-->
Главная » Статьи » Разные

Пневматикалық жетектi тежеуiш механизмдерi.
 Пневматикалық жетектi тежеуiш жүйесi автомобильдердiң бiрқатарында қолданылады. Ол дөңгелек тежеуiшi механизмдерiнен (тежеуiштер) және пневматикалық жетектен тұрады. Дөңгелек тежеуiш. Автомобильдердiң дөңгелектері пневматикалық жетектi колодкалы тежеуiштермен жабдықталған. Ол жүрiп келе жатқан автомобильдiң жылдамдығын баяулату немесе мүлде тоқтатуға арналады. Жалпы пайдаланылатын жүк автомобильдерiнің дөңгелек тежеуiшi пневматикалық жетегiнiң конструкциясының ешқандай айырмашылығы болмайды. 3.10-сурет. Автомобиль тежеуішінің пневматикалық жетегінің схемасы: 1-компрессор, 2-манометр, 3-ауа балоны, 4-артқы тежеуіш камерасы, 5-қосқыш қалпақшасы, 6-ажырату краны, 7-қосқыш шлангасы, 8-тежеуіш камерасы, 9-алдыңғы тежеуіш камерасы Пневматикалық жетек. 3.10-суретте автомобильдiң пневматикалық жетегiнiң құрамында бөлiктерiнiң орналасуы көрсетiлген. Пневматикалық жетек дөңгелек тежеуiшi мен әйнек тазалауыштың жұмысын қамтамасыз етедi. Сығылған ауа запасын жасау үшiн ауа баллондары (3) пайдаланылады. Тежеу кезiнде ауа баллоннан камераларға (4 және 9) өтедi де, дөңгелекты тежейдi. Дөңгелекты тракторларда пневматикалық жетек iлiнiстi ажырату механизмiнiң қосымша жұмысын қамтамасыз етедi, ауаны шинаға жел айдау және отын багына май құю үшiн пайдалануға мүмкiндiк бередi. Т е ж е у i ш к а м е р а с ы сығылған ауа қуаты есебiнен дөңгелек тежеуiш механизмiн жұмысқа қосады. Корпус пен камера қақпағының аралығында дискiлi резеңке металы диафрагма бар. Тежеуiш жұмыс iстемей тұрған жағдайда, диафрагма серiппе арқылы қақпаққа қысылып тұрады. Дискiнiң орталық тесiгiне шток тығыз кiрiп тұрады., ал екiншi шетiне қосалқы гайкамен аша бұралған. Камера қақпағына тежеуiш краны арқылы баллоннан сығылған ауаны берiп тұратын шлангалы штуцер монтаждалған. Тежеуiш педалын басқан кезде тежеуiш камерасының қақпағы астына ауа келiп түседi, ол дискiмен бiрге диафрагманы корпусқа ығыстырадыда, штокты жылжытады. Соңғысы аша арқылы ажырату жұдырығы бiлiгiнiң рычагына күш түсiредi, оны жұдырықпен бiрге айналдырады, соның нәтижесiнде тежеуiш колодкалары ажыратылып, барабанға қысылады, сөйтiп дөңгелек тежеледi. Тежеуiш педалын босатқаннан кейiн, оларды тартыптұрған серiппе бастапқы қалпына келген соң, колодкалар керi қайтады. Поршень типтес екi цилиндрлi к о п р е с с о р (3.11—сурет) ауа баллондарына ауа айдап тұрады. Ол картерден, цилиндр блогынан (2), қалпақшадан (3), шатунды-поршеньдi топтан, иiндi бiлiктен, клапанды және жүк түсiргiш құрылғыдан тұрады. Иiндi бiлiктiң алдыңғы шетiнде жетек шкивi (1) шпонка мен гайка арқылы бекiтiлген, ол сыналы-ремендi берiлiс арқылы иiндi бiлiктi шкивiнен айналысқа түседi. Клапанды құрылғы – бұл екi айдау (4) және серiппелi екi енгiзу (5) клапандарынан тұрады. Поршеньнiң төменгi жүрiсiнде компрессор цилиндрiнде пайда болған сирету әсерiнен енгiзу клапаны ашылады да, цилиндрге ауа двигательiнiң сүзгiшi арқылы кiредi. Поршеньнiң жоғары қарай қзозғалысында енгiзу клапан жабылады, цилиндрдегi сығылған ауа айдау клапанын (4) ашады да, ол қалпақшаға және ауа баллонына енедi. 3.11-сурет. Компрессор: 1-жетекші шкив, 2-цилиндрлер блогы, 3-қалпақша, 4-айдау клапаны, 5-енгізу клапаны, 6-жүк түсіргіш канал, 7-қысым реттеуіші, 8-реттеуіш қалпақ, 9-шток, 10-штуцер, 11-реттеуіш қақпағындағы тесік, 12-шарикті клапан блогы, 13-баллондардан сығылған ауаны жеткізетін тесік, 14-сүзгіш, 15-жүк түсіргіш құрылғының плунжері, 16-май жеткізетін штуцер, 17-аралық төсем реттеуші Жүк түсiргiш құрылғы компрессордың цилиндрлер блогында орналасып, қысым реттеуiшi арқылы жұмыс iстейдi. Ол екi плунжерден (15), екi штоктан және күйентеден тұрады. Жүйедегi сығылған ауа қысымы 0,75 МПа жеткен кезде, қысым реттеуiшi (7) жұмыс iстей бастайды. Компрессордан жүйеге ауа енуi тоқталады, өйткенi жүк түсiргiш каналына (6) кiретiн ауа қысымының әсерiнен плунжерлер көтерiледi, ол шток арқылы екi цилиндрдiң де енгiзу клапанын (5) ашады. Мұндай жағдайда ауа бiр цилиндрден екiншiсiне еркiн ауысады. Жүйедегi ауа қысымы 0,6 МПа төмендегенде плунжерлер босайды да енгiзу клапанына жүк түсiргiш құрылғының әсерi болмайды. Сығылған ауа компрессордан ауа баллонына олардың қысымы 0,75 Мпа жеткенге дейiн енуiн тоқтатпайды. Компрессордың үйкелетiн бөлшектеры двигательдiң бас май магистралынан май өткiзгiшiмен штуцерге (16), иiндi бiлiктiң түпкi және шатунды подшипниктерiне түсетiн маймен майланады. Цилиндр блогы мен қалпақшасы жұмыс кезiнде қатты қызып кетедi, сондықтан оларды сұйықпен салқындатады, ол компрессор цилиндрi блогының су тысына двигательдiң салқындату жүйесiнен келiп түседi. Қ ы с ы м д ы р е т т е у i ш (7) пневматикалық жүйеде белгiленген ауа қысымын автоматты түрде үзбей ұстайды. Ол корпустан және шариктi клапандар блогынан (12) тұрады. Жүйедегi ауа қысымы 0,6 МПа кем болған жағдайда, шариктi клапан төмен түседi, осы кезде ауа баллонымен қатысып тұратын тесiктi астыңғы шарик жабады, ал екiншi тесiк (11) пен штуцердiң (10) еңкiш каналы арқылы компрессордың жүк түсiргiш құрылғысына атмосферадан ауа кiредi. Жүйедегi ауа қысымы 0,75 МПа жеткен кезде, шариктер көтерiледi, жоғарғы шарик атмосферамен қатынасатын штуцер каналын жабады, ал жүк түсiргiш құрылғысына баллоннан сығылған ауакеледi, ол плунжерлер мен штоктар арқылы жұмыс iстеп тұрған компрессордың енгiзу клапандарын ажыратады. Реттеуiш қалпақ (8) айналғанда серiппенiнiң тартылуы өзгередi де, сөйтiп қысымды реттеп, компрессорды жұмысқа қосады. Штуцер (10) астындағы реттеуiштiң аралық төсемiнiң санын өзгерте отырып, қысымды реттейдi сол кезде компрессор ажыратылады. А у а б а л л о н д а р ы (металды цилиндрлi резервуарлар) сығылған ауаны сақтау үшiн қажет. Оның көлемi 8-10 тежеудi қамти алады. Баллондар раманың лонжеронына бекiтiлген. Әр баллонда конденсат краны, оң жақтағы баллонда ауа iрiктеу краны болады. Реттеуiштiң ақауы болған жағдайда тежеуiштiң пневматикалық жетегi жүйесiнде жоғары ауа қысымының болдырмау үшiн, баллондардың бiрiнде сақтандырғыш клапан орнатылған, ол ауа қысымы 0,95 МПа жоғары болған жағдайда автоматты түрде iске қосылады.
Категория: Разные | Добавил: admin_ (26.10.2013)
Просмотров: 2031 | Комментарии: 1 | Теги: Пневматикалық жетектi тежеуiш механ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: