді. Тұтқаның ішінде әртүрлі қатаңдықтағы екі серіппенің болуы 3-20 және 20-100 Н. аралығында шкала бойнша күшті барынша анық өлшеуге мүмкіндік береді. Люфтінің шамасын автомобильдің алдыңғы дөңгелегін көтеріп қойып және алдыңғы оң дөңгелекке бекітілген екі түтік тәріздес кергі- табандатқыштың көмегімен өлшенеді. Кергі-табандатқыштар 6 рессормен бұрылатын цапфаның арасына орнатады. Содан кейін люфтомердің динамометрлік тұтқаның 4 көменгімен 10 Н-нан аспайтын күшпен ол бұл мәннен асып кеткен сәтке дейін рульдік дөңгелекті солға бұрады және стрелканы 1 шкалының 2 нөліне қояды. Одан кейін тура солай оңға бұрып шкалаынң 2 көмегімен дөңгелек люфтісінің градусын анықтайды. Рульдік дөңгелектің люфтісін табандатқыштарды қолданбай және дөңгелекті аспай анықтауғада болады, бірақ, өлшем нәтижелері анық болмайды. Люфтілердң қосындысы қай қосақтан немесе тораптан көбейіп кеткенін білдірмегендіктен реттеу алдында бұл тораптарды тексеру қажет. Рульдік тартқыштардың топсалы қоспаларында саңылаудың шамадын тыс болуы серіппенің босауынан және аздап желінгеннен болғанынан көзбен анықтауға болады немесе рульдік дөңгелекті екі жаққа шұғыл бұрып шарлы саусақтардың өзара қозғалысын ұстап көру арқылы тартқыштардың қалпағымен немесе ұштарымен салытырғанда анықтауға болады. Рульдік берілгіштегі тогын подшипниктегі саңылдауыдың бар жоғын рульдік дөңгелектің күпшегінің ось боймен қозғалысын бағанмен салыстыру арқылы анықтайды. Бұл қозғалысты рульдік дөңгелек күпшегімен сырт жағынан саусақпен түртіп және бағанды, дөңгелекті ортаңғы жағынан оңға солға қайтқанша бұрып және рульдік дөңгелек ортаңғы жағдайын бір айналысқа бұрылып тұрғанда және бекітілгенде (жүк автомобильдері) асылған алдыңғы дөңгелектерді қозғалтып табады. Рульдік механизмнің червякы және шығыршық ілінісіндегі саңылауды дөңгелек тура жүріске қойылған кезде және көлденең рульдік тартқыш ты ажыратып тастап сошка білігін оның ось бойымен қозғалысымен анықтайды. Әртүрлі маркідегі жүк автомобильдерінде (МАЗ-200 ден басқа) сошканың төменгі біткен жеріндегі қозғалысынң мәні 0,15-0,30 мм ден аспауы керек. Жеңіл автомобильдерде саңлауды червяк подшипнигіндегі остік саңыладуы жойғаннан кейінгі руль люфтісінің шамадан тыс мәнінен бақылайлы; сошка люфтісінің шегі 0-0,15 мм. Рульдік басқару механизмдеріндегі шамадан тыс үйкелістерді рульдік дөңгелек червякында орнатылатын динамометр - люфтомердің көмегімен бақылайды. Шкала бойынша анықталатын оған түсірірлетін күштің шамасын анықтайтын (15 сурет). Бұл кезде автомобильдің алдыңғы дөңгелектері асылып тұрады және тура жүру жағдайына қойылады. ГАЗ жүк автомобильдері үшін күш 40 Н-нан аспауы керек, ЗИЛ автомобильдерінде-60 Н. Сол тәсілдермен червяк подшипниктеріндегі үйкелістің жоғалғанын және басқа тораптардығы жоғары үйкелістерді анықтауға болады., ол үшін рульдік трапецияның жағынан бастап тораптарды кезегімен ажырата бастайды. ЗИЛ-130 автомобильінде рульдік басқаруында гидравликалық күшейткіш бар дөңгелек тоғыындағы күшті көлденең тартқышты ажыратып үш жағдайда тексереді. Бірінші жағдайда рульдік дөңгелек ортаңғы жағдайы екі айналысында көбірек бұрылғанда (автомобильдің тура жүрісіне сәйкес) күш (диаметр-люфтмермен өлшенген) 5,5-13,5 Н. аралығында болуы керек; екіншісінде рульдік дөңгелек ортаңғы жағдайдан өткенде, тісті ілінстің саңылауы қалыпты болғанда рульдік дөңгелек червякдағы күш 12-23 Н-ға тең болуы керек; үшіншісінде, ондада рульдік дөңгелек ортаңғы жағдайдан өтаді, сектормен рейкенің ілінісін реттегенен кейін червякдағы күш екінші жағдайдағыдан 8-12,5 жоғары, бірақ 28 Н –нан аспауы керек. ЗИЛ 130 автомобильінің рульдік басқаруының гидравлкалық күшйеткішінің дұрыс жұмыс істеуі қысым насосымен жетілетін қалбырдағы май деңгейіне байланысты. Қалбырдағы май деңгейін қалыпты жағдайға, мотордың бос жүріспен айналып жұмыс істеп тұрған кезінде келтіреді. Магистралдағы май қысымын тексергенде насоспен 2 жоғары қысымды түтік 6 арасына манометрмен вентилмен 5 тройник орнатады және майдың қысымын бақылайды. Ол 6,5 мПа –дан кем болмауы тиіс.төмен қысым насоста немесе рульдік механизмде ақау барын білдіреді. Егер вентиль жабық болғанда қысым жоғарласа онда рульдік механизмде ақау болғаны, егер төмендесе –насоста ақау болғаны. Егер вентил жабық болғанда қысым көтерліп бірақ, 6,0 мПа-дан аз болса, онда бұл екі тораптарда ақау барын білдіреді. Гидравликалық күшейткішті рульдік басқаруларды автомобильдердің рульдік дөңгелегінің люфтісі жұмыс істеп тұрғанда анықтайды.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 3420 | Теги: Рульдiк басқару жүйесіне техникалық | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: