-->
Главная » Статьи » Менеджмент

Мотивация туралы түсінік

Мотивация туралы түсінік

 

Басқару ісінің ең маңызды міндеті көздеген мақсатқа жету үшін еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Менеджер жұмысты дұрыс үйлестіріп адамдарға жүктелген міндеттерді орындату үшін мотивацияны қолданады. Өз шешімін жүзеге асыру үшін менеджер мотивацияның негізгі қағидаларына сүйенеді.

Мотивация дегеніміз – көздеген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру. Мотивация адамдарда болатын әртүрлі қажеттіліктерге негізделген.

 Мотивация жағдайында екі түрлі сыйлыққа ие болады:

Ø ішкі сезімдік сыйлық,

Ø сыртқы сыйлық

 Ішкі сыйлықты жұмыстың өзі береді, яғни адамның өзінің жасаған еңбегіне іштей

қанағаттануы.

         Сыртқы сыйлықты ұйым береді, яғни орындалған жұмыстың бағалануы. Мысалы, еңбек ақы, қызметін жоғарылату, марапаттау, қосымша ақы төлеу жатады.

Мотивацияның екі теориясы бар:

Ø Мотивацияның маңызды теориясы

Ø Мотивацияның іс жүргізу теориясы

Мотивацияның маңызды теориясы – адамдардың көздеген мақсатына қарай әрекет

етуге мәжбүр ететін іштей талаптануды теңестіруге негізделген.

         Мотивацияның іс жүргізу теориясы адамдардың көзқарасын, түсінігін ескере отырып, олардың өздерін қалай ұстайтындықтарына қарай негізделген.

         А.Маслоудың көзқарысы «қажеттілік иерархиясы» деп аталады. 

1. Физиологиялық қажеттілік өмір сүру үшін қажет. Бұған жалпы адамдардың тыныс тіршілігі үшін, ауа, су, баспана, демалу, тамақ сияқты қажеттіліктер жатады.

2. Қауіпсіздік, қорғану қажеттілігіне қоршаған орта тарапынан болатын физикалық және психологиялық қауіп қатерден қорғану қажетілігі жатады.

3. Әлеуметтік қажеттілік – бір немесе біреуге қатысты сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, сүйемелдеушілік сезімдері жатады.

4. Құрметтеу қажеттілігі - өзін-өзі құрметтеу, жеке басының жетістіктері, біліктілігі, басқалардың өзін құрметтеуі жатады.

5. Өзін-өзі көрсету қажеттілігі - өзінің жеке басының өсіп жетілуін, барлық мүмкіндіктерін  жүзеге асыру қажеттілігі.  

Мотивацияның іс жүргізу теориясы 3-ке бөлінеді:

Үміттену – жұмсалған күш-жігермен алынатын нәтиже арасындағы байланыс;

Әділеттілік – екі адамның жұмыс орындауын салыстыру арқылы бағалау;

Портер-Лоулер моделі – қажетсіну, үміттену, әділеттілікті көтермелеу, еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімі

Бақылау функциясы

Басқару процесі әрқашан сәтті бола бермеуі мүмкін. Жоспарда ойлағандай орындала бермейді. Ұйымдастыру қоршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделуі тиіс. Басшысы өзінің алдына қойған мақсатына жеткенін анықтау үшін өз қатесін және қызметшілерінің қатесін байқауы үшін бақылау қажет. Бақылау функциясы өндіріс процесінің нақты барысының ұдайы бақылаудан, талдаудан, бағалаудан және басқарудың келесі циклінде қажетті іс-әрекеттерді айқындау мақсатында оны белгіленген бағдарлама бойынша салғастырудан тұрады. Бақылау бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасмыз ету процесі. Бақылау бұл қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру. Басшылар бақылау функциясының мақсат пен міндетін айқындап ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайының пайда болуын алдын ала сақтандыруға байланысты. Ұйым ішіндегі жағдайды талдаған кез келген пайда болатын қателіктер мен проблемаларды дер кезінде түзетіп, дұрыс арнаға салмаса, кейіннен оны қалпына келтіру қиынға соғатыны сөзсіз. Бақылау функциясы, бұл проблеманы айқындауға мүмкіндік беретін әрі туындаған проблемалар дағдарысқа ұшырамай тұрып, ұйым қызметіне тиісті өзгерістер енгізетін басқару сипаты.

Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі еңбек өнімділігін қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы. Бақылаудың басты принциптерінің бірі бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылаудың келесі принципі, ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Барлық басқа функцияларды одан бөлек қараструға болмайды. Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын-ала, күнделікті және қорытынды бақылау.

Алдын ала бақылау дегеніміз – мұнда бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары – белгіленген ережелерді, процедураларды және жүріс-тұрыс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылау үш салада – адамдар, материалдық және қаржы тарапында жүзеге асасды.

Ø Адам ресурстарын алдын-ала бақылағанда кәсіптік білімі, біліктілігі, жанжақтылығы бақыланады.

Ø Материалдық ресурстарды алдын-ала бақылағанда сапасы, стандартқа сәйкестігі, жарамдылығы ескеріледі.

Ø Қаржы ресуртарын алдын-ала бақылаудағы ең маңызды буыны бюджет.  

Күнделікті бақылау – жұмыс барысында жүзеге асырылады. Оның объектісі көбінесе бағынышты қызметкерлер, ал мұны жүзеге асырушы тікелей басшысы. Яғни, күнделікті бақылаудың нәтижесі белгіленген жоспармен нұсқаулардан ауытқуға жол бермейді.

       Қорытынды бақылау – мұның екі маңызды функциясы бар. Біріншісі, егер жоспарлауға қажетті ұқсас жұмыстарды алдағы уақытта атқару ұсынылған жағдайда қорытынды бақылау басшыға ақпаратты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Екінші функциясы – мотивацияға ықпал етеді. Егер ұйым басшысы мотивациялық көтермелеуді белгілі бір нәтижелік деңгеймен байланыстыратын болса, ондай жағдайда әрине нақты қол жеткен нәтижені дәл әрі әділетті бағалау қажет.

         Қорытынды бақылаудың нәтижесі алға қойған мақсатқа қалай жеттік, нені үйрендік, алдағы уақытта не істеуге болатындығын көрсетеді.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Мескон М., Альберт М. И др. Основы менеджмента, М., 2000 год

2. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы, 1993 ж.

3. Ахметов К. Ғ. Менеджмент негіздері, Ақтөбе-Орал 2005 ж.

4. Бердалиев К. Менеджмент: лекциялар курсы- Алматы, 2005 ж.

Категория: Менеджмент | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 13309 | Теги: Мотивация туралы түсінік | Рейтинг: 2.5/2
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: