-->
Главная » Статьи » Менеджмент

Ұйымның ішкі ортасының факторлары

Ұйымның ішкі ортасының факторлары

Жалпы этикалық қағидалар мен қарым-қатынас ережелері

Әрбір ұйымда белгілі бір тәртіп пен өз дәстүрлері қалыптасу арқылы сол ұйымның моральдық принциптері мен топ мәдениеті және этикасы қалыптасады. Адам баласы өмірде табысқа жету үшін этикалық нормаларды сақтау керек. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы өмірдегі ең қажетті жағдай. Ал мұндағы басты реттеуші роль атқаратын – адамдарда қалыптасқан этикалық нормалар - әділеттілік пен әділетсіздік, жақсылық пен жамандық, дұрыс және бұрыс әрекеттер.

Әдептіліктің негізгі қағидасы – қоғамның рухани санасы арқылы қалыптасқан қарым-қатынас мүшелерінің тәртібін көрсететін адамгершілік талаптардың жалпы көрінісі. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша қазіргі заманғы этика үш түрлі маңызды ережеге негізделген:

1. Материалдық игіліктердің барлық түрін қалыптастыру – ең негізгі маңызды процесс.

2. Пайда мен табыс қоғамдық маңызды мақсаттардың нәтижесі екенін түсіну.

3. Іскерлік өмірде мәселелерді шешудегі маңызды жағдай өнім өндіруге ғана емес адамдардың өзара әдепті қарым-қатынасына да бағытталуы тиіс.

Мәдениеттілік (этика) – мораль, әдептілік, тәрбиелілік, адамгершілік туралы ілім. Мораль – отбасында, өмірде, саясатта, ғылымда, оқуда, еңбекте т.б. жағдайларда кездесетін этикалық құндылықтар жүйесі, яғни қоғамдық қатынастарды реттеуші әдіс-тәсілдер.

Мәдениеттіліктің маңызды категориялары: парыз, ар-ұят, әділдік, әрбір адамның жеке басының мәдениеті қайырымдылық, мейірім, жауапкершілік, игілік (благо). Осы қасиеттер іскерлік этикада нақты көрінеді. Іскерлік этикасы дегеніміз – адамдардың өндірістік іс-әрекетін, қарым-қатынасын, түсінігі мен тәрбиесін реттеуші ережелер мен адамгершілік нормаларының жиынтығы. Іскерлік қарым-қатынастың негізі әдет-ғұрыпқа, дәстүрге, арғы тегіне де байланысты.

Адамның жеке басының әдептілік мәселелері жөнінде зиялы қауым өкілдерінің тұжырымы:

- Әбу Насыр Әл Фараби – мінез-құлық ерекшеліктеріне көңіл аударып, ескеру адам өзіне, басшыға талап қою қажеттілігін айтқан.

- Платон – адалдық, шындық, сергектікке көңіл аударған.

- Аристотель – адамдардың қабілетінің әртүрлілігіне,

- Сократ – адамгершілік сезім, тәрбиелілік пен рухани байлыққа.

- Конфуций – басқа адамдардың алдындағы парызын сезіне білуді.

- Абай – еңбек, адамгершілік, ғылым мен білімге ерекше көңіл аударып, адамның өмірінде осы аталған факторлардың маңыздылығын атап көрсеткен.

Қазақ халқы ежелден: «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», - деген мақалды бірінші орынға қойған.

Іскерлік қарым-қатынастар этикасына нарықтық көзқарастардың екі түрі бар:

1. Прагматиктер – іскерлік қарым-қатынаста, бизнесте этика қажетсіз деп санайды. Олардың ойынша қоғамдық нормаларға бейімделу арқылы қалайда, қандай жолмен болмасын пайданы көбейту қажет. Этикалық нормаларды кедергі деп санайды. Ондай адамдар өнімнің сапасының халыққа зиян болатынына көңіл аудармайды. «Форд» компаниясы «Пинто» моделін шығармауға қарсы болған (тез жарылатын бензобакты ауыстыру компенсация төлеуден қымбатқа соғады). Экологияға зиянды құрылыстар мен өндірістер де этикалық нормаларға қарсы әрекет болып саналады.

2. Этикалық нормаларды сақтау тек адамгершілік парыз ғана емес, ол өндірістің болашақта дамуына, пайданың көбеюіне де ықпал ететін маңызды жағдай. Сондықтан «адалдық – ең үздік, әрі тиімді саясат» (честность – лучшая политика).

Іскерлік қарым-қатынас қызмет лауазымына байланысты әртүрлі болады:

1. Басшы (жетекші) мен қол астындағы адам «жоғарыдан төмен» – сізге басшының қалай қарағаны ұнар еді? Қарым-қатынастық формалары: бұйрық, өтіну, сұраққою арқылы – мұны қалай орындасақ болар екен? – білімді қызметкерді еркіне салу (мұны кім орындай алады?).

2. Қол астындағылардың басшылармен қарым-қатынасы – «төменнен жоғары» - сіздің қарамағыңыздағы адамдардың сізге қалай қарағаны ұнар еді?

3. Басшылар арасындағы немесе тең қызметкерлердің өзара қарым-қатынастары – «көлденең».

Әлеуметтік  – қоғамның белгілі бір бөлігінде қалыптасқан тәрбие деңгейі. Көптеген келісімдердің (70%) бұзылуының себебі адамдардың іскерлік қарым-қатынасы этикасы мен тәрбиелілігінің төмендігінен екені дәлелденген.

Дейл Карнеги қаржылық іс-әрекеттердің 15%-і кәсіби білімділігіне байланысты, ал 85%-і адамдардың бір-бірімен  дұрыс қарым-қатынас орнатуына байланысты екені   анықтаған.

Мысалы, Жапонияда жүздеген доллар этикет мәселелері мен тәрбиелілікті үйретуге жұмсалады. Кәсіпкерлік табыстың кілті – іскерлік этикетті білу, өзін мәдениетті ұстау, сөйлеу мәдениетін меңгеру, сонымен бірге сезім мәдениетін, еңбек мәдениетін сақтау болып  табылады, чех, словак, поляктар, югославтар – кейбір қиындықтарын (мысалы, қымбатшылық) айту ыңғайсыз емес, керісінше сол қиындықтарды жеңу арқылы өмір сүру – іскерлік, мақтаныш деп есептейді.

Итальяндықтар іскерлік әңгімеде – қатты, қызу сөйлеседі. Адам  мәдинетті, әдепті   болу  үшін  иманды болуы керек, себебі,

Жапондықтар – мәдениеттілігін өздерін «төмендету» арқылы көрсетеді, («я недостойный и моя ничтожная жена приглашаем вас, высокочтимого, в гости»).

Американдықтар ұнатқан адамын иығынан қағып жақсы көреді (жапондықтарға ұнамайды), қытайлықтарға достарына құшақ жаю ұнамайды. Киім кию стилі. Транспортта өзін ұстай білу, телефон арқылы мәселелерді шешуге әдеттену.

Жапонияда 3 минутта мәселені телефон арқылы шеше алмаған ададмды жұмыста ұстамайды. Телефон арқылы сөйлесе білу де өнер. Іскерлік қарым-қатынаста ұсақ-түйек жоқ, әрбір іс-әрекет, сөз сөйлеу, көзқарас – бәрі де белгілі бір роль атқарады.

 

Бақылау сұрақтары:

1.Менеджменттің даму кезеңдерін атаңыз?

2.Ұйым дегеніміз не?

3.Менеджерге қойылатын талаптар?

4.Әдептілік түсінігі

5.Этикалық қағидалар және оның маңызды категориялары

6.Қарым-қатынас этикасының жұмыс нәтижесіне байланысты қазіргі замандағы этика қандай ережелерге негізделген?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Ахметов К. Ғ. Менеджмент негіздері, Ақтөбе-Орал 2005ж.

2. Ахметов К.Ғ. Менеджмент негіздері, Алматы, 1993ж.

3. Бердалиев К. Менеджмент: лекциялар курсы- Алматы, 2005ж

4.1995 ж. 30.08., Қазақстан Республикасының Конституциясы. (Негізгі заң)

5. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі, Алматы, 1995 г.

6. Закон Республики Казахстан «О науке» // Казахстанская правда, 9 июня 2001 г.

7. Абайдың қара сөздері. Алматы, 2003 ж.

8.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы. «Рауан», 1994

9. Венедектинова В.И. О деловой этике и этикете. – М.: Институт новой экономики, 1995

10.Ботавина Р.Н. Этика менеджмента. – М.: Финансы и статистика, 2001

Категория: Менеджмент | Добавил: admin_ (13.12.2013)
Просмотров: 4980 | Комментарии: 1 | Теги: Ұйымның ішкі ортасының факторлары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Имя *:
Email:
Код *: