-->
Главная » Статьи » Разные

Өндірістік тоңазытқышыштар

Өндірістік тоңазытқышыштар

Өндірістік тоңазытқыштар тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында орнатылады, ал тарату Тоңазытқыштары бөлшек саудада және қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында пайдаланылады. Тоңазытқыштар, сондай-ақ пайдалану саласына, сақталатын өнімнің түріне, сыйымдылығына байланысты дайындау Тоңазытқышы, көліктік-экспед., т.б. болып бөлінеді. Тоңазыту қондырғылары тоңазыту машиналарынан, жасанды температуралық ортаны жасайтын, тасымалдайтын аппараттар мен құрылғылардан тұрады.

 

Тоңазыту агенттерінің түрлері

Тоңазыту агенттерінің түрлері бойынша аммиакты, фреонды, этанолды, пропанды, көмірқышқылды, қоспалы болып бөлінеді. Тоңазыту қондырғылары буландырғыштан, конденсатордан, компрессордан, т.б. тұрады. Тоңазыту және мұздату камераларындағы ортаның температурасын 0C-тан 23C-қа дейін өзгертуге болады. Тоңазытқыштың камераларындағы буландырғышқа бір-біріне араластырғанда немесе бір фазадан екінші фазаға өткенде температурасы төмендейтін газдар, қатты денелер немесе сұйықтықтардан тұратын жүйелер (тоңазыту қоспалары) беріледі. Тоңазыту қоспалары ретінде әр түрлі тұздар, қышқылдар, су, т.б. алынады.

 

Tоңазыту машиналары

Сырттан келтірілген энергия арқылы жасанды салқындату (суыту) процесін тоңазыту машинасы жүзеге асырады. Ол компрессорлық, жылулық, термоэлектрлік болып бөлінеді.

·   Компрессорлық тоңазыту машинасының жұмысы газды немесе буды сығымдау арқылы температураны өзгерту процесіне, жылулық тоңазыту машинасы жылу энергиясына негізделген.

·   Термоэлектрлік тоңазыту машинасында тоңазыту процесі Пельте эффектісіне негізделген. Тоңазыту машиналарындағы сығу процесі тоңазыту агенттерінің көмегімен атқарылады. Фреондар, аммиак, көмірсутектер (пропан, этан, этилен), аммиактың судағы ерітінділері, бромды литий, су буы тоңазыту агенттері қызметін атқарады. Қазіргі кезде мұздату камерасының сыртында пайда болған мұзды автоматты түрде ерітетін құ-рылғысы бар екі камералы Тоңазытқыштар кеңінен қолданылады

Категория: Разные | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 1505 | Теги: Tоңазыту машиналары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: